Отбасындағы кездесетін негізгі проблемалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Отбасындағы кездесетін негізгі проблемалар 2
Пайдаланған әдебиеттер 8

Кіріспе

Жүрекке жүрек үн қатып, арманмен арман қауышып, қол ұстасып екі жас
жаңа өмір жолын бастайды-отау тігіп, шаңырақ көтереді.
Шаңырақ беріктігі, әрине, екі жастың өзара түсінушілігіне,
сыйластығына, бір-біріне деген қамқорлығына тікелей байланысты. Әйтседе бес
саусақ бірдей емес қой... асып түсемін деп асқындырып, бұра тартып бұзылып та
жатады. Шайқалуға сылтау көп, сол сылтауға от тастап қозғамаған жөн.
Осындайда екі жаққа да шыдамдылық, төзімділік, ұстамдылық керек.
Жанұя - өзінің өмір қалпын сол өзі сүріп отырған әлеуметтік ортаға
байланысты құрады. Қоғам өміріндегі оңды-солды жағдайлар, қиындықтар мен
қайшылықтар отауға өз әсерін тигізбей қоймайды. Сонымен қатар отау да өз
кезеңінде қоғам өміріне ықпал жасайды, себебі жанұяда қоғамның жас мүшесі -
нәресте дүниеге келеді, ол қоғам талабына сай тәрбиеленеді, соның негізінде
оның рухани дамуы қалыптасады.
Жанұяның әл-ауқат жағдайын, тыныс-тіршілігін терең білу арқылы ғана
пәрменді әлеуметтік саясатты іске асыруға болады. Осыдан келіп жас отаудың
қалыптасу және даму проблемасы туындайды. Бұл қазіргі әлеуметтану ғылымының
бірінші кезекті зерттеу объектісіне айналып отыр. Неке мен жанұяға деген
көзқарастардың өзгеруі, бала тәрбиесіне қойылатын талаптың өсуі, ерлі-
зайыптылардың сезімдік және рухани дүниелерінің жетілуі неке тұрақтылығына
әсер ететін шешуші факторлар болып табылады. Отау материалдық және рухани
қатынастардың бірлігі болып табылады. Қоғам дамуының жалпы заңдылықтарымен
өмір сүре отырып, әр отаудың өз ерекшеліктері бар.

Отбасындағы кездесетін негізгі проблемалар

Бір ошақтың басында өмір сүру, яғни бір-бірін қажытып,
шаршатпайтындай қатынас жасау өнеріне үйрену жөн. Біркелкілік пен зерігу,
ол ерлі-зайыптылардың арасындағы дәнекерді жеп тоздыратын тот. Егер екі
адам бір-бірімен оңаша қалғанда зеріге бастаса, айтатын сөзі таусылса,
жалықса, бұл жерде ешқандай сұлулық құтқара алмайды. Міне, осы сәттен
бастап бір-біріне суыйды, бірге тұрғандарына қарамастан, жан дүниеде
жалғыздық пайда болады.
Ең бастысы, екеуінің арасындағы енжарлықтан, үйлесімсіздіктен, елене
бермейтін ұқыпсыздықтан ынтасыздықтан түскен сызат уақыт өте келе үлкейеді,
әуелі кекесін күлкіге, сосын жүрек ауыртар ызғарлы сөздерге айналады. Бір-
біріне деген өкпе-назы болмашыдан реніш туғызады, себебі ынтымақ бұзылады,
бірліктің мәні кетті. Осылайша біреулерді ерте, біреуде кеш, жұбайлар
арасындағы сезім, құрмет, сыйластық жібі үзіледі.
Мұны болдырмаудың жолдары бар ма? Қайткенде оны сақтап қалуға болады?
Ең бастысы, мүмкіндігінше екі жақта бірдей салқындық байқалысымен тез
жылыту қамына кірісу керек. Отау ұйтқысының ең басты жауының бірі - ақша
мен байлық жолына түсу. Себебі, байлық өте өзімшіл, менмен келеді. Ол тез
адам еркін билеп алады, одан әрі құнығушылық басталады.
Отбасы ынтымағының және бір жауы-өрлік пен өзім білемдік.
Бірбеткейлік пен орынсыз өрлік, ойланбай айтылған сөз, жөнсіз іс- әрекет
босағаны босатып, шаңырақты шайқалтпай қоймайды.
Шаңырақ шат болуы үшін социологтар зерттеулері көрсеткендей, оның он
бір шарты болуы керек. Олар:
1. Ерлі-зайптылар арасында түсінушілік
2. Пәтердің бөлек болуы
3. Материалдық жағдайдың дұрыстығы
4. Балалалары болуы
5. Неке беріктілігіне сенімділік
6. Үйдегі бос уақытын қызықты өткізе білу
7. Өзі қалаған жұмысын істеу
8. Алған біліміне қанағаттануы
9. Жұмыста өсуі
10. Сенімді достарының болуы
11. Жұбайлардың өзара еркіндігі
Жастар арасындағы осылардың ең бастысын білуге тырысқанда, мына
мәселелер бірінші орынға шыққан: түсінушілік, бөлек пәтер, материалдық
жағдайы, бала жұмысы.
Жанұя - қоғамның бөлшегі. Оның әлеуметтік маңызы оның орындайтын
міндетті қызметтеріне айқын көрінеді.
Қазіргі кезде көп балалы отаудың болғаны қуанарлық жағдай. Бірақ
көптеген отаудың бұған мүмкіндігі жоқ. Бұл қиыншылықты қоғам, жанұя және
жеке адам бірлесе отырып күш салумен жеңуге болады. Экономикалық заңдылық
және психологиялық шаралар арқылы осы мәселелер шешілуі қажет.
Жанұя - адамды тәрбиелейтін бесік. Мұнда ол ең бірінші адамгершілік,
эстетикалық, саяси және философиялық әлемді меңгерудің қадамдарын бастайды.
Жанұя - еңбек мектебі, ұрпақтар мектебі. Баланың жанұяда тәрбиеленуі
дегеніміз, ол - жеке тұлғаны қалыптастыру. Жұмыстан бос уақытты дұрыс
пайдалана білу, оны жақсы ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Егер бос
уақыттарында жанұя мүшелері бірігіп кино, театр, музейлерге барса, бірге
қыдырса қандай жақсы болар еді.
Үйдегі ең көп шаршайтын да, күш-қуатын көп жұмсайтын да, жүйкесін
жұқартатын да әйелдер. Сондықтан да басқаларға қарағанда әйелдердің рухани
және күшін қалпына көбірек келтіру қажеттігі ескерусіз қалады.
Шаршаған, жүйкесі жұқарған ана үйде мүмкіндігінен әлдеқайда аз игілік
істейді, мүмкіндігі толық пайдалана алмайды. Ал осының арты біртіндеп
денсаулыққа кесірін тигізеді, рухани дамуға уақыты жетпейді, қабаққа кірбің
енеді, ұсақ-түйек нәрсеге ашуланшақ болады, арты ренішке апарып соғады.
Ең алдымен, әйел өзі үшін демалыстың қаншалықты маңызы барын жақсы
түсінуі керек, соған жете көңіл бөлгендері дұрыс. Балалары мен әкесі үйдегі
қара жұмыстарды бөліп алып, біріге отырып атқарғандары жөн. Оның үстіне
әйелге оның тәтті тамағына, іскерлігіне деген ризашылықтарын жылы сөзбен
айтып отыруға келгенде сараң болмаған жақсы. Ананың демалатын уақыты
жеткілікті болуы керек, ол үшін жанұяның барлық мүшелерінен күнделікті
қамқорлықты талап етеді.
Жанұяның бақытты болуы көп нәрсеге байланысты-күйеуі мен әйелінің
қарым-қатынасы, бала тәрбиесі, көңілі қалаған жұмыс т.б. айта берсе өте
көп. Бұған қоса экономикалық хал-ахуалы, жанұя мүшелерінің экономикалық
сауаттылығы да көп нәрсенің тетігін шешетіні анық. Шаңыраққа келетін
қаржыны жұмсар алдында оны дұрыс, қайда және неге шығаратынымызды анықтап
алуымыз керек. Тұрмыс құрған жас жұбайлар басқа нәрселермен қатар өздеріне
экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі
Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері
Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму ерекшеліктері
Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Отбасыішілік қарым-қатынастың баланың психологиясына ықпалы
Отбасы және балаларға әлеуметтік көмек
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
Пәндер