Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
ЖОСПАР
1-Дәріс. Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері. 1
2-Дәріс. Басқарудың көп мәнді табиғаты 8
1-Дәріс. Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері.
Басқару – бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың
әртүрлі объекттерге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға
қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарға
үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін,
белгіленіп қойылған нәтижелерді алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету
(Райзберг Б.А., 2003). Американдық ғалым П.Друкердің пікірі бойынша
басқару – бұл қызмет етудің ұйымдастырылмаған жұртты тиімді белгілі бір
мақсатқа бағытталған және өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі.
Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді қоғамның,
мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың, өндірістік
ұжымдардың, үй шаруашылықтарының және т.б. басқарылуын айыруға болады. Осы
объекттердің барлығы әлеуметтік-экономикалық жүйелер болып табылады. Әйтсе
де, бізді қоршаған өмірде табиғи және техникалық жүйелердің табына жататын
басқарудың көптеген басқа объекттері де кездеседі. Сондықтан, кең мағынада
айтқанда басқару – бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарылатын
объектке ықпал етудің үзіліссіз үрдісі.
Сөйтіп, басқару объектісі ретінде келесілер алынуы мүмкін: биологиялық
жүйе, табиғи орта, адамдық өркениет, әлемдік экономика, мемлекет, оның
экономикасы, аймақ, сала, кәсіпорын, адамдардың ұжымы, жанұя, жеке адам,
техникалық жүйе немесе техникалық құрал, көлік, әртүрлі құбылыстар,
үрдістер, ресурстар және т.с.с. Осындай объекттердің барлығы өздеріне ғана
тән ерекшеліктерге ие болғанына қарамастан, оларды басқару жалпыға бірдей
заңдарға, принциптерге, ережелерге және әдістерге бағынады.
Берілген курс шеңберінде басқару объекттері ретінде әлеуметтік-
экономикалық және ұйымдастырушылық жүйелер алынады. Бұндай жүйелердің
ерекше сипаты – бұл олардың ішінде күрделі болып табылатын және мінездері
алдынала болжана алынбайтын адамдардың бар болуы. Сол себептен бұндай
жүйелерді тиімді басқару орасан зор және әлі аяғына дейін шешіле қоймаған
мәселе болып табылады.
Қандай-да бір объектті саналы түрде және қойылған мақсатқа сай басқару
үшін басқару жүйелері (басқаратын жүйелер), немесе басқаша айтқанда,
басқару субъектілері құрылады. Басқару үрдісінің принципиалдық сұлбасы 1
суретте келтірілген.
ҚОРШАҒАН ОРТА
Басқару сигналдары
Кері байланыс
Сурет 1 – Басқару үрдісінің принципиалдық сұлбасы
Басқаратын жүйеден (басқару субъектісінен) басқарылатын жүйеге (басқару
объектісіне) сигналдар (тапсырмалар, әмірлер) барады. Кері байланыс каналы
арқылы басқаратын жүйенің кірісіне басқару объектісінің жағдайы және келіп
түскен тапсырмалар немесе әмірлердің орындалу нәтижелері жайлы ақпарат
келіп түседі.
Керек болған жағдайда басқару объектісіне басқарушы ықпалдардың
түзетілуі жүзеге асырылады және оның сәйкес реттелуі іске асырылады. Сыртқы
орта, басқару объектісі және субъектісі арасында ақпарат пен ресурстардың
үзіліссіз айырбасы жүріп жатады, ал бұл қоршаған ортадағы өзгерістерді
үзіліссіз түрде қадағалау және басқару үрдісінің осындай өзгерістерге теңбе-
тең түрде жауап қайтару қажеттілігін тудыртады.
Соңғы уақытта басқару, басқарушы, басшы түсініктерін менеджмент,
менеджер деген сөздерімен алмастыру жиі кездесіп жатыр. Бұл менеджер
деген сөзі ағылшынның to manage – басқару дегеннің туындысы екендігінен
болады. Дегенмен, бұндай алмастыру онша дұрыс емес, себебі қазақ тіліндегі
басқару түсінігі кеңірек мағына ие болады да, оларда адам бар не
жоқтығына қарамастан басқарудың мүмкін болатын объекттерінің бәріне де
(табиғи, техникалық, әлеуметтік) қолданыла береді. Менеджмент сөзіне
тоқталатын болсақ, оған көбінесе басшылық, әкімшілік сөздері сәйкес
келеді. Басқару мен менеджмент түсініктерін әлеуметтік-экономикалық
немесе ұйымдастырушылық жүйелерге ғана қатысты қолдануға болады. Ал егер
табиғи немесе техникалық жүйелерді басқару жөнінде сөз болса, онда бұл
жерде менеджмент, менеджер сөздерін пайдалану орынсыз болады.
Әлемнің өнеркәсібі дамыған елдерінде менеджменттің дамуына көп көңіл
бөлінеді. Оған негізгі түрткі – капитал иелерінің оларды тиімді басқаруға
және қатаң бәсекелестік күрес және нарықтардың жоғары тұрақсыздығы
жағдайында жылдам өсіруге тырысуы. Бұған қарағанда бұрынғы КСРО-да
басқарушылық ғылымның дамуы мемлекеттік меншік нысанының басымдылығы және
басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесі жағдайында өтті, ал бұл нәтижесінде
бүкіл елді құлдырауға әкеліп соқтырды. Бірақ та, бұл – кеңес ғалымдарының,
басшыларының және мамандарының ең жақсы жетістіктерін ұмытқыздыру керек
деген сөз емес. Бұған қарағанда басқарудың әлемдік және отандық ғылымы мен
тәжірибесінде алынған ең жақсының барлығын пайдалану секілді позициясын
ұстану әлдеқайда тиімдірек болар.
Басқару ғылымы зерттеу объектісінің ерекшелігіне сәйкес әдістемелік
тәсілдерді анықтайды, басқару объектісіне белсеңді ықпал етудің жүйесін
және әдістерін жасап шығарады және зерделенетін үрдістерді алдынала көру
және болжау әдістерін анықтайды (Кнорринг В.И., 1999). Басқару – бұл
маңызды ғылым ғана емес, сонымен қатар, бұл – адамзаттың бүкіл тарихы
барысында үзіліссіз түрде дамып келе жатқан күрделі өнер.
Басқару өнері тәжірибеде қабылданып жатқан барлық басқарушылық шешімдер
ғылыми негізделе алмайтынымен айқындалады. Көп жағдайда бұл шешімдер оларды
қабылдайтын адамдардың түйсіктеріне негізделеді. Сондықтан шығармашылық
құрамдас олардың қызмет етуінде айтарлықтай рөл атқарады. Шың, өнерлі
басқарушы бір мезетте ақпарат пен уақыттың тапшылығы жағдайында айрықша
шешімдерді қабылдауға қабілетті ғалым да, зерттеуші де, шығарымпаз да
болып келеді.
Басқару ғылымының зерделеу заты. Басқару теориясындағы зерттеулердің
заты – бұл басқарушылық үрдісті ұйымдастыру заңдылықтары және осындай
үрдіс барысында адамдар арасында пайда болатын өзара қарым-қатынастар.
Тағы да бір қолданыла алатын анықтама мынадай: басқару ғылымының зерделеу
заты – бұл алдарында тұрған мәселелерді шешетін адамдардың бірлестіктеріне
тиімді ықпал етуді ұйымдастыру үрдістері. Бұл анықтамаларды басқару сөзі
адамдардың ұжымдарына жатады. Сондықтан да, берілген жағдайда оны
менеджмент сөзінің синонимі ретінде қолдану орынды деуге болады.
Дамып келе жатқан ғылым ретіндегі менеджментте қазіргі уақытта оның
ұйымдарды ғылыми басқарудың әдістемелік негіздері, басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымдары, басқару функциялары, басқару үрдістері,
стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, қаржылық менеджмент,
инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, өндірістік менеджмент,
экологиялық менеджмент және т.б. сияқты бағыттары қалыптасты. Олардың
барлығы да 050507 Менеджмент мамандығының оқу жоспарына кіретін арнайы
пәндер шеңберінде оқытылады.
Басқару тәжірибесі ретіндегі менеджментке мыналар кіреді: өндірісті
басқару; маркетингті басқару; қаржыларды басқару; еңбек ресурстарын
басқару; басқарушылық есепке алу, талдау және бақылау; стратегиялық,
ағымдық және жедел жоспарлау және т.с.с.
Менеджменттің әдісі деп ұйым ішіндегі адамның мінез-құлығының, өзара
байланыстардың және ұйымдағы адамның өзара ықпал етуінің ғылыми талданылуын
айтады. Оның негізіне диалектикалық қатынас қойылған. Бұл қатынас бойынша
басқарушылық мәселелер олардың әрдайым өзара байланысында, қозғалысында
және дамуында қарастырылады, қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары
қарай, нақтыдан абстракттыға қарай, ескіден жаңаға қарай бағытта
зерделеніледі.
Менеджмент шешуі тиіс негізгі мәселелер – ұйым алдында тұрған
мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдардың бірігуі, персоналдың үзіліссіз
дамуы, жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың еңбекке
ынталануы және табысталған іс үшін жеке жауапкершілігі, ұйым ішіндегі,
сонымен қатар, сыртқы дүниемен де тиімді коммуникация, кәсіпорынның қызмет
ету нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі құралдарды қолдану және т.с.с.
Кезкелген ұйымның қызмет етуі барысында оның жұмыскерлері арасында
белгілі бір басқарушылық қарым-қатынастар пайда болады, бұнда әрбір
жұмыскер белгілі бір қызметтік міндеттерді орындайтын басшы жәненемесе
бағынышты ретінде болады. Басшының міндетіне мақсаттарды анықтау,
бағыныштыларға тапсырмаларды үлестіріп беру, олардың орындалуын қадағалау,
алынатын нәтижелерді талдау, өзі басқаратын ұжымның тиімді жұмысын
ұйымдастыру жатады. Ал атқарушылар болса, оларға табысталған тапсырмаларды
уақытында және сапалы түрде орындаулары, жеке және ұжыммен жұмыс істей
алулары, ұжымдағы қалыпты психологиялық климатты ұстай білулері тиіс.
Кезкелген ұйымның қызмет етуі үшін оған сыртқы ортаның тигізетін
ықпалдарының да маңызы зор. Өзінің сипаты бойынша олар саяси, халықаралық,
экономикалық, нарықтық, технологиялық, әлеуметтік және т.с.с. болуы мүмкін.
Ұйымдарды басқару шың мәнінде тиімді болуы үшін В.И.Кноррингпен
басқарудың ғылымы мен өнерінің генеалогиялық ағашына біріктірілген
ғылымдардың кең спектрі қолданылады.
Сурет 2 – Басқарудың ғылымы мен өнерінің генеалогиялық ағашы
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына
үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс
күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару
(менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі
факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен,
еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және
сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын
адамдарға қажеттілік пайда болды.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі күнге
дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолын жүрді. Оған себептер –
көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған ертекездегі
орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен құралдарын
қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.
4 мың жылдай бұрын адамдар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі жөнінде
Птаххотептің ілімі деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл сол
кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды. Онда
табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының деңгейі
анықталды және құжаттық есеп беру енгізілді.
Адамзаттың тарихы – бұл көптеген соғыстардың және, сонымен қатар, әскери
басқарудың, оның стратегиясының және тактикасының тарихы. Мемлекеттерді
қалыптастыру мен нығайтудың үрдістері мемлекеттік басқару қалайша дамып
келгенінін көрнекті мысалы бола алады. Социумды басқару өнеріне айтарлықтай
үлесін Ежелгі Греция мен Римнің ойшылары қосты.
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың ерте сатыларында кәсіпкер-меншік
иесі өзінің меншігін өзі басқарды. Бірақ өндірістің күрделенуі мен іріленуі
нәтижесінде басқарудың мәселелері де күрделене түсті, шешімдерді
қабылдайтын тұлғалардың жауапкершілігі жоғарылай бастады, басқаруда
жіберілген қателіктердің теріс салдарының маңызы ұлғая бастады. Сондықтан
басқарудың басқарушылар жұмысының тиімділігін көтеруге жәрдемдесетін және
капитал иелерінің тәуекелдіктерін төмендететін ғылыми негіздерін құрудың
қажеттілігі пайда болды.
Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік
революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры
Штейн Л. (1815-1890) Әкімшілік басқару туралы ілім атты 8-томдық еңбек
жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару
жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның
(1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теорияға үлкен
үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.
Бірақ та XX ғасырдың басына дейін басқарудың бір тұтас ғылымы жоқ болды,
басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке тәжірибесі
мен түйсіктеріне негізделді.
Басқару ғылымының негізін қалаушысы болып американдық инженер және
зерттеуші Ф.Тейлор саналады. 1911 жылы ол Ғылыми басқару принциптері деп
аталатын кітабын шығарды, онда басқаруды не істеу керектігін және оны ең
жақсы, ең арзан жолмен қалай істек керектігін нақты білу өнері деп
анықтады. Тейлор басқарушылық функциялардың төрт тобын айырды: мақсатты
таңдау, құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. Өзінің
зерттеулері нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: ғылыми басқару – бұл
еңбекті үнемдейтін қандай-да бір құрал. Тейлордың пікірі бойынша басқару
төрт базаға: нормалауға, тапсырманы орындау мерзімдеріне, атқарушылардың
ақыл-ой және физиологиялық мүмкіндіуктерін зерделеуге, оларды іріктеу мен
оқытуға және атқарушы жұмысының соңғы нәтижесін әділетті мадақтауға
негізделеді.
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуында айтарлықтай үлес американдық
автомобиль өнеркәсібінің негізін қалаушысы Генри Фордпен қосылған еді.
Автомобильдерді құрудың конвейерлік тәсілін пайдалану жөніндегі Форд
ұсынған дәстүрлердің арқасында олардың бағасы бәсекелес компанияның
бағасымен салыстырғанда талайға төмендетілді.
Басқару бойынша бірінші оқулық 1932 жылы жарық көрді және Машиналардың
және өндірістің экономикасы деп аталды. Оның авторы ағылшынның математика
профессоры, инженер және кәсіпкер Ч.Бебидж болды.
Француз ғалымы мен топ-менеджер Анри Файоль (1841-1925) әкімшілдік
басқарудың классикалық мектебінің және басқаруда адамдық факторды есепке
алу жүйесінің негізін қалаушысы болып табылады. Ол 1916 жылы басқарудағы
жоғарғы деңгейлердің жұмысын зерделеген Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік
деп аталатын үлкен еңбегін жазды. Кәсіпорында орындалатын барлық
операциялардыФайоль алты топқа бөлді: техникалық, коммерциялық, қаржылық,
күзету, есептік және әкімшілдік. Осындай топтардың әрқайсысында менеджер
жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру (координация), ынталандыру және бақылау
функцияларын жүзеге асырады. Файольдің пікірінше басқару – бұл кәсіпорынды
оның ресурстарын ең жақсы түрде пайдалануға, осындай алты негізгі
функцияның дұрыс жүру барысын қамтамасыз етуге тырысып, мақсатқа қарай
жетектеу. Оның басқаруға қатынасы дәстүрлі рационалистік қатынасқа
қарағанда үрдістік қатынас деп аталады. Файольмен қалыптастырылған
әкімшілдік басқару принциптері қазіргі уақытта да актуалды болып саналады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру үшін ағылшын экономисті, соның атымен
кейнсиандық теория деп аталған экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының
негізін қалаушыларының бірі – Джон Кейнстің (1883-1946) ой-пікірлері аса
пайдалы болып келді. Оның ең танымал еңбегі: Жұмыспен қамтылудың, пайыздың
және ақшаның жалпы теориясы, онда А.Смиттің іліміне қарама-қайшы нарықтық
экономикада болып жатқан үрдістерді мемлекеттік реттеу қажеттілігі
дәлелденеді.
Рационалды бюрократия тұжырымдамасының негізін қалаушысы – неміс ғалымы
мен тарихшысы Макс Вебер (1864-1920). Ол – ұйымның қалыпты қызмет етуі үшін
өндіріс барысында жұмыскерлер мінез-құлықтарының ережелері мен
процедураларын жасап шығарып, пайдалану қажет деп санады. Рационалды
бюрократиялық ұйымның белгілері келесідей:
– функционалды белгі және қызмет ету түрлері бойынша еңбекті бөлу;
– иерархиялық принцип және басқару деңгейлері санының
басқарылатындардың санына тәуелділігі;
– нақты бір ахуалдарда жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттерін
анықтайтын ережелер, нормалар және формалдық процедуралардың жүйесі;
– жұмыскерлердің ішкі қарым-қатынастар жүйесін жеке тұлғалық емес,
формалдық қарым-қатынастарға негізделіп құру;
– біліктілігін ескере отырып және конкурстік негізде жұмысқа қабылдау;
– алған тәжірибесі мен жұмыс істеген жылдары негізінде жұмыскерлерді
қызмет бабында көтеру, білікті жұмыскерлер үшін оларды қызмет бабында
көтеру және ұйымда ұстап қалу тенденциясымен мансаптың (карьераның)
анық жүйесі.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Кеңес Одағында еңбекті ғылыми
ұйымдастырудың тұжырымдамасы жасалған еді. Ол соғыспен қиратылған халық
шаруашылығын қайта қалпына келтіру, оны электрлендіру және
индустриализациялау, миллиондаған жаңа жұмыс орындарын құру, сауатсыздықты
жою және кадрларды дайындау сияқты сол кездегі аса күрделі және ауқымды
мәселелердің сәтті шешілуіне жәрдемдесті. Кәсіпорын деңгейінде еңбекті
ғылыми ұйымдастыру мыналарды ескерді:
– еңбекті бөлу мен кооперациялау нысандарын жетілдіру, кадрларды
рационалды үлестіріп қою;
– жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және оларға қызмет көрсетуді
жақсарту;
– еңбек қызметінің тәсілдері мен әдістерін рационализациялау;
– еңбектің қатаң тәртібі мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті
енгізу;
– еңбекті материалдық және моралдық ынталандырудың жүйесін жетілдіру,
оның ең тиімді нысандарын таңдау;
– жұмыскерлердің шығармашылық белсеңділігін арттыру,
рационализаторлылық пен өнертабыстылықты мадақтау;
– еңбектегі озат тәжірибені тарату, жұмыскерлерді әрдайым оқыту және
біліктіліктерін жоғарылату.
Басқару теориясы дамуының маңызды сатысы XX ғасырдың 30-шы мен 50-ші
жылдары аралығына келеді. Бұл кезде адамдық қатынастар мектебі құрылған.
Оның жақтаушылары адамдық факторды тиімді басқарудың негізгі элементі
ретінде қарастырды, ал әрбір кәсіпорын ең алдымен басқарылатын әлеуметтік
жүйе ретінде қаралды. Бұл теорияның құрылуына үлкен үлесті американдық
ғалымдар М.П.Фоллет (1868-1933) және Э.Мэйо (1880-1949) қосты. Олардың
жұмыстары зерттеулердің жаңа бағыты – инженерлік әлеуметтануға, патернализм
мен әлеуметтік серіктестік теориясының құрылуына бастама берді.
Басқарушылық ой-пікір өндірістік үрдісті жетілдіру мәселелерінен осы
үрдістің басты элементі – адамға көшті. Зерттеушілердің көңілі өндірістің
әлеуметтік аспектісіне және кәсіпорынның сәтті жұмысындағы ұжымның рөліне
шоғырланды. Менеджер өзінің айналасында достық, өзара көмектесу және әрбір
жұмыскерді қолдау атмосферасын жасаған кезде еңбек нәтижелері айтарлықтай
жоғарылайды деген қорытынды шығарылды. Жеке тұлғаға және оның
қажеттіліктеріне көңіл адамдарда қатысу эффектісін тудырады,
жұмыскерлердің олар кәсіпорын иесінің серіктері болып табылатынының
сенімділігін күшейте түседі.
Сөйтіп, менеджментте әртүрлі еңбек ынталарына жұмыскерлердің реакциясын
зерделейтін бихевиористік бағыт (ағылшын сөзі behaviour – мінез-құлық)
пайда болды. Адамдық қатынастар мектебі мінез-құлықтық тұжырымдамалармен
толықтырылды. Олардың авторлары – американдық ғалымдар А.Маслоу (1908-1970)
мен Д.МакГрегор (1906-1964). А.Маслоу қажеттіліктер пирамидасы деп
аталатын адам қажеттіліктерінің теориясын жасап шығарса, Д.МакГрегор –
адамның жұмыстағы мінез-құлығының екі түрін және осы түрлерге сәйкес
жұмыскерлерді басқарудың екі тәсілін ескеретін X және Y теориясын жасап
шығарды. Олар жайлы толығырақ мағлұмат ынталандыру теорияларын өткен кезде
беріледі.
Басқарудың қазіргі заманғы теориясы мен тәжірибесінің эволюциясында
бірнеше маңызды сатыны айыруға болады. XX ғасырдың 50-60-шы жылдары
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары аса маңызды рөлге ие болды. 60-70-
ші жылдары стратегиялық жоспарлау, ал 80-ші жылдары – стратегиялық басқару
пайда болды. Басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктіру басқарудың
нарықтық тұжырымдамасының жасап шығарылуына әкелді. Қазіргі уақытта
басқарудың бұрынғы рационалистік тұжырымдамасының орнына маркетингтік,
жеке, ақпараттық деп аталатын жаңа тұжырымдама келді. Олардың арасындағы
айтарлықтай айырмашылық мынада: бірінші тұжырымдама компания сәттілігі
компанияның өзінде орналасатын өндіріс факторларына тәуелді болады деген
болжамға негізделеді. Берілген жағдайда компания жабық жүйе ретінде
қарастырылады. Бұған қарағанда, басқарудың маркетингтік қатынасы кезіндегі
компания – бұл ашық жүйе, оның қызмет ету сәттілігі ол сыртқы ортаның
өзгерістеріне қаншалықты жылдам бейімделетініне тәуелді болады. Сондықтан
барлық ішкі шешімдер – бұл компанияның осындай өзгерістерге қайтарымдық
реакциясы.
Бұндай қатынас стратегиялық басқаруда жүзеге асырылған. Бұнда
компанияның қызметінің стратегиялық жоспарлануы оның сыртқы ортада болып
жатқан болашақ өзгерістерді болжауға негізделген стратегиясының
жоспарлануымен толықтырылған. Бұл өзгерістер мен компанияның мүмкіндіктері
оның стратегиясының таңдалуына ықпалын тигізеді.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі дамуының маңызды сатыларының бірі –
шешімдерді қабылдаудың операцияларды зерттеу әдістері немесе экономикалық-
математикалық үлгілеу әдістері деп аталып кеткен мөлшерлік әдістерін жасап
шығару. Олар нақты жағдайлардың үлгілерін немесе зерттеу объектілерін
жасалуын көздейді, оның көмегімен қандай-да бір шешімдерді қабылдаудың
салдары ойналып өткізіледі де, мүмкін болатын көптеген шешімдердің арасынан
оңтайлы (оптималдық), яғни ең жақсы шешім таңдалып алынады. Әдісвтердің бұл
тобына сызықтық, сызықтық емес, динамикалық бағдарламалау, ойындар
теориясы, тораптық жоспарлау, көпшілікке қызмет көрсету теориясы, Монте-
Карло әдісі және т.б. кіреді.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары күрделі мәселелердің және үлкен жүйелердің
құрылымға бөлінуін, сонымен қатар, глобалдық мақсаттардың олардың
қарапайымырақ құрамдастарына декомпозицияланылуын жүзеге асыруға
жәрдемдесетін жүйелік талдаудың әдістері жасап шығарылған еді. Олардың
пайда болуы техника мен технологияның күрделене түсуімен, өндіріс
ауқымдарының ұлғаюымен, басқарушылық байланыстар мен функциялардың
кеңейтілуімен, басқарушылық шешімдерге ықпал ететін көптеген факторларды
есепке алу қажеттілігімен түсіндіріледі. Жүйелік талдаудың тиімді
әдістерінің бірі – бұл қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін күрделі мәселені
шешудің құрылымдық үлгісі болып табылатын мақсаттар ағашын құрастырумен
байланысты әдіс.
Кезкелген қызмет сыртқы ортаның тұрақсыздық жағдайларында мақсаттардың
алдын ала көру мен жоспарланылуын талап етеді. Басқарудың ахуалдық теориясы
бірінші орынға басқарушылардың білімі емес, түйсігі, өнері шыққан кездегі
стандартсыз ахуалдарда айтарлықтай пайдаға асуы мүмкін. Ахуалдық талдау
қандай-да бір ахуалдарда қойылған мақсаттарға қалайша қол жеткізуге
болатынын, бұл кездегі қандай факторлар маңызды болатынын, ал қандай
факторларды ұйымға үлкен зиян келтірмей-ақ есепке алмауға да болатынын
ұйғартады.
Барлық мүмкін болатын үлгілердің көпшілігінен әрбір компания өзіне ең
басым дегенін таңдап алуы қажет. Фирма қызмет ететін ортаның сипатына қарай
басқарудың келесідей үлгілері бар:
– бірқалыпты сыртқы ортадағы рационалдық фирма ішіндегі басқарудың
үлгісі;
– айтарлықтай динамикалық және әртүрлі нарық жағдайындағы басқару
үлгісі;
– динамикалық ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы басқару үлгісі;
– сыртқы ортаның ықпалынан күтпеген кезде пайда болатын мәселелерге
бейімделу үлгісі.
Қазіргі заманғы менеджментте ең беделді болып басқарудың екі идеологиясы
саналады: жекешілдік (индивидуализм) пен ұжымшылдық (коллективизм). Олар
әртүрлі елдерде әртүрлі ара қатынастарда кездеседі. Біріншісі басқарудың
американдық үлгісіне сәйкес келсе, екіншісі – жапондық үлгісіне сәйкес
келеді.
Американдық менеджменттің айрықша ерекшелігі – бұл барлық салалардағы,
соның ішінде, әрнине, басқаруда да жетекшілікке ұмтылыс. Осы салада АҚШ-та
шыңында да едәуір нәтижелерге қол жеткізілді деуге болады. Дегенмен, XX
ғасырдың 80-ші жылдары АҚШ аса ауыр экономикалық құлдырауды басынан
өткізген еді. Сол кезде орын алған басқарудың жүйесі, принциптері мен
әдістері қатаң сынға ұшырады. Әлемдік жетекші рөлін жоғалтып алу қатері
ғалымдар мен мамандарды қолданылып жатқан басқару негіздерін қайта
қарастыруға итермеледі. Өндіріске жаңа бұйымдарды әрдайым енгізіп отыруға,
шығындардың барлық түрлерін қысқартуға, өнімнің сапасын көтеруге,
өндірістік үрдістерді автоматтандыруға, өндірісті ұйымдастырудың нысандары
мен әдістерін жетілдіруге, персоналдың біліктілігін жоғарылатуға,
трансұлттық корпорацияларды құруға бағдар алынған еді. Әйтсе де, соңғы 20
жылда АҚШ-тағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындары дүние жүзінің өнеркәсібі
дамыған елдерінің арасында ең төмен деуге болады.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі жапондық менеджмент жетістіктерінің рөлі аса
зор. Жапонияның үлесіне әлемдік ұлттық өнім өндірісінің алтыдан бір бөлігі
келеді және өндірістің көптеген салаларында ол дүние жүзі бойынша бірінші
орындарға шықты. Және бұл жайт – осы елдің жер аймағының тек 0,2%-н ғана
алып жатқанына және халқы жер шарының халқысынан тек 2%-н ғана құрайтынына,
сонымен қатар, оның табиғи және энергетикалық ресурстары аса шектеулі
екендігіне қарамастан. Басқарудың жапондық үлгісінің соншалықты едәуір
сәттіліктерінің себептері адамдық потенциал принципінің жүзеге
асырылуымен түсіндіріледі. Бұл принципке сәйкес еңбек белсеңділігі
жұмыскердің тек материалдық қызығушылығымен ғана ынталандырылмайды, сонымен
бірге, оның ортақ іске жату, араласу және өзін-өзі пайдалы етіп санауымен,
өзін-өзі нығайту мен өзін-өзі құрметтеуімен, жасалған жұмыстан рахат
алғанымен ынталандырылады. Адамдық потенциал принципі адамдық
қатынастар теориясынан жұмыскер ұжымдық жұмыстың барлық жағдаяттарына,
мақсаттарына және нәтижелеріне тоылығымен араластырылатынымен өзгешеленеді.
Жапонияда ғұмырлық жалдану жүйесі кең қолданыс тапқан, ал жапондық
фирмаларда фирма – бір жанұя ортақ ұран пайдаланылпады. Бұдан басқа,
жұмыскерлерге өздерін-өздері басқару мен өздерін-өздері қадағалау
мүмкіндігі берілген. Сондықтан бір жапондық жұмыскер американдық
жұмыскерден екі есе әлсіз, бірақ та, он жапондықтан тұратын ұжым он
американдықтардан екі есе күшті деген пікір әділетті деп айтуға болады.
Адамдық потенциал принципінің тәжірибелік қолданылуының мысалы ретінде
сапа үйірмелерін келтіруге болады. Жапондық менеджменттің тиімді
әдістерінің бірі – басшылардың өз қызметкерлерімен интенсивті қарым-қатынас
жасау, жеке және формалдық емес байланыстарды қолдау.
ГФР-да әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономиканың үлгісі іске
асырылған. Оны жасап шығарған – ГФР-дың бұрынғы экономика министрі және
канцлері Людвиг Эрхард. Бұл үлгі экономиканың мемлекеттік реттелуімен қоса
кәсіпкерліктің бостандығына негізделген. Мемлекеттік басқарудың басты
мәселесі – нарықтық механизмдердің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету және
халықтың бай және кедей қабаттарының табыстары деңгейлерінде едәуір
үзілісті болдыртпайтын экономиканың әлеуметтік бағдарлануы. Германдық
фирмаларда нәтижелер бойынша басқару әдісі кең қолданыс тапқан. Бұл әдіс
кәсіпорын қызмет етуінің маңызды бағыттарын және қойылған мақсаттарға қол
жеткізу үшін іс-қимылдардың баламалық (альтернативалық) нұсқаларын
коллегиалдық анықтауға негізделген. Қойылған мәселелерді шешудің нақты
әдістерін атқарушылардың өздері таңдайды. Бұдан кейін аралық нәтижелердің,
жұмыстар графиктері орындалуының анық бақылануы мен бағалануы іске
асырылады, бұл кезде ахуалдық басқару аппараты пайдаланылады. Сөйтіп, аса
танымал DIM принципі жүзеге асырылады: нарықтық ақпарат (information) және
ынталардың жүйесі (motivation) негізінде шешімдерді қабылдау бостандығы
(decision).
Бұрынғы КСРО-да қатаң орталықтандырылған әкімшілдік-әмірлік басқару
жүйесі қолданыс тапқан. Бұнда барлық маңызды басқарушылық шешімдерді
партиялардың жетекшілері, саяси бюрода, партиялық құрылтайларда қабылдайтын
да, кейін партиялық, кеңес және шаруашылық органдардың қатаң қадағалауымен
жүзеге асырылатын. Социалистік өндірісті басқарудың негізгі принциптері
келесідей: партиялылықтың принципі, демократиялық орталықтандыру принципі,
басқарудың ғылыми негізделуінің принципі, қоғам мұқтаждықтарының
басымдылығы кезінде қоғам, ұжым және жеке тұлға мұқтаждықтарының
біртұтастылық принципі. Капиталистік елдерде басқару ғылымының жетістіктері
мойындалмады және сынға алынды. Нәтижесінде, социалистік мемлекетті, ал
әлемдік ауқымда алғанда социалистік жүйені құру мен басқарудың тарихи
тәжірибесі сәтсіз аяқталды. КСРО және социализмнің бүкіл жүйесі ыдырап
кетті. Тек ҚХР ғана социализм ойларын сақтап қалып, нарықтық қарым-
қатынастарды белсеңді түрде құрып жатыр. Соның арқасында өз дамуындағы
үлкен сәттіліктерді көрсетуде.
Кеңестен кейінгі кеңістікте, Қазақстанды қоса айтқанда, менеджменттің
қазіргі заманғы жағдайы менеджмент салаларына (басқарудың барлық
деңгейлерінде де) әлемдік жетістіктердің қарқынды түрде ендірілуімен
сипатталады. Биліктің мемлекеттік және жергілікті органдары, ірі
корпорациялар, шағын және орташа бизнестің, білім мен ғылым саласының
кәсіпорындары, экономиканың барлық субъекттері менеджменттің әлемдік
теориясы мен тәжірибесінде жасалған жақсылықтың бәрін қабылдап, қолдануы
тиіс. Тек осы кезде ғана олар нарықтық жағдайлардағы сәтті қызмет етуге қол
жеткізе алады.
XX мен XXI ғасырлардың шеқарасында менеджменттің болашағына арналған
зерттеулердің едәуір саны пайда болды. Көптеген ғалымдар, басшылар,
бизнесмендер мен мамандар адамзаттың индустриалдық дәуірден
индустриалдықтан кейінгі, ақпараттық дәуірге ауысуы адамдардың ұйымдарын,
сонымен қатар, оларды басқару нысандары мен әдістерін де түбегейлі
өзгертеді деп санайды. Сонымен қоса, басқарушылық парадигманың ауысымы
пайда болады.
Мәселен, Виханский О.С басқару болашақта қандай болатынын бізге айқындай
алатын басқаруға ықпал етудің келесідей төрт ең маңызды факторды айрады:
1) басқару объекттерінің күшейіп келе жатқан дифференциациясы мен
әртүрлілігін ескере отырып, басқаруды түсіну, сипаттау және өлшеу;
2) адамның еңбек құралдарымен бірігуі қалайша жүзеге асытыны және
басқарудың ақпараттандырылуы ары қарай дамуы барысында адамдардың
қарым-қатынастары қалайша құрылатыны (ақпараттық сыйысу мәселесі);
3) адамдардың денсаулығы болашақтағы өндіріс пен қызмет көрсету саласының
негізгі өнімі ретінде;
4) мәдениет пен оның басқаруға ықпалы.
Наумов А.И. ұйымдарды басқаруда келесідей өзгерістер болатынын болжайды:
1. Функционалдық басқарудан үрдістік басқаруға.
2. Топтардың жұмысынан топтық жұмысқа.
3. Шешімдерді қабылдаудан мәселелерді іздестіруге.
4. Адамдарды билеуден адамдардың билеуіне.
5. Жергілікті ерекшеліктер арқылы глобализацияға.
6. Басқару үшін білімдерден білімдерді басқаруға.
7. Оқитын ұйымнан оқытатын ұйымға.
Ұйымдарды басқаруда сәттілікке жету үшін осындай барлық бағыттар бір-
бірімен тығыз байланысып, бір мезетте дамулары тиіс.
Негізгі әдебиет: 1 нег. [3-27, 35-58], 2 нег. [19-35, 133-166], 3 нег.
[9-31], 6 нег. [15-37], 8 нег., 9 нег., 12 нег.
Қосымша әдебиет: 3 қос. [9-30], 12 қос. [76-80], 13 қос. [9-13], 14 қос.
[21-25], 15 қос. [77-86], 16 қос. [79-86].
Бақылау сұрақтары:
1. Келесідей түсініктерге өзіңіздің түсіндірмеңізді беріңіз: басқару,
менеджмент, басшы, әкімгер (администратор), менеджер,
басқарушы. Басқару мен менеджмент түсініктері арасындағы
ұқсастық пен айырмашылық неде?
2. Басқару объектісі мен басқару субъектісі дегеніміз не? Басқарудың
объектісі мен субъектісі арасындағы өзара әсерлесу қалай жүзеге асады?
3. Басқару үрдісінің принципиалдық сұлбасын салып беріңіз.
4. Не себепті басқару бір мезетте ғылым да, өнер де болып келеді?
5. Не басқару ғылымының зерделеу заты болып табылады?
6. Дамып келе жатқан ғылым ретіндегі менеджменттің негізгі бөлімдерін
атап өтіңіз.
7. Басқару тәжірибесі ретіндегі менеджмент өзіне нелерді құрайды?
8. Менеджмент әдісі дегеніміз не?
9. Менеджмент қандай мәселелерді шешеді?
10. Қазіргі заманғы білімдер жүйесіндегі басқару ғылымының орнын
анықтаңыз.
11. Басқарудың ғылымы мен өнерінің генеалогиялық ағашы дегеніміз не?
12. Американдық, жапондық және германдық басқару үлгілерінің өзгеше
ерекшеліктері неде?
13. Басқару ғылымының кейінгі даму тенденциялары мен болашақтары
(перспективалары) қандай?
2-Дәріс. Басқарудың көп мәнді табиғаты
Адамдардың кезкелген бірлескен немесе жеке қызметі басқаруды талап
етеді. Оған қажеттілік адамдар жерге орныға бастағанымен және ежелгі рулар
пайда болуымен туды. Саяси басқаруға қажеттілік ең бірінші болып
қалыптасты. Адамдардың бірлескен еңбегі, олардың жаулардан қорғану
қажеттілігі экономикалық және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz