ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:

ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ

ТЕКСЕРГЕН: ДАУТ ДОС

ОРЫНДАҒАН: ЖЕТПІСОВА АЙМАН

АЛМАТЫ-2007

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның "Өркениет және ұлы тарихи өзендер" деген ірі еңбегіңде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалык тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.

Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.

Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.

Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжырымдамаларында маңызды орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. Әлеуметтік прогресс жолындағы қоғамның эволюция дәрежесінің саңдық индикаторы ретіңде Л. И. Мечников адамдардың қол жеткізген ынтымақтастық деңгейіне көңіл аударды. Өйткені ол табиғатта болатын тіршілік үшін күресті ығыстырды. Ынтымақтастықтың адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ерікті түрде және күштеу арқылы айқындалғанына көңіл аударып, әлеуметтанушы бұл процестегі индивидтердің еркіңдік дәрежесі сол өркениеттің прогрессивтілігінің басты өлшемі бола алады деп ойлады. Адамдардың ынтымақтастығы жүзеге асатын кооперациялардың тарихи типтері адамның ынтымақтастықтың қаншалықты қажеттілігін түсінуіне негізделеді. Тарих, Л. И. Мечниковтың пікірінше, кооперацияның еріксіз типіне (сырттан күш көрсетудің есебінен) бағынышты иңдивидтердің одағы арқылы, қоғамдық еңбек бөліиісі себеп болған, "мүдделерінің ортақтығының, өзінің бейімділігі және ынтымақтастыққа саналы тырысуының" арқасында қалыптасатын адамдардың ерікті ассоциацияларына бірте-бірте трансформациялану процесі. Әлеуметтік прогресс қоғамдық өмірде көрінетін күштеу, зорлау немесе билікке кері келетін болса, керісінше, еркіндік пен өзіндік сананың даму деңгейіне тікелей байланыста болатынын айта келіп, ойшыл бұл процестің механизмдерін, тарих кезеңдерінің ауысу кезеңдерін анықтауға тырысты.

Географиялық мектептерге тән тұжырымдама тұрғысынан қарастыруды басшылыққа алған Л. И. Мечников сыртқы орта мен сол ортаны мекендеген адамдардың кооперация және ынтымақтастыққа жеткізетін қабілетінің арасынан өркениет эволюциясының қайнар көзін іздестірді. Орта, Л. И. Мечниковтың пікірі бойынша, тек жәй қоршаған табиғат қана емес, ол адам еңбегі процесіне түскен және соның ықпалымен өзгеріске түскен оның бір бөлігі. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор (адамдар қызметіне су ресурстарының ықпалы) болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан өзендік, теңіздік және мұхиттық (немесе жалпы тарихтық) үш негізгі дәуірді немесе өркениетті бөліп көрсетті. Бұл факторды зерттеуші халықтың өндірістік қызмет барысында сыртқы жағдайға бейімделу қабілеті ретінде зерделеумен қатар, тарихтың қозғаушы күші ретінде де қарастырған.

Натурализмнің қалыптасуына және әлеуметтік процес пен оның қайнар көздерін түсіндіруде біржақтылықтың орын алғанына қарамастан, Л. И. Мечников географиялық детерминизмнің дәстүрлі көзқарастарына тән ой-пікірлердің анық шектеулігін жеңіп қана қойған жоқ, сонымен қатар әлеуметтану зерттеулері үшін бірнеше проблемаларды белгілеп берді (әлеуметтік даму механизмінің элементтері ретіндегі халықтардың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері, еңбек дағдыларының социомәдени трансляциялары мен қоғамдық ұстанымдардың формалары және т. б. ) .

Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері Александр Иванович Стронин (1826-1889) және Павел Федорович Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды.

А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Ол қоғамды біртұтас организм ретінде карастыра отырып, қоғамдық институттарды оның жекелеген фрагменттері деп есептеді. Сондықтан оның "әлеуметтану физиологияға ұқсас болуы қажет"деп түйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы А. И. Стронин адамгершілік және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорытады. Оның пікірінше, әрбір социумның, кез-келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады. Ол күш ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің құлдырауы мен әлеуметтік идеалдардың күйреу процесін биологиялық азу құбылыстарымен салыстыра келіп, А. И. Стронин Батыс Еуропаның "революциялық дәндері" Ресей шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды.

А. И. Стронинннің биологиялық редукционизмі механи-цизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой-пікірінде белсенді пікір тартыстарын оятты, одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.

Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуында субъективтік бағыт маңыздылардың бірі болды. Оның көрнекті өкілдері Петр Лаврович Лавров (1823-1900) және Николай Константинович Михайловский (1842~1904) еді. П. Л. Лавров "Тарихи хаттар" деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы өз көзқарасын баяндады. Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып "антропологизм", "субъективтік әдіс", "субъективтік көзқарас" ұғымдарын енгізді. Оның пікірінше, басқа ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен тарихта өзгермейтін және абсолютті заттар бар. Олар объективті, белгілі бір дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін, бірақ олар басқа бір дәуірде анықталады. Әлеуметтану мен тарих белгілі бір сәтке дейін анықталынбайтын ақиқаттарды құрайды. Олардың анықталынбау себебіне қоғамның мәсе-лені түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті дайын болмауы жатады.

П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп есеп-теді. Оның көзқарасы бойынша, коғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола алады. Оның мүддесін мойындамау деген сөз аса маңызды әлеуметтік құбылысты байқамаумен бірдей. Тарихтың барысы объективтік заңдармен анықталса да, тұлға тарихи процесті өзінше түсініп, өз алдына мақсаттар қояды және оған жетудің құралдарын таңдайды.

П. Л. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге талпыныс жасады. Оның түсінігінде әлеуметтану өз бетінше өмір сүрушілердің арасындағы ынтымақтастықтың көріну, күшею және әлсіреу формаларын зерттейтін саналы органикалық ғылым. Сондықтан бұл ғылым өзінде дара сананы барынша қалыптастырған даралығы бар бүкіл жанды қоғамды, адам жүзеге асырсам-ау деген қоғамдық идеалдарды, сонымен қатар тұлғаның өзіндік қоғамдық идеалдарды жүзеге асыруға жақындатсам деген талпынысынан туындайтын практикалық міндеттерді қамтиды.

Қоғам өмірін және ондағы процестердің негізгі мазмұнын ашудың өзіндік жолын айта келіп, П. Л. Лавров тұлғаның же-ке адамгершілік идеалдарына сәйкес өмірдегі формаларды өзгертуге, сонымен қатар ол нені прогресс деп санаса сол үшін күресуге құқылы әрі міндетті екенін атап көрсетті. Сондықтан тұлға қоғамдық күштерге зор ықпал жасайды. Қоғамның дамуына күшті әсер еткен тұлғаны П. Л. Лавров алға шыққан тұлғалардың қатарына жатқызады. Мұндай тұлгалар қоғамдық құбылыстарға сын көзбен қарайды, оларды түзетуге атсалысады.

Н. К. Михайловскийдің пікірінше, адамның адаммен қарым-қатынасы секілді, оның табиғатпен қарым-қатынасы-ның арасында бір-бірімен жанаспайтын қарама-қарсы айырмашылық бар. Бірінші жағдайда бір жәй ғана құбылыс деген ой тумауы керек. Өйткені бұл құбылыстың алдына қойылатын нақты мақсаты бар. Екіншісінде мұндай мақсат болған емес. Бұл өзгешіліктер аса маңызды болғандықтан адамзат танымының екі ірі саласыида әр түрлі әдістерді қолдану қажеттігін талап етеді. Қоғамдық құбылыстарды тек субъективтік деп бағалауымыз керек. Бұл жерде жоғары бақылауды субъективті әдіс жүзеге асыруы тиіс.

Н. К. Михайловский әлеуметтану басқа қоғамдық ғылым-дармен байланыста болуы керек деп есептейді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ қарауға болады деген тұжырымды ұстайды. Тұлғаның элементтік байланыстарына қарап, оның дүниеге көзқарасын анықтауға болатынын жазды. Н. К. Михайловский, Ч. Дарвин мен Г. Спенсердің эволюция-лық теорнясын мойындамады, керісінше, тұлғаны әлеуметтік бақылаудың бүлдіргіш ықпалынан құтқару қажеттігі теория-сын басшылыққа алды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам ара-сында үздіксіз соғыс жүріп жатады. Оның дәлелі ретінде Ресей тағдырын алға тартты. Әлеуметтік мінез-құлыққа, жүріс-тұрысқа еліктеудің, өзін-өзі сендірудің, беделдің қаншалықты ықпал ететініне көңіл аударып, Н. К. Михайловский, 3. Фрейд пен В. Адлердің психосарап-тамасына жоғары баға берді.

Анархизмнің теориялық мазмұны мен практикалық бағыты орыс ойшылдары және революционерлері Михаил Бакунин (1814-1876) мен Петр Кропоткин (1842-1921) шығармаларында жан-жақты дәлелденді. Олар Батыс Еуропа анархизмінің теоретиктері Ш. Фурье, М. Штирнер және П. Прудон еңбектеріне арқа сүйеді. М. Бакунин анархизмінің мәні - заттарды өздерінің табиғи ағымына жібергенмен бірдей . . . Осыдан келіп анархизмнің басты идеясы - ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы қалыптасты, дейді.

В. И. Ленин де ертеректе жазған еңбектерінде халықшылдардың әлеуметтанулық көзқарастарына қарсы шықты. Буржуазиялық және халықшыл-әлеуметтанушылар-мен пікір таластыра отырып, маркстік қоғамдық формация жөніндегі ережені дамытты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтік ақыл-ой тарихы
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Орыс философиялық ойлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz