Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы, сұрау салу құралдары мен
этникалық сана-сезімді зерттеудегі тәжірибе
Бағдарлама жасау – этносоциологиялық зерттеудегі маңызды іс.
Бағдарламада зерттеудің мәселелерін тұжырымдау, тексеруден өтетін оның
мақсаттары мен міндеттері, бастапқы операциялық түсініктері, болжам-
жорамалдар қамтылады.
Бағдарламаға объектілер мен оқып-зерттеу бөліктерін анықтау, яғни
сұрыптау, әлеуметтік зерттеудің тәртібі деп аталатын алдын-ала белгіленетін
материалдарды талдау мен жинақтаудың әдістері болып табылатын зерттеу
дүниелерін жинаудың әдістік құралдарын дайындау да кіреді.
Мәселенің әдістемелік жағына көңіл бөлсек, бағдарлама дайындаудың амалы
А.В.Здравомыслов пен В.Я.Яровтың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу объектісі - ұлттар. Ал зерттеу пәніне айналған мәселенің мәні -
қандай жағдайда ұлттардың дамуы оларды томағы-тұйықтық пен бәсекеге
апармайтынын, қайта жемісті әрі оң ниетті біріккен іс-қимылға ұштасатынын
түсіндіруде.
Зерттеу мақсаты - ұлттардың барынша үйлесімді әлеуметтік және мәдени
дамуының тетіктерін тауып, анықтау.
Одан әрі зерттеудің нақты міндеттері тұжырымдалады.
Міндеттерді нақты орындау үшін зерттеуде пайдаланылатын әрі оқып-
үйренілетін түсініктер эмпирикалық талдаудан өту қажет. Амалдардың ішкі
әрекеттестігінің саласы ретінде мәдениет зертеу тақырыбы болып танылады.
Ұлттық-мәдени процестерді зерттеуді, кем дегенде үш бағыттан көруге болады:
1) ұлттық-мәдени қорын зерттеу, оның қандай өзгеріске ұшырап жатқанын
айқындау, мұндағы тіке және ұлтаралық байланыстардың әсерінен ұлғаюға
мүмкіндік алған көлбеу ақпараттардың өзара қалай үйлесім табуы.
2) мәдени қазыналардың таралу тетігін анықтаумен, ұлттар арасындағы
қатынастар мен мәдени алыс-берістің сипаты және желілігімен
байланысты.
3) Мәдени қолдың таралу нәтижесі, мәдениетті игеру, оның қаншалықты
бүкілхалықтық жетістікке айналатын анықтау.
Сонымен, халықтың, оның түрлі топтары мен таптарының мәдениетті
түйсініп, қабылдауын зерттедік.
Содан кейін әлеуметтік-мәдени дамуды үйлестіру мәселесі қойылды.
Әлеуметтік-мәдени құбылыстар дамуының үш белгісі бөлініп шығады. Біріншісі
- өзіндік мәдени дамуға байланысты. Жеке адамның мәдени өрісінің шексіз
кеңеюі, ұлттық мәдениеттің прогрессивті белгілерін сақтай отырып, дүние
жүзілік мәдениет қорын игеруі үйлесімді болып табылады.
Үйлестірудің басқа белгілері мәдениетпен “шекаралас” салаларда орын
алған. Ол ең алдымен, мәдениет пен өндірістің ара қатынасы тұрғысында .
Мәдениет дамуы – бір жағынан, өндіріс салуы, екінші жағынан бірдей
болмайтыны белгілі. Салалар арсындағы тепе-теңдік сәйкессіздік пен қарама-
қайшылықтарды жеңу арқылы орнайды. Рухани мәдениет, қоғамдық басқару мен
экономиканың бір қалыпты даму себептері екені түсінікті де. Олай болатын
себебі, адамның рухани мәдениетінің дамуы түрлі қоғамдық талаптарға сай
болуы керек. Жеке адамның, өндіріс коллективінің мүшесі ретіндегі қызметі,
оның азамат ретіндегі рольдік қызметіне қарағанда тарлауы.
Әлеуметтік-мәдени құбылыстарды үйлестірудің келесі бір белгісі -
әлеуметтік – психологиялық саланың тұрғысында болуы. Ұлттардың таптасуына
олардың шығу тегі, тарихи тағдыры, тілі, дәстүрлерінің ортақтығы қызмет
етеді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін, болжамдарын анықтағаннан кейін,
оның негізгі құрылымы жасалды. Жұмыс процесі кезінде қажетті құралдарды
пайдалана отырып, нақты зерттеуге болатын түсініктер, анықтамалар
нақтыланды. Әлеуметтік жоспарлаудың мақсаты адамның әлеуметтік-мәдени
өсуінің неғұрлым қолайлы жағдайларын туғызу болып табылады.
Кез-келген сұрақ-жауаптың негізгі құралы сауалдар жиынтығы болып
табылады. Онда сұрақтар мен жауаптар түрінде этносоциологиялық зерттеу
бөлігі жинақталған.
Олар мазмұнына қарай зертеу объектісі мен затына сай, үш түрге бөлінеді:
1) әр қилы этникалық қауымдастықтардағы әлеуметтік құбылыстарды
қарастыруға баса назар аударуға негізделген зерттеулер;
2) түрлі әлеуметтік топтардағы өзіндік этникалық құбылыстарға
зерттеуде пайдаланылатын сұрақ-жауаптар жатқызылады;
3) жеке зерттеулерді, яғни этностық белгілі бір сипатының неғұрлым
бөлшектеліп зерттелуін біріктіреді;
Сұрақ-жауаптың алғашқы екі түрін қолданылатын зерттеулердің ортақ
белгісі – олардың кең көлемділігі: сұрыптау негізінде бүкіл халықтар
зерттеуге тартылады, жауап алу қортындылары мәселені ғылыми талдаудың
негізгі қайнар көзі болады.
Ал сұрақ-жауаптық үшінші түрі қолданылған зерттеулерге тек қана заттық
емес, сондай-ақ зерттеу объектісінің ауқымының да тартылуы тән. Зат пен
объектінің бұлайша бөлінуі зерттеудің экспериментті жоспарымен, жекелеген
этникалық белгілердің өзгерістерін, осы өзгерістер процестерін терең
зерттеумен байланысты.
Сұрақ-жауаптың негізгі түрлері мазмұны жағынан, ең алдымен этностық
тұрмыс әрекетінің белгілі бір жақтарын көрсететін эмперикалық индикаторлар
кешендерінің ара жігіне қарай бөлінеді. Мысалы, сұрақ-жауаптық бірінші
түрінде этностық әлеуметтік құрылымына қатысты эмпирикалық индикаторлар
кешендері әр түрлі және көлемі де ауқымды; екінші түрінде этностық дәстүрлі
мәдениеті; топтар мен жеке адамдардың тұрмыс-салт жайы, тіл құбылыстары
индикаторларына едәуір орын беріледі.
Этносоциологиялық сұрақ-жауапқа тән тақырып – тіл туралы мәселе. Тіл
мәселелері үш түрде талданады, тілден хабардарлық, тіл тәртібі, тілді
ұнатуы. Тіл хабардарлығына байланысты сұрақтар, тілді еркін меңгеруі,
екінші тілді білу деңгейі, екінші тілді оқып, жаза білу мүмкіндігі туралы
болып келеді.
Этносоциологиялық зерттеулер тәжірибесі құралдарға қолданылатын
сұрақтарды сала-салаға бөлуге мүмкіндік береді: жауаптардың сипатына,
талдау дәрежесіне, жауап деңгейіне,сұрақтардың қызметтік орнына қарай және
т.б. Жауаптардың сипатына қарай сұрақтар үш түрлі топқа бөлінеді:
“тіркелген”, “бағаланған” және “себепті”. “Тіркелген” шын мінезді сипаттауы
керек, ай, “бағаланған” және “себепті” бағдарлауды анықтайды.
Алға қойған мақсатына байланысты, сұрақ, нәтижелі және функционалды
болып бөлінеді. Нәтижелі сұрақ кезінде зерттеуші әр түрлі оқиғалар туралы
мәлімет алады, ал, функционалды сұрақтар сұхбат процесін реттеуге мүмкіндік
береді, еркін отырып бір сюжеттен екіншісіне көшуді жеңілдетеді.
Біздің зерттеуіміздегі мәселені шешуде және оны шешудегі басты метод
болып, жоғарыда айтылған жұмыстан басқа, Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы
этнография институтының этносоциология бөліміндегі немесе сондағы ойлап
табылған метод ең үлкен қызығушылық тудыруда. Еңбектердің басты бөлімінің
мақсаты болып ұлттық құбылыстың әлеуметтік алдын ала келісуді бөліп шығару
болды, сондай-ақ оның басқа әлеуметтік топтардағы спецификасы мен
интенсивтілігін көрсету; әлеуметтік процестердің мәнінің әртүрлілігімен
құбылыстың құрамына енуі де бар; Яғни әлеуметтіктегі этникалықты және
этникалықтағы әлеуметтікті меңгеріп зерттеу. 10 Зерттеу пәнінің орнында
халықтардың әлеуметтік құрылымының параметрі болады, мәдениетте және тіл
мен шаруада, ұлттық бейімделуде де қолдануға байланысты келісім.
Осы зерттеу барысында басты этносоциологиялық принциптер қалыптасты:
- нақты жақындау, яғни микроортаның барлық айқын деңгейінің этникалықтан
әлеуметтікке дейінгі есепті ашу;
- комплексті жақындау, яғни мәселені жан-жақты және түгелдей қарастыру
(өмірдегі барлық іс-әрекеттерді анализдеу-еңбекті, қоғамдық-саяси
өмірді, рухани өмірді, отбасы-тұрмыстық сфера және этникалық
ерекшеліктердің байқалатын осы сферада түрлі аспектілер, ол моральді-
өнегелі белгілер, тіпті қолдану, ұлтаралық қатына болсын;
- тарихи жақындау, яғни зерттеліп отырған процестің динамикасына деген
көңіл бөлу;
Қолдағы бар әдебиеттер мынадай нәтиже шығаруға мүмкіндік береді,
зерттеуге белгілі деңгейде қолайлы этникалық сана-сезімнің басты және
қызықты мәселелері зерттеуді қажет ететіндерге біщдің ойымызша келесілерді
жатқызуға болады:
1. Этинкалық сана-сезімнің құрылуы. Этникалық сана сезім ол адамда туыла
емес, тұлғаның әлеуметтену процесінде қалыптасатын феномен. Ол
коммуникацияның әр түрлі түрлері арқылы қоғамдық құндылық системасын
меңгеру нәтижесінде пайда болады. Сондықтан да этникалық сана-
сезімнің нәрестелер мен жеткіншектерді факторларының анықталуы, осы
процеске әсер ететін қалыптасудың негізгі кезеңдерінің бөлінуі басты
болып саналады. Осы зерттеудегі этникалық сана-сезімнің анықтауыштары
деп ортақ Отанға деген сезімді туған тілінде сөйлеуден, тарихи
дәстүрлерге деген көзқарасты, материалды және рухани мәдениетті, өз
халқының антропологиялық ортақтығын сезінуді санауға болады. Осы
анықтауыштардың көрінуін көрсететін спецификалық факторлар – жас,
жыныс, оқитын тілі, тұратын жері болады. Осылайша, мысалы, жас,
жыныс, оқитын тілі, тұратын жері болады. Осылайша, мысалы, этникалық
сана-сезімның негізі туылғаннан бастап көрінеді, ал мектеп жасына
дейінгі кезеңнің аяғында этникалық сана-сезім қоспасының орын алуы
туралы айтуға болады, жеткіншек кезеңінде этникалық сана-сезім
жинақталады ал, жоғары кластарда толық орнығады. Зерттеуді басты
әдісі – анкета әдісі, ол белгілі этникалық сана-сезімнің даму
деңгейін сұрақ қою системасы арқылы білуге мүмкіндік береді. Анкета
сұрақтарын бірнеше блокқа бөлуге болады:
- демография мінезіндегі сұрақтар (ол ұлтын, жынысын, жасын, тұратын
жерін және іс-әрекет түрін анықтайды);
- зерттеу объектісі орналасқан микроортаға әсер ететін сұрақтар (ата-
анасы, жолдастары және көршілері туралы мәліметті анықтайды);
- этнолингвистикалық мәселелер: материалшды мәдениет (киеім, тамақ және
басқа да элементтер туралы білімі мен талғамы);
- ұлттық рухани мәдениеті жайлы білім деңгейі;
- өзінің және басқа этностар туралы білім деңгейін білу;
2. Тілдердің даму мәселесі: тілді білу деңгейі, тілдік талғамы, биімделу
және басқа да мәселелер. Осы аспектілерді меңгеруде этникалық сана-
сезімнің дамуын қарастыруда өз үлесін қосады. Ұлттық тілдердің
дамуына жасалған бақылау келісімі көрсетеді, сол тілдерді жоғалтып
алу, адамдардың этноцентрикалық орнатылуының әлсіреуінің белгісі
болып табылады, өзінің этникалық өткен шағына байланысты сұрағының
азаюын да көрсетеді. Бірақ та тіл функциясының әлсіреуін этникалық
сана-сезімнің басқа элементтерінің функциясын көбейтумен орын
толтыруға болады, сонда егер этникалық сана-сезімнің жүйесі бір
жағдайда өзгерусіз қалса, екінші жағдайда – тілдің интеграциялық
функциясының өнуі этникалық идентификациялық басқа элементтеріне
тұлғаның ел жарлығының ұлғаюына әкеліп соғады және “деэтнизация”
аралық кезеңі арқылы этникалық ассемиляция процесіне негіз қалайды.
Этнотілдік оқиғаны зерттегенде тілдік компетенцияны, сөйлеу
мүшелерінің тәртібін, тілдік бейімделуді бөлу қажет. Сондықтан тілдік
компетенция дегенде, ұлттық тілді білу деңгейімен компетенция сана-
сезімінің субъективті деңгейі айтылады. Сөйлеу мүшелерінің тәртібі
тілдің әртүрлі жағдайда қолдануын белгілейді, қолдану сферасын
бөледі. Осылайша аяғында тілдік бейімделу әлеуметтік және мәдени
мінездегі бірқатар факторлардың әсерінен қиын әлеуми-психологиялық
феномен болады, ол әлеуметтік-тәжірибелі, білімді және
этнолингвистикалық керек-жараққа байланысты. этнотілдік бейімделудің
этномәдени салдары болатыны белгілі. Тілдік бейімделу – бұл
әлемилингвистикалық, этноәлеуметтік және этнопсихологиялық маңыздың
бірлігі. Тілдік бейімделу – этникалық мәдениет бөліміндегі тұлғаның
құндылықты бейімделуінің бөлігі, ол этникалық сана-сезімге кіреді.
Олар этномәдени процстердің сана-сезіммен белсендірілетін
болғандықтан, айқын, мақсаттұстанған мінезді алып жүретін түрліше
дамуының көрсеткіші ролін атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған
құбылыс объективті тілдік компетенцияның туған тілі ретіндегі
сезінуінің субъективтілігі болып отыр.
3. Жоғарыдағы айтылып кеткеннің барлығы ұлттық топтармен айналысатын
иноұлтты ортада тұратын жиынтықтарға қызығушылық танытатын барлық
мамандардың назары аударылған. Сол себепті этникалық ортаның
типтерінің бөлінуі туралы мәселе ең басты болып саналады. Мысалы,
иноұлтты топтың этникалық сана-сезімін зерттеуде, эқін зерттеуде,
этникалық ортаға байланысты типтің ерекшелігіе ескру қажет. Мысалы,
келесіні көрсетуге болады, мұндай типологизацияның райион, аудан
административті-территориалды біртектілігі орнына қойып:
1 тип – біркелкі (90% дейін жергілікті тұрғындар);
2 тип – аралас, жергілікті тұрғындары басымырақ (60% дейін);
3 тип – аралас, орыс халқы басымырақ;
4 тип – аралас, зерттеліп отырған ұлттың басымырақ болуымен (олардың
тығыз орналасқан жерлерінде);
Соңғы кездерде осы қажеттіліктері жайлы көбірек айтып келе жатқан басқа
ұлтты ортада тұратын жеке топтардың қызығуы жайлы толық және қажетті
мәлімет алуға толық мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер өздерінің ұлттық
біліміне алыс тұратын немесе ондайы мүлдем жоқтардың кейбір халықтық
топтарының ұлтты-мәдени дамуының сұранысын зерттейтін шешімге сәйкес
келеді.
4. Этникалық сана-сезімнің спецификалық аспектісінің дамуы иноұлтты
ортадағы қаладағы жағдайында тұратын этникалық топтарды зерттегенде
“байқалып” қалады. Қаладағы халық саны күннен-күнге өсуде, одан басқа, қала
ұлттың этномәдени дамуында басты ролі атқарады, өйткені ол халықтың
консолидация процесінің орта шегі болады. Дәл соған байланысты тұрғылықты
емес этникалық топтарға деген ескертілудің өсуімен алдын алуы жоғарылауда.
Қазіргі кезде ең өзекті мәселе болып этникалық топтардың үйренбеген жаңа
ортада орнығуының бағасын анықтау болып отыр. Мигранттар тобы абстракты
емес, этноспецификалық, көшпенділердің мәдени компоненттеріне әсер ететін
белсенді жерлерге қоныс аударуда. Өз кезегінде мұндай мигранттардың
этникалық ерекшеліктері сол регионның жан-жақты дамуына әсер етеді.
Қалыптасқан этностың мықты боп тұруына этно-территориалды шағын ядросының
болуы жеткілікті. Өйткені солармен хабарласа отырып бөлініп кеткен этностар
басқа этникалық ортада тұрған кезде ұзақ уақыт бойы өздерінің спецификасын,
ерекшелігін этникалық сана-сезімде байқалатын өзгешеліктерін сақтай алады.
Соған байланысты өздерінің тарихи жерлеріне қоныс аударған топтар,
келешекте түрлі әлеуми-экономикалық және этникалық факторларың әсерінің
астында дами түседі, ондай фактор олардың не этникалық спецификасының
сақталуына, не олардың жаңа ортада трансформациялануына ықпал етеді.
Қала халқының саяси этникалық түрленуінің нәтижесін қаланы дамытудағы
әлеуметтік жоспарда түрлі сферадағы басқаруда қолдану қажет.
Урбанизация нәтижесі болып ең алдымен материалды мәдениеттің
стандартизациясы мен унификациясы табылады. Халық индустриясының жағдайында
оның элементтерін тарату, этникалық спецификамен оны материалды-затты
ортаға ауыстыруына алып келеді.
Ассимиляциялық тенденцияның басты себебі болып сөйлеу тілінің алмасуы
табылады, өйткені ата-анасы тілін өзгерткен баланың туған тілі басқа болып
есептеледі.
Екінші типтегі процеске мәдениеттегі құрылымдық байланыстың өзгеруін,
тұлғааралық қатынас сферасындағы өзгерісті, тұрмыстық сферадағы өзгерісті
жатқызуға болады. Энтикалық процестердің барлығы иерархиялы: олар эностар
арасында, этностың ішінде әртүрлі деңгейде болып жатады. Бұл жерде
қызықтысы иноұлтты қалалы ортада тұратын этникалық топтың, этникалық
сезімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этносоциология ұғымы және оның зертеу бағыттары
Оңтүстік Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас некелердің тұрақтылығы мен сақталу мәселелері
Этносоциология туралы
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
Қазақстанның ұлтаралық келісімі мен достығын нығайту
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Этнопедагогикалық зерттеу өдістері
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Пәндер