Дін социологиясының шығуы мен қалыптасу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы 2
Дін социологиясының ғылыми құрылымы 2
Әдебиеттер 9

Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы

Дін социологиясы – социология пәнінің бір бөлігі болып табылады.
Қоғамды тұтастай зерттейтін социология ғылымының қоғамдық жүйеде өзінің
алатын орны бар және онда атқаратын түрліше қызметтері бар дін феноменін
елемеуі мүмкін емес. Социология ғылыми өзінің пайда бола бастағанынан бері-
ақ және қазіргі кезде де дін атаулыны қоғамның әлеуметтік жүйесінің өте бір
маңызды элемент деп қарайды. Социология ғылымының бұл ұстанымының негізінде
қоғамның практикалық өмірі жатқаны белгілі.
Дін социологиясы ХІХ ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек
айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оның пайда болуы мен
қалыптасуының әлеуметтік және теориялық алғышарттары болды.
Дін социологиясын социология ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде
қалыптастырған ғалымдардың қатарында алдымен Э.Дюкергейм, М.Вебер, К.Маркс,
Т.Парсонс т.б. болды. Осындай социолог-ғалымдар, философ-ойшылдардың
еңбектерінің негізінде діни социология ғылыми дүниеге келді және
қалыптасты.

Дін социологиясының ғылыми құрылымы

Діни социологияның ғылым ретіндегі пәні – дін мен қоғам арасындағы
диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтары. Діннің мәні - қоғамдық
болмыстың, адам өмірінің, суреттеп айтқанда, “төрт бұрышы түгел болмауына
байланысты”, өйткені, тірі адамды мысалға алсақ, оның жас кезінде арман-
тілегі көп болғанымен, бірақ оны орындауға тәжірибесі аз болады, ересек
кезінде жоспарлары көп жасалмағанмен, бірақ олардың орындалуы көңіл
толтырмайды, ал кәрілік - өмір көрген түстей сияқты ғана болса керек. Ал
енді адамдар өміріндегі бұндай ірі-ірі белес сатыларды былай қойсақ, онда
олардың күнделікті өмірінде көретін ауру-сырқаулықтары, зорлық-
зомбылықтары, сәтсіздіктері қаншама болатындықтары көпке аян. Абай атамыз
айтқандай: “Адам баласы жылап өмірге келеді, өкініп өмірден кетеді”.
Сонымен, өмір болмысының жетімсіздігі – адамдардың мүмкіндігінше
бақытты өмірге талпыну мақсаты, оларды көмектесе алатын бір құдіретті күшті
іздеуге әкеледі. Халықтардың санасында ол құдіретті күш, ол абсолют, ең
алдыменен, ылғи да бар болуы керек, яғни да бар болуы керек, яғни ол
мәңгілік болуы керек. Өйткені ол қай заманның адамдары болмасын, оны
іздемесе де, ол өзі табылуы керек: өйткен адамдар болсын, қазіргі адамдар
болсын және болашақтың адамдары болсын, әрі солай түсінуі керек. Ол
абсолют, екіншіден, бәрін есептеуші бәрін білуші, бәрін көруші болуы керек.
Өйткені кім және қай жерде мінәжат жасап, тілек айтса, ол оған жетуі керек.
Ол абсолют, үшіншіден, ұлы құдірет иесі болу керек. Кім не сұраса оларды
орындауға күші жететін болуы керек.
Адамзаттың барлық болмысын жетілдіре алатын ондай абсолют бұл дүниеде
болуы мүмкін емес. Ол бұл дүниеден тысқары және жоғары тұратын тек құдай
ғана болуы мүмкін.
“Құдай” ұғымы барлық діндерден, соның ішінде әлемдік діндер – Будда
дінінің, Христиан дінінің және Ислам дінінің ең басты ұғымы болып табылады.

Сонымен, діннің мәні бір құдіретті күшті, абсолютті табиғаттан тысқары
тұратын құдай деп түсініп, сол құдайға құлшылық жасау болып табылады.
Дін-тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер болған. Ол
туралы қазіргі заманның геологияға биология, физиология, этнография, тіл
білімі, мәдениет тарихы логика, астрофизика сияқты ғылымдардың мәліметтері
жеткілікті.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының өз себептері, өз жолдары болған.
Олардың ең біріншісі - дін адамдардың көңіл-күйлеріне байланысты
шыққандығы. Адамдардың көңіл-күйлері қатып-семіп қалған феномен емес.
Адамдардың көңіл-күйлері кездескен жағдайларға байланысты бірде қуанып,
бірде күйініп бірде толқып, бірде қапаланып тұрады. “Адам көңіл - көк дөнен
сияқты” дейді халық мақалы. “Көк дөнен” – дегеніміз тықыршып, бір орында
тұрмайтын жас өмірдің өзі болса керек.
Осы үшінші қажеттіктерді, оның түрліше жақтары мен қырларын өз кезінде
Э. Дюркгейм, М. Вебер, К. Маркс және Т. Парсонс сынды социологтар біршама
толық баяндалған болатын.
Сонымен діни социология ғылымы діннің шығуы психологиялық,
гносеологиялық-танымдық және әлеуметтік-таптық себептерден болатындығын
ашып көрсетеді.
2. Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады. Философия
ғылымының қағидасы бойынша, кез келген өмір сүретін құбылыстың, ол үлкен
бе, әлде кіші ме, бәрі бір, өзінің жүйесі болады. Ал діннің де өзіндік
біртұтас жүйесі бар екені сөзсіз. Діннің жүйесі өте күрделі келеді. Діннің
жүйелілік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін социологиясының атқаратын қызметтері
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Пәндер