Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы) жайлы ұғым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы) жайлы ұғым 2
2. Әлеуметтік қауымдастықтардың (топтасулардың) тарихи типтері мен түрлері
4
3. Отбасы аса маңызды кіші әлеуметтік топ (институт) 7
4. Әлеуметтік стратификация теориясының мәні 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы) жайлы ұғым

Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың біртұтас жиынтығы екенін
айттық жоғарыда. Ал әлеуметтік құбылыстар дегеніміз не? Әлеуметтік
құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттері табиғат пен қоғамда
тудыратын өзгеріс, қозғалыстарды айтады. Мұндай әлеуметтік құбылыстардың
түрлері толып жатыр: әлеуметтік қатынастар мен қоғамдық, оқиғалар, түрліше
қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік топтар т.б.
Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас (адамдардың қоғамдық
жағдайының тепе-теңдігі) және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық
жағдайының теңеместігі) болып бөлінеді. Мысалы, таптық-антагонистік
қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық
қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және
рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік,
т.б. болады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай
маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік
топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының
жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады.
Солардың ішіндегі ең маңыздысы, негізгісі - адамдардың материалдық өндіріс
процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі
бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен, қоғамдық мекемелер мен
іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста
және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы
байланыстарын, өзара тәуелділіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта
зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке
құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап,
талдау қажет, қоғамдық құбылыстарды белгілі бір жүйеге келтіру керек. Бұл
классификациялау, жүйелеу, олардың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды
болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.

Қазіргі кезде социологиялық теорияардың бәрі қоғамдық құбылыстарды,
қоғамның әлеуметтік құрылымын өздігінше классификациялауға әрекет жасап,
құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни
қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен айналысады.
Структура термині латын тілінен алынған — ол, жалпы алғанда, белгілі
бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай
бір тұтастығын білдіретін термин.
Қоғамның әлеуметтік структурасы (құрылымы) жайлы ұғым қазіргі заманғы
батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ олардың бәріне
ортак, жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы
өздігінше қоғамдық құбылыстарды екі салаға: эколномикалық құбылыстар
саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлу критерийін немесе
айырмашылық белгісін табуға тырысады. Содан кейін экономикалық емес
құбылыстар саласы басқа белгілер бойынша одан кіші салаларға жіктеледі. Бұл
құбылыстардың бәрі өзара тәуелділікте болады, бірақ қоғамдық құбылыстардың
жеке салаларының жекеше заңдары да, жекеше тіршілігі де болады деп
дәлелдейді.
Қоғамның құрылымы жайлы маркстік пікірді түсіну үшін оның Саяси
экономия сыныңа деген еңбегінің Кіріспесіндегі мына үзіндінің маңызы зор:
Өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар олардың еркінен тәуелсіз белгілі
бір қажетті қатынастарға — өндірістік қатынастарға араласады бұл қатынастар
олардың материалдық өндіргіш күштерінін белгілі бір даму дәрежесіне сәйкес
келеді. Бұл өндірістік қатынастарының жиынтығы қоғамның экономикалық
құрылысын, реалды базисін құрады, бұл базиске саяси және юридикалық
қондырма орнайды, оған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сәйкес
келеді. Материалдық өндіріс тәсілі жалпы алғанда әлеуметтік, саяси және
рухани өмір процестерін айқындап береді. Адамдардың болмысын олардың санасы
билемейді, қайта, керісінше, олардың қоғамдық болмысы санасын билейді
(К.Маркс, Ф.Энгельс. 13 т, 67 б.).
Бұл үзіндіден көріп отырмыз, маркстік социология қоғам өмірін екі
негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және
қоғамдық қондырмаға.
Қоғамдық қондырма саяси және юридикалық қондырмаларға, қоғамдық
сананың формаларына жіктеледі.
Қоғамның экономикалық, базисін шын мәніне келгенде бір-бірімен
айырғысыз байланыстағы екі элементтің - өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып
табылады.
Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі.
Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағытталған
адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс (еңбек) құралының
көмегімен өңделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз — еңбек
нәрсесін өңдеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен
еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады.
Бірақ еңбек нәрселері мен құралдарын адамның іс-әрекетінсіз өлі зат
деуге болады. Оларды қимылға келтіріп, өндіріс процесін жандандыратын -
адамның тірі еңбегі, іс-әрекеті. Сондықтан өндіріс процесінде адам шешуші
фактор болып табылады - ол басты өндіргіш күш болып саналады.
Қондырманың құрамына енетін қоғамдық құбылыстардың материалдық
игіліктер өндірісіне тікелей қатысы болмайды. Қондырманың құрамын екі
салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананың формаларына бөлуге
болады.
Әлеуметтік-саяси қондырмаға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру,
тайпа, ұлт, мемлекет т.б. және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады.
Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада қорінеді:
саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми
саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне
әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсерін тигізеді, ал базистің
қондырмаға тигізетін әсері сайып келгенде ғана шешуші рол атқарады.
Өндірістік қатынастардың сипатына қарай қондырма таптық немесе тапсыз
болуы мүмкін.
Саяси және экономикалық жағынан үстем тап мәдени өмір саласында да
үстем болады, өйткені тек материалдық өндіріс құралдары ғана емес, рухани
өндіріс құралдары да соның қолында болады.
Ақыр соңында, қоғамдық құбылыстарды базис пен қондырмаға бөлуді қатып-
семіп қалған механистік тұрғыдан ғана түсінуге болмайды; олардың арасынан
қатаң шеқара жүргізу дұрыс емес, өйткені базиске де, қондырмаға да қатысты
қоғамдық құбылыстар бар.
Адамның өмірі біртұтас қоғам көлемінде ғана емес, сондай-ақ
айтарлықтай кіші әлеуметтік топтардың ішіндегі қоғамдық қатынастарда да
жүріп жатады. Сондықтан социологтар әлеуметтік топ деген ұғымды анықтап,
оның классификациясын жасауға, ол топтардың қоғам құрылысындағы орнын
анықтауға тырысады.

2. Әлеуметтік қауымдастықтардың (топтасулардың) тарихи типтері мен түрлері

Әлеуметтік топ ұғымы жайлы бірыңғай пікір жоқ, сондықтан оның
анықтамасы да көп. Солардың ішінде, біздің пікірімізше, мына анықтама ең
дұрысы сияқты: әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін
қанағаттандыру мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып, түрлі іс-
әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді-кішілі жиынтығы.
Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мүддесі бар және әдет-ғұрпы бірдей
жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.
Бұл топтар белгілі бір маңызды белгінің (критерийдің) негізінде:
ұйымдасқандық, немесе ұйымдаспағандық, биологиялық, экономикалық, саяси,
мәдени-идеологиялық т,б. негізінде классификацияланады.
Ғылыми-материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына
тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда,
қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді;
екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар — таптар,
қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа-әлеуметтік топтардың мінез-
құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл
материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады.
Осы негізге сәйкес Философиялық энциклопедиялық сөздікте әлеуметтік
топтар ірі, орташа, және кіші деп үшке бөлінеді.
Ірі (глобалдық) әлеуметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам (ел)
көлеміндегі адамдар жиынтығы (алғашқы адамдар тобыры, ру, тайпа, халықтық,
ұлт сияқты этнографиялық топтар), таптар, әлеуметтік-экономикалық
формациялар, кәсіптік топтар, жасына қарай топтасу (жастар, пенсионерлер)
т.б, Жеке адам өзінің ірі топқа қатыстығын саналы түрде білмеуі де мүмкін,
өйткені ол сол топка жататын басқа адамдармен қатыспауы да мүмкін. Ірі
топтардың қалыптасып, дамуының екі негізгі сатысын айыруға болады:
спонтанды түрде (яғни өз бетінше) (мәселен өзіндік тап) және ұйымдасқан
түрде (саналы тап - класс для себя) түрде; бұл екінші сатысында
кептеген адамдар өзінің сол топқа (тапқа) жататының саналы түрде түсініп,
сол топтың мақсатын іске асыру үшін топтасып ұйымдасады.
Орташа топқа бір кәсіпорында және бір территорияда жұмыс істейтін
адамдардың, өндірістік жиының (бір селоның, ауданның, қаланың тұрғындарын)
жатқызады. Территориялық жиынтық өз бетінше болатын топтатсу. Өндірістік
бірлестіктер белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылады және өзінің құрамы мен
қатынастарын иерархиялық (төменгінің жоғарғыға бағынатын) өкімет билігінің
құрылысымен, шешімдер және заңдар қабылдау жолымен реттеп отырады.
Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар - отбасы, бастауыш ендірістік
ұйымдар (бригадалар), көршілердің ұйымы, мектеп кластары, курс, группалар
т.б. бар. Ұсақ топтың өзіне тән ерекшелігі сол, оның мүшелері бір-бірімен
тікелей байланыс жасайды. Сыртқы ортаның әсеріне және топ мүшелерінің ішкі
қарым-қатынасына сәйкес қалыптасатын әрбір ұсақ топтың өзіне тән белгілі
бір құрылымы болады. Ұсақ топтар мақсатты (формальды) және әлеуметтік-
психологиялық (формальды емес) болып екіге бөлінеді. Мақсатты ұсақ топтар
алдын ала белгіленген (әдетте ресми белгіленген) мақсаттарға, нұсқаулар мен
ережелерге сәйкес әрекет етеді, ал формальды емес ұсақ топтар адамдардың
бірін бірі ұнату неме ұнатпау сезімі негізінде құрылады.
Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір-біріне әсер етеді. Мәселен, таптық-
антагонистік қоғамдар жағдайында бардық топтардың (этникалық,
демографикалық, ұсақ топтардың т.б.) мінез-құлқы таптардың күресімен
анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі (әлеуметтік
құрылым) конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.
Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда өндіріс тәсіліне сәйкес
топтармен қатар адамдардың басқа да тарихи топтары болады. Мәселен, рулық,
тайпалық, халықтық және ұлттық жиынтықтар сондай топтарға жатады. Бұлар
адамдардың этностық әлеуметтік топтары болып табылады.
Рулық - алғашкы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық
әлеуметтік топ (қауымдастық), яғни тас дәуірінде (палеолит дәуірінде) өмір
сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне
және жабайы аңдарға қарсы бірлесе күресу мақсаты және шаруашылығы бір
туысқан, қандас адамдардың тарихи тобы болып табылады.
Рудың экономикалық негізі - өндіріс құралдарына деген коллективтік
(қауымдық) меншік, оларды бірлесе пайдалану. Руды барлық ересек мүшелері
қатысатын кеңес басқарады. Осы кеңесте басшылар - ақсақалдар мен әскер
басшылары сайланады немесе орнынан түсіріледі.
Алғашқы руға қатыстылық (мүшелік) анасы тарапынан анықталды
(матриархат), кейіннен әкесі тарапынан анықталатын болды (патриархат).
Бірнеше рулардың одақтасуынан тайпалар құрылды. Бұл екеуі де тіл,
территория және әдет-ғұрып бірлігіне негізделді.
Ру мен тайпа алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік топтар болып
саналады. Бұл топтар қоғам дамуында үлкен рөл атқарды, өйткені адамзаттың
материалдық және рухани мәдениетінің бастамасын салды.
Өндірістің дамуына байланысты жеке меншікке негізделген таптық қоғам
және мемлекеттік бірлестік шыкканнан кейін туысқандық, қандастық байланыс
біртіндеп ыдырап, адамдардың тарихи топтасуының жаңа түрі — халықтық
топтасу пайда болды.
Халықтық топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға
тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік топтасу
бірнеше туысқан тайпалардың территория, тіл және мәдени өмір бірлігінің
негізінде қалыптасты. Бұл топтасулардың шаруашылық негізі көбінесе
егіншілік пен мал өсіруге негізделген натуралдық шаруашылық болды. Бұл
кезде бір ел, бір мемлекет келемінде берік экономикалық бірлік
болмағандықтан, халықтық бірлік те айталықтай берік, тұрақты жиынтық бола
алмады. Экономикалық және саяси жағынан бытыраңқылық басым болды.
Капитализмнің тууына және дамуына байланысты әлеуметтік топтың жаңа
түрі — ұлттық топтасу пайда болды. Капитализм тұсында біртұтас рыноктың
құралуына байланысты бұрынғы феодалдық бытыраңқылық жойылып, бірнеше
халықтар бір ұлттық топка бірікті. Ұлттар қоғам дамуының буржуазиялық
дәуірінің қажетті жемісі және қажетті формасы (Ленин).
Ұлтқа тән мәнді белгілер: территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет
бірлігі және феодализм түсындағы бытыраңқылықтың салдарынан болмай келген
экономикалық өмір бірлігі. Демек, ұлттың құралуында экономикалық өмір
бірлігі шешуші рөл атқарды.
Ұлтты нәсілдік топпен шатастырмау қажет. Нәсілдік айырмашылық түсіне,
бет пішініне, т.б. сыртқы белгісіне қарай айрылатын топ — ақ, қара және
сары нәсілділер бар.
Капитализм тұсында енді ұлт мәселесі (езілген ұлттардың азаттықка,
бостандыққа жету үшін күресу мәселесі т.б.) туды. Капитализм тұсында ұлттық
қатынастардын дамуында бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция туды: бірішісі
- капитализмнің өрлеу дәуірінде ұлттық мемлекеттердің құрылуына байланысты
тенденция. Екіншісі - империализм дәуірінде түрлі ұлттардың өзара
байланысының дамуы салдарынан ұлттық шеқараның жойылып, біртұтас
экономиканың құрылу тенденциясы.
Орташа әлеуметтік топка қала мен ауыл-село, ірі өндірістік
бірлестіктер, аудан және облыс көлеміндегі тұрғындар, т.б. жатады. Бұлардың
ішінде территориялық топтасудың қазіргі аса маңызды түрлері — қала мен ауыл-
село болып табылады..
Адамзат қоғамының бүкіл даму барысында адамдар белгілі бір
территорияларды мекендеп келеді. Сондықтан тұрған территориясына қарай
топтасу адамдар қоғамының алғашқы тобырлары пайда болғаннан бері болып
келеді. Село ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдардың бірлесіп еңбек
ететін мекені, ал қала — белгілі бір территория үшін экономикалық және
саяси орталық болып табылатын ірі мекен-жай.
Адамзат тарихының алғашқы кезінде селолық мекен-жайлар көп болды және
маңызды роль атқарды. Ертедегі дүниеде қалалар сауда мен қолөнердің
орталығы болды. XI ғ. бастап қалалар жылдам дами бастады. Европаның
қалаларында өндіріс дамып, олар түрлі елдер арасындағы сауда қатынастарының
делдалы болды. Орта ғасыр мен Жаңа дәуір (XIX ғ. екінші жартысына дейін)
қала тұрғындары озат қоғамдық идеялардың жаршысы болды.

3. Отбасы аса маңызды кіші әлеуметтік топ (институт)

Отбасы адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші
әлеуметтік топ болып табылады. Ондағы әрбір адамның өмірі отбасымен тығыз
байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары
біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Сондықтан да отбасына объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай
емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі
болғандықтан, оны зерттеуші қоғамдық ғылымдарда көп. Бұл ғылымдардың
әрқайсысы оз анықтамасын беруге тырысады. Социология ғылымы оны былай
анықтайды: отбасы дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ — оның
жалпы белгілері - бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық
қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік және жеке-дара адамгершілік сапаларын
қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру.
Қысқасы, отбасы еркек пен әйелдің табиғи жыныстық және басқа
қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ
өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып
табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол отбасындағы
қатынастар, оның құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік
топ болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы (структурасы)
«Ғылыми зерттеулердің методологиясы» пәнінен дәрістердің қысқаша курсы
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны
Жеке тұлға психологиясы
Қазіргі заманғы оқыту технологиясы
Тәжірибе базасымен танысу
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру
Мұғалімнің шеберлігін жетілдіру жолдары
Пәндер