Қазақстандағы социологиялық зерттеулер


Жоспар
Кіріспе2
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер2
Қорытынды13
Пайдаланылған әдебиеттер14
Кіріспе
Бүгінгі таңда «социология», «социологиялық зерттеулер» ұғымдары күнделікті өмірге еніп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қолданыла бастады. Біз қоғамға қатысты көптеген мәселелер бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелерін үлкен қызығушылықпен қакбылдаймыз. Бұл зерттеулер ағымдағы саясат, экономика, мәдениет, рухани өмір, білім беру, тәрбие, т. б. салалардағы көкейкесті, елді алаңдатып жүрген мәселелер туралы адамдардың пікірін, көзқарастары мен ұсыныстарын анықтауға бағытталған. Социологиялық зерттеулер әсіресе Президент, Парламент сайлауында дайындық тұсында, әлеуметтік-эконогмикалық және басқа да реформаларды жүргізу кезеңінде, маңызды заң актілерін қабылдауда, т. б. ерекше жағдайларда қарқын ала түседі. Билік органдары, әкімшілік және басқа да ұйымдар үшін социологиялық зертеулер халықтың хал-ахуалын, көңіл-күйін біліп отыруға және өткізіліп жатқан немесе дайындық үстіндегі шараларға қатысты халықтың көзқарастарын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, мұның барлығы қабылданатын шешімдерге түзетулер енгізіп отыру үшін қажет. Себебі, халық бұл шешімдерге наразы болып, қарсы шығатын болса, онда олардың тиімділігі күрт төмендеп, тіпті нөлге дейін құлдырап кетуі мүмкін.
Қазақстандағы социологиялық зерттеулер
Бүгінгі таңда Қазақстанда өткізіліп жүрген социологиялық зерттеулердің сипаты мен тақырыптары қандай? Бұл сұраққа көшпес бұрын, Қазақстан социологиясы тарихының кейбір мезеттеріне тоқтала кеткен жөн. Республика социологиясы о баста бүкілодақтың социологиясының бір бөлігі ретінде пайда болғандықтан, бірінші осыған тоқталып кеткен жөн.
Кеңес одағында ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының ортасына дейін социология жақсы қолданыс тапқан еді. Сол кезде социологиялық зерттеулер жүргізіліп, социологиялық әдебиеттер шығарылды, бірқатар жоғары оқу орындарында социология кафедралары жұмыс жасады. Бірақ 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап-ақ, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі мен тоталитарлық режимді зерттеулер нәтижесі, өздерінің өмір сүруіне қауіп төндіреді деп есептеп, бүкіл қоғамтануды идеологиялық рельстерге қойды және ол ат төбеліндей саяси топқа «қызмет» көрсетуі керек еді. Тіпті, әлеуметтік статистика осы мақсатта бұрмалауға ұшырады. Осындай саяси жағдайда социологияның дамуы көпке бармады, тіпті ол буржуазиялық ғылым деп жарияланған еді. Мұның бәрі Кеңес Одағының социология саласында артта қалуына әкеп соқтырды (буржуазиялық деп жарияланған генетика, кибернетика, т. б. салалар секілді) .
60-70 жылдары жағдай өзгерді. ССРО ҒА құрамында әлеуметтік институт құрылып, басқа да әлеуметтік орталықтар пайда болып, «әлеуметтік зерттеулер» атты журнал жарық көрді. Жұмысқа жоғары оқу орындары белсене кірісе бастады. Әрине, партиялық қысым қатаң болып қала бергенімен де, тыныстауға мүмкіндік туды.
60-шы жылдардың орта шеніне таяу Қазақстанда социология дами бастады. Оның бастамасы деп, Алматыдағы 1965-66 жылдардағы өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясының бірқатар өндірістеріндегі кешенді зерттеулерді айтуға болады.
Бұл зерттеудің мақсаты - республика индустриясының негізгі салаларындағы жұмысшы табындағы әлеуметтік-идеологиялық процестерді танып білу болатын. Оны ҚазКСР Ғылым академиясы Философия және құқық институты ғылыми қызметкерлерінің тобы, философия ғылымдарының докторы В. А. Черняктың жетекшілігімен жүргізді.
Дәл сол бағдарламада осы кісінің басшылық етуімен 1971-1972, 1975-1976 және 1980-1981 жылдары зерттеулер қайталанды. Бұлардың соңғы екеуі Алматының қосымша бірқатар кәсіпорындарын (Алматы ауыр машина жасау зауыты, т. б. ), сондай-ақ, Қарағанды металлургия комбинатын, Шымкент қорғасын зауытын, Қостанвй облысының бір топ совхоздарын қамтыды. Зерттеулер нәтижесі бойынша бірқатар ғылыми еңбектер жарияланды.
Республикада социологиялық зерттеулер сондай-ақ миграция, атеизм, қылмыс жасаудың әлеуметтік-саяси мәселелері (ҚазКСР ҒА Философия және құқық институты), жастарды құқықтық тәрбиелеу (Қарағанды қаласындағы ІІМ Жоғарғы мектебінің қылмыспен күрестің социологиялық мәселелері лабораториясы), радио және телеаудиторияны зерттеу мәселелері бойынша жүргізілді. Қазақ мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің философия кафедраларында, студент жастарды тәрбиелеу мәселелерін социологиялық зерттеу лабораториясы жұмыс істей бастады.
Социологтардың ерекше күш салған салаларының бірі - өндірістік кәсіпорындардағы әлеуметтік жоспарлау болды. 1969-1971 жылдары Қазақсатн Ғылым Академиясы экономика институты қызметкерлерінің күшімен Қазақ теміржолының кәсіпорындарында кешенді зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер көлік саласындағы техникалық прогрестің әлеуметтік-экономикалық жақтарын, сондай-ақ теміржол кәсіпорындары ұжымдарының әлеуметтік даму мәселелерін қамтыды. Ғалымдар бұл кәсіпорындарға әлеуметтік даму жоспарын жасауда көп көмек тигізді. Ғылыми-зерттеу нәтижелері ұдайы жарияланып отырды.
Осылайша, академияның философтары мен экономистерінің ғылыми-зерттеулері бірін-бірі толықтыра отырып, еңбек ұжымдарының өмірі мен қызметінің рухани-идеологиялық және әлеуметтік-экономикалық жақтарын ашып көрсетуге, оларды кешенді түрде зерттеуге көмегін тигізді.
1970 жылы Қазақ политехникалық институтында социологиялық зерттеулер тобы ұйымдастырылып, кейіннен кешенді әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің салалық лабораториясына айналдырылды. Өндірістік ұжымдарды әлеуметтік жоспарлау жөнінде ұсыныстар жасауды мұрат тұта отырып Алматы, Талдықорған қалаларындағы бірқатар автокөлік кәсіпорындарында және «Қаратау» тау-кен-химия комбинатында зерттеулер жүргізген еді. Бұл жұмыс одан кейін Шымкент пен Жамбылдың фосфор кәсіпорындарында және бірқатар басқа өндірістік салаларда жалғасын тауып, Бүкілодақтық «Союзфосфор» бірлестігімен щығармашылық достастық туралы келісім жасалған-ды. Бір топ ҚазПТИ қызметкерлері, студент жастар арасында социологиялық зерттеулер жүргізіп, нәтижелерін баспасөз беттерінде жариялады.
Әлеуметтік жоспарлаудың қолданбалы және ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттеуге Алматы қаласы мен Қазақстанның облыс орталықтарындағы бірқатар жоғарғы оқу орындарының қоғамдық пәндер кафедраларының ғалымдары да ат салысты. Қарағандыда жергілікті политехникалық және мемлекеттік институттар «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің шахталарында көлемді әлеуметтік зерттеулерду іске асырды.
Социологтар республиканың бірқатар министрліктерінде еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру (НОТ) қызметтерінің жұмысына да белсенді араласты (мысалы, Павлодар трактор зауытындағы) .
Әлеуметтік жоспарлау мәселелері Қазақстанның облыс орталықтарының басым көпшілігінде өткен ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларда жиі-жиі көтеріліп отырды.
Жұмысшы табының мәселелерін зерттеумен қатар, социологиялық зерттеулерде ауылдың әлеуметтік дамуы да маңызды орын алды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары 70-ші жылдардың ортасында Алматы, Көкшетау, Орал және Целиноград облыстарының колхоз-совхоздарында зерттеулер жүргізді.
Белгілі бір тәжірибеге қол жеткізген республикамыздың социологтары, әлеуметтік мәселелерге арналған бүкілодақтық ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатыса бастады. КСРО философиялық қоғамының Қазақстан бөлімшесінің жанынан социологиялық секцияның негізі қаланды және ол республикадағы социологиялық зерттеулердің басқарушы орталығына айналды.
Жоғарыда Қазақстандағы социологияның дүниеге келуін және оның алғашқы онжылдықтардағы дамуын қысқаша сипаттап өттік. Одан кейінгі жылдары қазақстандық социологтардың жұмысы кеңейіп (жаңа әлеуметтік топтар, орталықтар құру), тереңдей (зерттеулер жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесін жетілдіру) түскен еді. Мәселен, 1797-1983 жылдары республиканың бірқатар өндірістік және құрылыс кәсіпорындары мен совхоздарында жүргізілген қайталама социологиялық зерттеулердің негізінде Қазақстан Ғылым Академиясының Философия және құқық институты өмір салты, тұлғаның дамуындағы жарыс рөлі, ҒТД-ның (НТР) адамның рухани әлеміне әсері, идеологиялық процесті басқарудың әдіснамалық (методология) ұстанымдары, адам факторының дүниетанымдық жақтары, тағы да басқа мәселелерге арналған ірі ұжымдық монографиялар шығарды.
1987 жылы ҚазМУ-да социолгия кафедрасы құрылды және ол социолог-мамандары дайындауда маңызды рөл атқара бастады.
Қарымды зерттеулер мен осы саладағы мамандарды дайындау ҚазМУ-мен қатар Қазақ мемлекеттік транспорт академиясында, Қазақ экономикалық университетінде, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде жүргізіледі. Бірқатар басқа ЖОО-ның (ВУЗ) ғалымдары да социологиялық зерттеулермен айналыса бастады. Ал республика социологтарның ішінен философия ғылымдарының докторы, профессор Н. А. Айтовты ерекше атаған жөн. Оның ғылыми еңбектері Қазақстаннан тысқары көптеген жерлерде белгілі. Ол ресейлік және қазақстандық ір социолог болып табылады. Оның он, даған монографиялық еңбектері бар және оның жоғары білікті маман-социологтарды дайындауға қосқан үлесі аса зор.
Социологиялық зерттеулердегі біршама тоқыраудан кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасында бұл іс жылдам қалпына келтіріле бастады.
Қазіргі кезде социологиялық зерттеулерді ЖОО-мен қатар, жаңадан құрылған социологиялық ұйымдар жүргізеді. Мұндай зеттеулер жүргізетін ұйымдар ішінде: Қазақстан Президентінің Ақпараттық-сараптамалық орталығы, Стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Даму институты, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы қоғамдық пікірді зерттеудің Республикалық орталығы, Парламенттің социологиялық қызметтері, БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі (жеке) Біріккен ұлттар ұйымы даму бағдарламасы, т. б.
Құрамына социологтар кіретін ақпараттық-сараптамалық орталықтар облыстар мен ірі қала әкімшіліктерінің жанында жұмыс атқаруда. Өкінішке орай, ол қызметкерлердің көпшілігінің осы саладағы кәсіби дайындығы жоқ. Шетелдік ұйымдар мен қорлар Қазақстанда социологияның дамуына, атап айтқанда, ғылыми еңбектерді басуға көп көмек көрсетуде, олардың ішіндегі бастысы - Сорос қоры.
Қазақстан социологтарының соңғы кездерде жүргізген зерттеулерінің нәтижелері туралы бірнеше мәлімет келтіре кетелік.
Соңғы жылдары Қазақстан даму институтының Әлеуметтік зерттеулер орталығы ірі социологиялық зерттеулер жүргізді, олардың негізгі нәтижелері түрлі ғылыми жинақтарда, журналдарда, есептерде жарияланды. Бұл ғылыми мекеменің жүргізген зерттеулерінің негізгі бағыттары - саяси социология мен этносоциология болды.
Бірінші бағыт бойынша зерттелген мәселелер мынандай: Орталық және жергілікті саяси элитаның, Қазақстанның саяси партиялары мен қозғалыстарының рейтингісін анықтау; республика халқының арасында азаматтық қоғам идеяларының таралуын зерттеу; Қазақстан халқының Президент Н. А. Назарбаевтың бастамаларына көзқарасы мен жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік саясатына беретін бағасы жөніндегі социологиялық сұрау, т. б.
Этносоциология саласындағы зерттеулер кадр саясатының этникалық жағы; Қазақстан Республикасы халқының дінге бет бұру деңгейі, т. б. тақырыптарда жүргізілді. Этникалық мәселелер, «Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі әйелдер рөлі» атты зерттеу барысында да қарастырылды.
Қазақстан Парламентінің Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстанның жеті облысында ұлтаралық қатынастарға зерттеу жүргізді, оның барысында үш этникалық топ бөліп көрсетілді: Қазақстанда басым болып келетін - қазақтар, славяндар (орыс, украин), және аралас топ - сәйкес аймақтарда тұратын басқа ұлт өкілдері.
Анкеталық сұрау мәліметтері бойынша халық арасында ең көп алаңдаушылық пен уайым тудырып отырған мынадай факторлар реті анықталды: 1) қымбат баға; 2) жұмыссыздық қаупі; 3) экологиялық жағдай; 4) қылмыстың көбеюі; 5) медициналық қызметтің деңгейі; 6) экономиканың жағдайы; 7) мораль мен мәдениеттің жағдайы, т. б. Барлығы осындай 14 фактор аталады, оның ішінде ұлтаралық қатынастар 13-ші орынды иеленді.
Басым көпшілігінде жалпы этностар бойынша баға берудегі айырмашылықтар көп емес, бірақ кейбір ұлттық сезімді қозғайтын мәселелер бойынша белгілі бір айырмашылық баршылық. Мәселен, қазақтарды меншікті шетелдіктерге беру көбірек алаңдатса, славяндар мен басқа да ұлттарды бұл азырақ ойландырады. Бірақ олар өздерінің пікірі бойынша адам құқықтарның бұзылуына алаңдаушылық білдіреді, оның ішінде ұлттық қатынастардағыларды да атайды.
Респоденттерге (жауап берушілерге) сондай-ақ, тұрғылықты жердегі этникалық қатынастар сипатын бағалау ұсынылды. Бұл қатынастар динамикасы мен сұрау нәтижелеріне сүйенсек, жақсы жақтардың артуы бағытында дамып келеді. Бұл қатынастарды достық және ынтымақтастық тұрғыда деп, қазақтардың - 87%-дан астамы, славяндардан 72, 5 %, басқа ұлттардан 77%-ден астамы жауап берген. Қақтығыстық қатынастар деп есептеушілер, қазақтар ішінен 1%-дан кем, 2, 3% славяндар, 2, 7% басқа ұлттар. Еңбек ұжымдарындағы ұлтаралық қатынастар тұрғылықты жердегілерге, яғни тұрмыстағыға қарғанда жақсырақ қабылданатыны анықталды.
Қазақстанды көпұлтты деп атауымыздың тағы бір себебі, қазақстандықтардың жартысына жуығының басқа ұлттан жақын туысы болуында.
Енді зерттеу деректері бойынша жауап берушілердің мемлекет жүргізіп отырған ұлттық саясатқа қандай баға беретініне көз жүгіртелік:
Ширегінен астамы бұл саясатты садмақты, белсенді және ұлтаралық татулыққа бастайды деп есептейді. Бірақ Қазақстан басшылығының ұлттық саясатты жасау және іске асырудағы қызметіне баға берген кезде, жауап берушілердің жартысына жуығы «Айтқандарының бәрі дұрыс, алайда жергілікті жерде басқаша жасалады» деген пікірді ұстанады. Және де славяндар ұлт саясатының іс жүзіндегі нәтижелеріне көбірек сын тағады. Қазақтар арасында да үштен біріне жуығы саясатты нақты іске асыруда бұрмалаулар бар деп есептейді. Бірақ олардың «бұрмалаулар» дегені - славяндар мен басқа ұлттардың «бұрмалауларынан» басқашалау болса керек.
Қазақстан Даму институты өткізген тағы бір ірі зерттеудің нәтижелерін келтіре кетейік. Оның тақырыбы: «Қазақстан Республикасы халқының дін ұстау деңгейі және конфессионалдық бағдары» деп аталған еді. Ғалымдардың анкеталық сұраулар арқылы алған жауаптары мынадай: ең жоғары дін ұстаушылық - өзбектер арасынан байқалған (сұралғандардың 75, 8%), қазақтар арасында - 47, 1%, еуропалық ұлт өкілдері ішінде сенушілер саны «азиаттардан» аздау. Сұралғандардың 74, 8%-ы исламның әсері «күшті» және «маңызды» деп таныса, ал 30, 1% соңғы үш-төрт жылда өздеріне діннің әсері өсе түсті деп жауап берді. Зерттеуде Қазақстан халқының дін ұстану деңгейін көрсететін бірқатар басқа да сұрақтар бар.
Сондай-ақ, мистикалық бағыттағы ұйымдардың көбейіп кетуі, кәдімгідей алаңдаушылық тудырып отыр (Роза света, Роза мира, Рерих қоғамы) .
Соңғы жылдары Қазақстанның республикалық телерадиокорпорациясы екі ірі социологиялық зерттеу жүргізді. Біріншісі - алкоголизммен күресу мәселелеріне арналған еді. Зерттеуге корпорцияның тапсырмасы бойынша 9 облыстық телестудия және көптеген сарапшылар қатысты. Зеттеу нәтижелерінің негізінде ішімдікке салыну туралы «Қайда бара жатырмыз» атты телехабар эфирге шықты. Ол өте үлкен серпіліс тудырды (Республикамызда 600 мың адамның тұрақты түрде ішетіні анықталды. «Заңсыз» арақ шығаратын ондаған зауыттар жабылды. Теледидар өткізген келесі бір үлкен зерттеу - жезөкшелік мәселесіне арналған еді.
Соңғы кездері «Қазақстан - 2030» стратегиясында ерекше көңіл бөлінген салауатты өмір салтына көшу қажеттілігіне байланысты республикадағы есірткіге бой ұру мәселесіне арналған социологиялық зерттеулер жандана түсті. Социологтар есірткі қабылдауға итермелейтін нақты себептер мен мотивтерді, бұз әлеуметтік зұлматтың демографиялық, этникалық және психологиялық жақтарын зерттейді. Осы мақсатта олар наркологиялық орталықтар мен ресми мекемелердің құжаттарымен ғана танысып қоймай, наркодиспансерлерге барып, жастар топтарының сеніміне кіруге тырысады. Ондағы мақсаты - олардың ортасына бұл пәленің қайдан келетінін анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz