ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ ДАМУЫНДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУ ДАМУЫНДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ

КЕЗЕҢ

ТЕКСЕРГЕН: ДАУТ ДОС

ОРЫНДАҒАН: ЖЕТПІСОВА АЙМАН

АЛМАТЫ-2007

XIX ғасырдың басыңда адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798-1857) шықты.

Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, антиклерикаддық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен-Симонның ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Осы көзқарастары үшін К. Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт өзінің позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм - әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның "позитивюс" - дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Ол позитивтік көзқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап, дәлелдеді. Осыған орай Конт алты томдық "Позитивтік философия курсы"деген еңбегінде (1830- 1842 жылдар аралығында жарияланды) ғылымды топтастырып, позитивтік философия мен әлеуметтану принциптерін жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне арнады. Ал төрт томдық кітабын "Позитивтік жүйе немесе адамзаттың дінін белгілейтін трактат" (1851-1854) деп атаған. Конттың тірі кезінде позитивизмді иегіздеген бұлардан басқа да "Қарапайым астрономия туралы философиялық трактат" (1844), "Позитивтік катехизис" (1856) еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық "Огюст Конттың өсиеттері" деген шығармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану ғылымына "позитивтік синтез" ретінде қарап, оны ғылыми білімді жинақтаған энциклопедияға балады. Қоғамды зерттеуте жекелеген ғылымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеуге бір ғана әлеуметтану ғылымының көмегі жеткілікті деп, әлеуметтануға басымырақ маңыз берді.

Конт әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анық айыра білмей, ғылымның осы атрибуттарын шатастырып алды. Оның пікірінше, әлеуметтану жалпы заңдарды зерттеуі тиіс:

а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы;

б) адамзат (оның өткені, бүгінгісі және болашағы) ;

в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат;

г) қазіргі елдер, халықтар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бүгінгі адамзат;

д) адамзат қызметі нәтижесінің объективтілігі

ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері;

з) адамдар мінез-құлқы;

и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы;

ж) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың құрылуы. Басқаша сөзбен айтқанда, Конт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүруі мен өзгеріске түсуін анықтайтын жалпы заңдар деңгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретіңде түсінеді.

Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолдануы тиіс:

- қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау;

- эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау;

- адамзат өмірін жануарлар дүниесімен салыстыру;

- әр түрлі елдер мен халықтардың өмірін белгілі бір көрсеткіштер бойынша салыстыру;

- тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезеңде адамзаттың немесе жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру.

Алайда, әлеуметтік қалыптағы өзгерістерді анықтауда математикалық процедура мен өлшемдерді қолдануды талап ететін бақылау әдісін Конт негізгі әдіс деп санайды. Конт бақылаудың анықтығы мен дәлдігі, осы әдістің процедурасын жасау проблемаларын көтерді, алайда оларды сол тұстағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер тәжірибесінің шектеулігіне байланысты шеше алмайды. Аталмыш әдістер, - деп үйретті Конт, іргелі әлеуметтану теориялары болған жағдайда ғана позитивтік білім алуды қамтамасыз етеді. Мұндай теориясыз олар тек көңілге қонбайтын толған фактілерді берген болар еді. Ал мұндай теорияны жасау үшін айтылған әдістермен алуға болатын қорытындылаушы материалдар қажет. Конт пікіріндегі қарама-қайшылықты былайша түсіңдіреді: теория мен корытындылаушы материал бірінсіз-бірі бола алмайды, теория әлеуметтану материалдарын тиісінше жинауға мүмкіндік берсе, ал корытындыланған материалдар теорияның дамуына негіз болады.

О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі күшке айналуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи миссиясын болашақтың "Ғылыми Библиясын" жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды. Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста білімді біріктіру - қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асырылды. О. Конт бұл мәселені жаңа қырынан көтерді. Ғылымдарды классификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді: тарихи (ғылымның пайда болу уақыты және бір ізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.

О. Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, сонымен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Өзінің ұстазы Сен-Симонның пікірін қолдай отырып ол нағыз, шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактілі (теориялық) және нақты ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы заңдылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл заңдарды жеке салаларда (мысалы, биология, медицина) қолданады.

О. Конт әлеуметтанудың негізін қалады, ал Г. Спенсер оны одан әрі дамытты.

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Ол өзінің әлеуметтік көзқарастарын «Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (1864-1867), «Психология негіздері» (1870-1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген еңбектерінде баяндады.

Спенсер қоғам мен биологиялық организм арасындағы ұқсастықты толық мойындағанымен, бұл мәселеде ол жалғыз емес еді. Оған дейін мұндай ұқсастықты Конт, Краузе, Ахренс айтқан болатын. Алайда, Спенсер осы бағытты бірінші болып бір жүйеге келтіре отырып жазып шықты. Бұл жүйенің қарастыратын екі мәселесі бар: эволюция принципі және қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы. Спенсердің аталмыш жүйесі әлеуметтану теориясының дамуына қосқан басты үлесі болды. Осы принциптерді Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі, әлеуметтік реформаларды жасап жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді. Оның келесі бір тезисінде әлеуметтік саясат - тәжірибелік зерттеудің нәтижесінде қалыптасуы шарт делінген. Ал, әлеуметтік саясатқа аса қажетті принцип ол - әлеуметтік эволюция процесінің табиғи дамуына кедергі жасамай, оған жол ашу, бұл процесті жеке адамдар мен топтардың ойына не келсе соны істейміз деуінен құтқару.

Спенсер әлеуметтік заңдарды тұжырымдай отырып, әлеуметтік реформаларды белгілеуден бұрын қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жете, жан-жақты білу қажет екендігін атап көрсеткен. Оның пікірінше, еркін және ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік эволюцияның жетістікке жетуінің бірден-бір шарты - мемлекет қызметіне қатаң шек қою болып табылады.

Спенсер "еркіндік теңдігі" заңын тұжырымдай келе, онда барлық жеке адамдардың "еркіндік теңдігі" басқа адамдардың еркіндігінің деңгейіне сәйкес пайдаланылуы тиіс дегенді айтады. Мемлекет те еркін, бірақ ол жеке адамдардың еркіндігін қорғайтын, соған кепілдік беретін ұйым. Мемлекет алыпсатарлыққа қатысты заңдар шығарумен, діни мекемелерді және қайырымдылық қоғамдарын басқарумен айналыспауы керек. Мемлекеттің негізгі міндеті - қоғамда құқықтың жүзеге асырылуын және еркіндік теңдігі заңының сақталуын қамтамасыз ету, сөйтіп, ол өз азаматтарын тонау мен зорлықтан және соғыстан қорғап отыруды іске асырады.

Қоғамды тірі организм іспетті қарауға болады, бірақ бұл жерде мына нәрсені есте ұстау керек, өзіндік өмір сүру заңдарын сақтаған әлеуметтікті құрайтындардың (ұлттар, мемлекеттер, таптар, басқа да әлеуметтік топтар) организмдік мәні бар.

Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бұл ұқсастық барлық мүмкін жағынан емес, тек олардың алты жағынан ғана ұқсастықты белгілейді. Бүкіл организмдер:

1) өседі, көлемі жағынан ұлғаяды;

2) өзінің ішкі құрылымдары болады;

3) өсу деңгейіне сәйкес бұл құрылымдар күрделенеді;

4) құрылымның күрделенуі органдар функцияларының жіктелуінің күшеюімен қатар жүреді;

5) құрылым мен функциялардың күрделенуі жекелеген бөлімдер арасындағы өзара әрекеттің дамуына соқтырады;

6) жекелеген бөлімдер (органдар) тіптен тұтастықтың өмірінің берекесі кеткен жағдайдың өзінде де белгілі бір уақытқа дейін өмір сүре алады.

Қоғамды толығымен биологаялық организмге ұқсастыру қате болған болар еді, өйткені олардың принциптік тұрғыдан өзгешеліктері бар, ол кем дегенде үш мәселеде көрінеді:

1) биологиялық организм - бұл нақты тұтастық, оның бүкіл органдары тығыз байланысқан. Қоғам - дискреттік тұтастық, оның тірі құрылымдары мен элементтері бір-бірінен азды-көпті еркін және уақыт пен кеңістікте бытыраңқы орналасқан;

2) ойлау және сезім функциялары биоорганизмнің белгілі бір бөлімінде ғана шоғырланған, ал қоғамда ойлау мен көңіл-күй (эмоция) барлық құрылымдар мен элементтерге тән;

3) биологиялық организмде элементтер тұтастық үшін өмір сүреді, ал қоғамда бұл жағдай керісінше болады. Адамдар қоғамға қызмет етпейді, керісінше қоғам адамдарға қызмет етеді.

Спенсер организмнің ерекшелігін индивидтің автономиясын сақтап қалуға, жүйенің адамды жұтып қоюына жол бермеуге тырысқандығында деп түсіндірді.

О. Конт, Г. Спенсермен қатар әлеуметтанудың ғылым болып дамуына зор үлес қосқан К. Маркс пен Ф. Энгельс болды.

К. Маркс (1818-1883) және Ф. Энгельс (1820-1895) әлеуметтану ғылымының үлкен бір ғылыми ілімдерінің арнасын қалыптастырды. Оларға дейінгі және қазіргі көптеген әлеуметтанулық теориялар адамзат қоғамының дамуын, түптеп келгенде, белгілі бір рухани бастаулардың - құдайдың, әлемдік еріктің, сонымен қатар адамдар санасының ықпалымен болады деп түсіндірді. Адамдар құдайдың немесе ғарыштық ақыл-парасаттың еркін жүзеге асырушысы ретінде сипатталады, сонымен қатар адамдар мәдениетті жасаушы, оны олар өздерінің мүдделерінен, мақсаттарынан және идеяларынан шығара отырып жасайды. Оларды анықтаушы - сана, ал оның туындысы - адам болмысы, мәдениеті және өмір салты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы туралы
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі ХІХ ғасырдың 40-жылдары
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Тарихи әлеуметтану
Әлеуметтану ғылымы
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
Әлеуметтанулық ғылымның құрылымы
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдеріне сипаттама
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz