Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
Жоспар
КІРІСПЕ 2
1.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны 3
2. Қазіргі дүние жүзіндегі ұлттық қатынастардағы ерекшеліктер 6
3. Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері 11
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
XX ғасыр әдеттен тыс ғажайып жағдайларға толы. Сонық бірі — этникалық
жаңару, қайта өркендеу мәселесі (этнос деген грек сөзі, тайпа, халық деген
мағынаны білдіреді). Бір жағынан біздің заманымыз жер жүзіндегі барлық
адамдардың тағдыры бір, ортақ, өзара тығыз байланысты және тәуелді
екендігін түсініп-білу, сезінумен сипатталады. Екінші жағынан барлық
контененттерде адамдардың ықыласы кенеттен өзінің этникалық және аймақтық
құрамына деген ұмтылыспен, өзінің түп тамырын, шығу тарихын зерттеп, білуге
тырысушылықпен ерекшеленеді.
Мұны немен түсіндіруге болады? Ғылыми-техникалық революцияның салдарында
пайда болған өмірдің біркелкілік пен бір үлгілікке еткен жауабы ма? Әлде
бір кездегі қор болған тарихи және әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіруді көксеу ме? Өз ұлтына, онық тағдырына ортақтастықты сезіну арқылы
жалғыздықтан құтылуға, өмірден қағажу қалмауға тырысу ма? Әлде өз халқының
музыка тілі мен әніне деген үміт, сенім бе?
Бір кезде баянды, берік мызғымастай болып тұрған мемлекеттерде қарулы
қақтығыстар бұрқ етіп, олардың тұтастығына не себептен кауіп төнеді? Бұл
жағдай экономикалық және әлеуметтік күйзелістерді басынан кешіріп отырған
бұрынғы Советтер Одагы, Югославия, Чехословакия сияқты елдерде ғана емес,
сонымен катар Бельгия, Канада, Ұлыбритания сияқты бұл жағынан әбден сәтті
дамып, өркендеп келе жатқан елдерге де тән. Мұны немен, қайтіп түсіндіруге
болады? Қоя берсек — сұрақ көп. Мұның бәрі бұл тақырыптың әлі толық
зерттелмегендігін және де өзекжарды, шешуін күтіп тұрған күрделі мәселе
екендігін білдіреді.
1.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны
Ұлт деп жер, тіл, экономикалық катынастар, мәдениет ерекшеліктері мен
психологиялық құрылымының ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи
әлеуметтік-этникалык бірлестігін айтады. Әлеуметтік аспект ұлтты өндірістік
қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан тұратын әлеуметтік-
экономикалық тұтастық етіп танытады. Ол белгілі бір системаның ұлттарында
қандай ортақтық бар, оларды өзара шын мәнінде не жақындастырып,
туыстастыратындығын білдіреді. Ұлттық құрамын тіл, жер, ұлттық сана-сезім,
мәдениет, этникалық аспекті көрсетеді. Ол арқылы біз ұлттардың бір-бірінен
қандай ерекшелігі бар екендігін, қалайша ажыратыла-тындығын білеміз.
Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге бағытталған
қоғамдық ең алдымен әлеуметтік-құқыктық, әрекеттердің ерекше түрін айтады.
Бұл мұқтаждықтардың табиғатын тану үшін әлі зерттеулер жүргізу керек.
Дегенмен оған азаматтық, ар, намысқа тырысу, этнопсихологиялық бірлікті,
табиғи-тарихи ортақтықты сезіну кіретіні анық.
Соңғы онжылдықтарда Батыс саясаттануында этникалық саясат деген жаңа
бағыт пайда болды. Ол жер жүзіндегі болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды,
ұлттық шиеленістерді түсіндіруге, оларды шешу жолдарын анықтап, сондай-ақ
белгілі бір аймақтарда мұндай дау-дамайлардың болуын алдын ала болжай
білуге арналған жалпы теория. Бұл теория этникалық дау-жанжалдарға
плюралистік қоғамда әрдайым кездесіп тұратын әдеттегі жағдай сияқты
қарайды.
Ұлттық саясат әр елде, әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда
бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцид сияқты саясаттар белгілі.
Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін
жоғалтып екінші халыққа сіңіп кетуін айтады. Бұл саясат оны заң жүзінде
сіңіскен халықпен тең деп санайды, бірақ оның өзіндік ерекшелігін танып,
мойындамайды.
Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті
айтады. Бұл адамдар арасындағы айырмашылықты бекітіп, "екінші" халықты
теңдік жөнінде қандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді. Соңғы
кезге дейін сегрегация Оңтүстік Африка Республикасында бой көрсетті. Әдетте
ұлттық топты алалау нәсілдік теңдік принципін формальды түрде мойындаумен
қатар жүрді
Геноцид деп адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың өкілі болуына байланысты
қыруды немесе қудалауды айтады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл белгілі бір
әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топтың қатарына жатуын кінәлаудың
жасырын түрі. Мұнда ұлттық немесе нәсілдік топқа енуді желеу етіп, бір
халықты түгелдей жауапкершілікке тарту жатыр.
Мысалы, мұндай саясатқа 1915 жылы түрік мемлекетінің армяндарды,
фашистік германияның еврейлер мен цыгандарды қыруы, екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде ішінара словян халықтарын қырғынға ұшырату (онда беларус
халқының төрттен бірі қырылды) жатады. Бұрыңғы Совет мемлекетінің тарихында
жаппай жауапқа тарту репрессияга ұшыраған халықтарға қолданылды. Оган
Поволжьеде тұрған советтік немістер, қырымдық татарлар, месхеттік түріктер,
шешендер, ингуштер, қарашайлықтар, қалмақтар, корейліктер және т.б.
халықтардың тағдыры мысал бола алады.
Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың
демократияланып, адамгершілік көзқарастарын басшылыкқа алған шақта
ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығына,
ұлттық автономия мен федерация қағидаларына негізделген саясатты көпшілік
оң қабылдап, дұрыс деп тауып отыр. Ұлттардың, өзінің мемлекеттік құрылымын
өзі шешу мәселесі алғашында Европада буржуазия-лық-демократиялық
революциялардың жеңуіне байланысты пайда болды. Ең бірінші бұл пікір 1776
жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық
көрді.
Ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу принципінің заңдық және
саяси жағы бар. Заң жүзінде қай халық пен ұлт болмасын өз мемлекеттік
құрылысын өзі шешуге тиіс. Бұл құкықтың қандай түрде шешілуі (халық не ұлт
бөлініп шыға ма, федерация құра ма, әлде басқа жол таба ма) мәселенің саяси
жағына жатады. Қазіргі кезде федерализм принцип ретінде, федерация
мемлекеттік өкіметтің ұйымдастырылу түрі ретінде сая-сатшылардың,
фәлсафашылардың (философтардың), социологтардың, мемлекет танушылардың және
т.б. ілімнің әр түрлі саладағы ғалымдарын толғандырып жүрген мәселе.
Ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешуі күрделі мәселе. Бұл
принципті дұрыс, демократиялық жолмен шешу үшін мұндағы кездесетін
қайшылықтардығ себебін ашқан жөн. Негізгі қайшылық мынада. Қандай ұлттың
болмасын тәуелсіздікке, егемендікке, ұлттық езгіден құтылуға тырысуы заңды
нәрсе. Бірақ көп ұлтты мемлекеттерде бұған билеуші топтардың өз
позицияларын қайтсе де нығайтуға тырысқан өктемдігі мен зорлығы кедергі
болады. Көп жағдайда бұл топтар өз мүдделерін іске асыру үшін "мемлекеттік
жер көлемінің тұтастығын сақтау", "барлық халықтың мақсатын қорғау" деген
сияқты екі жүзді ұрандармен бүркемеленеді.
Мәселен, Россия федерациясында Татарстан, Башқұртстан, шешендер өз
алдына бөлініп шығып, бөлек ел болмақ ойлары бар. Бірақ "орталық" әлі оған
мұрша берер емес.
Кей жағдайда бұл мәселеге басқа елдердің жүргізген сыртқы саясаты себеп
болуы мүмкін. Мысалы, Россия экс-президенті Б.Н. Ельциннің Қазақстан ТМД-
дан шықпақ болса, біз жер мәселесін көтереміз деуі немесе КСРО-ның бұрыңғы
президенті Горбачевтың Қазақстанға солтүстігіндегі бес облыстың игеру
жылдарында берілген болатын деген арандату сөзі (кейін ол үшін кешірім де
сұраған болатын). Ондағы ой қайткенде Қазақстанды бұрынғы "орталықтық"
ықпалынан жібермеу.
Ал енді империалистік державалардың бұрынғы КСРО-ның өмір сүріп тұрган
кезінде ондағы халықтарды біріне-бірінің, қарсы қоюға тырысқан әрекеттері
көпке белгілі. Ол үшін шығыс елдерінде ондаған зиянкестік орталықтары,
институттары, радиотораптары және т.б. арнайы жұмыс істейді.
Сонымен қатар ұлттық қозғалыс ұлтшылдықты тудыруы да мүмкін. Ұлтшылдық
демократиялық жағдайлар мен құқықтық механизмдер жоқ жерлерде белең алады.
XX ғасырдың бірінші жартысында барлық елдердің дамуы өкіметтің, биліктің
бір ортаға бағынып, шоғырлануымен сипатталады. Ал 60-жылдардың аяғынан
бастап керісінше үлкен орталықтар ыдырап, жергілікті жерлер билікті өздері
алуға тырысу, автономия, федерациялар құрушылық көбейді. Федерализм деп
автономиялық, тәуелсіз құрылымдар одағын айтады. Мұнда біреу біреуді
бағындыру арқылы емес, мемлекетаралық одақтардың құрылуы мәселелерді
үйлестіру арқылы шешуді басты мақсат деп санайды. Федерация мүшелерінің
арасында бәрінің мүмкіншіліктері бірдей, тепе-теңдік болғаны, алаланбағаны
жөн. Кейде арасалмақтық уақытша бұзылуы мүмкін. Бірақ біреуінің шектен тыс
күшеюі барлық одақтың тұтастығына нұқсан келтіреді. Бұлай болмауы үшін
жоғарғы және жергілікті екі өкіметтің аракатынасы, олардың міндеттері және
т.б. конститу-циясында айқындалуы керек. Екі биліктің қайсысы болмасын
шектен тыс басымдыққа ие болмауға тиіс, олай болса екінші жақтың
конституциялық құқығы бұзылады, арада кикілжің пайда болады.
2. Қазіргі дүние жүзіндегі ұлттық қатынастардағы ерекшеліктер
Жер жүзінде 180-ге жуық мемлекет бар, онда 2 мыңдай ұлттар, ұлыстар,
тайпалар тұрады. Әрбір құрылықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар. Енді
үлкен аймақтардағы (региондардағы) ұлттық қатынастардағы айырмашылыктарға
қысқаша тоқталып өтелік.
Шығыс Европа. Мұнда ұлтаралык қатынастардың ерекшелігі осындағы елдердің
тарихына, ұлттық құрамына әлеуметтік жағдайына т.б. байланысты. Кейбір
елдерде ол айырмашылық мемлекеттік құрылыстың түрі мен құрылымынан да
байқалады.
Бұдан бірнеше жыл бұрын ұлттық мәселе Бельгияда (10 млн. халқы бар) өте
шиеленісті жағдайда болды. Бұл индустриалды, жоғары дамыған ел. Халықтығ
ауқаттылығы, тұрмыс дәрежесі жағынан Шығыс Европада алдыңғы қатарлы
орындардың бірін алады. Бірақ фломандықтар (5,5 млн. халқы бар, елдің
солтүстігінде тұрады, Фломанд тілінде сөйлейді) мен вгллондықтар (3,2 млн.
халқы бар, оңтүстігінде орналасқан, француз тілінде сөйлейді) бір жарым
ғасыр бойы бір-бірімен қастасып, жауласты. 1988 жылы Бельгия үш үлкен
аймаққа (Фландрия, Валлония, Брюссель) бөлініп, федерация құрды. Олардың
иелігінше бұрынғы мемлекеттік мекемелер билігінің бірталайы берілді. Сөйтіп
мұнда көп жылғы өшпенділікке шек қойылғандай болды.
Шығыс Европада көп ұлтты мемлекеттердің бірі Франция. Оның. ерекшелігі —
мұнда иммиграцияға әбден үйренген, ол көптен қалыптасқан жағдай. Бұл елдің
президенті Ф. Миттеран 1987 жылы маусым айында Сарбоннада сөйлеген сөзінде
француздарды сипаттай келіп, олар аздап галлдықтарга, аз-маз германдық
инбершілік, итальяндық, еврей, тіпті көбіне арабтарға жатады деген болатын.
Онда ұлттық мәселе әрдайым демократия мәселесінің бір бөлігі сияқты
есептеледі. Бұл елге сырттан жыл сайын тұрақты қоныстануға көптеген адамдар
келеді. Сондықтан онда мемлекет, қоғам және имигранттар арасындағы
қақтығыстарды үйлестіру үшін арнайы қалыптасқан жүйе бар.
Көп ұлтты Испания үшін ұлттық мәселе өте өткір саяси проблема. Онда бір
орталыққа бағынатын унитарлық мемлекет 1978 жылы Конституция бойынша
бекітілген болатын. Басктар, Католония, Галисиялыктардың ұлттық мәселелері
облыстық заңдар мен жарғылар бойынша белгіленеді. Онда қалыптасан ұлттар
ресми түрде танылып, испан тілімен қатар жергілікті халықтьң тілі, дәстүрлі
жалауы мойындалады.
Шығыс Европа елдерінің алдында шешуін күткен көптеген ұлттық мәселелер
бар. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: көп ұлтты мемлекетті халықтардың
дамуына ыңғайлы жолдар табу, әр ұлттың мүддесін жалпы мемлекеттік
мақсаттармен үйлестіру, аз ұлттардың құқығын қорғау, мемлекет билігінің
жоғарғы сатыларында олардың өкілдігін қамтамасыз ету, ұлттық тіл мен
мәдениетті дамытуға қолайлы жағдай жасау және т.б. Бұл мәселелер әсіресе
Болгария, Румыния, Венгрия сияқты бүрынғы социалистік системаға енген
елдердің алдында тұр. Ал бұрынғы Чехословакия болса Чехия және Словакия
болып екіге бөлінді.
Бұл орайда казіргі кезде ұлттық мәселенің өте өзек жардьі болып түрған
жері — әр түрлі ұлттардың ең көп шоғырланған елі — Югославия болып тұр.
Онда 23 млн. халық тұрады. Конституция бойынша қоғамның өзін-өзі басқару
және жоғарғы өкімет органы болып Югославия Социалистік Федеративтік
Республикасының Скупщинасы болатын. Елдің құрамы 6 республикадан тұратын:
Босния мен Герцоговина (4 млн 400 мың халқы бар. Негізінен словяндар,
мұсылмандар, сонымен қатар сербтер мен хорваттар тұрады), Македония (2,5
млн-ға жуық халкы бар. Негізінен македондықтар және албандықтар мен сербтер
тұрады), Сербия (9 млн-ға жуық халқы бар. Басым көпшілігі сербтер, Косовода
албандықтар, сонымен бірге республикада черногорлықтар, румындар, словактар
тұрады), Словакия (2 млн-ға жуық халқы бар. Онық 90% — словендіктер,
қалғаны сербтер, итальяндықтар), Хорватия (4,5 млн. халқы бар. Онық 75 —
80%-і — хорват-тар, 11%-і — сербтер, қалғаны — венгрлер, итальяндықтар,
чехтар және т.б.), Черногория (600 мың халқы бар. Оның 65%-і —
черногорлықтар, қалғаны — албандықтар, мұсылмандар, сербтер, хорваттар).
Жалпы Югославия халқының 5 процентін югословендер деп атайды. Олар әр
ұлттың өкілдері қосылып, жанұя құру арқылы туған, өздерін ешқандай ұлтқа
қоспайды.
60-жылдардың аяғынан бастап Югославияда әр республика өзін-өзі басқаруға
бағыт алды. Федерацияның билігі мен міндеттері тарыла берді. Әр республика
өзін-өзі қамтамасыз етіп, бұрыңғы байланыстар үзіле берді, сауда-саттылық
және т.б. қатынастарды шет елдермен жүргізуге тырысты,
1988 жылдың қараша айында Югославия конституциясына түзетулер енгізілді. Ол
бойынша "келісімдік экономикадан" нарықтық-жоспарлы экономикаға көшу үшін
ортақ товар айырбасының өрісі (рынок), жалпымемлекеттік
экономика мен құқықтық жүйе болуы керек. Сондықтан федерация дәрежесінде
қабылданған шешімдерді іске асыру үшін үкіметке республикалар мен
өлкелердің жұмысына тікелей араласуға құқық беріледі. Одактық федералдық
органдар бірыңғай, бүкіл елге билігі жүретін қаржылық, салықтык,
несиелік-банктік, валюталық және т.б. жүйелер ұйымдастырды. Сонымен қатар
елдің ғылыми-техникалық дамуының бағдарламасын жасады. Мұның бәрі өз алдына
бөлек, еркін күн кешіп үйреніп қалған республикалар мен өлкелерге ұнамады.
Олар бұл шараларды әкімшілік-әміршілдік жүйенің үстемдігі, бұдан кейбір
этникалық топтардың мүддесіне нұқсан келіп, қысым жасалады деп ұқты. Осыдан
барып әр респуб-
лика өз алдына бөліне бастады, этникалық негізде өзара соғыс басталды.
Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың тарихи даму ерекшеліктерінің және
мемлекеттің арнайы жүргізген саясатының арқасында бұл елде этникалық
жағынан әр түрлі, бірақ бір ұлттық болып саналатын мемлекет қалыптасты.
Көпшілікке белгілі, америка халқы осында көшіп келген әр түрлі ұлттардың
өкілдерінен пайда болған болатын. Әр түрлі жағдайда келіп бұл елдің
құрамына енген. Сондықтан бұл топтар бүгінгі күнге дейін ассимиляциялық
процестің әр түрлі сатысында тұр. Мүмкін сондықтан болар, АҚШ азаматтығын
куәландыратын құжаттарда "қай этникалық құрылымға жатасың" деген сауал
қойылмайды. Дегенмен, ғалымдардың пайымдауынша, онда тұратын адамдар АҚШ-
тың азаматтығымен қатар жүрегінің түбінде өздерінің шыққан тегін де
ұмытпайтын көрінеді. Осының бәрін ескергендіктен бе, АҚШ-тың құрылған
алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін-өзі басқаратын ұйымға айналып кету
мүмкіншілігі бар ұлттыкқ әкімшілік-территориялық бірлестікті болдырмауға,
ұлттық тілдерді коғамдық-саяси өмірде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz