Еңбек туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЙНАР университеті

Қазақ филологиясы факультеті

ЕҢБЕК
СОЦИОЛОГИЯСЫ

Орындаған:
Жиренбаев Б.

2-курс
Тексерген:
Оразбаева А.Р.

Алматы 2005
1. Еңбек туралы түсінік.
2. Қоғамдық еңбектің құрылымы.
3. Кәсіп – еңбек мазмұнының пайда болу сипаттамасы.
4. Еңбек туралы заңға шолу және жұмыссыздық жайында.

Әлеуметтік процестерді зерттейтін көптеген ғылымның қарастыру аймағында
бұрыннан еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені
ол адамзат қоғамының пайда болу процесінде пайда болады, қоғамды жасады
және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды.
Еңбек туралы ғылым жүйесінде, ең алдымен, қоғамдық еңбек және табиғат пен
қоғамның өзара әрекетінің біртұтас процесі ретінде тұлғаның әлеуметтік
мәнінің өзара байланысын зерттейтін философия туралы айтуға болады.
Еңбек психологиясы адамның еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін
зерттейді, кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу әдістерін әзірлейді.
Еңбек гигиенасы ғылымының басты қарастыру аясында тиімді қоршаған ортаны
жасау, адам ағзасына арналған шарттар мен өзара әрекет ету мәселесі тұрады;
эргономика адамның техникалық жүйелермен өзара әрекетін зерттейді.
Еңбек экономикасы өндірістік қатынастармен бірге өндірістік күштердің
бірлігін: еңбекті бөлу мен ұйымдастыруды, оны нормалауды зерттейді.
Экономикалық социология қоғам өмірінің мынадай екі негізгі саласын
қарастырады: экономикалық және әлеуметтік, қызметкердің өндірістік аядағы
мінез-құлқы, субъектінің өндірістің тиімділігін арттырудағы ролі, сондай-ақ
экономикалық мәдениет пен экономикалық мінез-құлық. Оның қарастыру аясында
экономиканы әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмдері, адамның еңбекке
деген қарым-қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және
жұмыссыздық тұр.
Экономикалық саланың әр түрлі екендігі негізінде әлеуметтік проблематика
саласы да бөлек, экономикалық социологияның да ғылым ретінде өзінің
құрылымы бар, яғни тақырыптық бөлімдер мен бағыттардан тұрады. Олардың
негізгілері мыналар болып табылады:
- еңбек социологиясы, кәсіптер мен істер;
- бөлгіштік, мүліктік қатынастар социологиясы;
- ұйымдастыру социологиясы;
- басқару социологиясы.
Адамның өмір сүруінің негізгі шарты – еңбек, бұл – адамзат қоғамының
негізгі тіршілік ету формасы. Қоғамдық еңбектің генезисі адамзат қоғамының
алғы кезеңінде-ақ адамның ата-бабалары сыртқы табиғат заттарын құрал
ретінде қолдану жөнінде бейімделу қызметін атқарған кезде басталған. Әлі
нақты мақсатты ұстанбаған осы бейімделу қызметі адамның қолдарын және бүкіл
тәндік қасиеттерін жетілдірді (М: бастағы мидың функциясының сапалық
өзгерістері процестері жүрді). Адамдар еңбек құралы ретінде бастапқы кезде
өздерінің қолын, содан кейін таяқтарды пайдаланды, кейінірек құралдар мен
қаруларды жасай бастады, осы кезеңде ғана адамзат өркениетінің дамуы
басталған. Табиғаттың сыртқы келбетін қайта өзгерте отырып, адам өзінің де
ішкі табиғатын қайта жасады. Табиғаттың сыртқы пішінін өзгерту бірінші
кезекте заттарды адамның қажеттіліктеріне икемдеуден басталды. Адам
еңбегінің бастаулары мен пайда болуы еңбек құралдарының өндіріс заттары
болуында жатыр (К. Маркс).
Еңбек мынадай қарапайым сәттерден тұрады:
1. мақсатты қызмет немесе еңбектің өзі;
2. еңбек мәні;
3. еңбек құралдары;
4. еңбек нәтижесі.
Еңбек табиғатты қайта түрлендіру ретінде оның қарапайым сәттері дайын
күйінде берілмей, өздігінен еңбек арқылы жасалған кезде ғана жетіледі.
Бұдан шығатын қорытынды, адам еңбегі белгілі бір қоғамдық топтардың
шеңберінде жүретін саналы және мақсатты қызметті білдіреді. Еңбек – жүзеге
асу процесінде қоғамдық мәні бар белгілі бір материалдық және рухани
құндылықтар жасалатын қызмет.
Социология еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде
қарастырады. Еңбектің субъектісі тек қана адам (машина, жануарлар емес)
болады, еңбек барысында адам өзінің жоғары жаратылыс екендігін көрсетеді.
Еңбек қоғамдық сипатқа ие болады. Әрбір адам өзіне ғана пайдалы емес,
басқалар үшін де пайдалы нақты формада жасайды. Өз кезегінде ол өзінің жеке
қажеттіліктерін өнімдермен басқа адамдардың еңбегі өзіне ғана емес, сонымен
бірге басқаларға да арналған нақты еңбегі кірігіп кететін формада
қамтамасыз етеді. Өндірушілер сондықтан да басқалардың қажеттіліктерін
қанағаттандыра отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген
мүмкіндік алады.
Қоғамдық еңбектің құрылымы мыналарды құрады:
І. Өндірістік күштер, бұған жекелік элементтер, яғни еңбектің өзі (ойлап
табуды және орындаудан тұрады) және заттық құрамдас бөліктер (еңбек мәні
мен еңбек құралдары) кіреді.
ІІ. Мақсат. Еңбек мақсатты қызмет болып табылғандықтан, қоғамдық еңбек
құрылымы міндетті түрде мақсаттың жалғастырушылары болып табылатын
(мақсаттың жалғастырушылары әрқашан еңбекті жасаған адам болып табылады)
элементтерден тұрады.
Маңызды категориялардың біріне қоғамдық еңбек функциясы жатады. Функция
(лат. жасау, орындау) – бұл құбылыстың қолданыстағы мәні.
Қоғамдық еңбектің функциясы мен құрылымы еңбектің біртұтас мәнінің әр
түрлі аспектілерін көрсетеді:
1) еңбек адам қажеттілігін қанағаттандыру тәсілі ретінде (бұл адамның
қоғамдық тұрмысы басталатын еңбектің бірінші және маңызды
функциясы);
2) еңбек қоғамдық байлықты жасаушы ретінде (адам сол арқылы өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып өз ішінде және табиғатпен зат
алмасуды реттеуге және бақылауға бағытталған қызмет);
3) еңбек қоғамды тудырушы және қоғамдық прогресс факторы ретінде
(адамның қажеттіліктерін қанағаттандыра және байлықты жасай отыра
еңбек барлық қоғамдық дамудың негізі болады);
4) еңбек адамның жасаушысы ретінде (адамзат тұрмысының құндылықтарын
жасай отырып, қоғамдық даму субъектісі ретінде еңбекке жалпы
қоғамның өзі дами отырып адам өзін-өзі дамытады);
5) еңбек адамзатқа еркіндік жолын беруші күш ретінде (адамдарға
өздерінің әрекетінің алдын ала барынша қашықтағы табиғи және
қоғамдық салдарларын ескеруге мүмкіндік беруші, бұл функция барлық
алдыңғыларды түсіндіреді, міне, тап осы еңбекте қоғам еңбек арқылы
өздерінің даму заңдылықтарын және табиғат заңдылықтарын танып
біледі; сондықтан басқа функциялар еңбек функциясын дайындағандай
болады және еркін шығармашылық функциясын жүзеге асырады, бұл –
адам дамуының шексіз функциясы).
Еңбектің қолданылып жүрген мәнін аталып өткен функцияларының жиынтығы
ретінде қарастыру адамның... өз тұрмысы арқылы, яғни жеке еңбек нәтижесі
ретіндегі адамды түсінуге мүмкіндік береді.
Еңбек қосарлы сипатқа ие болады. Ол адам мен табиғат арасындағы зат
алмасу құралын және өндіріс барысында адамдар арасында қарым-қатынас жасау
құралы ретінде түсіндіріледі. Сондықтан еңбек мазмұнының сипаттамасы үшін
мынадай екі аспекті шешуші мәнге ие: техникалық-ұйымдастырушылық және
әлеуметтік-экономикалық.
Еңбектің техникалық-ұйымдастырушылық мазмұны техникамен, технологиямен,
өндірісті ұйымдастырумен, еңбек мәнімен және жұмысшының шеберлігімен
қалыптасатын еңбек функцияларының сандық және сапалық анықтылығынан
айқындалады. Ол еңбек процесінің өндірістік күштерін және өндірістің
тұлғалық және заттық элементтерін біріктіру тәсілдерінің техникалық
аспектісін сипаттайды.
Еңбектің әлеуметтік-экономикалық мазмұны индивидтің еңбегі мен бүкіл
қоғам еңбегі арасындағы байланыстарды және қатынастарды көрсетеді, еңбек
жасалатын қоғамдық қатынастарға тән белгілерді сипаттайды.
Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді:
- еңбекке деген қатынас және еңбекпен қанағаттану;
- еңбекке деген қызығушылық дәрежесі;
- кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімділігінің деңгейі.
Еңбектің мазмұны оның техникалық-функционалдық жағын, ал еңбектің
мазмұндылығы – оның әлеуметтік-психологиялық құрылымын көрсетеді (еңбек
ынталандырғышы, еңбек мотиві, құндылықтар мен құндылықтық бағдарлар: еңбек
қызметіндегі құлықтық нормалар).
Еңбек мазмұны еңбек процесіне қатысушылардың қандай білімді игеруі тиіс
екендігін анықтайды. Болашақтағы өндіргіш күштер сипаттамаларының бір сәті
болатын кәсіпті бөлшектеу қоғамдық еңбек бөлінісінің техникалық-
ұйымдастырушылық мазмұнының пайда болуының нақты формасы болып табылады.
Кәсіп қоғам ішінде еңбек бөлінісінің әсерінен пайда болады. Қызметкер өз
кәсібінің күшіне қарай физикалық немесе ақыл-ой еңбегіне, өнеркәсіп немесе
ауыл шаруашылығы, атқарушы немесе басқарушы еңбегіне жатады. Қоғамдық еңбек
бөлінісінің дамуы еңбектің кәсіптік бөлінісің дамуында көрінеді.
Кәсіп белгілі бір теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін
барынша ауқымды және тұрақты қызмет түрін білдіреді. М.Вебер кәсіпті бір
адамның белгілі бір функцияны өзін қамтамасыз етуші немесе жалақы алуына
негіз ретінде тұрақты орындауы ретінде анықтайды.
Кәсіп негізінде даралық еңбек бөлінісін құрайтын мамандықтарға бөлінеді.
Мамандық қызметтің барынша тар және тұрақтылығы шамалы түрін білдіреді.
Өндірістің бөлінісін тереңдетумен қоса жүретін ғылыми-техникалық прогресс
өзімен бірге кәсіптік еңбек бөлінісін тереңдете түседі. Кәсіптің саны
барған сайын арта түсуде. Мамандар қазіргі кезде біздің елімізде 7000
кәсіпті атайды. Кәсіпті жіктеудің халықаралық стандартында 1998 жылы 9333
кәсіп енгізілген.
Өндірістік күштердің қарқынды әсерімен жаңа кәсіптер пайда болатын
кәсіптердің мамандануы ғана жүріп отырған жоқ, сонымен бірге
мамандандырылған қызмет түрлерінің бірыңғай еңбек процесіне бірігу процесі
жүруде, бұл бір кәсіптің жоғалып, басқасының пайда болуына әкеледі.
Мамандардың айтуынша, адам өз өмірінде 5 рет кәсібін өзгертеді.
Кәсіп – бұл кез келген еңбек қызметі емес, белгілі бір белгілері бар
қызмет қана. Кәсіптің көпшілік анықтамалары оның бес сипаттамасынан
тұрады:
1. Кәсіп белгілі бір жұмысты қысқа емес, салыстырмалы түрде ұзақ уақыт
орындайтын қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Инженер психологиясының принциптері
Сана мен таным
Пәндер