ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР
1. Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар
I. Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға болады. Әр парадигма өзіндік талғампаздық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара қоғамға толық сипаттама бере алмайды. Бірақ олардың әрқайсысының қоғамды тануда білгілі бір қосатын үлесі бар.
Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар; 2) интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы (құрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл боледі.
Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:
1) функционалдық (қызметтік) парадигмалар;
2) конфликтік (конфликтологиялық) парадигмалар. Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді; а) марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:
1) әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;
2) символикалық интеракционизм;
3) феноменологиялық парадигма;
4) этнометодологиялық парадигмалар.
Олардың әркайсысына қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық парадигмалардың бірі - фуңкционалдық парадигма.
Құрылымдық - фуңкционалдық парадигманың өкілдері: Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс, т. б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанүя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас белігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір үлесін қоса алатын организм. Сондықтан қоғамның тіршілігі үшін және ол жалғасуы үшін негіз болатын белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Ол - сол институттардың қызметтік жағдайы болып табылады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар, мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ жасауды көздейді. Сондай-ақ олар қоғамдағы базалық құндылықтарды бекітудегі діннің атқаратын қызметіне анализ жасауға баса назар аударады. Сонымен бірге, қоғамдағы әлеуметтік институттардың қызметіндегі дисфункциялық жағдайларға көңіл бөледі. Олардың пікірінше, ондай дисфункциялық жағдайлар ондағы кез келген институттың қоғамның дамуын бірқалыпты ұстап тұруға кедергі болатын әрекеттерінің салдары болып табылады. Сондықтан, бұл парадигманың өкілдері қоғам дамуындағы дұрыс қызметтік негіздердің немесе шарттардың қалай қамтамасыз етілуіне талдау жасауға басты назарды аударады.
Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі - конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Міне, сол топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты конфликтердің болатыидығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс боып есептеледі.
Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймаркситік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.
Марксизм қоғамды тұтас әлеуметтік шындық ретінде қарастырады. Екіншіден, марксизм халықты қоғамды жасаушы және халық қоғамның даму нәтижесі ретінде таниды. Сондықтан халыққа әлеуметтік қатынас, идеялар жүйесі ықпал етіп отыратын болып есептеледі. Демек, қоғамдағы әр түрлі институттар, әсіресе экономикалық, саяси, құқықтық және діни институттар өзара тәуелділікте болатын тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейтін ұстаным басшылықка алынады.
Үшіншіден, марксизм қоғамның қозғалу, өзгеру даму тарихына диалектикалық көзқарасты қалыптастырады. Яғни, әлеуметтік өзгерістер қоғамдағы бір-біріне қарсы күштердің өзара күрестері негізінде болатындығын көрсетеді. Диалектикалық қозғалыс - ол қарама-қарсылықтардың күресі, қарама-қайшылықтардың конфликтінің жемісі деп көрсетіледі. Сол қайшылық немесе одан туатын конфликт қоғам дамуының қайнар көзі дейтін пікірді мойындайды марксизм. Әсіресе экономикалық жүйедегі қайшылық және конфликт әлеуметтік өзгерістегі басты фактор болып есептеледі.
Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Сайып келгенде, марксистік конфликтологиялық парадигмада қоғамның құрылымдық институттарына және оның топтық жіктерге бөліну принциптеріне сүйенеді.
Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды неомарксистерге жатқызамыз. Дегенмен, олардын кейбіреулері өз көзқарастарын қалыптастырды. Неомарксистер, әсіресе, Маркстің қоғам даму тарихын анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады дейтін көзқарасына қарсы шығады. Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері қатарына Антонио Грамши, П. Уиллис, Инграм Тейлор, П. Уолтон, Дж. Янг, Юрген Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
Мәселен, Антонио Грамшидің пікірінше, билеуші таптың өндіріс құрал-жабдықтарына иегерлік етуі оның бүкіл қоғамдық деңгейде лидер болуына және ең ықпалды лидер болуына негіз де, кепіл де бола алмайды. Оның себебі, біріншіден, мемлекет ешқашан да бірыңғай тек өндіріс құрал-жабдықтың иегері болып отырған таптың мүддесіне қызмет ете алмайды деп көрсетеді. Грамшидің Маркстен өзгешелігі сол, ол таптардың өз ішінде жіктелуіне, тап аралық қабаттардың болатындығына үлкен мән береді. Екіншіден, ол қоғам мәдениетіне, бұқаралық ақпарат құралдарына, білім беру жүйесіне, қоғамдық идеялардың саяси тұрақтылықты сақтаудағы рөліне үлкен мән беріп, баса көңіл аударады.
Франкфурт мектебінің өкілі Юрген Хабермас Маркстен кейінгі әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, Маркстің экономикалық күйзеліс капитализмінің күйреуіне әкеліп соғады деген пікіріне қарсы болады. Хабермас «Капиталистік елдердегі мемлекет өз экономикасына ықпал ете отырып, капиталист елдердегі экономикалық жүйенің күйзеліске ұшырауын болдырмауы мүмкін» немесе оның қолайсыз жағдайға ұшырау мерзімін белгілі бір ұзақ уақытқа созуы мүмкін деген пікір айтады. Егер Маркс мемлекетті капиталистік қоғамның қондырмасының бір бөлігі деп есептеген болса, ал Хабермас оны қоғамдағы экономикалық базистің бөлігі ретінде қарастырады. Осыған орай, егер Маркс таптық конфликтің өсу тенденциясына сенім білдірген болса, ал Хабермас, керісінше, дамыған капиталистік елдердегі таптық компромиске сенім білдіреді. Сонымен, егер Маркс капиталистік қоғамның күйреуі тенденциясын экономикалық күйзелістен көрген болса, ал Хабермас оны идея саласынан көреді. Демек, Хабермас қоғамды басқару идеясындағы күйзелістеріне баса назар аударады. Яғни, биліктің легитимдік сипатындағы күйзелістерге ерекше көңіл бөле отырып, мемлекет қоғамның экономикалық өміріне белсене араласа отырып, қоғамдық өмір формасын өзгертуге қабілетті деп көрсетеді. Мемлекет ондағы әділеттік, теңдік және бостандық принциптерін сақтауға қабілетті. Егер ондай болмаған жағдайда күйзеліске ұшырайтын экономика емес, ең алдымен билік жүйесі деп есептейді.
Қорыта келгенде, неомарксистер өздерінің парадигмаларында конфликт көзін экономика жүйесінен емес, керісінше, қоғамның мәдени және идеологиялық салаларынан іздейді. Бірақ олар да қашан және қандай жағдайда мәдени фактор қоғам тағдыры үшін маңызды және шешуші роль атқаратындығына толық анализ бере алмады.
Беймарксистік конфликт парадигмасына келетін болсақ, бұл теорияның өкілдері де өз пікірлерін Маркске қарсы қояды. Олар қоғамда конфликтке түсетін, Маркстің айтқанындай, екі топ емес, одан басқа көптеген топтар бар деген пікірге келеді. Сондай-ақ оларда экономикалық мүддеден басқа да мүдделер бар деп есептейді. Демек, ол топтар экономикалық билік үшін емес, ең алдымен әлеуметтік статус үшін күресуі мүмкін деген түжырым жасайды. Мәселен, беймарксистік конфликт парадигмасының қазіргі өкілдерінің бірі, неміс социологи Ральф Дарендорф, әлеуметтік конфликтер туралы Маркстің анализдері 19-ғасырдағы жағдайға сәйкес келгенімен, оны бүгінгі экономикалық жағдайларға қолдануға болмайды деп есептейді. Мәселен, АҚАІ пен Ұлыбритания посткапиталистік жағдайда өмір сүруде. Жоғары мамандандырылған жұмысшылардың саны есуде, аралық таптар ұлғаюда. Таптар арасындағы табысы жағынан алшактық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі езекті мәселе, ол өндіріс құрал-жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау құрылымдары арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы деген қорытынды жасайды. Дарендорф ендіріс құрал-жабдықтарға бүгінгі күні бақылауды оның қожасы емес, керісінше, менеджерлер жүргізеді деп есептейді. Осыған байланысты, Дарендорфтың пікірінше, конфликт көзі басқару жүйесіне ауыскан. Ол белгілі бір индивидтің мекеме шеңберінде қандай да бір әлеуметтік роль атқаруынан туындайтығын көрсетеді. Өйткені кез келген басшы өз деңгейінде, өз статусына байланысты ресми түрде шешім қабылдауға құқы бар, ал оның, жұмыскерінде ондай құқық жоқ. Осы жағдай, Дарендорфтың пікірінше, қазіргі посткапиталистік елдерде әлеуметтік конфликтердің негізі бола алады.
2. Интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар
Микропарадигмаларға келетін болсақ, оның алғашқысы - әлеуметтік әрекет парадигмасы. Бұл прадигманың жақтаушылары, әдетте, индивидтің мінез-құлқын айқындап отыратын қоғамда нақтылы әлеуметтік құрылымының болатындығына карсы болады.
Дегенмен, олардың кейбіреулері қоғамдағы ондай әлеуметтік құрылымдардың болатындығын жоққа шығармайды, бірақ олар, адамдардың мінез-құлқын, ең алдымен олардың өздері өз мінездеріне қандай мән, мағына беру тұрғысынан түсіндірілуі және талдануы тиіс дейтін пікірді жақтайды. Мұндай концепцияның жақтаушысының бірі - неміс социологы Макс Вебер. Оның пікірінше, социологияның негізгі мақсаты - әлеуметтік әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады. Вебердің түсінігінде, әлеуметтік әрекет - ол адамның өз ісіне өзі мән беруі арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда оған басқа адамдардың әрекеті немесе мінез-құлқы арқылы жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс-қимыл. Мәселен, адамның ойланбай істеген әрекеті немесе кенеттен болған жағдайлар Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекетке жатпайды. . Сондай-ақ, адамның іс-әрекетіне басқаның кеңіл аударуы, эмоциясы ескерілмесе, ол да әлеуметтік әрекетке жатпайды. Мысалы, адамның жеке үйде отырып, намаз оқуы, т. б.
Сондықтан Вебер әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекет субъектінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет десе, екіншіден, әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет деп көрсетеді. Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондай-ак, әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына ықпал етеді.
Вебер әлеуметтік өмірдегі идеяның маңызды ролін жактай отырып, адамдардың қоғамдық санасын, бүкіл кезқарасын түгелдей қоғамның материалдық немесе экономикалық факторлары анықтайды дейтін пікірге қарсы болады. Оның пікірінше, діни көзқарастар арқылы да қоғамның экономикалық жүйесін езгертуге болады.
Символикалық интеракционизм концепциясының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көніл бөледі, біракбұлар кіші шеңбердегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар ауадарады. Яғни, адамның өзіндік болмысы, оның калыптаскан ортасындағы құрылымдық қатынастын көрінісін береді және сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы рөлінен құралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек ездері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жактайды. Ал символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ тек затты белгілеп кана қоймайды, сорнымен бірге, ол затка ерекше образ береді және адамның көңілін аудартады. Екінші сөзбен айтқанда, символ сол заттың атқаратын қызметін баса көрсетеді және адамның сол затка деген кимылдық іс-әрекетінің белгілі бір түрін, бағытын көрсетеді. Сондай-ақ, символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы кытынас жок және сайып келгенде, адамзат қоғамының болуы да мүмкін емес. Сондықтан символдық интеракция табиғи қажеттілік ретінде мойындалады. Әсіресе, символдың мәндік, мазмұндық жағына Мид ерекше көніл бөледі. Адам тағдыры үшін ең кұнды нәрсе - мән, мазмұн болып табылады. Символдың мәнін халықтың басым көпшілігі қабылдаған жағдайда және оны қоғамның басқа мүшелері бөліскен немесе онымен келіскен жағдайда ғана әлеуметтік өмір жалғасуы мүмкін деген түжырым жасайды. Бірак кепшілік мойындаған символ интеракцияныңтек құралы ғана бола алады. Ал ол (интеракция) жалғасуы үшін, әрбір оған қатысты адам басқалардың да пиғыл, пікірлерін әрі қарай интерпретация жасауы қажет болады. Бұл процесс, Мидтің пікірінше, «белгілі бір рольді атқару» арқылы жүріп отырады. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынасты үздіксіз интерпретациялық процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда әр адам екінші бір адамның рөлін атқарған болады немесе қабылдайды. Мид басқа біреудің ролін қабылдай отырып, индивид өзін-өзі таниды деген тұжырым жасайды. Қорыта келгенде, Мидтің пікірінше, адам әр кезде өзі туралы басқаның пікіріне тәуелді болады да өзі туралы басқаның пікірін үнемі күтуде болады. Осы жағдай әлеуметтік процестің әр субъектісінін. мінез-құлқына ықпал етуіне негіз болады деп көрсетіледі. Ал әлеуметтік орта олардың іс-әрекетіне бақылау жүргізетін күшке айналады. Сайып келгенде, осылардың бәрі қоғамдағы бірлескен іс-әрекеттер негізін қалыптастырады. Адам өз ісін және оған ортаның реакциясын алдын ала болжап отырады деген тұжырым жасайды.
Мидтің пікірінше, адамның мінез-құлқы тек оның өзін-езі түсінуімен ғана айқындалмайды, сондай-ақ мәдениетпен, оның атқаратын әлеуметтік ролімен және әртүрлі әлеуметтік институттармен де айқындалады. Мселен, мәдениет әрбір нақтылы атқаратын әлеуметтік ролге сай мінез-құлықтың белгілі біртүрін ұсынып отырады. Бірақ, қоғам мәдениеті ұсынған мінез-құлықтың түрі катал сипат алмайды. Мінез-құлықтың түрін тандауда индивидке үлкен ерік беріледі. Сондай-ақ, әлеуметтік роль өзгеріп отырады.
Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаны өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни, адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негіз болады деп көрсетеді.
Мидтің шәкірті Герберт Блюмер интеракционизм парадигмасын дамытуда елеулі үлес қосты. Оның пікірінше, символикалық интеракционизм үш түрлі алғышарттараға негізделеді:
1. Адамдар, ең алдымен, заттар мен құбылыстардың мәніне негізделе отырып, іс-әрекет жасайды. Демек, адамдар сыртқы және ішкі символдарға көңіл аударғаннан көрі, ең алдымен, олардың мәніне қарай қимыл жасайды. Басқаша айтканда, символикалық интеракционизм қоғамдық және биологиялық детерменизмді мойындамайды. Яғни, ол адамның мінез-қүлкы мен еркінің қоғамдық және биологиялық жағдайларға әлеуметтік ортаға байланыстылық, себептілік заңдылығын мойындамайды деген сөз.
2. Заттар мен құбылыстың мәні, мазмұны тек қана алдын ала анықталып, беріле бермейді және мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайға байланысты қалыптасуы да, түрленіп озгеруі де, дамытылуы да мүмкін.
3. Мазмұн белгілі бір интеракциялық жағдайда жасалынған интерпретацияның қорытындысы болып табылады. Басқа біреудің ролін атқарушы адам қандай да бір процеске қатыса отырып, өзінің кейіпкерінің іс-әрекеті мазмұнын және оның алдағы уакытта істейтін іс-әрекетін интерпретация жасап отырады. Яғни келешекте істейтін іс-әрекеттің мазмұны, интеракция жасайды, сөйтіп оны алдын ала интерпретация жасау арқылы қалыптасады.
Сонымен, Блюмер интеракционистік парадигма мен әлеуметтік әрекет парадигмасыньщ арасында елеулі айырмашылық бар деп есептейді. Егер әлеуметтік әрекет парадигмасы адамның мінез-күлқын, оның сырткы әсерлерге жауабы ретінде қарастырса, ал интеракциялық парадигма адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті сырткы құбылыстарға мән, мазмұн беру арқылы керінетіндігін мойындайды. Сондай-ақ, егер әлеуметтік әрекет адамның мінез-құлқын сыртқы әсерге алдын ала болжамдалған жауап ретінде қарастырса, ал Блюмер оны мазмұн арқылы алдын ала жоспарланған құбылыс ретінде қарастырады. Бірақ алдын ала жоспарланған мінез-құлық адамның іс-әрекеті. нін жалпы бағыттарын ғана анықтауы мүмкін. Демек, ол жоспардың ішінде ситуацияға байланысты адам ез мінезін маневр жасауы үшін белгілі бір кеңістіктер болады деп көрсетеді. Сонымен бірге Блюмер адамның мінез-күлкын шектеп отыратын әлеуметтік институттардың болатындығын мойындайды. Бірақ қандай да бір катал шек қойылған жағдайда да адамның инициатива көрсетуге мүмкіндігі бар деп есептейді.
Енді символикалық интеракционистік парадигмалардың кемшіліктеріне тоқталатын болсақ, оның өкілдері адамның мінез-күлқын кіші деңгейдегі топтарға ғана негіздеп, соның шеңберінде ғана қарастырады. Ал үлкен әлеуметтік-тарихи ортаның ықпалы ескерілмейді. Яғни, адамдарды үлкен әлеуметтік ортадан бөліп қарайды. Екіншіден, олар адамның мінез-күлкындағы бостандықка жан-жакты көңіл боледі де, ал мінез-қүлықты тежейтін факторларға аз көңіл бөлінген. Оның себебі, интеракционистер адам мінез-кұлкына әлеуметтік құрылымның ықпалын ескермейді. Яғни, олар неге адамда нормативті мінез-күлық болатындығын түсіндірмейді. Үшіншіден, олар мазмұнға көңіл аударуға себеп болған негіздерді көрсетпейді.
Феноменологиялық парадигма. Бұл социологиялықбағыттын өкілдері адам санасының ішкі мазмұндық жағына баса назар аударады. Яғни, адамның акыл арқылы сырткы дүниені түсіну және жіктеу тәсілдеріне баса кеңіл боледі. Адамды және қоғамды зерттеуде олар әлеуметтік әрекетке көніл болмейді, сондықтан адамның мінез-қүлкының себептік жактары қарастырылмайды. Керісінше, олар, ең алдымен, құбылыстың мазмұндық жағын түсінуге тырысады да, ал оның пайда болу себептеріне көңіл аудармайды.
Феноменологтардың пікірінше, адам сыртқы ортаны тек сезім мушелері арқылы ғана таниды: көру, есту, дәм, иіс, затка дене мушелерін тигізу арқылы. Бірақол сыртқы ортанытолықтүсіну үшін жеткіліксіз болады. Өйткені, сезім мүшелері арқылы алған информацйядан кейін адам сезімдердің ретсіздігіне душар болады, ал ол ретсіздікті жою үшін адам алдымен сыртқы дүниені құбылыстарға жіктейді, содан кейін барып қана өзінің сезімдік тәжірибесін (информацияны) заттар класына жіктейді. Яғни, содан кейін ғана өз сезімін жалпы сипаттарға қарай, заттар мен құбылыстар класына жіктей алады. Ар тірі органгизмдерді түрлерге, - тегіне қарай жіктейді. Осыдан олар дүниені феномолбгиялық танудың негізін кереді. Демек, әлеуметтік өмірді тану үшін феноменологиялық жіктеу тәсілдерін зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz