Социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2
І Тарау Социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты 3
ІІ Тарау Бағдарлама жасаудың функциясы 6
ІІІ Тарау Социологиялық зерттеу әдістері 10
Қорытынды 15
Пайданылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық
зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді,
әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу
болып табылады. Өзінің ерекше әдістерін басқара отырып, эмпирикалық
социология процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды
толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық сатысы әр жақтылық
пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық сақталатын әлеуметтәк
шындықтың бейнесін береді. Эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау
көзі және негізі болып табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен процестерді
теориялық тұрғыдан талдауға жол ашады.
Социологиялық бағдарлама бүгінгі таңда қоғамдық өмірдегі проблемалардың
шешілу жолына нұсқау көрсететін жол. Оның маңыздылығын сипаттап беру менің
бүгінгі міндетім. Сонымен талқыланатын тақырыптың құрылымына келетін
болсақ:
І Тарауда социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты, туралы
айтылады.
ІІ тарауда бағдарлама жасаудың функциясы айқындалады.
ІІІ Тарауда социологиялық зерттеудің әдістері мен оның оның ең көп
таралғаны – сауалнама жөнінде мәліметтер беріледі.
Қорытынды бөлімде өзімнің ойым көрсетіледі.

І Тарау Социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты

Социологиялық зерттеу – нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды
шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін
теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі.
Социологиялық зерттеуде ғылыми өызметтің элементтері бар:
□ зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
□ зерттеу субъектісі;
□ социологиялық зерттеу белгілі бір мақсатқа жетуге және нақты
міндеттерді шешуге бағытталған;
□ міндетті шешу құралдары - әдістер, қйымдастыру іс-шаралары және
тағы басқалары бар.
□ Социология зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
1. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар:
✓ статистикалық;
✓ тәжірибелік;
✓ типологиялық;
✓ тарихи;
✓ кейбір таңдамалы оқиғаларды зерттеу мақсатында жүргізілуі мүмкін.
2. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрі – материалды талдау тәсілі.
Мұнда олар:
➢ Барлау(сынау, пилотажды, зондажды);
➢ Сипаттамалық (сарапшылардың сауалнамасы, мақсатты сипаттама,
объект туралы түсінік);
➢ Талдамалық (себептік байланыстарды сипаттау және анықтау) болуы
мүмкін.
Барлау арқылы зерттеу – нақты социологиялық зерттеудің кң бір қарапайым
түрі. Ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама
мен көлемі бойынша сығымдалған құралдарға (сауалнама, бланк-интервью,
сауалнама парағы және басқалары) негізделеді. Барлау арқылы зерттеудің бір
түрі – экспресс-сауалнама.
Сипаттамалық зерттеу нақты социологиялық зерттеудің күрделірек түрі. Ол
зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы түрде
тұтастай түсінік беретін эмпирикалық мәліметтер алуды көздейді.
Талдама зерттеу – социологиялық талдаудың ең күрделі түрі. Ол
зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат
тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат
етеді. Бұл зерттеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
Үшінші түрі зерттеудің динамикасы мен статикасынан анықталады:
- Бір жолғы, нүктелік;
- қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар – сол бір топ,
сұрақтар, бағдармалар және әдістемелер белгілі бір уақыт арқылы;
- лонгитюдті (объектіні ұзақ уақыт кезең-кезеңмен бақылау).
Зерттеу объектісі – танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың
тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы
немесе аясы.
Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс
анықтаудың маңызы зор.
Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің жақтары, сондай-ақ
әлеуметтік проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама-қайшылықтарды барынша
толығырақ бейнелейтін объектінің қасиеттері алға шығады.
Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен
қатар міндеті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдауда жатады. Гипотеза - қандай
да бір фактіні, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін жасалатын ғылыми
болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала талдау
нәтижесінде тұжырымдалуы мүмкін.
Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу
объектісін құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі,
ауқымдылығы, қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін.
Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу
тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызды ерекшеліктер негізгі
ұғымдарды түсіндіру рәсімі болып табылады. Осы ұғымдар арқылы олар оның
мазмұнын сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді(дербестенеді).
Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады
және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне
теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі.

ІІ Тарау Бағдарлама жасаудың функциясы

Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа – социологиялық зерттеу
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама – кезең-кезеңмен бағдарламаудан және ғылыми-тәжірибелік
зерттеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы
тұжырымдамасын жазу.
Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:
❖ Не істеу керек;
❖ Ойлаған нәрселерді немен орындау керек;
❖ Ойлағандарды қалай орындау керек.
Бағдарламаның функциялары:
• Теориялық-әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және
оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
• Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және
күтілетін нәтижелерді сипаттауға, сондай-ақ зерттелетін жиынтықты
анықтауға, қажетті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды
компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мүмкіндік береді.

• Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Оны жасауға кірісуден бұрын мыналарды істеу қажет:
❖ Зерттеуге жататын жағдайа диагностика жасау (мысалы, қазіргі
заманғы орта мектептің жай-күйі зерттеледі);
❖ Проблематизация жүргізу – дәл осы сәттегі нақты шешілетінді анықтау
(кадр құрамы, оқушыларды мектеп партасына қайтару). Кейіннен шешу
қажет болатын негізгі мәселелерді белгілеу;
❖ Егер тапсырыс беруші бар болса, алдын-ала зерттеудің мақсатын,
мерзімімен келісу;
❖ Есеп беру формасын анықтау;
❖ Зерттеу тақырыбын тұжырымдау.
Зерттеу тақырыбы – проблемалардың ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде
қойылатын контурды белгілеу, қандай да бір шешім қабылдау үшін өзінің
бағыты болу.
Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге
бағытталады. Проблема – адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі
туралы білімі мен осы әрекеттерді іске асыру жолдарын, құралдары мен
әдістерін білмеуі арасындағы қарама-қайшылық.
Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған
проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір
социологиялық зерттеу шегінде бірнеше проблеманы белгілеу де дұрыс емес.
Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп көрсетіледі:
1. Проблемалық ахуалды пайымдау;
2. Проблеманы тұжырымдау (әзірлеу);
Проблемалық ахуал – бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-
қайшылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм).
Проблемалық ахуалды алдын-ала талдау:
- Сырттай бақылау;
- Проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;
- құжаттарды, оның ішінде ведомостволық құжаттарды, алдыңғы
социологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау;
- сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің қызметкерлерімен) еркін
интервью.
Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып
табылады.
Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады. Сұрақ:
осындай және басқа құбылыстардың себептері қандай?
Қойылым: осының және осының шешу тәсілдерін атбу. Факторлардың осы
тобын түсіндіретін үлгіні жасайды.
Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни зерттеу
объектісі мен пәнін анықтау арқылы алынса, болжанатын болып табылады.
Проблемадан бағдарламаға ауысатын болсақ, социологтар объектіден
зерттелетін жиынтық алынатын “іріктеу” операциясын жүргізеді. Бағдарламада
бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу жобасының
сипаттамасында көрсетіледі.
Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты – осы зерттеуге “қажет”, қажетті адамдардаң барша жиынтығы.
Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық зерттеулердің түрлері, бағыттары мен әдістері
Зерттеудің деңгейі
Социология пәнінен дәрістер
Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы)
Әңгіме және анкета әдістерінің негізгі ережелері
Әлеуметтанудың әдісі
Социологиялық білімнің құрлымы
Этносоциология туралы
Пәндер