ӘЛЕЙХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:

ӘЛЕЙХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ

ТЕКСЕРГЕН: ДАУТ ДОС
ОРЫНДАҒАН: ҮСЕНҚҰЛОВА.

АЛМАТЫ-2007

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ

Әлихан Бөкейханов (1870—1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік
қарама-қайшылықтар шиеленісіп тұрған тұста шыққан қоғамдық ойдағы ірі тұлға
болды.
Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, қоғамдық құбылыстар
мен процестерді жан-жақты терең талдап, әлеуметтік және саяси мәні зор тың
тұжырымдар жасайды. Бұл мәселелер оның Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және
оның мәдени жетістіктері, Қазақтар, Сұлтан Кенесары Қасымов тарихына
материалдар, Би һәм билік, Далалық өлкенің ортасындағы орыс қоныстары,
Екі жол, Төртінші Дума һәм казақ және т.б. монографиялары мен
мақалаларында көкейкесті проблемалар ретінде қарастырылып зерттелді.
1896-1901 жылдары қазақ сахарасынын Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің
жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларынын
пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған
Ф.А.Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә.Бөкейханов бастапқыда
статист қызметін атқарады, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.
Экспедиция барысында алуаи түрлі деректі материалдар жинады. Үй санын,
кора, мал санын есепке алды. Экспедиция өзіне жүктелген міндеттерді біршама
орындап шыққаннан соң сонда жиналған құнды материалдарды Ә. Бөкейханов
топтастыруға, өңдеуге, оның ғылыми нәтижесін жазуға атсалысады. Есеп беру
құжатын дайындауға қатысады. Жер мен өзен-көлдерді картаға түсіреді.
Қазақтардың тіршілік-тынысының негізгі тәсілі болған шаруашылық формаларына
жан-жақты сипаттама береді. Бай мәліметтерге жүгіне отырып, ол Омбы,
Қарқаралы, Семей, Павлодар өңірлеріндегі тарихи жерлерді картаға
белгілейді. Шаруашылық түріне орай қалыптасқан қазақ қауымдастығын зерделей
келіп, этностық қалыптасу процесін, тарихи шежіресін, ата қонысын анықтап
жазады. Қазақтардың жүргізіп отырған шаруашылығының қаншалықты пайдалы
екенін, сонымен бірге жоғарыда айтылған төрт уезге Ресейдің ішкі аймағынан
қоныс аударған қара шекпенділердің тыныс-тіршілігін қарастырып, олардың
негізгі кәсібі болып отырған егін шаруашылығының өнімсіздігіне көңіл қояды.
Экспедициядағы жұмыс Ә.Бөкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақта
тұратын казақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жакты, жете білуіне мүмкіндік
жасап, патша үкіметінің бұл өлкеде жүргізіп отырған саясатының қазақ
халқының мүддесіне сай еместігін әшкерелетеді, сөйтіп ол орыстың
қоныстандыру саясатына табанды түрде қарсы тұрады.
1910 жылы Санкт-Петербордан шыққан Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық
қозғалыстардың түрлері деген жинақта Казақтар деп аталатын көлемді
еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде казақ коғамында қалыптаскан саяси-
әлеуметтік жағдайдың себептері мен салдарларын, патша өкіметінін ұстаған
отаршылдық, қоныс аудару саясатына қазақ халқының көзқарасын, олардың қоныс
аударушы қара шекпенділермен арақатынасын, Алаш қозғалысының алға қойған
мұрат-міндеттерін, т.б. маңызды мәселелерді талдап, сипатын, мазмұнын
ашады.
Ә.Бөкейханов өзінің шығармаларында қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен
дамуының зандылықтары мен тарихи кезеңдерін маңызды әлеуметтік-саяси
процесс ретінде карастырып, қазақтың үш жүзінің патшалық Ресейдің құрамына
енуінің мотивтеріне назар аударады. Хан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-
азаттық қозғалысының түпкі мақсатын, оның әлеуметтік-саяси маңызын, жеңілу
себептерін карастырып, одан тағылым алады. Кенесары хан көтерілісінің
сәтсіздігі Әлиханды өз халқын еркіндік пен теңдікке жеткізетін күрестің
жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіруге септігін тигізді. Нәтижесінде ол
күрестің екі жолын анықтайды: оның біріншісі -саяси күрестің бейбіт жолы
саналатын парламенттік күрес әдісі еді. Екіншісі - дамыған халықтардың
мәдениетін қабылдау жолы. Соиың негізінде қазақ халкының өнері мен білімін
дамыту, ұлттық және саяси санасын қалыптастыру еді. Қазақтың ұлт болып
өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, - дейді ол, - ең алдымен, халықтын
сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін
өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат
өмір сүре алады.
Осы жаңа стратегиялық бағыт Алаш қозғалысыиың лидері Ә.Бөкейхановтың
және де басқа да қазақ зиялыларының саяси тәуелсіздікке буржуазиялық-
демократиялық деңгейде қол жеткізуге болады деген түсінігін қалыптастырды.
Кейін бұл көзқарасты тереңдете келіп, ұлт-азаттық қозғалыс жеңіске жетер
болса, онда қазақ қоғамының мемлекеттік-саяси құрылысы батыс елдеріндегідей
буржуазиялық-демократиялық құрылыс болады деген қорытынды жасайды.
Қазақ халқының ұлттық және саяси санасын көтеру деп және қоғамдық
пікірді қалыптастырудағы баспасөздің рөлін жоғары бағалаған Ә.Бөкейханов
ана тілінде газет басып шығару жұмысын ұйымдастырып, соның негізінде
Қазақ газеті (1913) шықты. Газет өзінің төңірегіне қазақтың зиялыларын
біріктіріп, олардың саясат, экономика, әлеуметтік және мәдениет туралы
мақалаларын басып отырды. Ә.Бөкейхановтың 250 аса мақалалары, ғылыми
зерттеулері осы басылымда жарық көрді. Еңбектерінде қазақ халқының
әлеуметтік жағдайын қарастырумен қатар, патшалық отарлауға қарсы жаңа өрлеу
ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық ұйымдасқан сипат беру жолдарын
қарастырды.
Ә. Бөкейханов Ресейдің заң шығарушы органы Мемлекеттік Думаға депутат
болып сайланған санаулы ұлт өкілдерінің бірі еді. Ол Дума мінбесін өз
халқының түбегейлі мүдделерін қорғайтын орынға айналдыруды мақсат етті.
Өйткені Дума қазақтардың маңызды проблемаларын шеше ме деген үмітте болды.
Сондықтан Дума сайлануына үлкен мән берді, халыққа арнап оның мазмұнын
ашатын еңбектер жазып, ақпарат құралдарында жариялап отырды. Мұның өзі
халықтың саяси санасын көтеруде зор рөл атқарды.
Ресей патшалығы ішкі мекендерден жерсіз шаруаларды шет аймақтарға
қоныстандыруды отарлау саясатын бейбіт жолмен жүзеге асырудың тиімді тәсілі
ретінде қараған. Осы әрекеттерін сырт көзден жасыру үшін, оны занды процесс
ретінде көрсету үшін түрлі құжаттар қабылдаған. Мысалы, 1909 жылдың 9
маусымында Министрлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
Алаш орданың саяси-құқықтық нормалары
Қанды жексенбі оқиғасы
Қозғалыстың басталуы және сол кездегі қазақтардың жағдайы
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы
Ел тәуелсіздігіне – 20 жыл
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Пәндер