Опасыз саяси ұпай кімге тиімді



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 1
Опасыз саяси ұпай кімге тиімді? 1
Қазаққа арбауға алданбас күн туа ма? 3
Батыстық дүбәралыққа құлшыну — қазақты апатқа жығу 6
Аузы күйген үрлеп ішеді 7
Қорытынды 10

Кіріспе

Тарих — төреші, уақыт — сыншы екенін мойындауға құштар әділ де адал,
нағыз халықшыл шыншыл болсақ, онда шырқыраған шындықтың шырайын кетірмеу
абзал. Ең алдымен біз, исі қазақ бүгінгі таңда өз елі, өз жерінде қандай
текті қабілет-қасиетке ие? Қазақ халқы қандай ең аса қауіпті аждаһалармен
бетпе-бет келіп тұр? Бүгінгі тұрпаттағы ұлтсыз, тексіз, сағақ үзбес,
жетекке жүрмес кеще қазақ ХХІ ғасырда жер бетінде аман-сау қалуы үшін
қандай саны мен сапаға міндетті түрде әрі аса жедел күйде қолын жеткізуі
керек? Қазақ үшін қырық жыл қырғын жұт болса да, ұлт, ұл-қызды хан жасамай
қоймас, ешкімге де кіріптарсыз ұлы ұлт жасамай қоймас жанкешті халықшыл
кемеңгер көземелші табыла ма?Міне, осы сынды сан қырлы көптеген ең
көкейтесті өткір де өзекті сауалдар кім-кімнің де, әсіресе шын мәнінде
текті де адал зиялы азамат, кекшіл көкбөрі Алаштың түн ұйқысын төрт бөліп,
ішкенін ірің, жегенін желіп етпей ме?! Әрине, ұлты, ұл-қызы үшін жанын қияр
адал туған кез-келген халықшыл текті қазақтың қабырғасы сөгіліп, жүрегі
сыздайтыны, көңілі мұздайтыны сөзсіз

Опасыз саяси ұпай кімге тиімді?

Жалпы исі қазақты мұрттай қыру есебінен, қанішер жаудың аяғына жығып
беру есебінен, қазақтың талап-тілегін аяқасты ету есебінен, бар мүмкіндік
пен ұтымдылықтан жүгенсіз шеттету, шектеу, ноқталау есебінен опасыз саяси
ұпай жинау не үшін, кім үшін тиімді? Әлде оның барлығы есепсіз сыбайлас
байлықты еселеу үшін керек пе?! Исі қазақ өзінің төріне шыға алмай тек ит
төзгісіз қорлық, зорлықты көруі үшін жаралды ма? Әлде өзінің босағасынан
ғана сығалуы үшін туды ма? Неге айранды жау ішіп, жұғындыны тек қазақ
жалайды?
Осы тұста басын ашып алатын күрделі проблема, жалпы қазақтың басына
төнген аса қауіпті қара бұлт 77 ағайынды жұтқа айналған аса айрықша
айдаһарлы қасірет қазақ елі, қазақ жерінде бірге өмір кешкен басқа ұлт-
ұлыстар өкілдерінде де, тіпті әлемдік деңгейде де, әсіресе ТМД елдерінің
біреуінде де жоқ. Ал осындай өлшеусіз де шектеусіз әділетсіздік пен
жүгенсіздікті ел алдында аса қатаң жауапқа тартып жатқан, қара қылды қақ
жарар нағыз әділетті қоғам мен тура халықшыл құрылымды орнату үшін билік
тарапынан талап етіп жатқан құдайдың бір пендесі жоқ. Керісінше, тек
жауырды жаба тоқу арқылы жасанды бедел, жалған абырой жасау саяси дәстүрі
орнығып, бұрынғыдан да бетер аса күрделене күрмелген, шешілмес түйінге
айналған қауіпті проблемалар тек қана қазақтың басында өрбіп те, өршіп те
отырғаны сөзсіз. Намысы жоқтың — елі жетім, қорғаны жоқтың — жері жетім!
Айталық, қазақ халқы өзінің тарихи даму сахнасында мың рет еселеніп
өлу, мұрттай қырылу үрдісін үнемі көрумен ғана келсе де, бір рет те
тірілуге, серіппедей серпіліске түсуге, еселеніп көбеюге қолын жеткізе
алмауына орай, сол себепті қазақты жер бетінен қалай болғанда да мүлдем
жоюға ерекше мүдделі де құштар жойқынды аждаһаның қармағына ілінуіне орай,
өз елі, өз жерінде бұрын-соңды болмаған дәрежеде титықтаған, азғындаған
ұлт, халық, ұл-қыз екені көктегі құдайға да, бесіктегі балаға да айдай
айқын ақиқат.
Әлбетте, кеше орыс империясы өз елі, өз жеріндегі исі қазаққа
теңдессіз геноцидтік қорлық зұлымдықтың өлшеусіз сан алуан қасірет уын
ішкізіп, жүгенсіз азап пен тозақтың түтініне тұншыққан, аяусыз жаншылған,
басы бірікпес күйге жеткізіп, шектен тыс жұтаған халықпыз. Елі, жері, ұлт,
ұл-қызы үшін адал туып, шын мәнінде ат үстінде жарық жұлдыздай жарқырап
жүрер жанкешті халықшыл, жасампаз ұлтшыл көкбөрілік пен жеңімпаз қаһарман
елдікті кешенді түрде қалыптастырып отыратын текті де кекті, адал зиялы
қауымынан толық айырылып, оның орнына бүгінде тек екіжүзді сатқын,
жағымпаз, опасыз ең зиянды тобыр өртше қаулап, азған қоғамды бұрынғыдан да
бетер жұтатуға құлшынған құл-құтан, құрт-құмырсқа, жетім ұлт, жетім халық,
жетім ұл-қыз, қысқасы шын мәнінде жетім қазақ екені хақ.
Билік исі қазақты өз елі, өз жерінде ең бақытсыз етуден асқан жер
бетінде ең сорақы қорлық, нағыз қанішер қастандық болуы мүмкін бе? Жоқ. Бұл
аса ащы болса да, айдан да анық ақиқат. Сол себепті әлем елі де, көрші ел
де, бірге тұрып жатқан өзге ұлт-ұлыс өкілдері де бізді бейқам мәңгүрт
қазақ, қауһарсыз маңқа қазақ, басы бірікпес ар-намыссыз кеще қазақ, оянуды
білмес надан есек қазақ, көрсоқыр опасыз қазақ деуі осыдан. Шектен тыс
басынуы да, басқа тышуы да осыдан. Өйткені әлемде теңдессіз ұлттық құндылық
пен ерекшелікті, шоқтығы биік өзгеше ұтымды ұтқырлықты жоғалтқан ұл-қызбыз.
Бір сөзбен қорытып айтқанда, бүгінгі таңда қазақтың жері, елінің
иесіздігі, жетім, кембағал, тіпті ең бақытсыз екендігі күллі моладағы текті
ұлы Ата-Бабалар Аруақтарын еріксіз өкіртер, аспан астын күңерте күркіретер
күйге жеткені құпия ма? Жағрапиясы кең байтақ елдің ұлттық демографиясын
құрдымға жеткізу кімге тиімді? Олай болса, өз елі, өз жерінде қазақ санын
тез арада міндетті түрде 50 миллионға жеткізбей (бұған мол мүмкіндік пен
ұтымды зор өзгешелік жетіп артылады), асылданып жеңімпаз да жасампаз,
қаһарман көкбөрі елдікке жеткізбей басына бақ та, бақыт та ешқашанда
қонбасты түсінер текті де көреген, нағыз халықшыл да кемеңгер билікті
қазақтың маңдайына Аллаһ тағала бұйырта ма? Бұйыртар болса, қашан?

Қазаққа арбауға алданбас күн туа ма?

Батыс Европалық елдердің тек боқтығы мен тозығына мәз болып, орны
толмас орға жығар азғындатқыш, арандатқыш арбау-алдаушыларына еліктегіш,
ешірме ермелікке ұрынған, желөкпе көбікке батқан біз, қазақ елі не нәрсені
болса да тек сырты әдемі болса болды, сөзі жібектей жорға болса бітті,
сырты жылтырақ біткеннің бәрін қоғамдық ағымға зорлап енгізуге, күштеп
телуге, ұлттық сананы улауға келгенде әрі ерекше құштар, әрі аса айрықша
мүдделі белсенді болып, ақырында өзінің азат еркін елдігін сорлату,
діңкелету, тұралату, күйрету, құлату жолын шыңдауды ширатуға келгенде әрі
аса құмар, әрі аса іскер елміз. Сол себепті опасыз үрдіс пен түсінікті
ұрпақ санасына шегелеп сіңіру сайқал науқанын асықтыру, жанталасты күйге
түсіру арқылы арбау, адастыру, алжастыру басым. Неге? Бұндай сайқалдық не
үшін, кім үшін аса қажет?
Ол өртше қаулаған жылтырақтардың ішінде қандай құпиялы сыр, сиқырлы
қыр бар? Бүгінгі және ертеңгі ұрпаққа қандай ұтымды пайда әкеледі? Ең
алдымен оның пайдасы басым ба, әлде апатты аждаһасы басым ба? "Сырын
білмеген аттың сыртына жолама!" демекші, сол жылтырақтың ішіне жан-жақты
үңіліп, зерттеп, сараптап, салмақтап, оның ұтымды не ұтылыс тұсын айқындап
жатқан, айшықтауға құштар ақыл-есі, жібі түзу, талғампаз халықшылдық
қабілет-қасиеті мен біліктілігі озық құдайдың бір жаны болсайшы!
Ішінде сан алуан иті ұлыған сұрқияның қашанда сырты бүтін, әдемі
боларын ұғатын уақыт жеткен жоқ па? Ия, билік білігі мықты, жүрегі түкті,
текті көреген азаматпен ақылдаспау, санаспау ең зор қасірет! Сыбайлас
опасыздықпен билік тізгініне жеткен жемдес тексіз, біліксіз, ұлтсыз,
ұятсыздар тек өтірікті шындай, ақсақты дыңдай жасау, саяси ұпай еселеудің
әдіс-тәсілін шыңдауда тек ұр да жық науқандарды даңғаза дабыра жасау арқылы
есті жиғызбауға аса бейім, көрсе қызар көрсоқыр, жетесіз екенін көрсетті.
Бір күндіктен әрі аса алмас ойы жетім опасыз халықтық мүддені, әсіресе
ұлттық мүддені тәлкекке салумен әлек. Ұлттық мүддені жоюға қосқан үлесін
нағыз ерлік санар билікке жеткен заман орнықты. Өйткені олар үшін ұлт, ұл-
қыздың бағасы көк тиын. Қырылмаса бірі қалмасын, ұпайы түгел. Ешқандай
қарсы әрекетсіз-ақ қазақ ұлты мұрттай қырылу, өмірге бейімсіз, әлжуаз,
әлсіз, дәрменсіз ұрпақ әкелу арқылы тек өшуге бет алғанын білді. Қазақ
отбасында әке-шеше, ата-әже өзінің ұл-қыздарын, немере-шөберелерін өзінен
бұрын көрге тірілей көмуге, әсіресе зиялысымақ ең зиянды топ өзінің туған
халқын өшіруге жаудан да бетер бәсекелесті күйде құштар, құмар, белсенді
екенін көріп отыр. Олар ұл-қыздардың жарқын болашағы үшін, ұлттық намыс,
елдік үшін атқа қонбасына көзі әбден жетті. Демек, бұндай жан-жақты ауру,
мүгедек, сатқын, екіжүзді опасыз, жағымпаз құл-құтан өртше қаулаған, рухы
өшіп, жүгенсіз азған елде, ұлт, ұл-қызда ешқандай да келешек жоқ екенін
түсінді.
Бірақ-ақ мысал. "Шайтан да тек бейім адамды арбап қағады" демекші,
соңғы кезде билік иесін арбау арқылы, сионистік гендерлік жымысқы зұлым
саясатын қалай болғанда да жедел түрде санаға сіңіру, заңдастырып қоғамға
күшпен енгізу, ең бастысы қазаққа телу, олсыз да өз елі, өз жерінде аз
санын да, сапасын да деградациялық апатқа ұшыратып, үшінші сортты еткен, ең
бақытсыз қалыпқа жыққан, басын көтере алмастай азғындаған қазақ ұлтын қысқа
мерзім ішінде ешқандайда соғыссыз-ақ жер бетінен бірін қалдырмай тезірек
жою мақсатындағы сан қырлы айла-амалы мен әдіс-тәсілін шегелеу үрдісі
мұқиятты түрде қолға алынып отырған тәрізді. Сонда егемен еркін елдікке
ұмтылу дегеніміз кез-келген аждаһалы көлденең көк аттылардың қалай болғанда
да экспанциялық идеясымен, жойқынды ақпараттық құралымен қазақтың есін де,
ұлттық байлықтың иесін де тезірек түбегейлі жою ма?
Айталық, "еркектер мен әйелдердің тең құқықтылығы мен бірдей
мүмкіндіктері дегеніміз қоғамдағы гендерлік теңдікті білдіреді" деп, қалай
болғанда да қазақтың тауығын тумастай ету үшін ашық жан беріс, жан алысқа
түсуді бастады. Өйткені қазақтың ақыл-есін, етек-жеңін жидырмауы үшін,
жоғын түгендеуге жеткізбеуі үшін, олқы тұстарын толтыруға жібермеуі үшін,
мүдделі түрде жаңғырып, жаңаруға деген ұлттық мүмкіндік пен ұтымдылықтарды
қайта қалпына келтірмеуі үшін, жасампаз жеңімпаз бастамашылық (инициатива)
пен қайтпас қайсарлықты қолына мүлде бермеуі үшін ең ұтқыр жол ерлі-
зайыптылардың арасына сына қағу, шаңырақты ортаға түсіру, ұлттың тамырына
балта шабу жанталасы жаңаша өріс алмақ.
Өйткені билік те, зиялысымақ тобыр да өзінің туған халқына, оның жері,
ұлт, ұл-қызына қарсы, сондай-ақ, әсіресе тілі, діні, ділі, үніне қарсы
бағытта опасыздық, сатқындықпен аса ұтымды әрекет жасауға келгенде әрі аса
айрықша бейім, әрі құлшынысы аса ерекше зор екенін біледі. Қазақтың кез-
келгенін (билікті де) алдап-арбау, ешіртіп елірту, айтақтап есалаң күйде
құтырту арқылы өз халқына, өз жері, ұлт, ұл-қызына қарсы пайдалануға кел
генде өте тиімді екеніне аса айрықша сенімді әрі ұтқыр бастамашылық күйде
құтырып жүр.
Қазақ баланы еселеп туса — көбеюі, тумаса — тезірек өшуі — мәңгілік
аксиома. Ал қазақтың өз қолымен өзінің тұқымын, демографиялық өсімін
түбегейлі өшіруді мемлекеттік саясатқа айналдыру — теңдессіз сиқырлы да, ең
апатты да жоспар. Себебі көкейін тескен қазақ жері, оның аса орасан зор
теңдессіз иесіз байлық тежеусіз ағылған шетелдік жауыз алпауыттарға ұйқы
бермейді. Қазақтың байлығын аңсап, ашкөзін тігуші айдаһар күн санап
көбейіп, өзара бәсекелес, текетірестік күй күннен-күнге күшеюде. Өйткені
қазақта әй дейтін әже де жоқ, қой дейтін қожа да жоқ екеніне көзі әбден
жеткен. Керісінше өз халқына, яғни ұлт, ұл-қызының бүгіні және келешек
дамуына опасыз қасапшыл қарақшылық пен қанішер қастандық жасауға деген аса
айрықша құмар, құштар, белсенді іскерлік деңгейі әлемде теңдессіз дәрежеде
екеніне қанықты.
Құдайым-ау, қазақты өз елі, өз жерінде мүлде қорғаусыз еткен, жұмыссыз
бұралқы, қайыршы, баспанасыз қаңғыбас, көктемес көтерем көксау босқындыққа
жыққан қазақтың қолында түк жоқ, сонда қайтып көбеймек?! Қазақтың күллі
ұлттық байлығы — тек басқаның шайлығына айналды. Сонда қазақ қалайша
аждаһалы гендерлік саясатқа қарсы тұрмақ?! Байтақ елдің, әсіресе ұлттық
дамылсыз даму ең алдымен қаһарман табанды жасампаздық пен қажырлы қайсар
қырағылық арқылы ғана ешкімге де кіріптарсыз болар жарқын болашақты қайткен
күнде де жоюдың ақыры қай апатқа жығады?
Әрине, еркектер мен әйелдердің табиғатында ерекшелік барын ешкім де
жоққа шығармайды. Ал ақыл-ой және рухани дамуға келсек, Аллаһ тағала
кемелдену, құдайға жақын-дауда, қоғамды көркейту ұлағатты қызметтерде
еркектерге де, әйелдерге де бірдей құқықтар, мүмкіндіктер сыйлады. Исламда,
әсіресе қазақ қағидасында әйел ең құрметті, әрі ең қасиетті орынға ие,
қоғамда ол жайсаң тастардың арасындағы ең інжу-маржанмен пара-пар. Әйел ең
алдымен отбасында текті Отағасын хан тұту арқылы нағыз ардақты ана, текті
ханша болуға жаралғаны үшін бақытты.
Қазақ қызын арға, ұлын нарға балаған, ізеттілігін келінінен, тату-
лығын абысыннан тапқан ұлы халық екені күллі әлемге аян. Қазақ қызын үкілеп
алақанында аялау мен ардақтаудың теңдессіз құдіреті, жер бетіндегі басқа
ұлт-ұлыстардың ешбіреуінде де кездесуі мүмкін емес. Адамзаттың бақыты да,
жұмағы да әйелдің табаны астында деу де осыдан. Оның ең негізгі
міндеттерінің бірі бала туу, бала иісін сезіну, өнегелі текті етіп тәр-
биелеу. Әлемде одан асқан бақыт болуы, бақ қонуы мүмкін бе?! Ұлттың ең
орасан зор байлығы да, ең орасан зор бақыты да — Бала болса, ал Ана болып
бала туу — теңдессіз бақыт.
Сондықтан да жас ұрпақты тәрбиелеу қарадүрсін немесе оңай шаруа емес,
өйткені қоғамның болашақ іздемпаз да жасампаз, текті де жанкешті халықшыл
серкесі, есті елтұтқа көсемі, көреген кемеңгер көземелшісі өз отбасында
өсіп, жан-жақты қалыптасатындықтан, жалпы қоғамның рухани ахуалы, ұлттың
қуаты мен ұлылық құдірет деңгейі дәл осы іске тікелей байланысты. Демек
ерлі-зайыптылар өзінің отбасында қалай болғанда да өзара ұғыса білу мен
жұғыса білудің, келісті тірліктің ең асыл қағидасын да, ең үлгі-өнегелі
алтын үрдісін де құрыштай ширатуды үнемі жасампаз іскерлікпен меңгере
білген, ұл-қызын үнемі жаңаша саралап жетілдіре білген жандар нағыз ең
бақытты әрі нағыз ең текті нар тұлғалар.
Олай болса, бүгінгі әрбір есті де текті әйел: "Мен Махамбет, Ахмет,
Әлия, Мәншүк... басқа да жанкешті халықшылды қаулата тумай тұрып, қол
жеткен опасыз лауазым қараң қалсын!" дейтұғын, "Алтын басты қатыннан, бақа
басты еркек артық", "Ел намысын қорғаған, Еңіреп жүрген Ер артық" деген ең
көреген идеядан да, ең құнды иде-ологиядан да асқан кемеңгер ақылдылық жоқ"
дейтұғын нағыз халықшыл дана ханшалар өртше қаулар күн туа ма?! Егер туа
қалса, күллі әлем тек қазаққа табынып, ең үлгі өнегесі аса орасан зор
өркениетті тек қазақтан үйренері сөзсіз. Өйткені, ХХІ ғасырда ұлы қазақ
даласы, текті де кекшіл, есті де ұлтшыл қазақ әйелі тудырған тебіреністі
жаңашыл жасампаз сенсация әлемде теңдессіз ұлылық пен құдіреттің ең асқақ
шыңы болатыны айдан да анық!

Батыстық дүбәралыққа құлшыну — қазақты апатқа жығу

Европалық батыс қоғамында әйел бостандығы, құқықтары туралы бұрыс
көзқарас орын алуда, ондағы феминистік қоғамдар әйелдерге деген шектен
шыққан әділетсіздік пен қанаушылықтан туындауда. Шындыққа жүгінсек, жалпы
әйелдердің артта қалуына, әрі қорлық-зұлымдыққа ұшырауына, әрі жабайы
(жезөкшелікті шыңдар жатақхана) құрдымға жығылуына ең алдымен көтен зорлық
озбыр үстемдікке құштар батыс идеологиясы мен дүбәра мәдениеті кінәлі.
Тәулік бойы сан алуан бәсекелесті телеарна мен қоғамдық құрылым арқылы
өскелең ұрпақ пен дүбәра ересекті қалай болғанда да әйелді зорлау анайы
тағылыққа, нағыз қатыгез, қанішерлікке (боевик) жеткізу жүйесін әлемдік
дәрежеде жетілдіруі осыдан. Бұл — бір.
Екіншіден, европалық елде ортақ ұлттық елдік, ұлттық мүдде деген ұғым
да, ұлттық патриот деген түсінік те жоқ. Олар — тек ортақ жатақхана
(проходной общий дом) деген ұғым аясында ғана тек жалғыз басты не өте аз
отбасылы, яғни босқын сығандық күймен ортақ жатақханада уақытша тоқайласу,
тұрақсыз күйде қауымдасуға бейімделген, қазықсыз, отансыз, опасыз үрдіс,
дәстүрді ғана қалаған ел. Сол себепті, біздіңше бұндай елде де, мемлекетте
де ешқандайда келешек жоқ. Өйткені ерте ме, әлде кеш пе, әйтеуір түптің
түбінде өзін-өзі жоятыны сөзсіз. Сондай-ақ "өлетін бала молаға қарай
қашады" демекші, өзге елдің жеріне, оның байлығына тойымсыз зұлым ашкөзін
үнемі тігу мен сусау, жүгенсіз озбыр басқыншылық үрдіспен басып алуды
үдетуге, әсіресе АҚШ-тың аса құштар да құмар мүдделікте құлшынудың ақыры,
әлемде тек әділет, тәуелсіздікті орнату жолында жанқияр дәрежеде күресуді
өрбіткен сыртқы ғаламат қаһарлы күштер жұдырықтай жымдаса бірігуіне, сөйтіп
қарақшы опасыз елді, мемлекетті тезірек түбегейлі жоюға мәжбүрлері хақ.
Ал бізде, қазақ елінде әйелдердің ерлермен тең құқықты екендігі Ата
заңда тайға таңба басқандай айқындалған. Бір не екі баладан артық арам өлсе
де тумас (бұл қазақ үшін ең жойқынды апат!) қоғамдық, мемлекеттік тұтқалы
істе белсенді әйелдердің саны жалпы қызметкердің 60 % құрайды. Дер кезінде
талапты да, талантты да әйелдер әлемде теңдессіз дәрежеде қолдау, қорғауға
ие, яғни еркектен гөрі әйелге деген басымдық, гумандық, ұтымдықтың өнеге
үлгісін танытуда заң, қоғамдық құрылым, түсінік, көзқарас аса жоғары
деңгейде қалыптасқан.
Бұндай ерекше артықшылық пен басымдылық басқа шетелдің біреуінде де
жоқ. Әйтсе де, өз елі, өз жеріндегі қазақ санының өте аздық апатынан қазақ
өзінің жерінен де, ұлттық байлықтан да, ұрпақтан да, басқа да көптеген
өзекті келешектен де айырылды. Олай болса, бізге, қазаққа ең басты өткір де
көкейтесті ең өзекті мәселе: жедел түрде ұлттық асылды ардақтап, жаманды
салмақтап, етек-жеңді жинастыру, жоқты түгендеу, теңдессіз ұлттық құндылық
пен шоқтығы биік ұтқыр өзгешелікті, басымдық пен жасампаз қаһарман ықпалды
қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтірген жөн.
Әйтпесе, қазаққа қарсы бағытта аса айрықша аждаһалы әрі зымиян
жаһандану, ғаламдану, ДСҰ (ВТО) т.б. жойқынды саясаттары бір күнде, бір-ақ
сәтте жұтып қояды. Жер бетінен исі қазақтың бірін қалдырмай толық жояды.
Олардың иесіз жетім елде жүгенсіз ықпалы да, қуаты да ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс оқыту
Эссені бағалау
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Қазақ тілінен талдау үлгілері
Саяси ғылымдардың негізгі кезендерінін даму және қалыптасуы. Казақстан саяси ойларының тарихы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру (2015 жылғы. 5-ке тапсырылды)
Үстел теннисіндегі жұптық ойын. Үстел теннисіндегі ойыншыға ұпайлар қалай және не үшін беріледі
Үстел теннисіндегі жұптық ойын
Қазақстанның саяси ойларының тарихы
Пәндер