Мемлекет және құқық туралы маркстiк ойдың теориялық бастаулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет және құқық туралы маркстiк ойдың теориялық бастаулары және қоғам
дамуы туралы iлiмi.

К. Маркс пен Ф. Энгельстiң дүниеге коммунистiк көзқарас-тары
принциптерiн баяндаған ″ Европаны елес кезiп жүр, бұл — коммунизм елесi″
деп басталатын атақты ″ Ком-мунистiк партияның манифесi″ ұзақ жылдар бойы
марксизмнiң жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес бағдарламасы ретiнде
дәрiптелiп келдi. Социалистiк жүйе елдерiнде дүниедегi бiрден-бiр дұрыс,
әдiлеттi iлiм ретiнде насихатталған маркстiк iлiм дүние мен қоғамның даму
заңдары туралы жаңа — коммунистiк көзқарастың негiзiн қалады. Маркстiк iлiм
саяси ғылымдағы бос кеңiстiкте пайда болған жоқ. Бұл iлiмнiң алғы шарттары
тарихи дамудың оған дейiнгi сатыларында қалыптасқан болатын.
Марксизмнiң пайда болуының алғы шарттары XIX ға-сырдың ортасына қарай
пiсiп жетiлдi. Немiстiң классикалық философиясы, ағылшынның саяси
экономиясы мен француздың утопиялық социализмi марксизмнiң теориялық
негiздерiн құр-ды. Марксизмнiң пайда болуы мен оның қайнар көздерi туралы
В. И. Лениннiң ″ Марксизмнiң үш қайнар көзi және құрамдас үш бөлiмi″ атты
еңбегiнде жан-жақты баяндалған.
XVIII ғасырдың соңы мен ХIХ ғасырдың басы Батыс Ев-ропада бұрын
болмаған әлеуметтiк қозғалыстарға толы болды. Ескi феодалдық тәртiптердiң
күнi өтiп, абсолюттiк билiктердiң тақтары шайқалып, құлап жатты. Қанаудың
ауыртпалығынан азап пен қайыршылық көрген, адам құқықтары шектелген ха-лық
бұқарасы жарқын болашақ туралы армандады. Миллион-даған халық бұқарасы
қанауға, сол кездегi тәртiпке қарсы күреске көтерiлiп артықшылықтар мен
жеңiлдiктерге ие болған таптарға өз күшiн көрсеттi. Мұның бастамасын ұлы
француз революциясы салып бердi.
Революцияға дейiн-ақ ұлы ағартушылар Вольтер, Дидро, Монтескье, Мелье,
Руссо, Гольбах, Гельвеций және тағы басқа-лар адамның ақыл-ойын тұмшалаған
дiн мен феодалдық тәртiп-тердi сынады. Олардың ″ ақыл-ойдың талаптарына
сәйкес″ қоғам-ды өзгерту туралы идеялары, ерiктi болып туатын, бiрақ ″
тәртiп пен жағдайлар құл жасайтын″ адам туралы iлiмдерi елдiң қоғам-дық
пiкiрiн феодалдық монархияны күрес арқылы құлату қажет-тiгiне, бостандық,
теңдiк, әдiлдiк мұраттарының салтанат құруы жолындағы күреске әзiрледi.
XIX ғасырдың алғашқы отыз жылында Францияның саяси және рухани
өмiрiнде жаңа өрлеу байқалды. Француз ұлы соци-алист-утопистерi Сен-Симон
мен Шарль Фурье капиталистiк құрылысты аяусыз сынап, игiлiктi қоғамның
жоспарларын жаса-ды. Олар қоғамды қанауға және жеке адамның пайдасына емес,
ортақ мүддеге негiзделген әдiлеттi қоғамдық құрылыс негiзiнде қайта құру
жоспарын ұсынды. Сол дәуiрдiң тарихшылары О. Тьерри, О. Мине, Ф. Гизо және
т.б. қоғам дамуын жаңаша ұғуға түйiн iздеп, тап күресiне назар аударды.
Француз буржуазиялық революциясына немiстiң класси-калық философиясы
үн қосты. Канттың, Фихтенiң, Шеллинг пен Гегельдiң есiмдерiмен мәлiм болған
бұл философия өрлеп келе жатқан жас буржуазияның философиясы болды. Гегель
даму туралы философиялық iлiмдi — диалектиканы ашты. Фей-ербах жаратылысты
өз-өзiмен түсiндiруге болатындығын дәлел-дедi. Гегельдiң диалектикасы, оның
дүниенi даму, қозғалыс, қарама-қарсы негiздердiң күресi үстiнде түсiнуге
ұмтылуы басқа ойшылдарға да зор әсер еттi. Маркс Гегельдi бiртұтас фило-
софиялық жүйе арқылы барлық ғалам, барлық ғылым мен өнер дамуын көрсетуге
бекем бел байлаған ″ алып ойшыл″ деп таныды.
Ағылшын экономистерi А. Смит пен Д. Рикардо қоғамның бүкiл байлығының
негiзгi көзi еңбек болып табылатынын көр-сеттi және буржуазиялық саяси
экономияның жасалуын әзiрледi. Олар азаматтық қоғамды адамдардың
материалдық қажеттiлiктер әлемi түрiнде түсiндi, мұндағы материалдық
игiлiктердi тұтыну мен бөлудегi өндiру мен айырбастағы қатынастарды көрдi.
Маркс пен Энгельс өздерiнен бұрынғы ойшылдардың идея-лық мұраларын
қайтадан өңдеп, пролетариаттың мүдделерiн бiлдiретiн жаңа iлiм жасады.
Маркстiң мемлекет және қоғам ту-ралы iлiмiндегi басты идея ″ коммунизм
мұраттары жолындағы күрес″ және бұл мұраттарды жүзеге асыруға қабiлеттi ″
материал-дық күш″ жұмысшы табының жетекшiлiк ролiн ″ табуы″ едi. Гегельдiң
құқық философиясының сыны жөнiнде ″ Кiрiспе″ деген мақаласында Маркс ″
Адамды азат ету құлдық атаулыны жоймайынша мүмкiн емес, ал пролетариат
нағыз құқықсыз жә-не езiлген жағдайда тұрған таптың нақ өзi. Пролетариат
қоғам-ның барлық топтарын азат етпейiнше, өзiн азат ете алмайды″ деп
тұжырымдады.
Маркстiк iлiм бойынша адамзат қоғамының өмiр сүруiнiң шарты —
материалдық игiлiктердi үнемi өндiрiп отыру болып та-былады. Маркстiң
айтуынша қоғам дамуы өндiрiстiк қатынастар мен өндiргiш күштердiң дамуының
сипаты мен деңгейiне сәйкес келуiне байланысты болмақ. Бұл мәселе бойынша
ол былай деп жазды: ″ өз өмiрiндегi қоғамдық өндiрiсте адамдар өз
дегендерiне қарамайтын, белгiлi бiр қажеттi қатынастарда — өндiрiстiк қа-
тынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндiр-гiш күштерi
дамуының белгiлi бiр сатысына сай келедi. Осы өн-дiрiстiк қатынастардың
жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисi болып табылады,
осыған келiп заң-дық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сана-
ның белгiлi бiр формалары сай келедi″ .
Материалдық өмiрдiң өндiрiс әдiсi жалпы өмiрдегi әлеумет-тiк, саяси
және рухани процестердi туғызады. Осылардың барлы-ғынан келiп, адамдардың
материалдық тiршiлiгi, олардың қоғам-дық болмысы қалыптасады. Ал адамдардың
материалдық игiлiк-тер өндiру жөнiндегi еңбек ету әрекетi қоғамдық
болмыстың негiзгi мазмұны болып табылады. Марксше айтқанда ″ адам-дардың
санасы олардың болмысын билемейдi, қайта керiсiнше, олардың қоғамдық
болмысы олардың санасын билейдi″ .
Өндiргiш күштер — өндiрiс әдiсiнiң неғұрлым өзгермейтiн жағы. Оның
әрдайым өзгерiске ұшырауы өндiрiстiк қатынас-тардың артта қалуына әкелiп
соғады. Мұның өзi өндiрiстiк қаты-настардың заңдық жағынан алғандағы
бейнесi болып табылатын меншiктi қатынастарға қайшы келедi. ″ Өндiргiш
күштердiң даму формалары болған бұл қатынастар ендi олардың бұғауына
айналады. Сол кезде барып әлеуметтiк революция заманы бас-талады.
Экономикалық негiздiң өзгеруiмен бiрге азды-көптi қыс-қа уақыт iшiнде бүкiл
зор қондырмада төңкерiс жасалады″ .
Өндiрiстiк қатынастардың өндiргiш күштердiң сипаты мен деңгейiне
сәйкес келу заңы, Маркстiң айтуынша, тарихи прог-рестiң итермелеушi күшi
болып табылады. Оның негiзiнде өндi-рiстiң ескi әдiсi жаңа әдiспен
ауыстырылады. Марксизм өндi-рiстiң белгiлi бiр әдiске негiзделген өзiнiң
базисi мен қондыр-масы бар тарихи дамудың заңды сатысын қоғамдық-экономика-
лық формация дедi және бес қоғамдық-экономикалық форма-цияны (алғашқы
қауымдық, құл иеленушiлiк, феодалдық, капи-талистiк және комммунистiк) атап
көрсеттi.
Қоғам дамуы мен формациялардың алмасуы туралы Маркс былай деп жазды: ″
Бiрде-бiр қоғамдық формация өркендеу үшiн өзi өрiс ашып беретiн өндiргiш
күштердiң бәрi кемелiне кел-местен бұрын жойылмайды, ол жаңа, неғұрлым
жоғары өндi-рiстiк қатынастар ескi қоғамның өз iшiнде өмiр сүруiне мате-
риалдық жағдайлар пiсiп жетiлместен бұрын ешқашанда пайда болмайды.
Сондықтан да адамзат өзiнiң алдына әрқашан тек өзi шеше алатын мiндеттердi
ғана қояды, өйткенi анықтап қара-ғанда, әрқашан да оны шешуге қажеттi
материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана, ең болмағанда, болып келе
жатқан кезде ғана туады. Жалпы алғанда, азиялық, ежелгi замандық, феодалдық
және қазiргi буржуазиялық өндiрiс әдiстерiн эконо-микалық қоғамдық
формацияның прогресшiл замандары деп айтуға болады. Буржуазиялық өндiрiстiк
қатынастар — қоғамдық өндiрiс процесiнiң соңғы антагонистiк формасы.
Антагонистiк болғанда жеке антагонизм мағынасында емес, жеке адамдардың
өмiрiнiң қоғамдық жағдайларынан өсiп шығатын антагонизм мағынасында. Бiрақ
буржуазиялық қоғамның қойнауында дами-тын өндiргiш күштер, сонымен бiрге
бұл антагонизмдi шешу үшiн материалдық жағдайлар жасайтын антагонистiк
формасы. Сондықтан да адамзат қоғамының алғы тарихы буржуазиялық қоғамдық
формациямен аяқталады″ .
Маркс пен Энгельс қоғамдық-экономикалық формациялар-дың алмасуына сол
қоғамдағы әртүрлi топтар мен күштердiң қалай қарайтындығын және олардың
белсендi әрекеттерiн де атап көрсеттi. Олар ″ осы күнге дейiн өмiр сүрген
барлық қоғам-дар тарихы таптар күресiнiң тарихы болғандығын″ ерекше атай
отырып, ″ бұл күрес әрқашан да бүкiл қоғам құрылысын револю-циялық жолмен
қайта құрумен немесе күресушi таптардың жал-пы жойылуымен тынып отырды″ деп
жазды.
Бүкiл қоғам тарихын бiр-бiрiне жау екi тапқа бөлiп қараған олар ″
буржуазиялық қоғам таптық қайшылықтарды жойған жоқ. Ол тек ескiлерiнiң
орнына жаңа таптарды, езудiң жаңа жағдай-ларын, күрестiң жаңа формаларын
туғызды″ деп түсiндiруге ты-рысты. Олар сонымен бiрге жұмысшы табының
тарихи ролiн жо-ғары бағалады және пролетариатты алдағы революцияда жетекшi
рольге ие болатын күш деп бiлдi. Олардың ойынша, барлық қа-наушы
формациялардағы, яғни, бұған дейiнгi кезеңдегi тарихтың қозғаушы күшi —
таптар күресi болып табылады. Таптар кү-ресiнiң соңғы шешушi кезеңi
буржуазия мен пролетариат ара-сындағы ымыраға келмейтiн саяси күрес болып
табылады деп түсiнген олар ″ пролетариат бұл революцияда өздерiнiң бұғаула-
рынан басқа ештеңе де жоғалтпайды, керiсiнше олар бүкiл дүни-еге ие болады″
деп түсiндiрдi.
Қоғамдық таптарға В. И. Ленин былай деп анықтама бердi: ″ Таптар деп
адамдардың үлкен топтары, қоғамдық өндiрiстiң тарихи белгiлi бiр жүйесiнде
олардың алатын орнына қарай, өндiрiс құрал-жабдықтарына олардың (көбiнесе
заңмен бекiтi-лiп, қалыптасқан) қатынасына қарай, еңбектi қоғамдық жолмен
ұйымдастырудағы олардың рөлiне қарай, ал олай болса, қоғам-дық байлықтан
олардың алып отырған үлесiнiң мөлшерiне және ол үлестi алу әдiстерiне қарай
айырылатын топтары аталады″ .
Коммунистiк қоғамда жетекшi тапқа айналған пролетариат қана басқа
таптарды да азат етедi. Өйткенi, ″ буржуазияға қарсы тұрған барлық
таптардың iшiнде тек пролетариат қана шын мәнiсiндегi революцияшыл тап
болып табылады. Өзге таптардың бәрi iрi өнеркәсiп дамыған сайын азып, құри
бередi, ал проле-тариат — осы өнеркәсiптiң өз жемiсi″ . Бiрақ пролетариат
та мәң-гi тап болып қала бермейдi. ″ Егер пролетариат буржуазияға қар-сы
күресте қалай тап болып бiрiксе, егер ол революция арқылы өзiн үстем тапқа
айналдырса және үстем тап ретiнде ескi өндiрiстiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар
Пәндер