Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары 4
2. Әлеуметтік тартыстарды және олардың функциясын жіктеу 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Қоғам әр түрлі әлеуметтік байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан
тұрады. Адамның іс-әрекеті басқа адамдармен қарым-қатынасқа түскенде,
нақтылап айтқанда басқа адамдарға ықпал етуге мақсатты түрде бағытталғанда
және оған әсер ете отырып, оның тарапынан да тиісті әрекетті тудырғанда
әлеуметтік сипатқа ие болады.
Адамдардың және олардың топтарының әлеуметтік мінез-құлқын түсінуге
болады, ал олардың әлеуметтік әрекеті белгілі бір мәнге ие. Осы бір қарым-
қатынастарды, адамдар арасындағы тартыстар мен қақтығыстарды әлеуметтану
ғылымы да өз ерекшелігі тұрғысынан қарастырады.
1950 жылдары қазіргі әлеуметтануда конфликтологиялық бағыт
қалыптасты. Бұл саланың қалыптасуына белгілі әлеуметтанушылар Л. Гумилович,
Т. Веблен, М. Вебер, Г. Зиммель, В. Парето, Г. Моска және т.б. елеулі үлес
қосты. Әлеуметтік тартыстарды тек әлеуметтану ғылымы ғана зерттемейді,
сонымен бірге оны әлеуметтік философия, саясаттану, әлеуметтік психология
және басқа ғылымдар қарастырады.
Тартыс кез келген қоғамға тән, өйткені адамдар мен адамдар топтарының
мүдделері әр түрлі болып келеді. Сондықтан да мүдделердің тоғыспауы не қиыс
түсіп жатуы тартысқа әкеліп соқтырады. Мұның өзі қоғамның үнемі өзгерісте
болуына, бір бірімен күресе отырып дамуына мүмкіндік береді. Міне, біздің
осы тақырыпты қарастыруымызға да тартыстың сан түрлі сипаты түрткі болды
әрі біз осы жұмыста тартыстың алғышарттарын, түрлерін ашуға тырыстық.
1. Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары
Тартыс проблемасы социологияның өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады. Ол тартыстың қоғамдық құбылыс ретіндегі табиғаты, пайда болу
себептері, шешу мүмкіншіліктері, сондай-ақ тартыстардың типологиясы,
жіктемесі, олардың қоғамдық өмірдегі ролін анықтау және т.б. кең ауқымды
мәселелерді қарастырады.
Тартыс – бұл қарама-қарсы мақсаттардың, ұстанымдардың, күштердің,
өзара әрекеттесуші көзқарастардың қақтығысы. Тартыс әрқашанда адамдардың
осы немесе басқа әлеуметтік топ мүшелері ретіндегі басқа субъектілердің
мүдделерімен өз мүдделерінің қарама-қайшылығын сезінуіне байланысты болады.
Ширыққан қарама-қайшылық ашық немесе жабық тартысты тудырады. Қарама-
қайшылық қоғам өмірінің бар саласын – экономикалық, саяси, әлеуметтік,
рухани салаларды қамтиды. Осы немесе өзге қарама-қайшылықтың ширығуы
“дағдарыс аумағын” қалыптастырады. Дағдарыс әлеуметтік шиеленістің күрт
өсуінен пайда болады, бұл көп ретте тартысқа апара бермейді.
Зерттеушілер тартыстың қоғамның оңтайлы құралдар арқылы жеңуге
болатын уақытша жай-күйі екендігін атап көрсетеді. Олардың көпшілігі
қоғамның тартыссыз өмір сүруі мүмкін емес деп есептейді, тартыс – адамдар
тұрмысының ажырамас бөлігі, қоғамда болып жатқан өзгерістердің көзі. Тартыс
әлеуметтік қарым-қатынастарды барынша ықшам ете түседі. Тартыс нәтижесінде
жеке адам мінез-құлқы мен әрекетінің өзін бұрын қанағаттандыратын қалыпты
нормасын таң қаларлық шешіммен және ешбір өкінішсіз тастай алады. Тартыстың
әсерінен қоғам қайта ұйымдастырылуы мүмкін. Әлеуметтік тартыс қаншалықты
күшті болса, оның әлеуметтік процестер ағымына әсері және оның жүзеге асу
қарқыны соншалықты айқын болады. Егер мұнда қандай тартыстар жиі болатынын,
олардың қалай пайда болатынын және олардың қалайша өтіп, шешілетінін білсе,
қоғам жайында көп нәрсе айтуға болады.
Тартыс проблемасын зерттеудің бастаулары ерте заманға барып тіреледі.
Ежелгі Греция ойшылдары қарама-қайшылықтар және олардың заттарды
туындатудағы ролі туралы ілімді қалыптастырды. Тартысқа Н. Макиавелли
айрықша назар аударды. Рим тарихына арналған еңбегінде ол әр түрлі
деңгейдегі тартысты қарастырады және оның қоғам дамуындағы оң ролін атап
өтеді.
Тартысты негіздеп қарастырған А. Смит болды. 1776 жылы оның “Халық
байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” жұмысы жарық көрді,
онда ол тартыстың негізінде қоғамның таптарға бөлінуі және олардың арасында
экономикалық бәсекелестік жатыр деп жазды. Соңғысы қоғам дамуының қозғаушы
күші ретінде қарастырылған.
Әлеуметтік тартысты байыптауда Г. Гегель көп жұмыс атқарды. Ол тартыс
тудырушы себептердің біріне “байлық жинақтау” мен таптардың еңбекке
байлануы” арасындағы әлеуметтік поляризацияны жатқызды. Сөйтіп, көптеген
ойшылдар тартыс – шындық, қоғам өмірінде қашып құтыла алмайтын құбылыс және
әлеуметтік дамудың ынталандырғышы деп есептеді.
К. Маркс пен Ф. Энгельс тартысты, ең алдымен, әлеуметтік теңсіздік
тудырады және ол тап тартысында көрінеді деп санады. Дәл осы тап тартысынан
қашып құтылу мүмкін емес, сонымен бірге ол капиталистік құрылыстың қарама-
қайшылығын байқау және шешу үшін қажет.
Марксизм сыншылары тартыс проблемасы марксистік ілімде жан-жақты
негізделмегендігін, тартыстың тек антогонистік таптар арасындағы қақтығыс
ретінде ғана қарастырылатынын атап өтеді. Оның үстіне марксистік
тұжырымдамада таптар және басқа әлеуметтік топтар арасындағы тартыстың
басты себебі саналатын экономикалық қарым-қатынастар абсолюттендірілді.
Әлеуметтік тартыстың басқа да түсіндірмелері бар. Неміс ойшылы Г.
Зиммель тартысты пікір қайшылығының бір формасы ғана деп емес, сонымен
бірге оның өзара байланысты тартысушы тараптарды біріктіруге қабілетті
әлеуметтендіруші күшін де анықтады. Г. Зиммель “тартыстың ауаны
тазартатынын” жазды.
Тартыс проблемасының бұдан арғы теориялық негіздемесі ХХ ғасырда
жасалды. Сонымен бірге тартыс теориясы қоғамды құрылымдық-функционалдық
талдау теориясына қарсы тұрады.
Функционализм өкілдері қоғамның тең салмақты, тартыссыз үлгісін
қолдайды. Осы бағыт жақтаушыларының көзқарастарына сай қоғам оның құрамдас
бөліктерінің, яғни мемлекеттің, саяси партиялардың, өндірістік
бірлестіктердің, кәсіподақтардың, шіркеудің, отбасының және т.б.-ның
функционалды түрде өзара әрекеттесуіне орай қамтамасыз етілетін “жүйені”,
тіршілікті және тұтастықты білдіреді.
Оның теңдігі мен тұрақтылығы ретінде қоғам “тұтастығы” идеясын
ұсынған функционалистер әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін, қоғам
мүшелерінде бірыңғай құндылықтардың болуын шешуші құрал ретінде атайды. Бұл
құқықтық ұстанымдар, құлықтық нормалар, діни уағыздар болуы мүмкін. Осы
құндылықтар қоғам өмірінің негізін құрайды және жекелеген индивидтердің,
сол сияқты ұйымның әлеуметтік топтарының да практикалық қызметін анықтайды.
Либералдық бағыттағы неміс социологы Ральф Дарендорф қоғамның
тартысты моделі теориясын жасады. Оқымысты кез келген қоғамның үнемі
әлеуметтік өзгерістер негізінде құрылғанын және соның салдарынан әрбір
сәтте әлеуметтік тартысты бастан кешетінін бекітті. Ол әлеуметтік
тартыстардың қалыптасу және даму сатыларының себептерін мүдделердің тартысы
(оның теориясының негізгі категориясы) негізінде қарады. Дарендорф
тартыстың 15 түрін (отбасы ұрыс-керісінен бастап ғаламдық саяси тартыстарға
дейін) бөліп көрсетті, ол осы түрлердің ешқайсысы антогонистік, ымырасыз
болып табылмайды деп санады. Өзінің қоғамдық үлгісін негіздей отырып
Дарендорф К. Маркс пен Ф. Энгельс көрсеткен антогонистік қайшылықтардың тек
ХІХ ғасыр шындығы екендігін және олардың өткеннің еншісінде қалғанын
бекітті. Оның қорытындысы бойынша, қазіргі кезде көптеген “ашық” және
“плюралистік” қоғамда тартыстың барлығы нақты қоғамның тұрақтылығына төнген
қауіп ретінде қарастырылмайды.
Оның пікірінше, кез келген қоғам мәжбүрлеуге сүйенеді. Қоғам мүшелері
үшін бастапқыда әлеуметтік позициялардың теңсіздігі (мысалы, меншік пен
билікті бөлу кезінде) тән, ал олардың мүдделері мен ұмтылыстарындағы
айырмашылықтары да осында жатыр, бұл өзара қақтығыс пен антогонизмді
тудырады. Дарендорф әлеуметтік теңсіздік және ол тудырған әлеуметтік
қарама-қайшылық әлеуметтік шиеленісті және тартысты ахуал жасайды деген
тұжырымға келді.
Субъектілердің мүдделері тікелей тартыстың қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан тартыстың табиғатын тану үшін, ең алдымен, мүдделердің табиғатын
және тартыстың әрекет етуші субъектілерінің сезіну тәсілдерін түсіну қажет.
Міне, осы жерде Дарендорф объективті (латентті) және субъективті (анық)
мүдделерді атап көрсетеді. Олар тартыстың “екі жағы” да белгілі болғанда
тартыстың пайда болуының алғашқы кезеңінде байқалады. Бұл “жақтар” нақты
мағынада әлеуметтік топ болып табылмайды, оған шоғырландырылмаған.
Сондықтан Дарендорф оларды жалған топтар (квазитоптар) деп атады. Осы
уақытта әрбір топта кейбір жалпы мүдделер мен оларды қорғауға бағытталған
психологиялық бағыттылық қалыптасады. Мұның барлығы тартыстың дамуының
бірінші кезеңін сипаттайды.
Тартыс дамуының екінші кезеңі Дарендорф бойынша, латенттік, яғни
субъектілердің және жалған топтардың нақты топтарға ұйымдасуындағы,
мүдделер тобының ұйымдасуындағы жасырын, түпкі мүдделерді сезінуінде
жатады.
Үшінші кезең осы немесе өзге “бірыңғай” топтардың (мысалы, таптардың,
ұлттардың, саяси ұйымдардың, шағын топтардың және т.б.) тікелей
қақтығысуымен анықталады. Егер бірыңғайлық болмаса, онда тартыс толық
болмайды, яғни аяғына дейін қалыптаспаған. Дарендорф “негізінен әрбір
тартыстың өзінің түпкілікті формасына оған қатысушы элементтер бірыңғай
болғанда ғана жететіндігін” нақтылайды.
Дарендорфтың ойынша, әлеуметтік тартыстардың негізіне мынадай саяси
факторлар жатады: билік, мәртебе, бедел үшін күрес. Тартыстар билік
етушілері мен бағыныштылары бар кез келген қоғамда болады. Әлеуметтік
ұстанымдардың теңсіздігі индивидтердің, әлеуметтік топтардың немесе адамдар
қоғамдастығының даму ресурстарына бірдей кіре алмайтынын білдіреді. Міне,
осыдан барып олардың мүдделерінің қайшылығы туындайды. Әлеуметтік
ұстанымдардың теңсіздігі бір топқа басқа адамдар тобының нәтижелерін
иеленуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz