ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК3

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ МАРКСТІК ІЛІМ ЖӘНЕ4

ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ4

ҚОРЫТЫНДЫ10

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ10

КІРІСПЕ

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу - социология ғылымында негізгі мәселелердің қатарына жатады. Өзімізге белгілі қоғам - әлеуметтік қатынастар, байланыстар жиынтығы ретінде түрлі қабаттардан, топтардан, әлеуметтік институттардан тұрады, және олардың ерекшеліктерін зерттеп білмей қоғам туралы социологиялық танымды қалыптастыру мүмкін емес.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері күрделі тарихи-әлеуметтік өзгерістерді бастан кешірді. Осы уақыт ішінде біздің қоғамда бұрынғы әлеуметтік топтар жойылып, олардың орнына жаңа институттар, топтар пайда болды. Соған байланысты қазақстандық қоғам соңғы 15 жыл ішінде мүлде басқа жаңа қоғамдық форматты қалыптастырып отыр. Осы тұрғыдан қарастырғанда әлеуметтік құрылым социологиясын дамыту, осы бағытта зерттеулер жүргізу бүгінгі күннің талабы екендігі сөзсіз.

Жалпы алғанда қоғам - өз қажеттерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысудың тарихи қалыптасқан формасына біріккен адамдар жиынтығы; бұл топ тұрақты және біртұтас, өзін - өзі қамтамасыз етіп, өзін-өзі басқаратын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетін басқаратын айрықша әлеуметтік нормалары мен әдет-ғұрыптарын қамтитын мәдени дәрежесі жоғары жиынтық екендігі белгілі. Сонымен қатар, қоғам, адамдардың қалай болса солай жай жинала салуы емес, ол адамдардың арасындағы айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежедегі берік қарым - қатынасы бар бірлестік.

Қоғам біртекті емес, оның ішкі құрылысы және толып жатқан әлеуметтік процестері мен құбылыстары бар. Оның құрамдас элементтерін құрайтын мыналар: адамдар, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар және т. б. Социологияның міндеті қоғамның осындай құрылысын ашып көрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасап беруі болуы тиіс.

Социология ғылымы, қазіргі күні, қоғам өзгермейтін, қатып-семіп қалған құбылыс па әлде өзгеріс, қозғалыс, дамуда болатын тірі организм бе, ал егер ол дамитын болса, онда оны дамытушы күштер, факторлар қандай деген мәселеге жауап беруді талап етеді. Осы бағытта әлемдік социология ғалымдары үлкен күш салуда. Қазақстандық социолог-ғалымдар өз тарапынан бұл бағытта біраз еңбек сіңіргендігін айта кету керек. Олардың ішінде Н. Аитов пен М. Аженов секілді ғалымдарды атап айтуға болады.

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен тұрады: әлеуметтік байланыс және әлеуметтік құрам. Әлеуметтік құрам - әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің жиынтығы.

Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі - белгілі мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар, ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді, әлеуметтік-территориялық, этникалық және басқада бірліктерге енеді. Әлеуметтік құрылым қоғамның бірліктерге, тапқа, жікке, топқа объективті түрде бөлінуін көрсетеді, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының да көптеген критерияларына сәйкес әртүрлігін көрсетеді. Әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан, өзінің байланыстарына қарай күрделі әлеуметтік жүйе.

Қоғамдағы әлеуметтік құрылым түсінігі төмендегі негізгі мәніне қарай қолданылады. Әлеуметтік құрылым кең мағынасында - қоғамның тұтас құрылымы, оның негізгі элементтерінің өзара байланыс жүйесі. Мұндай қатынаста әлеуметтік құрылым әлеуметтік бірліктердің көптеген түрлерін және олардың өзара қатынастарын сипаттайды. Тар көлемде қоғамның «әлеуметтік құрылымы» деген ұғымның мәні әлеуметтік-таптық және әлеуметтік-топтық бірліктерге қолданылады. Әлеуметтік құрылым бұл мәнінде өзара байланысты және бір-біріне әсер етуші таптармен, әлеуметтік жіктердің және топтардың жиынтығы.

Әлеуметтануда қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Олардың бірі - маркстік ілім.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ МАРКСТІК ІЛІМ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Маркстік әлеуметтануда қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымына жетекші орын беріледі. Бұл бағыт бойынша қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымы негізгі үш элементтің өзара қарым-қатынасын құрайды: таптар, қоғамдық жіктер және әлеуметтік топтар. Әлеуметтік құрылымның негізгісі таптар. К. Маркс және Ф. Энгельс таптардың пайда болуының экономикалық себептерін зерттеген. Олар қоғамның тапқа бөлінуін еңбектің қоғамдық бөлісінің және жеке меншіктік қатынастың нәтижесі деді.

Тапқа мұндай экономикалық қатынасқа сәйкес В. И. Ленин «Ұлы бастама» деген еңбегінде анықтама берді, ол 70 жылдан астам - уағыздалды.

В. И. Лениннің анықтамасы бойынша таптың негізгі белгісі - өндіріс құралына қатынас (иелену немесе иеленбеу), таптың қоғамдық еңбек бөлісіндегі, билік жүйесінде ролін (үстемдік етуші және бағынушы), олардың тұрмыстық жағдайын (бай және кедей) анықтайды. Таптар тартысы қоғамдық дамудың қозғаушы күші болып қызмет етеді делінген.

Маркстік ілім таптарды негізгі және негізгі емес таптарға бөледі. Негізгі таптар, олардың өмір сүруі сол қоғамдық-экономикалық формациядағы экономикалық қатынастардан туындаушылар, бірінші кезекте, меншік қатынасынан; құлдар және құл иеленушілер, шаруалар және феодалдар, пролетариат және буржуазия. Негізгі емес таптар - жаңа қоғамдық-экономикалық формациядағы бұрынғы таптардың қалдықтары немесе бұрынғылардың орнына келген жаңадан пайда болған таптар және жаңа формацияның тапқа бөлінуінің негізін құраушылар.

Қоғамның құрылымдық элементтеріне, негізгі және негізгі емес таптарынан басқа, қоғамдық жіктерде жатқызылды. Әлеуметтік жіктер - өндіріс құралына ерекше қатынасы жоқ, таптың барлық белгілеріне ие емес, аралық немесе өтпелі қоғамдық топтар. Әлеуметтік жіктер тап ішіндегілер (таптың бір бөлімі) және тапаралықта болуы мүмкін. Біріншіге ірі, орта, ұсақ, қалалық және селолық монополистік және монополистік емес буржуазияны, өнеркәсіптік және селолық пролетариатты, жұмысшы аристократиясын жатқызуға болады. Ал тапаралық жіктердің тарихи мысалы «үшінші сословие», Еуропадағы алғашқы буржуазиялық революцияның басталған кезіндегі пайда болған - қалалық мещандар, қолөнершілер. Қазіргі қоғамда - интеллигенция. Тапаралық элементтерде өз тарапынан, қазіргі құрылымда іштей жіктеледі. Мысалы, интеллигенция пролетарлық, ұсақ буржуазиялық және буржуазиялық интеллигенцияға бөлінеді. Сонымен әлеуметтік жіктік құрылым таппен сәйкес келмейді. Марксистердің ойы бойынша әлеуметтік жік түсінігі қоғамның әлеуметтік құрылымын нақтылауға мүмкіндік береді, оның көп түрлілігін көрсетеді.

Маркстік идеологияның өмір сүрген жылдарында Лениннің экономикалық қатынасқа негізделген тап туралы анықтамасы үстем болды. Олай болса қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымы туралы тұжырымдама өзіне саяси, рухани және басқа да байланыстар мен қатынастарды енгізеді.

К. Маркс дамыған өнеркәсіп капитализмі жұмысшы мен капиталистер арасындағы табыс табу ерекшеліктерін тереңдете түседі деген. Маркстік көзқарас бойынша жұмысшының жалақысы күн көруінен әлдеқайда төмен болады. Бірақ оның халықтың басым көпшілігінің табысы өте төмен болады деуі дұрыс емес еді. Бұл күнде Батыс елдерінде халықтың көпшілігінің материалдық жағдайы Маркстік зерттеу мерзіміне қарағанда, әлдеқайда жоғары. Соңғы жылдарда батыс елдерінде жұмыс істеуші адамдардың табысы әжептеуір жоғары көтерілді. Мысалы, «көк жағалылардың» табысы XX ғасырдың басымен салыстырғанда 3-4 есе өскен, ал «ақ жағалылардікі» - одан да көп. Мұның себебі жаңа технологияның тереңдей енуімен байланысты өндіріс күшінің артуында. Алайда, табыс көбейгенмен оны бөлудегі теңсіздік сақталуда.

Қазіргі батыс қоғамында 4 тап бар: 1. Жоғарғы тап - меншікті иеленушілер немесе оны бөлуге тікелей бақылау жасаушылар (ірі капиталистер, финанс магнаттары т. б. ) . 2. Орта тап - бұлар қызметкерлерден тұрады («ақ жағалылар» және кәсіпкерлер) . 3. Жұмысшы табы - «көк жағалылар», негізінен дене еңбегімен айналысушылар. 4. Шаруашылар - негізінен ауылшаруашылық жұмысымен айналысушылар.

70-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы КСРО-да өндіріс күшінің төмендеуі басталды. Қоғамның басқа салаларында да дағдарыстық жағдайлар молая түсті. Қоғамдық меншік еңбек етушілердің материалдық ынтасын жойды, меншік иелері жұмысшы мен шаруа меншіктен ажыратыла бастады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйені қалыптастырған Одақ күйреді. Бұрынғы 15 республика тәуелсіз ел болып жарияланды. Олардың әрқайсысында саяси, әлеуметтік-экономикалық реформа жүргізіле бастады. Меншік мемлекеттен ажыратылды, жекешелендіру іске асырыла бастады. Жаңа нарықтық қатынасқа көштік. Нәтижесінде өзара тең көптеген жаңа меншіктер өмірге келді. Қоғамдық меншік оның барлық мүшелерінің меншігі болудан қалды. Соның нәтижесінде қоғам екі таптан және интеллигенциядан тұрады деген қорытынды да күйреді. Қоғамның қазіргі жағдайын және таяу мерзімдегі болашағын болжасақ біздің қоғамда да жаңа таптар, меншіктің жаңа иелері пайда болуда және солай болады да. Қандай таптар болуы мүмкін? Бақылау жасаушылар, «ақ жағалылар» және кәсіп иелерінен тұратын орта, дене еңбегімен айналысатын жұмысшы және ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар табы пайда болып келеді. Сөйтіп қоғамның таптық құрылымы өзгерді. Біздің қоғамымызда, сөз жоқ, кедейлер де болады. Олар қазірде де бар.

Америка Құрама Штатында 1983 жылы әлеуметтанымдық зерттеу жүргізілгенде респонденттердің 3 проценті өздерін ешбір тапқа жатқызбаған, ал 8 проценті өздерін кедейлерге, 37-сі жұмысшыға, 43-і орта тапқа, 8-і ортадан жоғары, 1 проценті жоғары тапқа жатқызбаған. Ал респонденттердің бір тобы - дәрігерлер, адвокаттар өздерін орта таптың жоғарғы жігіне жатқызған. Англияда 1986 жылғы есеп бойынша, 9 миллион адам немесе халықтың 17 проценті кедейлік жағдайда өмір сүрген. Соңғы 100 жылда жалақы әлденеше рет өссе де 0, 5 миллион адамдар жалақыны күн көріске қажетті мөлшерден кем алған. Олардың жартысы бұрынғы жақсы тұрған зейнеткерлер. Индустриалды дамыған елдерде 70-80-жылдарда жұмыссыздар саны азайса да, дегенмен олар жойылмаған. Жұмыссыздар да өздерін кедейлерге теңейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Қоғамның әлеуметтік құрылымының және оның дамуының әлеуметтануы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
Социология ғылым ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz