Отбасы туралы жалпы ұғым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
Отбасы туралы жалпы ұғым 3
Отбасы социологиясының пәні болып не табылады? 4
Неке дегеніміз не? 4
Отбасы түрлері 6
Отбасы әлеуметтік институт ретінде 9
Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері 11
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың мәні 13
Отбасының заман талабына сай мәселелері 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер 19

Кіріспе

Н. Смелзер біздің өміріміздің бір жағын байқай алған. Туғаннан о
дүниеге дейінгі барлық өмір жолында адамдар ұйымда болып, оларды отбасы
қарсы алатынын ұмытпағанымыз жөн.
Адамның бейресми өмірі ата-анасының отбасында, өзінің отбасында және
балаларының, немерелерінің, туысқандары мен достарының отбасында өтеді.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне
қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір
ізді әдіс те жоқ. Социоллогияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты
Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін
жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді.
Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын
зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы
тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін
проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік
қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды
жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени
өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүрі
жылдарында әртүрлі мәселеге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және
күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған
байланысты отбасылары өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын
әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы
сұрақ туындайды.

Отбасы туралы жалпы ұғым

Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін алдымен
отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді. Ол қоғамды индивид бағыну мен
басқаруға үйренетік кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О. Контттың
пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік
өмір мектебі деп есептеді. Ол алғашқы қауымдастық құрылыстың тұсында
таптардан, ұлттардан және мемлекеттерден бұрын пайда болды.
Біз қазіргі отбасы - өзімен өзі қайнап жатқан әлем екендігіне көніп
алдық. Ал, ол болса - көптеген жақсылықтар мен қателіктердің жемісі. Отбасы
– адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт,
толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы,
алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның
өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін тарихтың
қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге
белгізіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен
әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр
түрлі қызметке байланысты.
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес
түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық – функционалдық, жағдаяттық,
эволюциялық және инмтитуционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі
пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: “Отбасы –
ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен
сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік
бағытталған жыныстыққатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз
балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі
кіреді.”

Отбасы социологиясының пәні болып не табылады?

Отбасы социологиясы – отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін
социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз
қызметін орындау сипатын, әртүрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу
себептері мен салдарын және т.б. зерттеу болып табылады.
Отбасы социологиясы жалпы социологияның бір бөлігі ретінде, “орта
деңгей” теория есебінде де өмірлік әрекет пен мәдени әрекет етуші адамдар
(отбасы) тобының негізгі саласын отбасылық-туыстық қатынастарды ңбайланысын
қарастырады. Отбасы социологиясы өмірлік іс-әрекеттегі жеке субъектілерді
емес, топтарды қарастырады.
Өмірлік іс-әрекетте отбасының топтық сапасын көрсете отырып, отбасы
социологиясы индивидті отбасының мүшесі ретінде, мүшелердің құрылымын бір
бүтін ретінде, ең алдымен жеке адамды отбасының ішкі рольдерінің әлеуметтік-
мәдени призмасын зерттей отырып қарастырады. Отбасы социологиясында жеке
адам нақты ері немесе жұдайы ретінде қойылады. Ерекше қарастырылатыны ішкі
отбасылық рольдердің орындалуы, тұлғааралық өзара әрекетпен өзара
қатынастар рақылы көрінеді.
Отбасы социологиясы отбасылық-туыстық түрдің адамдардың аз тобындағы
біріккен өмірін, отбасылық өмір салтын жалғыз бойдақпен салыстырып оқытады.
Жалғыз бен тұтастықтағы өзара байланысын туыстық-некелік-туыстық, яғни
нақты отбасын оқытады. Отбасы әлеуметтік ұйымдардың құрылымымен, әлеуметтік
құрылымды, әлеуметтік институттармен аз топтардың жиынтығымен негізделеді.
Бұл пәнге отбасылық тәрбие мен әлеуметтену, саясат, мәдени құқық, еңбек
кіреді.

Неке дегеніміз не?

Отбасы қалыптасуы үшін неке қалыптасуы қажет.
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара
құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке – отбасының заң
жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісіу, еріктілігі негізінде
құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар, материалдық және
рухани өмір қажеттілігі. Некенің мазмұны мен ерешелігі жыныстық қатынаспен
ғана шектелмейді, ол сонымен қатар, адамгершілік-эстетикалық қатынас.
Некенің негізі – сүйіспеншілік (махаббат). Махаббат - өмір көркі (Абай).
Отанды сүю. Ана махаббаты. Әке махаббаты. Музыканы сүю. Қызға, жас
жігітке, әйелге, ер адамға деген махаббат. Өз ісін сүю. Өмірді сүю. Бұл
ұғымның көп мағыналылығы мен көп қыры-сыры шексіз, тауісылмайды. Соның
өзінде де ол барлық кезде жан-тәнімен берілу сезімін, адамның ең күрделі,
ең жарқын сәулелі сезімін білдіреді. Бұл әсіресе ер мен әйелдің арасындағы
махаббатқа тән қасиет.
Құдай-ау қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар.
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғылар – деп жырлады ұлы Абай.
Некеге даярлық деген не? Неке дегеніміз – махаббаттың іс жүзіне асуы.
Отбасының тұрақтылығы да, бақыты да некеге дейінгі жағдайларға байланысты.
Жақсы отбасын құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқықтық
негіздірін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй
шаруашылығымен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады.
Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам
неке заңдарына бағынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңына: “Заңда
белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға
құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық
теңдігіне негізделеді,”-деп көрсетілген.
Отбасы ұғымы неке ұғымымен тығыз байланысатындықтан, социологияда неке
дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың
дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің арасындағы бір-біріне және
өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін
қатынас формасы.
Қалай болғанда да некенің заң жүзінде немесе дін ұйымдары арқылы
тіркелуі жұбайлардың міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.
Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі –
экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін
ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру
адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.

Отбасы түрлері

Әләуметтану отбасы түрлерінің жалпы принциптерін анықтаған. Некенің
құрылымына байланысты отбасы моногамиялық және полигамиялық болып бөлінеді.
Полигамия – бұл ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге отыруы болып табылады
(бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке). Моногамия - әйел мен
еркектің некеге тұруына бір-ақ ерт рұқсат беріледі, бір мезгілде бірнеше
некеге тұруға рұқсат берілмейді (бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ, Еуропа
елдеріндегі бірден-бір форма).
ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп
әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай,
әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін
көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталынды.
Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған
туынқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да
жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар,
екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге
тұратын туыстары немере-шөберелерден тұрады. Бала санына байланысты 4 түрлі
отбасы болады: 1. Көп балалы (3 бала, одан көп); 2. Орташа (екі балалы); 3.
Бір баласы бар; 4. Баласыз отбасылар.
Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді.
Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы
және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына, табысына қарай да отбасы
түрлерге бөлінеді (жоғпры, орта және төменгі).
Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады:

1) Дәстүрлі отбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына
байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді,
теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формальді болса да ер
адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді;
2) Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына
бағытталады. Негізенен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады,
мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке,
киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипатта болады ;
3) Жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты 2
балалы болу. Шаруашылық – тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.

Ең көне отбасының түрі – топтық некеге негізделген еді. Оны экзогамия
және эндогамия деп атаған, бұның алғашқысының некелесу дәстүрі ерлі-
зайыптылық, туыстық-отбасылық топтан, фратриядан тыс болса, соңғысында
некелесуге фратрияның өз ішінде рұқсат берілген.
Алғашқы қауымдастық құрылыстағы ең көне отбасы түрі – топтық некеге
негізделгендіктен ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұтас
ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен
шешелер, балалар тобында – ағалы-інілер, апалы-сіңлілер немесе шөбере
туыстар бір-біріне ағалы қарындас бола тұра некелес болатын. “Алғашқы
заманда, - дейді К.Маркс, - қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі
әдептілікке жататын да еді”.
Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының
басшысы), матриархалды (әйелі басшы) болып бөлінеді.
Отбасының туыстық қатынастар құрылымына байланысты жай, нуклеардық
немесе күрделі, үлкен түрлері болады. Нуклеардық отбасына ерлі-зайыпты
жұбайлар және олардың енкеге отырмаған балалары жатады. Егер отбасындағы
балалардың кейбіреулері некеге отырып, екі немесе одан да көп ұрпақты
қамтыса, онда отбасының күрделі немесе үлкен түрі құрылады. Қазігі
отбасының сипатын танудағы жемісті әдістерді аса көрнекті американдық
социолог Т.Парсонс қолданған еді. Оның айтуынша, қазіргі нуклеарлық отбасы
мынадай себептер бойынша қазіргі қоғамға сай ыңғайластырылған. Біріншіден,
қазіргі қоғамның экономикалық өмірі дәл осындай кішігірім отбасының болуын
қалайды. Мұндай отбасында, үлкен отбасылармен салыстырғанда қайшылықтары
көп жанжалдан құтылуға болады. Кішігірім нуклеарлық отбасы тез көшіп-
қонуға, өзінің тұрған жерін жедел ауыстыруға бейім келеді. Яғни, қазіргі
экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып келеді.
Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және
қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл
таба алады. Т.Парсонстың айтуынша. Отбасында алдын-ала белгіленген
жекелеген құндылықтар үстемдік етеді. Бұл нені білдіреді? Алдын-ала
белгіленген құндылықтарды айта келе және олардың отбасындағы көзқарасы мен
орнын ескере отырып, біз отбасының кез келген мүшесі онда белгілі бір мәнге
ие болады деп ойлаймыз. Өйткені, сәбидің дүниеге келуінен біз әкесі, анасы
немесе баласы, қызы, әпкесі болып отырмыз.
XIX ғ. Жаңа Англияда, АҚШ-да отбасының басқа түрлері пайда болған.
Дінге сенуші адамдарды коммунаға жинау арқылы пайда болған отбасы түрі. Әр
еркек әр әйелге үйленген, олар коммунада тәрбие алып жатқан балалардың ата-
аналары боп саналған. 300 адамнан тұрған коммуна 30 жылдай тұрған.
Коммунаның бір түрі боп Израильдегі кибуцы саналады. Кибуцы отбасының және
индивидтердің қоғамы, балаларға тәрбие беру үщін бір кооперацияға жиналады.
Бір шаруа жасайды, ия бір өнеркәсіптері бар. 100 мың адамнан тұратын 240
кибуц қоғамдар бар, 50 адамның санынан тұратын кибуцтық құрылымы бар.
Кейбір кибуцтарда балалар үйлеріндетәрбие алады, бемалыс күндерін ата-
аналарымен бірге өткізеді.
Швеция, Германия, АҚШ-та отбасын құрмай, некеге тұрмай, жас адамдар
бірге тұрады. Британияда бұл заң арқылы бекітілген, олар барлық отбасына
берілген заңды пайдаланады. Отбасы мен қоғамның және отбасы мен тұлғаның
қарым-қатынасының тарихи даму процесінде ең алдымен үстемдік етуші белгілі
қоғамның мінез-құлқына және өндіріс тәсіліне байланысты жүйелі түрде
өзгерді. Өндіріс тәсілі қоғамның таптық құрылымын анықтайды, бұл өз ретінде
қоғамдағы “микро-құрылымға” (яғни, кіші әлеуметтік топтардың табиғатына
және олардың қарым-қатынастарына) салмақты әсерін тигізеді және
“микроортадағы” өмір сүріп, қызмет етуші әрбір тұлғаға әсерін тигізеді.
Отбасы қоғамдық өмірдің басқа салаларымен, жақтарымен байланысты –
бұның өзі отбасына және некелік отбасылық қарым-қатынастың жеке
аспектілеріне қоғамның әсерін, сонымен қатар, отбасының қоғамға әсерін
көрсетеді.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Отбасы - некеге қарағанда күрделі қатынастар жүйесін құрайды, себебі ол
тек қана ерлі-зайыптыларды ғана емес, сонымен қатар, олардың балаларын және
басқа да туыстарын біріктіреді. Сондықтан, отбасын жай ғана некелік топ
демей, оны әлеуметтік институт, яғни байланыстар жүйесі, адамдардың өзара
қимылы мен қатынастары белгілі бір құндылық пен нормаларға негізделген,
ұрпақ жалғастыру қызметін орындаушы деп қарастырылуы керек.
Отбасын қоғамның бір бөлігі ретінде социологтар оның қызметін орындауға
қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз – отбасы мен мүшесінің
белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының
тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға
болады.
Социологтардың басым бөлігі қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі
қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда
өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есеюіне көмек беру деп
көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы отбасылардың осы қызметтерді орындауға жақсы
бейімделгендігінің бірнеше себептері бар. Шын мәнінде, балаларды тәрбиелеу
мықты биологиялық механизмдерге, яғни туыстық байланысқа сүйеніп, дуниеге
адам әкелу жұбайлар арасында қалыпты, тәртіпке келлтірілген жыныстық
қатынастыр және экономикалық жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін
өте тиімді тәсіл болып отыр.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше кезеңдерден тұратын
отбасылық саты немесе отбасылық өмірден өтеді. Зерттеушілер бұл маты
фазаларды әр түрлі атайды. Дегенмен, олардың арасындағы бастылары мыналар
болып табылады:
1. Некеге отыру – отбасын құру;
2. Бала туудың басталуы – бірінші баланы туу;
3. Бала туудың аяқталуы – соңғы бала;
4. “Бос ұя” – соңғы баланың некеге отырып отбасынан бөлініп шығуы;
5. Отбасының өмір сүруін тоқтатуы – ерлі-зайыпының бірінің өлімі. Әрбір
кезеңде отбасы ерекше әлеуметтік және экономикалық сипаттарға ие
болады.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен
бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Құқықтың түрлері
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Әлеуметтік педагогика
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Пәндер