О. Конт – социологияның негізін қалаушысы туралы
О.Конт – социологияның негізін қалаушы
Социологияның дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста
француз философы О.Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен
Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның
1830-шы жылдары Позитивті философияның құрылысы деп аталатын 6 томдық
еңбегі жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары
айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт социология
деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу максатын қояды.
Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз
болады.
О.Конт социологияның қажеттілігін калай негіздеді деген сұрак туады?
Бұл мәселені О.Конт философия саласындағы өзінің адам ақылы дамуының үш
сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық,
метафизикалық және позитивтік (ғылыми) сатылар. Екінші сөзбен айтқанда
оларды адам интеллектінің дамуының үш тарихи қалпы деп айтуға болады. Яғни,
бұл адам ақылы өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты ойлаудың ең алдымен
теологиялық (діни), содан кейін метафизикалық, одан кейін позитивтік
(ғылыми) тәсілдерімен қолданатындығын көрсетеді. Демек, адам ойлаудың
алғашқы, теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене
отырып түсіндірген. Ал екінші метафизикалық сатыда діни негіздерден бас
тартады да құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы
түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас
тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты
байланыстарды анықтауға негізделеді. Конттың пікірінше, ойлаудың алдыңғы
сатылары кейінгілерге негіз болып отырады. Адам ақыл көзінің дамуы осы үш
сатының бірінен екіншісіне, одан үшіншісіне өту эволюциясын көрсетеді деп
түжырымдайды Конт. Сөйтіп, позитивтік ойлау алғашында математикада,
физикада, астрономияда қолданылды дегі көрсетеді. Содан кейін ойлаудың
ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды дейді. Ал социологияны
позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Басқаша айтканда, адам ақылының
бақылау арқылы біліми тұжырымдар жасау процесінің шегі ретінде социология
пайда болуы керек немесе социология жасалынуы керек деп қорытындылайды.
Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, социология биологиядан кейін пайда
болған. Егер биология қозғала алатын немесе әрекет жасай алатын барлық тірі
жануарлар дүниесін зерттейтін болса, социологияның одан айырмашылығы сол,
ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп
көрсетеді. Яғни социология адамды өзі сияқты адамдардың ортасындағы қарым-
қатынасы тұрғысынан қарастырады. Екіншіден, социология өзінің
зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді деген пікірге
келеді. Демек, социология өзінің теориялық талдауларында әр түрлі
бақылаудың, эксперименттердің нәтижелеріне салыстыру арқылы алынған
эмпирикалық мәліметтерге сүйенеді деген сөз.
О.Контты социологияны жасауға итермелеген екінші бір нәрсе — ол
енбектің бөлінуі және кооперациялану занының ашылуы. Осы факторлар қоғам
дамуында маңызды роль атқарады. Өйткені еңбектің бөлінуі мен кооперациясы
арқылы қоғамда көптеген жетістіктерге жетуге болатындығын мойындай отырып,
Конт, сонымен бірге ол факторлар (еңбектің бөлінуі мен кооперациялануы)
қоғам негізін әлсіретіп, күйреуге де әкелуі мүмкін дейтін пікір айтты.
Себебі, олар байлықтың біржақты шоғырлануына, адамды адамнын қанауына, бір
жақтылы кәсіптенуіне, адамның бұзылуына бағытталған деп көрсетіледі. Ортак
әлеуметтік сезім бір бағыттағы маман иелерін ғана біріктіре алады. Ал ондай
сезім оларды басқа маман иелеріне қарсы қоюы мүмкін. Осыдан топтық,
кооперациялық эгоистік мораль қалыптасады да, олар өз тарапынан бүкіл халық
арасындағы бірлік, ымырашылдық сезімді бұзады деген қорытынды жасайды.
Міне, сол халық арасындағы бірлік пен ынтымақты қалыптастыруға ықпал ету
үшін, оған мүмкіндік туғызу үшін социология пайда болды деп көрсетті Конт.
Тегінде Конттың социологиялық, концепциясының басты өзегі —
әлеуметтік реттілік пен әлеуметтік прогресс мұраты болып табылады.
Қазіргі қоғамдағы ірі саяси және моральдық күйзелістерді Конт ең алдымен
адам ақылындағы иерархиямен байланыстырады. Ол бүгінгі әлеуметтік
гармонияның табанында жатқан нәрсе — ол ақылдағы қайшылық болуы мүмкін
деген қорытындыға келді. Қоғамдық процестерді қадағалап жүрген адам және
социолог қоғамда ортақ идеяның жоктығын бірден байқауына болады, сондықтан,
эмпирикалық факторларды зерттеу негізінде жаңа ортақ идеяларды көтере
отырып, жаңа қауымдастықтардың құрылу принциптерін аша отырып қоғамдық
күйзелістерді толық жоюға болады деп есептейді. Жеке дара дарынды адамдар
ақылға ақыл қоспайынша ортақ идея жасалынбайды, ал ортақ идеясыз, ортақ
ақылсыз парасатты қоғамды құру туралы парасатты доктрина жасалынбайды
дегенге келеді. Қаншама уақытша саяси шаралар қолданғанмен де, қоғам
революциялық жағдайда қала береді, адамдар қауымдастығы уақытша сипат ала
береді деп көрсетеді Конт. Алайда Конт қоғамының табиғи қозғалысына өте
сақтықпен, байыппен, даналықпен араласуды ескертеді. Ал ол үшін адамның
жеке өмірі және олардың қауымдастық өмірі туралы білімді, сондай-ақ
адамдардың ойы, сезімі, әрекеттері туралы білімді бірыңғай жүйеге келтіру
керек деп есептейді. Адамзаттың табиғи даму желісіне тек дәл баға беру
арқылы ғана оның бағытына жариялалық тұрғыдан ықпал жасауға болады деп
көрсетеді.
О.Конт социологияны негізінен екіге бөледі: әлеуметтік статика және
әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статика әлеуметтік жүйенің өмір сүру
жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.
Конт социологиясының бұл бөлімінде негізінен әлеуметтік
институттардың. әсіресе: жанұя, мемлекет, дін сияқты институттардың
қоғамдық қызметі және қоғамдағы бірлікті қалыптастырудағы ролі
қарастырылады. Ал әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің өзгеру және даму
заңдылықтарын зерттейді. Яғни, мұнда Конт қоғамдық прогресс теориясын
дамытады.
Бұл жерде Конт, қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның
рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Екінші сөзбен айтканда, Конт үшін
әлеуметтік динамика — ол қоғам анатомиясы, қоғамның реттілігі туралы
теория, қоғамдық тіршілікті ұйымдастырудың ең жоғарғы үлгісіне, әлеуметтік
гармонияға жету теориясы. Конт қоғамды тірі организммен салыстыра отырып,
оны әртүрлі органдар құрастырады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет
атқарады деп көрсетеді. Демек, бір органның қызметін бүкіл организм
жүйесінен бөліп алып қарауға болмайтыны сияқты, қоғамдық жүйеде де оның бір
құрылымдық элементінің қызметін қоғамдық бүтіннен тыс қарастыруға
болмайтындығын айтады. Бүтін мен бөлек арасындағы диалектикалық байланыста
немесе қоғам мен адамның сондай қатынасында, Конт үшін басты нәрсе қоғам
болып есептеледі. Себебі, адам өзінің әлеуметтік болмысын өзі жеке-дара
қалыптастыра алмайды, керісінше, оның әлеуметтік табиғатын анықтайтын қоғам
деп көрсетеді.
О.Конт қоғамды әртүрлі құрылымдық элементтерге бөле отырып, жанүяны,
мемлекетті және дінді қоғамдағы органикалық бірлік пен ынтымақты қамтамасыз
етудегі маңызды элементтер ретінде ерекше бөліп алып көрсетеді. Ол қоғамды
құрайтын бастапқы единица индивид емес, ең алдымен жанұя деп есептейді.
Оның пікірінше, адамда әлеуметтік бастамалар немесе қоғами қасиеттер
болғанымен, адамда табиғатынан көбінесе эгоистік қасиеттер басым болып
келеді. Сондықтан бүкіл адамзат тарихы, Конттың түсінігінше, адамдағы
эгоистік бастамаларды немесе қасиеттерді жеңу тарихы болып көрінеді. Мұндай
қасиеттер әсіресе адамзат тарихының алғашқы кезендерінде басым болған.
Кейін индустриялы қоғамның дамуына байланысты ондай қасиеттер азая бастады
Бұл процесс келешекте қоғамның альтуристік бастамасының қалыптасуына және
оның таралуына әкеледі деген пікірді айткан болатын. Альтуризм —
(лат.тілінің alte — басқа деген сөзінен шыққан - одан француз тіліне
altruisme — болып енген) - басқаның камын ойлау деген мағынаны береді.
Яғни, О.Конттың пікірінше, жанүяның басты қызметінің бірі - жас ұрпакты
альтуризм рухында тәрбиелеу болып табылады. Демек, жанұя адамдағы туа
бітетін эгоистік, өзімшілдік қасиеттерді жоя біледі деп көрсетеді.
Мемлекет — Конттың түсінігінше, қоғамдық реттілікті орнатушы,
қоғамдық рухты көрсетуші болып табылады. Сондай-ақ, мемлекет қоғамдағы
бірлік үшін күресіп, ортақ идеяның бұзылуына жол бермейді. Онсыз қоғамдық,
прогресс жоқ деген Конт. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сактау, мемлекетке
бағыну, оның құзырын қадірлеу әрбір адамның басты міндеті болып табылған.
Алайда қоғамдағы тұтастық, ең алдымен рухани, моральдықбірлікке негізделуі
тиіс болған. Бұл түста Конт діннің құзырын ерекше кояды. Яғни діни наным-
сенім қоғамдағы әлеуметтік татулық пен бірліктің ірге тасы деп біледі. Егер
дінге сенім бұзылса, әлеуметтік байланыс бұзылатын болған.
Конттың пікірінше, әлеуметтік динамика — қоғам дамуының позитивтік
теориясы. Қоғам дамуындағы нәсіл, халықтын өсуі, енбектің бөлінуі сияқты
факторлардың ролін жоққа шығармай отырып, ол қоғамдағы рухани, ақыл күшінің
ролін жоғары кояды. Әрбір тарихи кезеңдегі қоғамның сипаты және оның даму
бағыты,
Конттың пікірінше, адам ақылының жағдайымен айқындалып отырады.
Жоғарыда көрсетілген адам ақылы дамуының үш сатысына (теологиялық,
метафизикалық, позитивтік) қоғамдық прогрестің үш дәуірі сәйкес келеді
деген пікірді айтады.
Алғашқы — теологиялық кезеңге — көне дәуір мен XIII ғасырға дейінгі
Ерте орта ғасыр сәйкес келеді. Бұл дәуір діни көзқарастың үстемдігімен
сипатталады. Екіншісі - метафизикалық кезең - XIV—XVIII ғасырлар
аралығындағы ескіден жаңа дәуірге ету кезеңіне сәйкес келеді. Бұл дәуірде
рухани салада философ - метафизиктер алда болды, ал саяси салада —
заңгерлер, әдебиетшілер, публицистер алғы шепте болды деп көрсеткен. Бұл
дәуір теологияның ықпалын бұзғанымен, өз тарапынан екінші бір қиындықхарды:
революцияны, анархиялық. республикаларды, индивидуализмді, либерализмді,
демократияны туғызды деп көрсетті Конт. Осының өзі қоғам дамуындағы
үйлесімдікті бұзды дейді.
Үшінші — позитивтік кезеңге — XIX ғасырдан басталатын дәуір сәйкес
келеді, яғни бұл тұсқа ірі өнеркәсіптің, ғылымның, соғыс рухының,
милитаризмнің, ескіге кеткен аристократияның орнына социократияның келуі,
қоғам дамуында қондырмалық ғылымдарға сүйену, социологияға сүйену дәуірі
сәйкес келеді. Рухани өмір тұғырына ғалымдар, философ - позитивистер және
өнер қайраткерлері көтеріледі. Діни нанымның орнына жалпы адамзаттың
мәртебесін жоғары ұстаған, оған сүйіспеншілікпен қараған, жалпы адамзатқа,
қоғамға, жеке тұлғаға табынған құбылыс ретінде позитивизмнің келуімен
айқындалады деп көрсетіледі. Бүкіл шаруашылық өнеркәсіп пен техникалық
мамандар билеген заман ретінде мойындалады. Позитивтік саясатты іске
асырудың О.Конт тізгінін пролетариату береді. Бірақ мұнда Конт
пролетариаттың социалистік идеядан бас тартпауына және мызғымас жеке
меншікке нұқсан келтірмеуіне үміт артады.
Социология ғылымының негізін салып, оны дамтыудағы Конттың ролін
анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді
қолданды немесе алғаш рет қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігін
негіздеді. Демек, ол ғылыми жолмен қоғамның ішкі жасырын жатқан
заңдылықтарын ашуға болатындығын дәлелдеді. Оны алғашында әлеуметтік
физика, сонан кейін социололгия деп атады. Екіншіден, социологияны әртүрлі
эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады.
Ол ондай көзқарастың қоғам реттілігі үшін практикалық негіздерін қамтамасыз
ететіндігіне сенді. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық
зерттеулерді жүргізу мөселесін көтереді.
Төртіншіден, тарихи дамудың заңдылық сипатын, әлеуметтік құрылымының
жалпы контурын және ондағы кейбір әлеуметтік институттардың езіндік
ерекшелігі мен маңызын негіздеді. Бесіншіден, Конт өзінің позитивтік
социологиясын екі концепцияға боледі: әлеуметтік статика және әлеуметтік
динамика. Әлеуметтік статиканың әлеуметтік институттар арасындағы өзара
байланысты ашатындығын анықтады. Ал әлеуметтік динамиканың қоғамдағы
реформаға жағдай жасап, табиғи өзгерістерді зерттеуге көмектесетіндігін
дәлелдеді.
Қорыта келгенде, О.Конттың социологиялық концепциясында басты екі идея
жатыр. Біріншісі — қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану болса; екіншісі —
әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы. Ғылыми
білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.
Герберт Спенсер
Герберт Спенсер (1820-1903) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы,
психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі,
әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі.
1820 жылы Англияның Дерби деген шағын қаласында мектеп мұғалімінің
отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке
бармаған. Әкесі мен ағасының көмегімен үйінде оқып, өмір бойы өздігінен
білім алуға және өз күшіне сенуге машықтанған. Бұл, бір жағынан,
тұжырымдарының өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне оң ықпал етіп, осы үшін
көзі тірісінде “ағылшын Аристотелі” деген атқа ие болса, екінші жағынан,
дүниетанымының қалыптасуына тірек болған және өз бетінше игерген
жаратылыстанудың ескі қағидаларынан аса қиындықпен бас тартуының салдары
болды.
Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми
қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді.
Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837-1846),
“Экономист” журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет
атқарды, саяси өмірге араласуға тырысты.
Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол
теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен
біріктіре отырып, мыналарды қамтыды: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың
алғашқы принциптері туралы кітап), “Биологияның негіздемелері” (1864-1867),
“Психология негіздемелері” (1879-1893), “Әлеуметтану негіздемелері (3
томдық, 1876-1896). Басқа да аса маңызды әлеуметтану еңбектері –
“Әлеуметтік статика” (1850) және “Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде” (1873).
Философ және ғалым Герберт Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың
бірі деп әділ түрде есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты
әлеуметтанудың пайда болуы және жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен
сәйкес келеді. Ол әлеуметтануды ғана емес, антропологияны дамытуда да
маңызды рөл атқарды, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және
эволюциялық мектептерінің негізін қалады. Ағылшын әлеуметтану мектебінің
пайда болуы Спенсердің есімімен байланысты деп сеніммен айтуға болады.
Г.Спенсердің барлық әлеуметтану ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған,
Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық
теориясы - табиғат философиясының құрамдас бөлігі, өйткені әлеуметтік
эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ
принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және
барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым
да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция әдісімен зерттеп
біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің
шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және
тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.
Спенсер өзінің теориялық декларацияларында әдетте ХІХ ғасырдың
эволюционизмімен байланыстыратын осындай біржақты прогресс идеясымен
күреседі. ХХ ғасырдың неоэволюционистері тәрізді Спенсер кейбір
қоғамдастықтар мен институттарды ұйымдастырудың регрессивтік оңайландыру
процесін қоса алғанда әлеуметтік эволюцияны бір ғаламдық процесс ретінде
емес, дивергентті, ерекше, біршама автономды процестер жиынтығы ретінде
түсінді. Сөйтіп, ол Конттың “бүкіл жер шарында жабайы және өркениетті
тайпалар өмір сүретін қоғамның әртүрлі нысандары тек бір нысанның түрлі
сатыларын құрайды: сонымен қатар, әлеуметтік типтер, жеке-дара организмдер
типі сияқты белгілі қатар құрмайды, тек бөлшектелген және тармақталған
топтарға бөлінеді” деген “елеулі қатесін” сынайды.
Спенсер өзінің теориясында эволюциялық сатылардың сызықтық емес
тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дәрежесімен
өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі Спенсер бойынша
қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрылымдарға өту
қозғалысы болды, мұнда неғұрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара
байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді.
Спенсер эволюция мәнін ашу мәселесімен айналысып, оны қарапайымнан
күрделіге өту, үдемелі қозғалыс ретінде қарастыра отырып, эволюцияны
құлдырау процесіне қарсы қояды. Дәйекті позитивист болған ол материяның
барлық түрлеріне (өлі түрінен әлеуметтік түрге дейін) бірдей заңдылықтар
болатынын көрсетеді. Ал материяның барлық түрлерінде өтетін өзгерістер мәні
мынада деп біледі.
Әр түрлі материалдық денелер бір-біріне қарама-қарсы екі процесте
(интеграция және қозғалыс) бірдей өмір сүре алады; бұл арада мынаны ескеру
қажет: 1) қозғалыстың жоғалуы (нақты айтқанда, ұштасуы) интеграцияға
әкеледі; 2) бірыңғай дененің ыдырауы - кері интеграция - кезінде оның
құрамына кірген, ал қазір бөлініп кеткен материалдық бөлшектер қайтадан
қозғалысқа түседі. Бір-бірімен антагонистік қатынаста тұрған осы екі
процесті Спенсер: 1) эволюция және 2) іріп-шіру деп атайды. Іріп-шіру
қозғалыстың босатылуы мен материяның кері интеграциясын білдіреді. Ал
эволюция, керісінше, бірігу процесі, материя мен қозғалыстарды байланыстыру
интеграциясы болып табылады.
Осы эволюция мен кері интеграция процестерін Спенсер өзінің “Негізгі
бастамаларында” материяның біртекті (гомогенді) күйінен әр текті
(гетерогенді) күйіне өту нысандарының мысалдарымен көрсетеді.
Жануарлар организмінің өсуі мен эволюциясы, мысалы, оны қоршаған
өсімдіктер мен жануарлардың құрамына кіретін түрлі элементтерді сіңіру,
өңдеу және қайталама шоғырлану процесінде жүріп отырады.
Осыған ұқсас көптеген процестерді әлеуметтік организмдердің эволюциясы
барысында байқауға болады. Спенсер адамзаттың шағын қауымдастықтан бірте-
бірте іріленуге қарай интеграциялануының бірқатар мысалдарын келтіреді.
Шағын шаруа қожалықтары үлкен феодалдық иеліктерге бірігеді; бұл иеліктер
провинцияларға, провинциялар - корольдіктерге, корольдіктер үлкен
империяларға бірігеді... Сөйтіп, бұл әлеуметтік байланыстардың
күрделіленуімен (сонымен қатар, нығаюымен), басқарудың жаңа органдарының
қалыптасып, олардың функцияларының күрделіленуімен қатар жүреді. Эволюция
процесін тіл сияқты материалдық емес жүйелердің дамуынан байқауға болады.
Қарапайым дыбыстардың сөздерге бірігуі кезінде ауызша тіл мен жазбаша тіл
ережелері күрделіленіп дами түседі, сонымен қатар осы күрделіленген жүйе,
неғұрлым біріккен, бөлінбейтін тұтас құрылымға айналады. Бұл еңбек
құралдарына да қатысты, олардың прогресі қарапайым және көлемі кіші
құралдардан күрделі әрі ірі машиналарға өту процесі кезінде жетіле түседі.
Сонымен бірге, қарапайым нәрседен күрделі нәрсеге, бір тектіден әр
тектіге өзгере отырып, эволюция белгісіз күйден белгілі күйге де өтеді.
Қаңғыбас жабайы тайпалар өзінің тіршілік орындары жағынан да, ішкі құрылысы
жағынан да, тайпа мүшелерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастары жағынан
да тұрақсыз бола отырып, әлеуметтік эволюция барысында өзінің белгілі бір
тіршілік ету орнына, айтарлықтай тармақталған еңбек бөлінісі бар ішкі
әлеуметтік құрылымға, отбасында атадан балаға өтіп отыратын еңбек түріне ие
болады (отбасының пайда болуының өзі барлық адамдарға ортақ туыстық
қатынастар нормаларының орнауымен, мүшелерінің арасына құқықтар мен
міндеттер шеңберін белгілеумен байланысты).
Эволюция барысында қозғалыстарды қайта бөлу жетілдіріле түседі. Мәселен,
планетаның балқыған массасының құрамына кірген бөлшектер тәртіпсіз, ретсіз
қозғалыс күйінде болды. Осы массаның сууына байланысты жіңішке (бірақ бірте-
бірте жуандай беретін) қатты қабық пайда болды. Оның қалған бөлшектерінің
қозғалысы - көтеру мен түсіру, созылу мен сығылысу – барған сайын реттелген
қозғалыстарға айналып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz