Қазақстанның жарқын болашағы тірегі - жалынды жастар


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
Қазақстанның жарқын болашағы тірегі - жалынды жастар3
Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі3
Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы10
ҚОРЫТЫНДЫ11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР12
КІРІСПЕ
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді, қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі - рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!
Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның өркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі - бүгінгі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, олардың аяғынан нық тұрып кетуіне қолдау көрсетіп, шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.
“Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз,
ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз”.
Джон Кеннеди
Қазақстанның жарқын болашағы тірегі - жалынды жастар
Соңғы кезде жастармен жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс сияқты күрделі істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне бүкілқоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт.
Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе жастармен жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі мәселеге айналып отыр.
Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі еске түседі. Олай болатыны, жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар - жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі - елдің болашағы туралы мәселе.
Тарихтың «тар жол, тайғақ кешу» жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының бірден-бір жолы - осы ұлттың рухани потенциалы мен жалпы тұтастық идеясының сақталуы екендігінде дау жоқ. Біздің жас егеменді мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің тұтастығы болып табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айту ерте.
Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі
Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық жағдайы олардың саяси аренада ықпалды субъект болу мүмкіндігін арттырады. Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси процестерде жастар категориясы жалпы халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат болып табылады. Бұл өз кезегінде оларға деген билік өкілдерінің ерекше назарын тудыруы орынды.
Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің бағалы пайымдаулар детерминантымен анықталады. Реформалар бағамын қолдау немесе оған қарсыласу деңгейінің басым бөлігі саяси билік элитасының қолдау дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.
Мұндай жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс немесе бұрыс арнада дамуы жастардың билікке жақындау, яки олардың биліктен алшақтау тенденциясына алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік идеологияны қолдауы да, қолдамауы да биліктің қолында екені анық. Ал бұл болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей әсері бар “сенім” феноменін туғызуда терең мәнге ие құбылыс болса керек.
Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде Қазақстан жастары үшін Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің толық сенімін туғызатын ешқандай мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ.
Жастар мен билік арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтайтын факторлардың келесі бір түрі - жастардың саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.
Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси күш ретінде қалыптасу, өзара әрекет немесе келісімпаздық шараларын құра білу, саяси билікке қол жеткізу мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам дамуының көрсеткіші ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы мен белсенділігін де жатқызамыз.
Қазіргі еліміздегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда жастар қауымының еліміздің ішкі саясатындағы алатын мардымсыз үлесі олардың мемлекетті басқару процесінен алшақ екендігін көрсетіп отыр. Бұған қарамастан еліміздегі жастар демократиялық қоғам принциптерін қолдана отырып, осы қоғамды басқаруға қатысу үшін өз құқықтарын іске асыруға тырысуда. Мәселен еліміздің азаматы ретінде жастар сайлау процесіне қатысып өз кандидатураларын ұсына алады. Сол арқылы жастар проблемаларын жоғарғы мемлекеттік органдарда көтеріп өз құқықтары мен міндеттерін қорғауға жол ашады.
Сонымен, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен ерекшеленеді. Яғни, жастардың санасында батыс елдеріне тән жекелік, дарашылдық сияқты мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтқанда, әдеттегі өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың санасына біртіндеп либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Айталық, қазіргі республика жастарының құндылықты бағдарында осы кездегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу үрдісі орнығып келеді. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесін шешуде бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді және жаңа талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді.
Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келе, Қазақстан жастарының көпшілігі қоғамдағы демократиялық процестерді қолдап, мемлекетіміздің өркендеуіне ат салысуға даяр екендігін атап өткен жөн. Осы социологиялық зерттеулердің мәліметінше қуантатын тағы бір жай - жастардың басым бөлігі (74, 3%) өз отаным деп «Қазақстанды» көрсетіп, әрбір екінші жасөспірім өзін патриот деп санаған.
Жастарды құқықтық тұрғыда қорғау мәселесі де бірқатар шешілген тәрізді. Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 1999 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2001-2002 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген.
2001 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Қазақстан жастарының І Конгресі болып өтті. Бұл Конгреске жастар ұйымдарынан 700-ге тарта өкілдер, ТМД және шет елдерден қонақтар келіп қатысты. Алғашқы отырысқа Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, өз баяндамасында жаңа буын өкілдеріне азаматтық және патриоттық тәрибие беру өзекті де өткір мәселе болып отырғандығын басып айтты. Сөз жоқ, еліміздің болашағы бүгінгі жастарымыздың білікті де білімді қолдарында екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
Осы бағытта Қазақстан Республикасының үкіметінің N 155 жарлығымен 2003 жылғы 13 ақпанында 2003-2004 жылдарға жастар саясаты бағдарламасы бекітілді. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - жастардың әлеуметтену прецесіндегі ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық құрылымдарын құру мен патриоттық тәрбие беру, өзінің отанына, еліне деген махаббат сезімін арттыруға жұмыс істеу. Бағдарламының міндеттері - кешенді мерекелік патриоттық кештер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға ат салысып, олардың қоғамдағы маңызын көрсету, жас азаматтарды кәсіпкерлікке және нарықтық ойлауға машықтандыру, жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы ұйымдастырушылық және құқықтық механизмдерін жасау және жастардың қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынасын дамыту.
Қоғамдағы бастапқы процестер жастар қозғалысы мен жастар ұйымының басқаруымен болмай, мемлекет пен қоғамның басқаруында болатын жастар механизмін талап етеді. Қазіргі жағдайдағы жастар ұйымы мемлекеттік жастар саясаты есебінен жастардың толық қажеттіліктерімен, сондай-ақ түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді өткеруге жететіндей бағытта болуы шарт.
Жастардың құқығының сақталуы мен әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етуіне кім кепіл берсе, жастар соған ілеседі.
Еліміздегі жастар өз мәселелерін басқалардан көбірек білетіндіктен, оны мемлекеттің көмегімен шешуге мүмкіндік беру қажет. Олардың мемлекетіміздегі реформалар көшінен қалмай, стратегиялық даму бағыттарымызға еріп жүруі, оларың нарықтық қатынастардан туындаған өмірлік жоспарлары мен мақсат-мүдделеріне қайшы келмегені дұрыс.
Сонымен қатар, жастардан «патриот бол», «өз еліңді сүй» деп талап ете беру дұрыс емес. Тәуелсіз Қазақстан жастарының патриоттық тәрбиесін көтеріп, рухын шыңдау ең бірінші кезекте сол жастарымыздың лайықты, тұрақты жұмыс орындары мен тұрғылықты үй-жайы болғанда іске аспақ. Мәселен, социологиялық зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек сол жастардың пікірінше жұмысқа орналасу үшін ең біріншіден жоғары білім мен материалдық мүмкіндіктің болуы шарт. Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің мәліметінше 2004 жылдың үшінші тоқсанында жұмыс іздеп жүрген жастармыздың саны 61, 3 мың адамға жетіп, соның 20, 2 мың адам ғана жұмысқа орналасқан екен. Мәселен, ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан жастар саны 2002 жылы 6, 7 мың адамды құраса, 2004 жылы 6, 9 мың адамға өскен.
Соңғы соцологиялық зерттеулерге қарағанда қалалық жастардың саны біршама өскен, оның өсу себебі ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың ішкі миграцияға түрткі болуы. Жалпы Қазақстан жастарының урбанизация процесінің негізгі факторы болуын олардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етуге деген құлшынысы ретінде қарау керек.
Ауыл жастарының қалалық жерлерге қоныс аудару тенденциясы әлі күнге дейін сақталып отыр. Статистикалық мәліметтерге қарасақ 2003-2004 жылдар аралығында жастардың ауылдан қалаға көшу саны біршама төмендегенін байқаймыз. Бірақ, бұл еліміздің ішкі миграцияның біржола тұрақтануы деген сөз емес. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, ақпараттық-мәдени деңгейдің қарқынды өзгеру барысы әлі де болса жастардың ауылдан қалаға көшуін тоқтатпақ емес. Осындай үрдіске түрткі болып отырған ең бірінші себеп - ауылдық жерлердегі жұмыссыздық салдарынан жастардың қалалық жерде білім алуы немесе жұмыс іздеуі. Сондықтан ауылдық және қалалық жерлерде болсын жастардың ең алдымен өзіне қызықты, әрі қоғамға пайдалы іспен айналысуын қамтамасыз етудің мәні зор. Әрине, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық шындық бұл мәселенің іс жүзінде жүзеге асуын қиындатады, ал кейбір жағдайда тіпті мүмкін етпейді. Алайда, атам қазақ «өзім дегенде, елу өгіздік күшім бар» демекші, бұл шаралардың барлығы да жеке мүдделілік пен бірлікті талап етеді.
Қалай десек те, дәл қазір жастарды жұмыспен қамтудың негізгі жолы мерзімді және қоғамдық жұмыстар болып отырғандығы белгілі.
Нарықтық қатынастарға көшкен еліміздің экономикасында айтарлықтай болған өзгерістер жұмысқа орналасу мен еңбек ету тәртібіне де өз әсерін тигізді. Соның ішінде жаңа ғана оқу бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы қиындықтар туғызуда. Себебі кез-келген кәсіпорын, мекеме басшылығы үшін жастардан гөрі білімі, тәжірибесі мол маманды алған әлде қайда тиімді.
Дегенмен де демократиялық құндылықтарды алдыға қойып азаматтық қоғам құруда жастардың мамандық таңдауы да айтарлықтай өзгерген. Олар көбінесе юрист, банкир, экономист, қаржыгер сияқты мамандық иелерін таңдайды. Өйткені қазіргі қоғамда тасы өрге домалап, ауқатты өмір сүретіндер осы маман иелері болуы оларға түрткі болуда. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы, техника мен технология, орта кәсіп мамандары жетіспей жатқан жерлері бар.
Жастар арасында көбінесе демократиялық бағдар бой көтерген. Жастардың едәуір бөлігі азаматтардың жоғары жоғары әлеуметтік қорғалуы, еркін бостандықтағы кәсіпкерлік пен жеке меншіктілікке қол жеткізген капиталистік елдердің жолын жалғастыру идеясын қолдайды. Осындай үлеске жуық жастар бөлігі мемлекеттік реттілік пен нарықтың үйлесімдік байланыстарын қолдауға даяр екен.
Мысалы, түрлі зертеулердің нәтижелеріне қарасақ, жастар еліміздегі реформаларды біршама қолдайтын көрінеді және де олар нарықтық экономикалық қатынастарға сай мамандықтарды жедел түрде меңгеріп алуға құлшынады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек экономика саласында жарты миллион ер балалар мен қыздарымыз жұмыс істеуде. Осының өзі болашақта экономикамыздың өрлеуіне өз кезегінде кесірін тигізу мүмкін. Бұл мәселе жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында ерекше тоқталып Ғылым және білім министірлігіне осы мамандыққа үлкен тапсырыс беру қажеттілігіне тоқталған болатын.
Осындай жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда кәсіпкерлікті дамытудың ролі зор болмақ. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті мамандық етудің біршама қиындықтары да жоқ емес. Ол үшін жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беретін құқықтық нормаларды қабылдап, жеңіл түрдегі кредитті алуына жағдай жасау қажет сияқты.
Тағы бір қуантарлық жай - жастарымыздың еліміздің басқару органдарында қызмет етуге талпынысы. Бұл аспект олардың өздерінше мемлекеттік маңызы бар өткір мәселелерді талқылап, талдау жасап, өз ұсыныстарын қалыптастыруы жастардың саяси сауатының артуының көрсеткіші деп айтуға да болады.
Дегенмен, бүгінгі күнге дейін кейбір ауылдық жерлерде мәдени орталықтардың жоқтығы, жұмыссыздық және тағы да басқа мәселелер әлі де толықтай шешілген жоқ. Жағдайдың былайша етек жаюы өз кезегінде жергілікті жерлердегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына, нашақорлықтың етек алуына әкелуде. Себебі жұмыссыз жүрген жасөспірім кез-келген әрекетке барып, өмірінде үлкен қателіктерге ұрынып, болашағына балта шабуы әбден мүмкін.
Оның үстіне, кейінгі уақытта қазақи менталитетке сай емес, өткен тарихында болмаған тастанды балалар үйі күннен күнге көбейе түсуде. Осындай келеңсіз жайттардың болмауы үшін Қазақстан жастарын отансүйгіштікке, патриоттық рухын көтеру отбасы-ошақ қасынан басталып, бастауыш сыныптарда жалғасын тапқанда ғана аталған мәселелер өз шешімін табары анық. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының да жастардың отансүйгіштігін, біртұтас ұлтжандылығын, өз елінің патриоты сезінуіне, ана тілін қастерлеуде алатын орны ерекше екендігін атап өткен жөн.
Келесі мәселе - бүгінгі жастарымыздың рухани көңіл-күйіне тікелей әсері бар денсаулық мәселесі. Шын мәнінде, қазіргі жастарымыздың денсаулығы көңіл көншітерлік деп айта алмаймыз. Олай дейтініміз, соғы кезедері көптеген жас азаматтарымыздың өз денсаулығына деген немқұрайлылығынан туындаған ауру-сырқау түрлерінің көбейіп кетуі. Солардың ішінде дәл қазір саны жағынан да, өзектілігі жағынан да алдыңғы орында тұрған ауру түрлеріне жастар арасында кең атараған туберкулез, тыныс алу мүшелері, онкологиялық, нашақорлық, жыныстық қатынаспен берілетін әртүрлі ауру түрлерін жатқызуға болады. СПИД ауруын жұқтырған жастар саны да алаңдатуда. .
Әңгімені алыстан бастар болсақ, кейінгі уақытта жастар арасында некеге тұрып отбасын құру коэффиценті өскенімен, айырылысу тенденциясы да азаяр емес. Оған себеп көптеген жастардың тұрақты тұрғылықты мекен-жайы мен жұмысының жоқтығы, материалдық қажеттіліктерінің қанағаттанбауының салдарынан болып отырған отбасындағы келіспеушілік фактілерінің көбеюі болса керек. Оның үстіне кейбір жастардың некелік-отбасылық қатынастарға деген дәстүрлі көзқарасының өзгеріп, заңды түрде тіркелмеген азаматтық некелердің көбейуі белең алуда. Бұл тенденция әсіресе қалалық жерлерде көбейіп, осыдан барып заңсыз некеден жасанды түсік тастау, тастанды балалар саны күрт өсуде.
Жалпы жастардың денсаулығының нашарлауына ең бірінші экологиялық жағдай, сондай-ақ психологиялық ауыртпалық, тағам құнарлығының кемуі, еңбек етудің ауыр жағдайы және күтпеген оқыс оқиғалар сияқты себептерді келтіруге болады. Бұл бүгінгі заман құбылысы. Осы күннің салдарынан болашақта ұрпақтың денсаулығы әлеуметтік-экономикалық факторлардан әсерінен туындайтын гендік ауытқуларға әкеп соғуы мүмкін. Міне, бұл болса адамның тозуына әкелетін құбылыс. Сондықтан осындай күрделі мәселенің алдын алу үшін жастардың спортқа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген құлшынысын арттырған жөн.
Бүгінгі жастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған ғаламдық проблеманың бірі экология екендігі белгілі. Жоғарыда атап өткендей, егер жастарымыздың ауылдан қалаға көшуі үдей түссе, онда қалалық жердегі өндіріс орындарынан, автомобильдерден шығатын зиянды түтін-қалдықтар экологияға әсер етіп белгілі мөлшерде сол жастарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сонымен бірге медециналық сауықтыру орталықтары мен емханалардың қызметінің ақылы жүйеге көшуі көптеген сәттерде жастардың уақытылы емделуіне кедергі болып, ауруының асқынып қайғылы қазаға әкелу фактілері де аз емес. Демек, келешек ұрпағымызды сауықтырып, еліміздің прогрессивті дамуы үшін бүкіл қоғам бір жұдырықтай жұмылып, ғасыр індеттері мен дерттеріне қарсы тұруы шарт.
Жалпы бүгінгі таңда қоғамымызды алаңдатып отырған мәселелер жеткілікті, соның ішінде әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаймай отыруы алаңдатады. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша қылмыстық іске кәмелеттік жасқа толмағандар саны динамикалық түрде өсуде. Қылмысқа бару көбінесе нашақорлық, таксикомания, алкоголизмнің кең қанат жайюымен байланысты болып отыр. Мұндай заттарды дәл бүгінгі күні еш қыйындықсыз табуға болады. Айталық, алкогольді ішімдіктерді тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер мен дүңгіршектерден ешбір қиындықсыз алуға, ал есірткі заттарын кез-келген түнгі ойын-сауық орталықтарынан табуға болатыны бәрімізге мәлім.
Жалпы наркоманияның етек жаюы барша адамзатқа, оның денсаулығына, сайып келгенде еліміздің экономикалық-саяси дамуы мен тұрақтылығына әсер етпей қоймайды. ТМД мемлекеттері арасында көшбасыға айналған еліміздің экономикалық өрлеуіне қарамастан, халқымыздың саны мен есірткіге тәуелді болған жастар арасындағы пропорцияның өте жоғары болуы көңіл қынжылтары анық. Бұл жастардың тек патриоттық тәрбиесіне ғана емес, бүкіл еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, яғни жастарымыздың да болашағына әсер ететін фактор.
Демек, мемлекетіміздің жас буын өкілдерінің физикалық және интеллектуалды потенциалы, стратегиялық ресурс болғандықтан көп ретте еліміздегі реформалар, осы жастардың тікелей араласуымен жүзеге асуы тиіс сияқты. Осындай бағытта жасалып жатқан реформалардың демократиялық қоғамдағы жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін көтерері хақ. Демек барша қазақстандық жастардың саяси сана-сезімі, мәдениеті мен қоса патриоттық рухын көтеру өз кезегінде жемісті нәтижелерін беретін шараларды талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz