Саясаттың мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

2. САЯСАТ

Адамзат қоғамы жүріп өткен тарихи ұзақ жолда, бүгінгі заманда, жотарыда айтқанымыздай, елдердің, халықтардың тағдырында саясаттың ролі аса үлкен. Ол адамзат тіршілігінің түп тамырларымен етене байланысты. Сондықтан да саясат деген не, оның мәні, табиғаты қандай, неге ол саясаттану деп аталатын ғылым саласының арнайы зерттеу объектісіне айналып отыр деген сұрақтар өте маңызды. Қарастырып отырған тақырыбымыз осы мәселелерді қамтиды.

1. Саясаттың пайда болуы.

2. Саясаттың мәні.

3. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.

4. Саясаттың субъектілері.

1. Саясат - түп тамыры терең, сан кырлы, қатпарлы, күрделі құбылыс. Саясат туралы ғылым тарихында оның пайда болуын, ішкі мәнін түрлі кырынан көрсетуге ұмтылған көптеген теологиялық натуралистік, әлеуметтік, сыншыл-рационаддық деп аталатын және т. б. ағымдар, түсініктер мен көзқарастар қалыптасқан. Олардың бөрін жіктеп жатпай-ак, саясаттанудың әлеуметтік процестерді, сан ғасырлық саяси даму тәжірибесін саралаудағы ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, саясаттың пайда болуы мен мәніне бірден көшейік.

Бізді қоршаған табиғи ортаның өзгеруі мен дамуы объективті заңдылықтарға бағынатынын білеміз. Ол заңдылықтар адамнан, оның санасынан тысқары, тәуелсіз. Сшдай-ак, қоғамның өзгеруі мен дамуы да объективті заңдылықтар негізіңде жүріп отырады. Бірақ, қоғамды құраушылар да, жасаушылар да, адамдар. Олар саналы түрде алдарына мақсат қояды, іс-әрекет жасайды, дүниені, тіршілікті өзгертуге ұмтылады, сол жолда өзара қарым-қатынаска түседі, топтасады. Қоғам өміріндегі объективті заңдылықтар, адамдардың іс-әрекеті, тіршілік тынысы арқылы күшке еніп, көрініс табады. Саясат құбылысы қоғамның осы мәнінен, осы ерекшелігінен туындап, бастау алады. Басқаша айтқаңда, саясат -алдына қойған мақсаты бар адамдардың белсенділігінен туындайшн, олардың талап-сұранымдарынан бастау алатын құбылыс

Алғашқы қауымдық құрылыс тұсында саясаттың кейбір нышандары ғана пайда болады. Бұл кезенде адамдар арасындағы қарым-қатынас - негізінен қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысынан реттеліп отырады. Кейіннен, уақыт озған сайын материалдық өндіріс күрделілене түседі, қоғамның жіктелуі күшейеді, адамдар қоғамдағы орнына, материалдық жағдайына, мақсат-мүдделеріне карай топтаса бастайды, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас қайшылықты сипатқа ие болады. Бұрынғыша, салт-дәстүр, немесе діни наньм шеңберінде ол қатьпшстарды реттеу мүмкін болмайды. Адамдар мен топтар арасыңдағы қатывасгарды реттей отырып, қогамның тұтастығы мен тұрақтылығын сактай алатын әлеуметтік күштің, билік тұтқасыаың пайда болуына деген объективті қажеттілік туады.

Сөйтіп, қоғамдағы орнына, материалдық жағдайларына байланысты адамдардың топтасуы, ортақ маңызды мүдделерін қорғауга және іске асыруға ұмтылуы, олардың арасындағы қарым-қатынасты реттеу қажеттігі билік тұтқасын өмірге әкеледі. Осы негізде қоғамның саяси қатынастары қалыптасады. Саясат түрлі топтардың қоғамдық жағдайларынан туыңдайтын түпкілікті мүдделерді іске асыруга байланысты және оған билік тұтқасы тарапынан эсер етуді, кірісуді қажет ететін жерде, сол арқылы қоғам тұтастығын сақтау керектігіне орай өмірге келеді.

Саясаттың негізінде топтасқан адамдардың түпкілікті мүдделері жатады. Ол мүдделерінің мәні - адамдардың қоғамда алатын орнымен, материалдық жағдайларымен, өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік тұрғыдан қатынасымен анықталады. Ендеше түрлі әлеуметтік топтардың жағдайын, орнын, мүдделерін өз мәнінде бейнелеу аркылы САЯСАТ-ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ФОРМАСЫ (нысаны) болып табылады. Әрине, мүдделер сан алуан. Оның бөрі саяси мәнді емес Саяси мәнді мүдде түпкілікті әрі терең. Ол адамдардық қоғамдағн жағдайыа, тіршілігінің мәнін, көкейтесті талап-сұранымық негізгі мақсатын бейнелейді. Түпкілікті мүддесін анық ұғынып сезінген адам, немесе топ қана саяси процеске белсене араласа алады.

Сөйліп, саясаттың объективті негізі - талап-сұраным, түпкілікті мүдде. Ал оның субъективті негізі - билік тұтқасына ұмтылу, оны өз мүддесін іске асыру мақсатына пайдалануға тырысу. Бұл тұрғыдан алғанда саясат - түрлі әлеуметтік топтар мен ұйымдар арасындағы билік тұтқасын жеңіп алуға, оны ұйымдастыруға, қоғам мен мемлекет ісін жүргізуге және мүдделерін іске асыруға байланысты ҚАРЫМ-қатынастар жиынтығы.

Саясапың мэні түпкілікті саяси маңызды мүдделерді нақтылаумен, сол негізде мақсаттар жүйесін анықтаумен және тұрлі әлеуметтік топтар мен ұйымдар арасыңдағы билік түгқасына қатысты қарым-қатынастарды саралап реттеумен шектелмейді. . Ең маңыздысы - топ жәке уйым мүшелерін мақсат-мүдделерді іске асыруға жұмылдыру, яғни белсенді іс-әрекет жұргізу. Сондықтан да саясатты-түпкілікті мақсат-мүддені іске асыруға, түрлі топгардың арасындағы қарым-қатынасгы реттеуге, қоғам құрылымын сақтауға және ары қарай жетілдіре түсуге, билік тұтқасын пайдалануга бағытталған ерекше ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРІ деп қарауға болады. Осы айтылған саясаттың үш қырын жинақтай келе мындай қорытынды түюімізге болады: САЯСАТ ДЕГЕНІМіЗ - түрлі әлеуметтік топтар, ұйымдар мен мемлекеттер қоғамның өзгеру және даму процесінде басшылыққа алатық олардың тұтжілікті мүдделері негізінде қалыптасатын мақсаттар жүйесі және осы мақсаттарды іске асыру үшін билік тұтқасын пайдалану жолындагы олардың қарым-қатынасы мен іс-әрекеті,

Саясаттыд мынадай HIDQ ЛОГИКАСЫН, іщсындық ретті байланысын жіктеп көрсетуге болады: 1) теориялық-танымдық

. * әрекет - әлеуметпк топтың қоғамдағы алатын орнын дәл анықтап,

сол негізде түпкілікті мүддені айқындау, 2) түпкілікті мүддеге сүйене отырып, топтың алдындағы мақсатіы нақтылап қоя білу, саяси іс-қимылдың бағдарламасын жасау; 3) уйымдық-аткәрушылық әрекет - мақсатты орындауға топ мүшелерін, көпшілік қауымды жұмылдырып, ұйымдастыра білу, билік тұтқасы үшін күрес.

Саясаттың ішкі логикалық қисьпп-і мек оның негізгі ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ВУЫНДАРЫ өзара сабақтас. Негізгі буындарга мыналар жатады: 1) саяси қагынастар - қоғамдық топтардың өз арасында қалыптаскан билік тұтқасына байланысты тұрақты қарым-қатынасгар; 2) саяси. . сана - саяси өмірдің адамдардың өздерінің саяси мәнді мүдделеріне деген саналы түрдегі қатынасынан тәуелді екенін білдіреді; 3) саяси ұйымдасу - билік органдары мен инсппуттарының қоғамдық процестерді басқарудағы және реттеудегі шешуші ролін көрсетеді.

Саясаттың қоғамдық маңызы, атқаратын негізгі міңдеттері (функциялары) ошіщ мәнінен, құрылымынан туындайды. Саясаттанушы ғалымдар бұл мәселеге әртүрлі қырынан келіп, саясаттың әртүрлі функцияларын алдыға тартады. Дегенмен, көптеген оқымыстылар мына төмеңдегі ФУНКЦИЯЛАРДЫ негізгілер деп бағалақцы:

- Ең әуелі билік тұтқасьпю ие болып отырған таптың, топтың және ұйымның, содан кейін қоғамдағы әртүрлі басқа топтардың саяси мәнді мүдделерін бейнелеу, осыған сәйкес қоғамдық және саяси процестерді басқарып, реттеп отыру және туындаған қайшылықтар мен проблемаларды дер кезінде шешу.

- Түрлі таптардық топтар мен ұйымдардың мүдделерін тұтас бір мақсатқа бағындыру арқылы қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау.

Қоғамның әлеуметтік дамуында сабақтастық принципін қамтамасыз ету; адамдардың саяси әлеуметтенуіне ықпал жасау.

Саясаттың терең мәнді күрделі құбылыс екеніне әр кезеңде саясат саласын зерттеген ойшылар баса назар аударып отырған. Ол дайын күжнде аспаішан салбырап түспейді, сыйга тартылып, қолға ұстатыла салмайды. Материалистік диалектиканың негізін калаушы ғалымдардың бірі айтқан мынандай сөз бар: "Саясат арифметикадан гөрі алгебрага ұқсайды, тіпті төменгі емес, жоғары математикага көбірек жақын". Соның бір дәлелі - саясаттың әрі ҒЫЛЫМ, әрі ӨНЕР екендігі. Себебі шыаайы өміршең, пәрмеңді саясаттың негізінде ғылым, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтары жатады. Ғылыми негізі бар саясат мына белгілермен еипатталады: 1) қоғам дамуының объективті заңдылықтарын, олардың юызмет жасауының механизмдерін білу; 2) қоғамдық дамудың ішкі қайшылықтары мен ағымдарын дер кезіңде танып, тиісті талдау және тужырым жасау; 3) объективті жағдай мен субъективті фактордың ара қатынасын үнемі есепке алып отыру.

Саясат ғылыми мәнге мына шарттардың орындалуы барысында ие болады: 1) объективті заңдылықтарды терең білетін сауатты, салихалы көшбасылардың (лидерлердің) ел билігінің тұтқасын ұстауы; 2) қоғамда түпкі мүдделері замана агымына сәйкес келетін прогрессивті таптың, әлеуметтік топтардың болуы; 3) жүргізіліп жатқан саясаттың, атқарылып жатқан істердің дұрыстығына объектіні, бұқараны сендіре алатын, оны жұмылдыра алатын пәрменді идеологияның болуы; 4) саяси шешімдер қабылдап, оларды іске асыруда ғылыми негізге сүйенетін саяси ұйымдардың, партиалардың және мемлекеттік басқарымның болуы.

Ғылыми саясаттың басты принииптері мыналар: 1) икемділік*- күңделікті қоғамдық процестерді жіті саралап, оператиеті түрде саясатқа тиісті қосымшалар мен өзгерістер енгізіп отыру; 2) жіберілген қателерді ашық мойындап, дер кезінде түзету; 3) уакиғаяардың ішінен басіы, шешуші буынды дәл табу.

Сондай-ақ, саясат - ӨНЕР, яғни қолда бар мүмкіндіктерді шебер пайдалана отырып, теориялық білімді шабытпен, шығармашылық батылдықпен, ишуициямен және фантазиямен ұштастыра отырып шешім қабылдау. Бұл тұрғыдан алғанда, саясат - ойланып басқан қадам, қажет кезіңде ымырашылдық, келісім, ырыққа көну, ретін тауып қиын мәселені айналып өту, қысым жасау, сес көрсету, әрбір іс-қимылды жіті есепке алу, т. б.

Саясаттанушы ғалымдардың көпшілігі В. Дальдің түсіндірме сөздігінде келтірілген мындай анықтамага назар аударады: "Саясат дегеніміз: 1) мемлекет ісін басқару ғылымы; 2) билеүшінің ой-тілегі, мақсаты, оның іс-әрекетінің көрінісі. Саясаткер - ақылды, пысық (кейде айлакер), мемлекет қайраткері, істі өз пайдасына карай икемдей алатын, тұйық және қу адам".

3. Саясаттық мән-мағынасын ашу барысында көз жеткізгеніміздей, ол қоғамның барлық салаларымеқ әсіресе, ЭКОНОМИКАМЕН тығыз байланысты. Саясат адамдардың түпкілікті мәнді мүдделерін бейнелейді дедік. Ал ондай мүдделердің қайнар көзі, сомдалып шығар бастауы - адамдардың материалдық жағдайы, меншікке, өндіріс құрал-жабдықтарға қатыаасы, қоғамдағы орны, яғни олардың экономикалық хал-ахуалы. Олай болса, түптеп келгенде саясатты анықтаушы, оған мән-мағына беріп, бағыгыа сілтеуші - экономика. Саясатқа қараранда экономика бірінші, анықтаушы, шешуші роль атщ Экономиканың өзгерісі саясаттан көрініс табады. Саясат екінц түптен келгенде экономикадан тәуелді. Басқаша - экономика қоғамның базисы болса, саясат оның қондырмасы, басты элементі, қоғамдық сананың формасы (нысаны) . Ал саясат экономикадан тәуелді бола отырып, салыстырмалы дербестік таныта алады. Дербестіктің мәнісі мыаада: 1) саясат і жономикаға ере бермейді, ол одан озып ілгері кетуі мү немесе экономикалық құрылымга сәйкес келмей аріта шаба калуы мүмкін; 2) саясат үнемі белсенді түрде экономикаға эсер жасайды, ол экономиканың ілгері дамуын тездетеді, ашады, қолайлы жағдайлар тугызады, немесе экономиканы тартады, аяғыаа тұсау салады, берекесін қашырады, қиыншылы туғызады^ Мәселе - саясаттың пәрменділігінде, өміршенді, ғылымға қаншалықты сүйенгендігінде. Айта кететін бір саясаттың кері эсер ететін белсенді ролі қоғам өтпелі кезеңп бастан кешіргенде ерекше көрінеді. Мәселеқ біздің еліміз өндірістік қатынастарды ыдыратып, меншіктің көптүрлігі әлеуметтік сипаттағы нарықтық қатынастарға көшіп жатқан бұл дәуірде экономикалық саясаттың мазмұны, жүргізіліп жат экономикалық реформаның, қабылдаған бағдарламалардың са. маңызы ерекше үлкен екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Адамның саяси мүддесінің қалыптасуы оның имандылық адамгершілік позициясымен де тығыз байланысты. Адамгершілік қасиеттер мен имандылық принциптері адамдардың ортақ мүдде төңірегінде топтасуына шешуші ықпал жасайды. Ал адамгершілік имандылық қашан да жалпы адамзаттық құндылықтар мен руханк ыналарға сүйенеді. Осы қасиеттерге сүйенген саясат қана мықты әрі өміршен болмак,

Кенестер одағы тұсында көп жылдар бойы имандылық қасиеттер саясаттан шетқақпайлық көріп келді, тіпті таптаурынға айналды. Діни сенім қудалауға түсті, ұлттық салт-дәстүрлердің басым көпшілігіне "кертартпа" деген айдар тағылды, жалпыадамзатқа тән имандылық қасиеттерінін орнын таптық көзқарас басты "партия мен өкімет саясатына карсы" деп өз әкесін ұстап берген баланың кылығы үлгі есебінде дәріптелді . . . Шүкір, қазіргі дербес дамуымыздың барысыңда саясат пен имандылықты қарсы қоюдан арылып, адамгершілік негіздеріне табан тіреп жатырмыз. Республикамыздын Конституциясы саясат пен имандылықтың тығыз бірлігіне үлкен мән береді. Оның нақты дәлелі Конституцияның "Адам және азамат" деп аталатын екінші бөлімі.

Ал құқық болса саяси үстемдіктің нормалары мен принциптерін бекітеді және саясатқа заңдық сипат береді. Біз құқықтық мемлекет құрып орныктыруды мақсат етіп отырған елміз барлық адам заң алдында бірдей, барлық адам заңға бағынуға, заңға жүгінуге тиіс, ал мемлекет болса барлық азаматтың құқығын қорғауға міндетті. Кеңестер одағы тұсында партиялық. номенклатура құқықпен санаспады, заңға бағынбады, керісінше заңды өз мүддесіне пайдаланып келді.

4. Саясаттың СУБЪЕКТІСІ дегеніміз - саяси іс-әрекетке азды-көпті саналы түрде тікелей қатысатын кісілер, түрлі әлеуметтік топтар және ұйымдар. Ал субъектінің танымдық, практикалық іс-әрекеті багытталған нәрсені, құбылысты саясаттың ОБЪЕКТІСІ деп атайды.

Саясаттың субъектісінің мәні саяси процеске тікелей қатысушылардың өздерінің түпкілікті мүдделерін қаншалықты дәрежеде сезінуімен, алдарына нақты мақсат қоя білуімен, сол мүдде төңірегінде ұйымдасып, іс-қимыл жасауымен тығыз байланысты. Яғни, бұл арада саяси істерге саналы түрде қатысу шешуші роль атқарады. Саналылық бар жерде еркіндік бар, шешім қабылдау, батыл іс-әрекетке ұмтылу бостандығы бар. Саясаттанушы ғалымдар субъектілердің саналылығының 3 түрлі деңгейін ажыратады: 1) карапайым субъектілер - күнделікті тіршіліктен туған өзіне және өз аумағына тән мүдделер төңірегінде ғана бас көтеретін, бірақ өз іс-әрекетінің саяси салдарларына жете үңілмейтіндер, өзінің саяси ролін терең аңғармайтындар; 2) кіріптар субъектілер - саяси іс-әрекетке қатыса отырып өз орындары мен міндеттерін жақсы түсінетін, бірақ одан асып, өздігінен, дербес саяси өмірге ықпал жасай алмайтындар; 3) белсенді, дербес субъектілер - өз мақсаттарын және оған жету жолын айкын түсінетіндер және осы жолда дербестік танытып, саяси құрылымның барлық тегіктерін іске коса алатындар.

Субъектілер - сан алуан. Оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеп, топтастыруға болады. Дегенмен ен. көп тараған көзқарас субъектілерді 2 топқа бөледі: 1) әлеуметтік - оған дара адамдар, таптар, әртүрлі әлеуметтік топтар мен қабаттар, мәселеқ кәсіптік, этникалық-ұлттық, демографиялық, элиталық т. б. топтар жатады; 2) инстшуционалдық (саяси ұйымдар) - мемлекетті, партияларды, саяси қозғалыстарды, кәсіподақтарды қамтиды.

Субъектілерді саяси өмірге "қатысу сипатына қарай да жіктеуге болады: 1) саяси процеске тікелей қатысушылар (мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар) ; 2) әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар; 3) саяси процеске ғана емес, саяси шешім кабылдауға да тікелей және үнемі қатысушылар - көшбасы (лидер), элита.

Түпкілікті мүдделеріне қарай біріккен үлкен топтарды, таптарды саясаттъш, бірінші субъектілері, саяси шешім қабылдауға және іс-әрекетке араласатын саяси ұйымдар мен дара адамдарды -екінші субъектілер деп те атайды. Сощыға түрлі саяси институттар мен органдар, өкілетті шағын топтар мен ұжымдар және дара адамдар жатады.

Мемлекеттің, партиялар мен қозғалыстардың, элита мен көшбасының саяси процестердегі роліне кейінгі тарауларда арнайы тоқталамыз. Казір кісі мен әлеуметтік топтардың саясат субъектісі есебіндегі мән-мағынасына кысқаша назар аударайық.

Кісі, жеке адам - саясаттын ең әуелгі, түбірлі субъектісі. Жоғарыда айтқанымыздай, саясаттың өзі әрбір адамның қоғам мүшесі ретінде қалыптасып, есеюімен, өмірдегі орнын бағдарлап білуімен талап-сұранымын анықтап, алдына мақсат қоюымен, сол мақсат жольщдағы белсенді іс-әрекетімен тікелей байланысты. „ Саясат туралы ғылымда кісіні мынадай 3 кырынан қарастырады: 1) кісі адамға, оның жеке басына тән психикалық-физиологиялық (эмоциялық интеллектуалдық т. б. ) ерекшеліктер тұрғысынан бағаланады; 2) кісі - белгілі бір топтың-таптың, кәсіптік, демографиялық, ұлттық, элиталық топтың - өкілі және пакты бір саяси рольдің орындаушысы - сайлаушы, партия мүшесі, парламент мүшесі, министр, т. б. ; 3) кісі - ақыл-ой мен ерік бостандығына ие саяси өмірге белсенді, дербес қатысушы.

Саясаттың мән-мағынасы, саяси өмірдің ырғагы қоғамдағы сан алуан әлеуметтік топтардың өз арасындағы және олардын билік тұтқасы мен қарым-қатынасы арқылы анықталатыны белгілі. Әлеуметтік топтар тұтжілікті мүдделері негізінде бірігіп, топтасады, сол мүдделерін іске асыру ниетінде саяси процеске араласады, билік тұтқасын жеңіп алу үшін немесе оған ықпал жасай отырып өз мақсатына пайдалану үшін күреседі. Дәлірек айтқанда ірі әлеуметтік топтар (таптар, ұлттар мен ұлыстар, қауымдастықтар, кәсіптік және демография лық т. б. топтар) мына шарттар орындалған жағдайда саясаттың шынайы басты субъектісіне айналады: 1) топтың тұтастығы, ішкі байланыстың беріктігі; 2) топ мүшелеріне ортақ қоғамдық жағдайды, соған сәйкес ортақ түпкілікті мүддені терең сезіну, осы негізде береке мен ынтымақтың артуы; 3) мақсатты анықтап, іс-қимылды реттеп отыратын ұйымдастықтын. болуы. Расында да, түрлі саяси партиялар, бірлестіктер мен қозгалыстар осындай әлеуметтік топтардан өсіп-өніп шығады, өздерін дүниеге келтірген топтардын мүддесін қорғауды мақсат етеді.

Әлеуметтік топтардың саяси процеске ықпалының пәрменділігі аталған шарттардың орындалуынан басқа мынадай қосымша факторларға байланысты болады: 1) накты әлеуметтік топтың қоғам құрылымында алатын орны, саяси беделі, оның мүдделерінің мемлекет аумағындағы жалпы қоғамдық мүдделермен ұштасуы; 2) топтың, топ негізінде құрылған саяси ұйым көшбасыларының өз тобындағы және қоғамдағы беделі.

Әлеуметтік топтардың саясатқа араласу, әсер ету әдістері мен лдері әртүрлі болуы мүмкін мемлекет органдарына, билік тұтқасына өз өкілдерін өткізу, қоғамдық пікір қалыптастыру, митинг, ереуіл, манифестация сияқты саяси акциялар өткізу, т. б.

Сөйтіп, /саясат - қоғам өмірінің барлық салалары мен субъектілерінін іс-әрекеті арқылы тығыз байланыса отырып, ықпал жасайтыа күрделі құбылыс екеніне көз жеткіз:міа

“Саясат қоғамдық құбылыс ретінде”.

  1. Саясат және саяси билік, саяси жүйе және саяси процесс.
  2. САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЬІ (ҚЫСҚАША ШОЛУ)

Тарихтың дамуы барысында, барлық қоғамдарда «саясат» деген сөздің өмірде пайдаланылмаған кезі жоқ. Барлық уақытта ойшылдар, философтар, саяси қайраткерлер қоғам өміріндегі осы бір ерекше сөзді түсінуге, онын, адамзат дамуындағы маңызын анықтау-ға бар күш-жігерін жұмсады. Бұл тарауда барлық сая-сат тарихын шолуға мүмкіндік болмағандықтан солар-дын, кейбіріне ғана тоқталамыз.

Ескі дүние тарихында - Шығыс елдерінде таптық сананың жетілмегендігіне байланысты саяси-құқықтық ойлар қолданбалы дәрежеде қалды. Ондағы басты мә-селелер өнер, қолөнер, билікті жүзеге асыру мен сот ісі еді. Оларда саяси ұғым моральмен тығыз байла-нысты болды, әділдік үшін күресті, саяси көзқарас кө-бінесе діни-мифологиялық сипат алды. Олар - Үндіо тандағы буддизм, Қытайдағы даосизм, конфуцийшіл-дік, моизм, легизм.

Ежелгі Грецияның ойшылдары бүкіл адамзат бала-сының рухани мәдениетін қалыптастырудың бастауын-да тұрған-ды. Олардың саяси-құқықтық ойдьщ тарихы-на қосқан үлесі мол. Ежелгі грек зерттеушілерінің шығармашылық еңбегі айналадағы дүниені мифоло-гиялық түсінуден оны танудың және түсіндірудің ақыл-ды-қисынды әдісіне көшуге бастады. Олар философия, мемлекет және саясат саласында да осындай өтпелі жағдайды басынан өткізді. Олардың саяси көзқарасы философиямен бірге дамыды.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші мың жылдықта ойшылдардық алғашқы мифологиялық идеологиядан бас тарта бастағаны аңғарылады. Бірақ ол процесс әр елде әр түрлі уақытта және әр түрде өтті. Олар Қы-тайда-конфуцийшілдік, Үндістанда - буддизм, Персия-Да - заратуштра, Грекияда - эпосшылар, драматург-тер, ойшылдар, софистер, философтар, Римде - юрис-тер болды. Ол жерлерде полистер - алрашқы мемлекеттер шыға бастады. Алғашқы мемлекеттер жайлы дерек Гомер, Гесиод, Гераклит, Демокрит, Со-крат шығармаларында кездеседі. Олар құл иеленушілік демократияның идеясын дамытты. Қала-мемлекет - полистің мүшелерінің бір ойда, бірлікте болуын, бар-лығынын ортақ іс орындауын уағыздады. Полис - қоғам мұшелерінің тірегі болмақ. Ортақ мүддені жузеге асыру үшін әрбір азаматтың құқығы . мен міндеттері белгіленді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат туралы ақпарат
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері: теориялық талдау
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Құқық және саясат
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz