Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні 3
2. Социологиялық зерттеу әдістері 7
3. Социологиялық сауалнама социологиялық ақпарат алудың негізгі әдісі
ретінде 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11

1. Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні

Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық
зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді,
әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу
болып табылады. Өзінің ерекше әдістерін басқара отырып эмпирикалық
социология процестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды
толықтыра түседі. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық сатысы әр жақтылық
пен алуан түрлілік, жекелік және кездейсоқтық сақталатын әлеуметтік
шындықтың бейнесін береді. Эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау
көзі және негізі болып табылады, ол қоғамдық құбылыстар мен процестерді
теориялық тұрғыдан талдауға жол ашады.
Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды
шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін
теориялық және эмпирикалық рәсімер жүйесі.
Социологиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар:
а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
б) зерттеу субъектісі;
в) социологиялық зерттеу белгілі-бір мақсатқа жетуге және нақты
міндеттерді шешуге бағытталған;
г) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары және
т.б. бар.
Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
І. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар:
1) статистикалық; 2) тәжірибелік; 3) типологиялық; 4) тарихи болуы
мүмкін; 5) кейбір таңдамалы оқиғаларды зерттеу мақсатында жүргізілуі мүмкін
(монографиялық сипаттама).
ІІ. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды талдау
әдісі. Мұнда олар: 1) барлау (сынау, пилотажды, зондажды); 2) сипаттамалық
(сарапшылардың сауалнамасы, мақсатты сипаттама (объекті туралы түсінік); 3)
талдамалық (себептік байланыстарды сипаттау және анықтау) болуы мүмкін.
Барлағыш зерттеу – нақты-социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым
түрі; ол шағын зерттелетін жиынтықты қамтиды және ықшамдалған бағдарлама
мен көлемі бойынша сығымдалған құралдарға (сауалнама, бланк-интервью,
сауалнама парағы және басқалары) негізделеді. Барлағыш зерттеудің бір түрі
– экспресс-сауалнама.
Сипаттамалық зерттеу нақты-социологиялық зерттеудің күрделірек түрі;
ол зерттелетін құбылыс, оның құрылымдық элементтері туралы салыстырмалы
түрде тұтастай түсінік беретін эмпирикалық мәліметтер алуды көздейді.
Талдама зерттеу – социологиялық талдаудың ең күрделі түрі, ол
зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін сипаттап қана қоюды мақсат
тұтпайды, сонымен бірге оның негізінде жатқан себептерді анықтауды мақсат
етеді; бұл зерттеу айрықша тәжірибелік маңызға ие болады.
ІІІ. Үшінші түрі зерттеудің динамикасы мен статикасынан анықталады:
1) бір жолғы, нүктелік; 2) қайталама, оның арасында панельді деп
аталатындар -–сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі-
бір уақыт арқылы; 3) лонгитюдті (объектіні ұзақ уақыт кезең-кезеңмен
бақылау).
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа – социологиялық зерттеу
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Бағдарлама – кезең-кезеңмен бағдарламалаудан және ғылыми-тәжірибелік
зерттеу қызметі рәсімдерінің ережесінен тұратын зерттеу жобасының жалпы
тұжырымдамасын жазу.
Бағдарлама мыналарды түсіну мен білуді көрсетеді:
1. Не істеу керек.
2. Ойлаған нәрселерді немен орындау керек.
3. Ойлағандарды қалай орындау керек.
Бағдарламаның функциялары:
1. Теориялық-әдістемелік функция, ол ғылыми проблеманы анықтауға және
оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге
және күтілетін нәтижелерді сипаттауға, сондай-ақ зерттелетін жиынтықты
анықтауға, қажетті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды
компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мүмкіндік береді.
3. Ұйымдастыру, ол зертеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Оны жасауға кірісуден алдын мыналарды істеу қажет:
1. Зерттеуге жататын жағдайға диагностика жасау (мысалы, қазіргі
заманғы орта мектептің жай-күйі зерттеледі).
2. Проблематизация жүргізу – дәл осы сәттегі нақты шешілетінді
анықтау (кадр құрамы, оқушыларды мектеп партасына қайтару).
3. Кейіннен шешу қажет болатын негізгі мәселелерді белгілеу.
4. Егер тапсырыс беруші бар болса, алдын-ала зерттеудің мақсатын,
мерзімін келісу.
5. Есеп беру формасын анықтау.
6. Зерттеу тақырыбын тұжырымдау.
Зерттеу тақырыбы – проблемалардың ішіне кіру, зерттеу мақсаты ретінде
қойылатын контурды белгілеу, қандай да бір шешім қабылдау үшін өзінің
бағыты болу.
Әдеттегідей, жиналған ақпарат қандай да бір проблеманы шешуге
бағытталады. Проблема – адамдардың қандай да бір әрекет жасауға қажеттілігі
туралы білімі мен осы әрекеттерді іске асыру жолдарын, құралдары мен
әдістерін білмеуі арасындағы қарама-қайшылық.
Проблеманы тұжырымдау кезінде мынадай жағдайлар туындайды: жалған
проблема қою немесе проблеманы тым өсіріп жіберу қаупі. Сондай-ақ бір
социологиялық зерттеу шегінде бірнеше проблеманы белгілеу де дұрыс емес.
Проблеманы қою процесінде мынадай екі негізгі рәсім бөліп
көрсетіледі:
1. проблемалық ахуалды пайымдау;
2. проблеманы тұжырымдау (әзірлеу).
Проблемалық ахуал – бұл әлеуметтік шындықта өмір сүретін қарама-
қайшылық, осы сәтте анық емес мәселелерді шешу тәсілдері (алгоритм).
Проблемалық ахуалды алдын-ала талдау:
а) сырттай бақылау;
б) проблемалық ахуал қатысушыларымен еркін интервью;
в) құжаттарды, оның ішінде ведомостволық құжаттарды, алдыңғы
социологиялық зерттеулер нәтижелерін талдау;
г) сарапшылармен (мысалы, Білім министрлігінің қызметкерлерімен)
еркін интервью.
Тұжырымдалған проблема проблемалық ахуалды пайымдаудың нәтижесі болып
табылады.
1) Проблема нақты сұрақтар немесе қойылым түрінде тұжырымдалады.
Сұрақ: Осындау және басқа құбылыстардың себептері қандай?
Қойылым: осының және осының шешу тәсілдерін табу. Факторлардың осы
тобын түсіндіретін үлгіні жасайды.
Проблема қандай да бір әлеуметтік құбылыстан алынса, яғни зерттеу
объектісі мен пәнін анықтау арқылы алынса, болжанатын болып табылады.
Зерттеу объектісі – танымдық қызмет бағытталған проблемалық ахуалдың
тікелей тасымалдаушысы ретінде әрекет ететін әлеуметтік шындық құбылысы
немесе аясы.
Социологиялық зерттеуді табысты жүргізу үшін зерттеу мәнін дұрыс
анықтаудың маңызы зор.
Зерттеу мәні ретінде зерттеуге тұратын объектінің жақтары, сондай-ақ
әлеуметтік проблеманы, онда жасырынып тұрған қарама-қайшылықтарды барынша
толығырақ бейнелейтін объектінің қасиеттері алға шығады.
Проблеманы, социологиялық зерттеудің объектісі мен мәнін анықтаумен
қатар міндетті рәсімдерге гипотезаны тұжырымдау да жатады. Гипотеза –
қандай да бір фактіні, құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін
жасалатынғылыми болжамдар. Ғылыми гипотеза зерттелетін объектіні алдын-ала
талдау нәтижесінде тұжырымдалуы мүмкін.
Анықталған зерттеу объектісі сандық жағынан үлкен және зерттеу
объектісін құрайтын барлық адамдардың сауалнамасы, күрделілігі,
ауқымдылығы, қымбаттығы жағынан тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан социологтар
объектіден зерттелетін жиынтық алынатын “іріктеу” операциясын жүргізеді.
Бағдарламада бұл операция кейіннен жеке құжатқа бөліне отырып іріктеу
жобасының сипаттамасында көрсетіледі.
Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты – осы зерттеуге “қажет”, қажетті адамдардың барша жиынтығы.
Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қала және с.с-лар
қызметкерлерінің барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайжы әрі
қымбатқа түседі, сондықтан репрезентативті іріктеуге жүгінуге тура келеді –
басты іріктеуге сәйкес келетін критерийлер бойынша зерттелетін құрамның осы
немесе басқа өкілдіктері.
Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір
күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол
объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң
көрсетуі тиіс.
Іріктелген жиынтық – берілген ережеге әйкес қатаң іріктеліп алынған
басты жиынтық элементтерінің белгілі-бір саны. Зерттеуге жататын
(сауалнама, интервью алу және с.с) іріктелген жиынтықтың элементтері
(респонденттер, талданатын құжаттар және с.с) талдау бірлігі болып
табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да
(студенттік), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық
топқа тән элементтер іріктелініп алынады. Осы іріктеліп алынған элементтер
іріктеу бірліктері деп аталады, ал оларды ішінен талдау бірліктері таңдалып
алынады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай
іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б. адам арқылы жүргізілуі
мүмкін. Ірітелетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау
қадамдары) деп аталады.
Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты
зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады.
Кездейсоқ іріктеу – халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі
ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация
қателігіне әсер етеді: іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал
қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте
қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме
жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің
(ағылш. response – жауап) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен
сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама
жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық зерттеулердің мәні мен мақсаты
Социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
Нақты социологиялық зерттеу бағдарламасы
Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Зерттеудің мәселесінің тұжырымдалуы мен негізделуі
Эмпирикалық әлеуметтану
Социология пәнінен дәрістер
Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру
Пәндер