СОЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
СОЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ 1
БІЛІМ БЕРУ СОЦИОЛОГИЯСЫ 19

СОЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ

Белгілі социолог Р.В.Рывкина: "Талдау құралдарының әдістемелік және
теориялық құрамында әлеуметтік стратификация (бөлшектеу) теориясының алар
орны ерекше. Біз үшін әлеуметтік топтардың, олардың меншікті иелену
жүйесінде, билік, табыс және бедел мәселесінде іс-әрекет ету методикасын
анықтау өте қажет," — деп әділ атап көрсетеді. Шындығында әлеуметтік
стратификация әлем университеттерінің көпшілігінде танып білудің басты
тақырыптарының бірі, ал, социологтардың зерттеу саласында талдаудың бастау
алар нүктесі іспеттес. Оған қоса тараудың аталуындағы оқырмандарға кең
көлемде таныс әрі үйреншікті болған әлеуметтік құрылым терминін пайдаланып
отырмыз. Әрине, бұл социологтардың, сонымен бірге тарихшылардың,
этнографтар мен экономистердің арасында да әлеуметтік стратификацияның әр
түрлі теориялары — әлеуметтік құрылым жөніңде қалыптасқан пікірлердің
орталық буыны екенін жоққа шығармайды.
Әлеуметтік құрылым айқындамасының жете қарастырылғаны оның
функционализм ауқымында зерттелуі болып табылады. Жоғарыда атап
көрсетілгендей, функционалистердің әлеуметтік құрылымға қатысы ортақ
көзқарасы функционалистік теорияның жалпы шарттарына сай түсінікті болуы
ықтимал.
Кез келген функционалист үшін қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның
әлеуметтік дифференциялау түсініктемесі мынандай бір жорамалдан басталады.
Аксиома орнына кез келген қоғамға сай кейбір базалық қажеттіліктерді
Т.Парсонс функционалды пререквизит деп атаған. Егер осы базалық
қажеттіліктер өтелмесе, онда мұндай қоғам құруы мүмкін. Сондықтан
әлеуметтік стратификацияны әлеуметтік жіктелу деп дәл аударып, ол да
базалық қажеттілікті өтеуі тиіс. Функционалистер кез келген қоғам белгілі
дәрежеде интеграциялануы, яғни жүйенің әр түрлі бөлімдері бір-бірімен
байланысты болуы тиіс дейді. Дәл осы әлеуметтік жіктелу олардың ойынша,
қоғамның интеграциялану қызметін іске асырады. Ал, бір жағынан кез келген
қоғамда тәртіп пен қалыпты жағдайдың белгілі бір деңгейде болуы қажетті-ақ.
Әлеуметтік жіктелу де осы тәртіпті үстап тұруға жағдай тудырады.
Функционализм ауқымында әлеуметтік жіктелу теориясы Т.Парсонс,
К.Дэвис, У.Мура, М.Гумина және М.Юнгтың есімдерімен байланысты.
Т.Парсонс әлеуметтік жүйедей тәртіп пен қалыпты жағдай моральдық
татулық немесе мәмілеге келушілік шартымен байланысты болады деген пікір
айтып өткен. Басқаша айтқанда, қоғам мүшелерінің арасында негізгі
құндылықтарға орай келісім бар. Парсонс әлеуметтік стратификация
құндылықтар жүйесінен туындап отырады дейді.
Әлеуметтік жіктелу жалпы құндылықтар жүйесіне сай болатын әлеуметтік
жүйенін бірліктерін ретке келтіру тұрғысьшда көзделеді. Кімде-кім осы
қоғамда үстем болып отырған құндылықтар тұрғысында сәтті әрекет етсе, ол
соған сай беделге ие болады. Мысалы, егер қоғамда интеллектуалдық санадағы
еңбек жоғары бағаланса, онда ғалымдар мәртебесінің жоғары боларына кепілдік
бар. Егер қоғамда экономикалық қызметке көп көңіл бөлінсе онда мекеме
басшылары жоғары мәртебеге ие болары анық. Осы пікірге орай, әлеуметтік
жіктелу барлық қоғамға тән қасиет. Егер белгілі бір моральдық мәміле кез
келген қоғамға шартты қажеттілік тудырса, онда белгілі стратификация әр кез
индивидтерді жалпы құндылықтарға сай реттеу салдары тұрғысында пайда
болмақ. Оның есесіне әлеуметтік жіктелу жалпы құндылықтардың көрінісі,
сондықтан қоғамның көптеген мүшелері әлеуметтік жіктелу дұрыс және әділ
екендігіне сенімді.
Парсонс қоғамдағы әлеуметтік топтардың өзара байланысын ынтымақтасу
және өзара тәуелділік ретінде қарастырады. Әсіресе, қазіргі дамыған
қоғамдастықтарда әр түрлі топтар белгілі бір қызметтің түріне
мамандандырылған. Қазіргі қоғамның бірде бір тобы өзін-өзі толықтыра
алмайды, яғні өз мүшелерінің қажеттіліктерін дербес өтей алмайды. Демек,
әлеуметтік топтар арасында өзара қызмет алмасуы обьективті түрде пайда
болады. Сондықтан қоғамда атқарушы және ұйымдастырушы қызмет, топтар
арасында иерархия орнайды. Парсонс өсіп өніп отырған ұйым қазіргі қоғамның
принципті сипаты деп атап көрсеткен.
Ол ұйым әрқашан білікті орталықтандыру және диференциациялаумен
байланысты болады. Демек, басқа топтардың қызметін ұйымдастыруға жауапты
болатын топтар жоғары мәртебеге ие болады.
Мұнда Парсонстың мәдени мәміледен теңсіздік шығарып отырған сыңайы
бар. Билік заңдастырылған бедел ретінде, яғни негізінен қабылданады.
Парсонстың пікіріне орай, билік басында тұрған топтар жалпы мүддеге жету
үшін оны пайдаланады. Парсонс жіктелуді қайталанбас құбылыс ретінде
қарастырады. Өйткені, ол құндылықтар ауқымында туындаған. Алайда ол тек
қана қажеттілік емес, сонымен бірге пайдалы да. Әлеуметтік жіктелудің
пайдалылығы немесе функционалдылығы оның қоғамның әр түрлі бөлігін
интеграцияландыруында, біріктіруінде. Белгілі бір әлеуметтік саты,
әлеуметтік теңсіздік болмаса қоғам мүшелерінің тиімді түрде ынтымақтасуын
ұйымдастыру мүмкін емес.
Бұл әлеуметтік жіктелудің функционализм ауқымында зерттелген бірден-
бір айқындамаларының бірі ретінде әр жылдарда жіберген кемшіліктері өткір
сыналған болатьш. Бірақ, ол ғылымға жақынырақ айқындамаларды зерттеу үшін
негіз болғанын мойындау керек.
Жіктелудің аса мәлім функционалды теориясы ең алғаш рет екінші дүние
жүзілік соғыс біткен жылы Америка социологтары Кингсли Дэвис пен Уилберт
Мурдың "Некоторые принципы стратификации" деген мақаласында жарияланған
еді. Олар кез-келген әлеуметтік жүйенің базалық қажеттілікке иек артатынын
негізге алады. Осындай базалық қажеттіліктердің бірі — әлеуметтік рольдерді
тиімді түрде бөліп беру деп аталады. Америка социологтары бұнымен не
айтқысы келді? Олардың көзқарасын төрт тезис арқылы көрсетуге болады:
1. Барлық әлеуметтік позициялар осы бір қоғамда толықтырылуы тиіс.
2. Олар оны бәрінен де өте жақсы іске асыра алатындармен қамтамасыз
етілуі керек.
3. Кез келген әлеуметтік рольді сапалы түрде іске асыру үшін арнайы
дайындық қажет етіледі.
4. Әлеуметтік рольдерді осы қоғамның адамдары саналы түрде орындауы
қажет.
Дэвис пен Мур өздерінің көзқарастарын дамыта отырып барлық қоғамдар
әлеуметтік рольдерді тиімді бөліп беретін және оны жүзеге асыратын
механизмді қажет ететіндігін атап көрсеткен. Нақ осы механизм әлеуметтік
жіктелудің өзі болып табылады, яғни қоғамдағы тепе-тең әлеуметтік жағдайда,
басым сый-сияпатты, бекіте түсетін, яғни әлеуметтік әркелкілік жүйесі.
Американ зерттеушілерінің дәйектемелерін логикадағы қарсылықтылық
дәлелі әдісімен көрсетіп беруге болады. Егер адамдар мен әлеуметтік
бейнелердің көзқарастарында кейбір нақтылы жағдайда әркелкілік болмаса
қоғамда да ешқандай әлеуметтік жіктелу болмас еді. Бірақ, мәселе адамдардың
да, әлеуметтік бейнелердің де бір-біріне мүлде ұқсамайтындығында. Адамдар,
біріншіден табиғи қабілеті жағынан, екіншіден, қоғамда алатын орны жағынан
бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
Кейбір әлеуметтік бағыттар функционалды жағынан қоғам үшін өте
маңызды. Оны тиімді жұмсау үшін кәсіби біліктілік қажет. Әлеуметтік
жіктелудің аса маңызды қызметі — қызметі жағынан маңызды бағыттарға сай
келетін адамдарды таңдау. Оған сол бағытты ұстап түрғандарға мейлінше көп
сый-сияпат көрсету арқылы жетуге болады. Осы мақсатқа жету жолында адамдар
арасында жүретін күрес әлеуметтік орындарды тиімді түрде бөліп беруге
себепкер болуы тиіс.
Функционалды жағынан аса маңызды бағыттарды иемденген топтардың өз
міндеттерін аса зор жауапкершілікпен орындауы қажеттігін айта кету керек.
Дэвис пен Мурдың пікірінше, аса маңызды әлеуметтік көзқарастар қоғамда
дайындығы өте жоғары адамдармен толықтырылып отырады. Бұл әлеуметтік
жіктелудің мәні.
Осы зерттеушілер өздерінің айқындамасындағы қиындық пен ең әлсіз буын
қоғам үшін әлеуметтік бағыттың иерархиясының маңыздылығын айқындайтын
қолайлы дәйектеме табу екендігін саналы түрде түсінді. Аса бағалы
бағыттардың көптеген жағдайда қызмет қырынан қарағанда маңызды болуы
міндетті емес екендігі шынайы факт. Әр түрлі қоғамдастықтардың та-рихы
дарынсыз адамдар иеленген синекуралардың болғандығын көрсетеді. Әрине, бұл
ден қоятын проблема. Дэвис пен Мур оны әлеуметтік бағыттың функционалды
маңызын өлшеудің екі тәсілін ұсыну арқылы шешуге талпынды. Өлшеудің бірінші
тәсілі кандай да бір бағыттың функционалдық ғажаптығы деңгейімен
байланысты. Ол бағыттардың ғажаптығы сонда, олардың қызметін басқа
әлеуметтік бағыттар орындай алмайды. Кез келген қоғамда осындай ғажап
бағыттардың орын алуы ешкімді таңқалдырмас. Мұндай топтардың қатарына дін
қызметкерлері немесе академиялық элита сияқты ең жоғарғы топтағылар жатады.
Өлшеудің екінші тәсілі басқа әлеуметтік бағыттардың осы алеуметтік бағытқа
қаншалықты тәуелді бсшуына байланысты. Басқару және атқару қызметінің ара
қатынасы туралы сөз ете келе басқару қызметінің функционалды мәні зор
екендігі талас тудырмайтынын айта кету керек.
Иә, Дэвис пен Мурдың көзқарасын осынау келте айтылған бірнеше пікірмен
шектей салуға болмайды. Алайда, ол біздің пікірімізше, жіктелудің осы
үлгісінің аса кажетті тұсы. Бұл көзқарас марксистер және инте-ракционистер
және де функционализм ауқымының өзінде өткір сынға альғады. Мұнда М.Гомин
тарапынан болған сын сөз етіліп отыр. Ол осы айқындамада ең бастысы — әр
түрлі әлеуметтік бағыттардың функционалды маңыздылығын өлшейтін обьективті
құралдардың бар екендігі дәледденбеген деп санайды. Ең басты кемшілік
биліктің іргелі факторын жоққа шығару. Әр түрлі әлеуметтік топтарда еңбек
көлемі мен олардың мәртебесінің әркелкі болуьғаа олар иемденген бағыттардың
функционалдық маңызындағы айырмашылықтармен емес, саяси және экономикалық
шешімдерді қабылдау процестеріне әсер ете алу айырмашылықтарымен көрініс
табуда.
Оның есесіне қоғамныц әлеуметтік құрылымы дайындығы жоғарырақ жеке
адамдардың өсіп шығуьша кедергі бола, жолды бөгейді. Әр түрлі кәсіби топтар
осы кәсіпкерлер қатарына енуіне деген талпынысты тежейтін әр түрлі амал-
айлалар қолданатын болады. Асылы, мұндай жағдай сол топқа ерекше орынға ие
болуға мүмкіндіктер ашады. Әрине, қоғамда аса маңызды бағыттарды иемденіп
отырған кәсіпкер топтарға айрықша сүзгілер мен қатал кедергілер тән.
Көптеген капиталистік елдерде юристік және кейбір медициналық ма-мандықтар
жоғары бағаланады. Бұл топтар аса күрделі әрекеттерді іске асырады, оған
ілесу қиынға соғады. Біздің елімізде ғылыми кадрларды іріктеудегі өте
иерархиялық жүйенің пайда болуы қоғамдағы жоғары орындарға, элитарлық
топтарға қосылуды қиындататын әдіс деп айтудың жөні бар.
Әлеуметтік жіктелу әлеуметтік жүйелерді интеграциялауға қатысады
дегеннің өзін әлеуметтік аңызға жатқызуға болады. Керісінше, әлеуметтік
әркелкілік, әлеуметтік теңсіздік, әлеуметтік жанжалдық жүйенің ыдырауына
әкеліп тірейді. Оның үстіне ыдырау бағытының етек алуына тек қана
әлеуметтік теңсіздіктің обьективті көрсеткіштері емес, сонымен бірге
субьективті факторлар да әсер етеді. Төменгі топтың қанағаттанбауы
әлеуметтік жүйеде барлық топтар үшін зиян тигізетін иррационалдық
әрекеттердің көрініс алуына әкеліп соқтырады.
Британ социологі М.Юнг өз еңбегінде функциональды келешектің ішкі
әлсіздігін танытып, оны түбіне жеткізе сынайды. Жіктелудің функционалды
теориясының идеалы ретінде толық меритократтық қоғам қарастырылады.
Меритократтық қоғам дегеніміз барлық әлеуметтік бағыттар, дәулет, мәртебе
жеке адамдардың сіңірген еңбегіне сай бөлініп берілетін қоғам.
Меритократтық идеал әр түрлі формада социологиялық теорияларда, оның ішінде
марксизмде де кездеседі. Алайда, функционалистер үшін меритократиялық үлгі
қоғамның әлеуметгік құрылымына сай етіп құрастырғанда өте мәнді болып
келеді. Бірақ толық меритократтық қоғам қоғамдағы әлеуметтік интеграцияның
болуына кепілдік бере алмайды. Бұл төменгі әлеуметтік топ мүшелерінің
азғындауымен байланысты болады. Бгер жіктелудің бүрынғы жүйелерінде олар
бағыттардың әділ бөлінбеуіне орай шағымдана алатын болса, енді
меритократтық қоғамда олар мұндай мүмкіндіктен айырылады, өйткені қоғам
жеке адамдар мен әлеуметтік топтар түрмыс проблемаларында өздері кінәлі деп
үйретеді. Сондықтан да олардың бүрынғысынан да азғындай түсу проблемасы
туындайтын болады. Бір жағынан кез келген меритократтық қоғамда жоғары
топтар қалыптасқан әлеуметтік құрылымдардың сакталып калуын қатаң
қадағалайды. Өйткені, сол қалыптасқан әлеуметтік тәртіпке орай келісім бар.
Міне, нәтижесіңде жоғары және төменгі әлеуметтік топтар арасында өткір
шиеленістер пайда болады. Соның салдарынан меритократтық принциптерге
құрылған қоғам нашар интеграциялануы ықтимал. Сондықтан мұндай қоғамда
қалыпты жағдай мен тәртіптің орнауын күту ағаттық болар еді.
Егер функционализм ауқымында әлеуметтік жіктелу функционалдық
пайдалылық, әлеуметтік интеграция, мәдени бірлік секілді терминдерде
талданатьш болса, онда әлеуметтік құрылымды зерттейтін неміс социологы Мокс
Вебердің есімімен аталатын веберналдық мектебі мұлде басқа тәсілді және
басқа өлшемді үсынады.
М.Вебер әлеуметтік құрылымды билікті бөліп беру түрғысынан
карастырады. Ол көп жағдайда К.Маркстің тап жөніндегі айқындамасымен
келісетін болған. Вебер де Маркс секілді жұмысшы табы мен капитал
арасындағы қарама-қайшылық қоғамның ішкі қасиетінен туындайтындығына, яғни
капитализмнің өзінен бастау алатындығына сендірді.
Алайда, Маркске қарағанда Вебер ресурстарды бөліп беруден туындаған
жанжал — кез келген қоғамға тән қасиет деп санады. Мәселе басқада.
Әлеуметтік құрылымға жіктелудің меншіктен басқа да критерийлері бар.
Мысалы, бюрократия шын мәнінде өндіріс жабдықтарына иелік етпейді. Бірақ
меншікке деген формальды құқықтың жоқ болуы бюрократия жағынан материалдық
ресурстарды бөліп беруге бақылау жасауға ешқандай тосқауыл бола алмайды.
Вебер бюрократияны экономикалық тап деп санамаған. Кез келген
әлеуметтік тап қазіргі қоғамда өндіріс құрал-жабдықтарына және рынокта
еңбек күшін сатуға деген қатысымен байланысты болады. Егер қандай да
болмасын әлеуметтік топ өзінің меншікке және нарыққа деген қатысымен
ерекшеленетін болса, онда ол таптық емес, статустық топ болып саналады.
Вебер және оның жақтастары әлеуметтік тарихтың дамуы — таптық топтардың
күресі ғана емес, тапсыз топтың дамуымен анықталады деп қарастырады. Кейде
дамудың шешуші факторы ретінде әр түрлі статустық топтар арасындағы күрес
алынып, таптық күрес сырт қалып қояды.
Вебер экономикалық топтардың жағдайын нарықтық сипатпен анықтайды.
Дамыған нарық жағдайында әр түрлі нарықтық ситуациялар болады. Әр түрлі
кәсіби топтар нарықта тайталасады. Кез келген кәсіби топ өте жоғары
қоғамдық бағаға ие болуға тырысады. Ал, ол басқа топтардың ахуалына әсер
етеді. Вебер таптар мүшелері бірыңғай нарықтық мүмкіндіктерге ие топтардан
құрылады деп есептейді. Оның ізін қуушылар осы тұжырымға сүйенеді. Бұл өте
кең тұрғыдағы анықтаманы бір жақты ғана интерпретациялауға болмайды.
Меншікке белгілі бір көзқарас — жұмысшы табы мен буржуазияның
бөлінуіне деген базалық мінездеме дегенді айта отырып, Вебер жұмысшы табы
мен буржуазияның әр түрлі топтарын нарықта дифференциялау деген пікірімен
оны жоққа шығарды. Нарықтағы стратификациялау мысалы, пролетариатты қарама-
қарсы бірнеше топтарға бөліп тастайды.
Егер Маркс әлеуметтік жүйеде өндіріс тәсілін басты элемент деп
қарастырса, Вебер үлгісінде кез келген өндіріс түрі әлеуметтік құрылымның
қай-қайсысымен болса да тіршілік ете алады. Вебер қоғамның басты
жанжалдасушы топтары әр кез таптық сипат алмайтындығын бірнеше рет атап
өткен. Өзінің сана-сезімдік, қауымдық негізінде — нәсілдік, территориялық,
діни сипатына сай негізделген топтардың да маңызы зор. Әр түрлі шиеленістер
мен қарама-қайшылықтар қауымдастық типтегі топтарға тән болуы барлық
қоғамдарда орын алады. Бұл шиеленістер мен қайшылықтар көп жағдайда
экономикадан тыс сипатта болады.
Соған орай вебериандық әдістеменің ерекшелігін атап өтейік. Вебердің
айтуына қарағанда, қоғамның бірінің лингвистикалық, екіншісінің діни топқа
бөлінуінің жалпы себептерін анықтау мүмкін емес. Жалпыға ортақ
социологиялық теорияны да жасауға болмайды. Вебер тарихта орын алатын
этномәдени әркелкілік пен қарама-қайшылықты түсіндіріп беретін бір ғана
модельдің айналасына жинақтау ақылға қонбайтьш мәселе деп атап көрсеткен.
Вебер проблеманы Маркстың ұсынысының кері қырынан қарастырды. Өндіріс
тәсілдерін қоғамды басқару механизмі ретінде қарастырудың орнына, ол оның
ыңғайландыру роліне көңіл қойды. Өндіріс тәсілі мұнда өзінің табиғатына сай
болмай, қызмет етіп отырған әлеуметтік ұйымдарға икемделген. Мысалы,
өндірістің капиталистік тәсілі этникалық, діни, лингвистикалық және басқа
институттарға жақсы икемделіп алған.
Этникалық, территориялық, діни бірлестіктердің өзара әркелкілігі — бұл
статустық ерекшеліктердің мысалы бола алады. Статустық және таптық топтар
арасындағы ерекшеліктер әсіресе, капитализмде айқындала түседі. Егер нарық
үшін ұсыныс пен сұранымның прагматикалық факторы ерекше мәнге ие болса,
онда статустық топ дегеннің ауқымында қоғамдық қурмет, ар-абырой, өмір
сүрудің белгілі бір тәсілі секілді түсініктер қалыптасқан. Вебер статустық
топтарды өз мүшелерін белгілі бір тек қана экономикалық емес топтық
мүдделерді іске асыру үшін құрылады деп қарастырады. Экономикалық таптар
бірлесе, сапалы түрде үзақ мерзім әрекет жасау үшін тым үлкен және әркелкі.
Ал, статустық топтар болса, кішігірім және біркелкілігінен басқа және бір
маңызды қасиетке ие. Статустық топтар өздерінің біртұтастығын ылғи анық
сезініп отырады.
Олар өздерінің біртұтастығын сезінуінің арқасында, басқа статустық
топтар арасында шекара бар екенін түсінеді. Қандай да болмасын діни немесе
этникалық топтың өздерін басқа осындай топтардан ерекшелене алуын түсіне
білмейтін мүшелерін кездестіру мүмкін емес. Статустық топтың мүшесі үшін
"біз" және "бөтен" деген ұғымның шекарасын анықтап алу қиын емес деп айтуға
болады. Өйткені, статустық топтың құрылысыңда өзінің "ерекшелігін" танып
білу жақсы қалыптасқан. Сондықтан статустық топтар өте төзімді әрі тиімді
түрде бірлесе қызмет етуге бейімделген.
Вебер қоғамның дамуына орай таптық топтардың арасында елеулі
айырмашылыктар туындап, соның салдарынан әлеуметгік айырмапшлықтар күшейе
түседі деген тезиске қарсы шығады. Вебердің айтуына қарағанда, өз
тұжырымдарына орай қызмет ететін кез келген топтың ішіндегі статустық
топтар оның ішкі байланысы мен бірлігін жоққа шығарады. Еңбектің әрмен
қарай бөлінуіне орай таптар әр түрлі бола бастайды. Ұзақ таптық
ынтымақтастықты жоққа шығаратын факторлардың бірі — нарықтық қатынастар
және статустық топтар. Олар қоғамның таптық қарама қайшылықтары жөніндегі
мәселені қарастырмайтын болады.
Вебердің ізін қуушылар статустық топтардың түрлері арасындағы өзара
ерекшелену мәселесіне көңіл бұрады. Мүмкіндігінше жікке бөліну тап ішіндегі
статустық топ және тапсыз сипаттағы статустық топтар арасындағы
ерекшеліктермен байланысты болады. Тап ішіндегі статустық топтардың жайы
сол таптың өзі туыңдап отыратын факторлармен, яғни еңбек бөлісі мен
меншікке қатысына байланысты. Мұндай әркелкілік жайлы Маркс те айтып өткен.
Бірақ статустық топтың тапсыз және таптан да жоғары тұратын басқа
түрлері бар. Оларға еңбек бөлісінің нәтижесі ретінде қарауға болмайды.
Мұндай топтарға жоғарыда атап көрсетілген діни немесе этникалық қауымдар
жатады. Дәстүрлі статустық топтар нарық қатынастарының әсерінен күйзеліске
ұшыраған. Мәселе, ең алдымен тап құрамына енетін топтар жөнінде. Дәл осы
кезде тапсыз статустық топтардың діни, этникалық түрлері сақталынып қалды.
Кез келген коғамда статустық тәртіп әр топтың өз орны әзірленіп отырған
белгілі бір сатылар жүйесін анықтап береді. Мұндай жағдайда төменгі
әлеуметтік топтың өзі туралы жоғары пікір қалыптастыруына мүмкіндігі жоқ
болады. Төменгі әлеуметтік топтың беделінің төмендеуіне қоғамның өзі мәжбүр
етеді. Ал, жоғаргы топтанулардың керісінше, бағасын өсіреді. Кез келген
қоғамда мәртебесі жоғары таңдаулылар мен шеттелгендер болары анық. Міне,
осы топтарға экономикалық емес, статустық сипат тән.
Осы талаптарды елемейтін бірден-бір статустық топқа этникалық
статустық топ жатады. Ол кез келген этникалық құрылымдардың қол сұғуынан
қорғануды мақсат ете отырып, өзіндік ерекшелігін бекітуге тырысады.
Сондықтан этникалық бірліктер қоғам мүшелерінің санасында статустық
иерархияға жіктелмейді. Беделді, үстем этникалық топтардың сондай
иерархияны күштеуіне қарамастан ол іске аспайды. Міне, осылайша этникалық
бірлік өзінің спецификалық статустық сипатымен ерекшелінеді. Этникалық
статус кез келген топтың мүшесіне, оның басқа статустық топтардағы орнына
қарамастан өзін-өзі сыйлаудын, беделін көтерудің қайнар көзі іспеттес.
Этникалық топтардың осындай жай-күйі этникалық психологияның аса маңызды
ерекшеліктеріне жол ашады. Этникалық топқа оның ерекшелігіне тэн болу ең
басты әрі әлеуметтік өзіндік идентификацияның жалғыз қайнар көзі болуы
ықтимал.
Жеке адамның немесе топтың өзін-өзі статустық немесе таптық топ
ретінде қабылдауы әр түрлі жағдайларға тәуелді. Салыстырмалы түрдегі
қалыпты жағдайға таптық топтар арасында үнемі және нақты айырмашылықтар
орын алғанда статустық сипаттағы жіктелу басты мәнге ие болады. Бірақ
әртүрлі топтардың жағдайында айтарлықтай өзгерістер көрініс тапқанда,
бірінші кезекте өздерін қайтадан таптық топтарға жатқызу етек алады. Таптық
тұрғыдан өзін-өзі анықтауы бірінші кезекке қойылған тарихи кезендерде
экономикалық қатынастарда түбегейлі түрде ілгерілеушілік болатындығын Вебер
айқын көрсетіп береді.
Әрине, мұндай пікірлердің мәнін асыра бағалауға болмайды. Қазіргі
қоғамдастықтарда таптық және статустық шиеленістердің бірдей орын алуы тән
құбылыс. Мұндай жағдай статустық және таптық топтардың иерархиясы ұқсас
болуынан.
Вебер қазіргі социологияда кең тұрғыда қолданылып жүрген аса маңызды
түсінікті негіздеді. Оны "әлеуметтік құлыптану" деп аударуға болады. Бұл
түсініктің мәні — әр түрлі әлеуметтік топтар әлеуметтік игіліктерге тек
қана азғантай адамдардың ие болуына, ал, басқаларға шек қоя отырып,
өздерінің жағдайларын жақсартуға ұмтылу процесі орын алатындығында.
Ол үшін олар белгілі бір әлеуметгік белгілерді жинақтайды. Олар оны
өздері кандай да бір әлеуметтік игіліктерге ие болу үшін "дұрыс",
"қажетті", "сай келеді" деген тұрғыда анықтайды. Осындай белгілер ретінде
шаштың түсі мен көздін қиығынан бастап білім деңгейі мен осы территорияда
тұрған жыл мөлшеріне дейін қамтылатын кез келген әлеуметтік немесе сыртқы
пішіннің белгілері алынуы ықтимал. Әлеуметтік қалыптану — статустық топ
белгілі бір ресурстар мен мүмкіндіктерді өзгелердің есебінеи пайдалана
отырып өзін-өзі сақтап қалатын құбылыс ретінде көрінеді. Атап айтқанда,
біздіц қоғамда өткен жылдарда әлеуметтік иерархияның жоғарғы сатысындағы
және денсаулық сақтау саласының шектеулі ресурстарына қарамастан жанға
жайлы мүмкіндіктерді пайдаланып келген статустық топтар әр түрлі әлеуметтік
артықшылығы көп кездесетін әлеуметтік қалыптану жолымен дамып келді.
Мысалы, олар жанға жайлы мұкіндіктерді басқа статустық топтардың
мүдделеріне нұсқан келтіру арқылы жүзеге асырып отырды.
Әлеуметтік құлыптанудың ең тиімді түрі отбасы және оның пайда болу
өлшемдері арқылы жүзеге асырылатын тұр. Бұл өлшемдер дәстүрлі қоғамға тән.
Бірақ қазіргі қоғамда әлеуметтік қалыптану отбасылық қарекеттермен емес,
көпшілік жағдайда кәсіби сынақтармен, тексерулермен көбірек байланысады.
Бұл сынақтар қайнар көзіне қарамастан бәріне ортақ екенін айта кету керек.
Осы тұрғыда, қазіргі қоғамдағы білім берудің формальді жүйесі шешуші мәнге
ие болады. Дәл сол білім беру жүйесі жоғарғы әлеуметтік топтардың бұрын әр
түрлі әлеуметтік топқа ену кезіндегі бақылаудың аса маңызды тәсілі болады.
Білім беру жүйесі беретін әр түрлі құжаттар бұрынырақта белгілі бір
отбасыға, әулетке тән білім қоры ретінде қабылданады. Вебер әр түрлі
емтихандардың әр салада өз талаптарымен дүниеге келуі тектен-тек емес
екендігін, әлде қандай әлеуметтік топтарға кіру мүмкіндігін шектеу үшін
пайда болғандыгын атап көрсетеді.
Әлеуметтік қалыптанудың бұл әрекетінен басқа жоғарғы әлеуметтік топтар
басқа да әдістерді пайдаланады. Ең алдымен, осы топтардың мемлекет
тарапынан қолдау тауып, өз функцияларын орындатуға, сонымен бірге олардын
монополиясын бұзушыларды жазалауға талпыныстары сөз етіледі. Осындай жолмен
кәсіби топтардың нарықтық қатал бәсекеде өз мүдделерін қорғап қала
алатындығын көрмеске болмайды. Бұл тұрғыда құқықтық қолдауға ие бола
алмаған, өздерінің әлеуметтік қалыптануын қорғай алмаған топтар жалпы
қызметінен айрылады, олардың өз тобына кіру мүмкіндігін басқа әлеуметтік
топ иемденіп кетеді. Мемлекет көп жағдайда топтық мұдденің құралы
болатындығын ескере келе Вебер және оның ізін қуушылар капиталистік
қоғамдагы мемлекет буржуазияның атқару комитеті деген тұжырыммен
келіспейді. Мемлекеттік бюократия бәз біреулердін колындагы құрал-сайман
емес. Ол өзінің жеке мүддесі бар бірлік ретінде мойындалады. Бюрократия
қызметінің ерекше уақыт тәртібі болатындығын, биліктің өте үлкен
ресурстарға ие екендігін, оның қазіргі қоғамда аса маңызды орын алатын
ерекше статустық топқа бөлінетіндігін баса айту керек.
Вебердің айтуынша, қазіргі қоғамдастықтарда бюрократия ең мықты
статустық топқа жатады. Ол өндірістік жабдықтарға ие болмаса да адамдар мен
өндірістік қорларды орналастыруға иелік етеді. Бюрократия мәселесі қазіргі
кезеңдегі барлық капиталистік те, социалистік те мемлекеттер үшін аса
күрделі әлеуметтік мәселеге айналды. Бұл жерде Вебердің бюрократияға деген
көзқарасы басқа социологтарға қарағанда ереқше екеңдігін атап айту керек.
Вебер бюрократияны обьективті қажеттілік деп санады. Оның үстіне басқарудың
бюрократиялық стилін ең тиімді тәсіл ретінде қарастырады.
Қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның үшінші қыры — билік мәселесі,
яғни саяси топтар немесе саяси партиялар және олардың қоғамдағы қызметі.
Вебердің марксистерден бір айырмашылығы ол саяси партияларды топтармен
немесе статустық топтармен тікелей байланыстырмайды. Оның өз басындагы
ерекшеліктер де саяси партиялардың қызметіне деген пікіріне әсер етсе
керек. Саяси партиялар қызметінің құптарлық қырларын Вебер аса көрнекті
саяси қайраткерлерді саяси сахнаға іріктеу және ұсыну деп санайды. Сонымен
бірге саяси топтың басты, негізгі қызметі олардың нақты әлеуметтік
мәселелерді сырт қалдырып тек қана осы топтың, партияның мұддесін көздеу
деп есептейді. Қазіргі жағдайда Вебердің саяси партиялардың қызметін
зерттеудегі мұндай тәсілі саясаттануды талдау ауқымын кенейтуге мүмкіндік
туғызады. Шындығында, саяси партиялар дәстүрлі партиялардан айтарлықтай
ерекшеленеді. Оған дәлел ретінде өз құрамында әр түрлі, қарама-қарсы
статустық топтан құралған мүшелері бар экологиялық партияны айтуға болады.
Қазір социологтарымыз әлеуметтік құрылымдагы болып жатқан жағдайларды
ескермей, әлеуметтік құрылымдарды талдаудагы жаңа әдістерді қолданбай
келеді деп айту ағаттық болар еді.
Мысалы, Р.В.Рывкина ұсынған кестенің бірін қарастырайық. Ол бұрынғы
кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді: "Бұл —
сипаты әртүрлі жоғарғы саяси элита (партиялық, кеңестік, дипломатиялық,
әскери, заң, шаруашылық, мәдени — ғалымдар, жазушылар, суретшілер); басқару
аппаратының орта буыны (басқару аппаратының әр түрлі бөлім меңгерушілері).
Осы аппараттың төменгі қызметкерлері, бірлестіктердің, комбинаттардың,
фирмалардың алдыңгы қатарлы шаруашылык жетекшілері; орта сатылы шаруашылық
басшылары — төменгі бастықтар (шебер мен бриғадир аралығында), мамандар,
әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі саладағы қызметкерлер, әртүрлі
классификациядагы және әлеуметтік статустағы жұмысшылар. Мысалы, (қайта
құруға қатынасатын немесе қатыспайтын) колхоз мүшелері; кооператорлар;
отбасылық ферма мен жеке шаруашылық есебінде күн көретіндер; жеке еңбек
түрлерімен шұғылданатын қолөнер өндірісі; зейнеткерлер мен мүгедектер (есі
ауысқандар да кіреді); белгілі бір кезең бойынша құрылыста жұмыс істеу
есебінен күн көретіндер (шабашниктер); транспортта жүк тиеу және басқа
жұмыстарды атқаратындар; елден көшіп кетуге бағдар алғандар; топтықтан тыс
қалғандар, бас бостандығынан айрылғандар, бас бостандығынан айрылып, соны
өтеуде жүргендер және басқалар."
Әрине, мұндай жікке бөлу бұрынырақта әлеуметтік құрылымды зерттеумен
айналысқан кезде немесе мектепте, техникумда жоғары оқу орнында оқып
жүргенде біздің қоғамды жұмысшылар мен шаруалар және зиялылар табына бөле
қарастырып жүргендіктен көпшілікке үйреншікті емес. Қоғамның тапқа бөлінуі
мәнін ешкім жоққа шығармайды. Алайда, әлеуметтік топтық құрылым бұрынғы
кеңес қоғамында орын алған көптеген аса маңызды құбылыстарды тыс
қалдырғанын байқамауға болмас. Шындығында, бүгін біздің қоғамда элитарлық
қабаттың өмір сүріп отырғанын ешкім мойындамай қоймас. Ал, олар қандай
белгілермен ерекшеленеді?
Элитаны таптық, кәсіби немесе территориялық белгілеріне қарап бөліп
алуға бола ма? Әрине, болмайды.
Біздің қоғамның мұндай қабаты басқалардагыдай өзінің статусы, табысы,
билік мүмкіндіктері, өмір сүру салты арқылы ерекшеленеді. Таптардың
ешқайсысына жатпайтын элементтер ретіндегі арнаулы топты алайық. Егер біз
әртүрлі қылмыс ісіне орай сотталғандарды алсақ, онда мәселе тек қана қаңдай
да бір кіші топ емес екендігіне көзіміз жетеді. Мысалы, тек қана 1968
жылдың өзінде 679,2 мың адам сотталған екен. Сонымен қатар маскүнемдік және
нашакорлыққа салынған аурулардың саны 1989 жылы 4,6 миллион адамға немесе
жалпы халық санының 1,6 процентіне жетіп отыр, ол 1985 жылы 4,5 миллион
болған екен. Әрине, еңбекке деген қабілетін жоғалтып, азғындап кеткен
миллиондаған адамдарды шартты түрде жұмысшы табына, немесе зиялылар мен
шаруалар қатарына жатқызуға болады. Бірақ осылайша жіктеудің "ғылыми"
тұрғыдан пайдасы бар ма?
Ал, бір жағынан жоғары деңгейге өзінің коммерциялық қызметімен жеткен
кооператор мен өзі дайыңдаған өнімін қала көшелерінде сатып отырған
тігіншіні әлеуметтік тұргыда бір топқа жатқызуға бола ма? Шартты түрде
болады, ал дұрысында мүмкін емес. Алайда, мұндай құбылыстың, яғни
"шабашниктер" мен белгілі бір кезеңнің жұмыскерлерінің еліміздің көптеген
аймақтарында тіршілік етуінің ескерілмеуі, әрине, таңғажайып нәрсе. Оның
есесіне, қосымша мәліметтерге сүйенетін болсақ, жүздеген мың, тіпті
миллиондаған үшін еңбек қызметінің негізгі түрі дәл осы кезеңдік еңбек
болғанын мойындау керек. Мұның мәні не? Бұл құбылыс еңбек ресурстарының
аймақтық жіктелуімен, бір аймақта қол бостықпен ерекшеленсе, келесі
біреуінде мүлде қат болуымен, ал кейбір аудандарда ауыл тұрғындарының қолы
босаған кездерінде кезеңдік жұмыстар арқылы дәстүрлі еңбекақы табуымен,
ауылды жерлерде тұрмыс деңгейінің өте төмен болуымен ерекшеленеді. Бірақ
осы процестерге ғылыми баға беру үшін әлеуметтік құрылымды зерттеу әдісін
өзгерту қажет. Өйткені, жаз айларыңда он-он бес мыңдап табыс табатын адамды
ақша аз төленетіндердің қатарына өзінің негізгі жұмысында түкке тұрмайтын
ақша алатындарын ғана жатқызамыз.
Әлеуметтік мәдениеттің социалистік деңгейі ұзақ мерзім бойы
қалыптасқан белгілі критерийлермен өлшеніп келді. Мысалы, жеке еңбек
қызметімен шұғылданушылардың үлес салмағының азаюы, әлеуметтік құрылымның
мейлінше кемелденгені прогрессивті құбылыс деп саналатыны мәлім. Немесе
қарапайым оқырманы ғана емес, нағыз мамандарға да ықпал етуді көздеген тағы
да бір мықты күш, ол — идеологиялық миф. Оның таяу арада ешкім жоққа шығара
алмастай өте мықты сенімге ие болғандығын атай кету керек. Экономикалық
және әлеуметтік өмір өткеннің әлеуметтік шындығына сүйенген мұндай қиялды
жоққа шығаратынын да ашық айтқан жөа Мәселе, қазір кішігірім фирмалардың,
жекелеяген еңбеккерлердің, отбашлық фермалардың, жалпы кәсіпкерліктің,
ондағы өндірушінің өз қызметіне ғана иек артуында. Бір жағынан материалдық
шіліктерді өндіру салаларындагы, яғни дене еңбегімен айналысатындар санының
кысқару процесі анық байқалып оғар. Интелектуалдық еңбекпен
айналысатындардың үлесі өсіп келеяі. Бірқатар елдерде дене еңбегімен
шұғылданатыңдардйн _ үлес салмагы ой еңбегімен шұғылданатындарға қарағанда
айтарлықтай төмен. Әрине, біздің қоғамның белгілі бір даму сатысында,
жеделдете индустриализациялау жағдайыңца жұмысшы табының үлесі ешқандай
идеологиялық жікшілдікке қарамастан аса маңызды мәнге ие болғаны рас. Бірақ
та осы көрсеткішті ұлт дамуының басты белгісі етіп көрсету басқа мәселе.і
Кеңес мамандары әлеуметтік құрылым тек қана екі тап және бір топпен
шектеліп қоймайтындығын ашық айтты. Шын мәнінде таптық құрылымнан басқа
әлеуметтік құрылым әлемдік тұрғыда "әлеуметтік демографиялық және
әлеуметтік-қоныстану құрылымын" да білдіреді. Демек, жыныс, жас, қала,
ауыл, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық білімнің құрлымы
Қоғамның әлеуметтік құрылымы, түсінігі
Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Социология ғылымы жайында
Зерттеудің деңгейі
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі
Социологияның деңгейлері, құрылмы, санаттары, қызметі мен тәсілдері
Пәндер