Вебер Макс
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Вебер Макс 2
М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі көзқарастары 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
Вебер Макс
Вебер Макс (24.4.1864, Эрфурт — 14.6.1920, Мюнхен) — неміс социологы,
философ. Вебердің дүниетанымдық көзқарасы жаңакантшылдық ағымның ықпалы
негізінде қалыптасты. Вебердің пікірінше, қандай болмасын әлеумeттік-
экономикалық құбылыстың мәнін оның объективті жақтары ғана емес, ең алдымен
зерттеушінің көзқарасы, осы процеске берілетін мәдени маңыз анықтайды.
Қоғамдық ғылымдар құбылыстардағы жалқылықты зерттейді деген пікірге келіп,
ғылыми абстрактілеуді “идеалдық типпен” алмастыруға тырысты. Вебер бойынша
“идеалдық тип” өмір шындығын бейнелемейді, бұл — жалғыз-жарым фактілерді
жүйеге салу мен түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары қоғамдық-
экон. формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталды. Вебердің
“идеалдық тип” теориясы, сондай-ақ, оның тарихи факторлардың “көптігі”
концепциясы және “рационалдық” идеясы мемлекеттік институттар қызметінің
негізі ретінде қазіргі социологияға зор ықпал жасады.
“Протестанттық этика және капитализмнің рухы” еңбегінде. Вебер
өркендеп келе жатқан капитализм мен XVІІ ғасырдың протестанттық
құндылықтары арасындағы байланысты көрсетеді. Оның “таза типтік заңды
билік” концепциясында үш түрлі: жария, дәстүрлі және харизмалық биліктің
бар екенін көрсетеді.
М. Вебердің әлеуметтану жөніндегі көзқарастары
Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы
ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864-1920)
болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің
әлеуметтанулық көзқарастарының көптеген жақтары қайтадан ой елегінен
өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы,
түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін
әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр. М. Вебердің
әлеуметтанудық көзқарастарының қалыптасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті
ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли,
Т. Гоббс, Ф. Ницще және басқалары болды. Вебердің өзі көптеген ғылыми
еңбектер жазды, солардың ішінде "Протестанттық этика және капитализм рухы",
"Шаруашылық және қоғам", "Әлеуметтік-ғылымилық және әлеуметтік-саяси
танымның объективтілігі", 'Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары
туралы", "Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар" туындыларын атап айтуға болады.
М. Вебер көзқарасы тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану ең
алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік
қызметін зерттеуі тиіс. Алайда, олардың кез келген мінез-құлқы мен қызметі
әлеуметтанудың зерттеу пәні бола алмайды. Оның пәні, біріншіден, адамның
және адам топтарының мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа
субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізген ықпалын
және олардың бұған жауап реакциясын есепке алуын қарастырады. Егерде әрекет
өзге адамдар тарапынан жауап реакция алуға есептелмесе, айталық, машиналар
немесе табиғат тарапынан болатын жауапты Вебер әлеуметтік деп санауға
болмайды дейді. Сонымен бірге еліктеу әрекеті де әлеуметтік әрекет қатарына
жатпайды. Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды мақсатты
әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге
ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен
заттар құралдар ретінде қолданылады; 2) құнды ұтымды әрекет — белгілі бір
абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде
жетуге бағытталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі
мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет дағдымен
іске асатын әрекеттің түрі. Әйтсе де, М. Вебер осы типтердің шартты екенін
мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттегенде көп жағдайда аралас
мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез келген адамның әрекеті мотивтен
туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективтік мағынаға ие болады. Сөйтіп, М.
Вебер әрекеттің мотивін, мақсатын ұғынуды әлеуметтік зерттеудің бірден-бір
міндеті деп түсіндіреді. Өйткені қоғамдық қатынастар жеке адамдардың өзара
әрекетінің нәтижесінен құралады. Әлеуметтік әрекеттер, Вебердің айтуынша,
адамнын немесе адам топтарының саналы пайымдалған өзара әрекет жүйесін,
осыдан келіп олар түсінуші әлеуметтану деп аталатын түсіну пәнін құрайды.
Мәселенің мәні мынада: егерде адамның әрекеті ойластырылған және іштей
бірдемеге бағытталған болса, онда әлеуметтанушы бұл әрекеттердің мазмұнымен
қатар, олардың басқа адамдар үшін қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін
көре білуі тиіс. Субъектінің осы қызметтегі мотиві, басшылыққа алған рухани
құндылықтары есепке алынады. Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік әрекет
субъектісінің рухани дүниесінің мазмұнын пайымдап, түсіну қажет. Осы рөлде
әлеуметтану түсінуші ретінде қарастырылады.
М. Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты, оның
міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай
ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай
себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын
ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың
талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін
ұғындыру негізге алынды.
Субъектілерінің әлеуметтік әрекеттерін және олардың ішкі жан дүниесін
түсіндіру түсінуші әлеуметтануда логикалық тұрғыдан болуы мүмкін, яғни
ұғымдардың көмегімен пайымдалған және таза эмоционалды болуы ықтимал. Бұл
жағдайда әлеуметтанушының түсінуіне "сезімдік", әлеуметтік әрекет
субъектісінің ішкі жан дүниесіне "төселу" арқылы қол жетеді. М. Вебер бұл
процесті өз бойынан өткізу деп атаған. Адамдардың қоғамдық өмірі
қалыптасатын әлеуметтік әрекеттерді қайсыбір деңгейде түсіну өз рөлін
атқарады. Бірақ Вебердің ойынша, әлеуметтік процестерді логикалық түсіну,
оларды ғылыми деңгейде пайымдау өте маңызды. Олардың "сезімдік" деңгейде
қол жеткен табысын М. Вебер зерттеудің қосымша әдісі ретінде сипаттады.
М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықтар проблемаларынан,
соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар мәселелерінен
айналып өте алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі
субъектінің саналы түрдегі түсінігі туралы болып отыр. Өйткені олар
субъектінің қызметі мен мінез-құлқының мазмұнын және бағытын анықтайды.
Сонымен бірге әлеуметтанушы да белгілі бір құндылықтар жүйесін басшылыққа
алады. Бұл оның зерттеуінің барысына және нәтижесіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz