ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:

ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

ТЕКСЕРГЕН: ДАУТ ДОС
ОРЫНДАҒАН: ЖЕТПІСОВА АЙМАН

АЛМАТЫ-2007

Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін
қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін коғамның
өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының
жалпы философиялық көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып
келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей
көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін,
өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының,
Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде
баяндалған болатын.
Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен қоғамның біртұтастығын, оны
дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен
шектеліп қалмайды. Ол коғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, соның
ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық
дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып,
кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне
айналдырады.
Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген салалары жөніндегі
білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебап теория
ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның құрамынан саясаттану, құқықтану,
саяси экономия, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бөлініп шықты.
Содан бастап, яғни XIX ғасырдың ортасынан әлеуметтану дербес ғылым болып
дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, өзінен бөлініп шыққан білім
салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық
жүйелерге де байланысты еді.
Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм
ретінде қарастыру, оның объективтік және субъективтік жақтарының өзара
әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалектикасы,
әлеуметтік прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам, гуманизм, әлеуметтік
әділеттілік проблемалары, сайып келгенде, осының бәрі әлеуметтанудың назар
аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден-бір жол болды. Соның
нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше
жалпы әлеуметтанулық көзқарастар қалыптасты. Сол көзқарастардан көпшіліктің
мойындағаны Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер,
Карл Маркс, кейіннен Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б.
әлеуметтанушылардың әлеуметтік теориялары болатын.
Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде
түсіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі
концепциялары өмірдің және ғылымның алға қойған сауалдарына бірегей және
мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері қазіргі
әлеуметтік проблемаларды шешуде де өздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп, жеке ғылым болып
дамығанына қарамастан, әлі де өзінің философиялық мазмұнын толық жойған
емес. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең
зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, жалпытеориялық әлеуметтану өзінің іргелі ережелерімен және байыпты
қорытындыларымен де, философиялық ғылым тұрғысында да көзге түсіп келеді.
Сөйтіп, философиялық алғышарттарға сәйкес жалпытеориялық әлеуметтану
қалыптасты. Кейбір философиялық концепцияларға, жетекші рөл атқарып келген
белгілі бір дүниетанымға жалпытеориялық әлеуметтану арқа сүйейді.
Бұл концепцияның ұстанымымен мына мәселелер: қоғам дамуының қозғаушы
күштері проблемалары, әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері,
тұлғалардың өзара әрекеті, әлеуметтік топтардың және қоғамның арақатынасы,
тарихи дамудағы материалдық пен рухани дүниенің өзара әрекеті, яғни қоғам
өмірі мен дамуының аса іргелі проблемалары шешіледі. Оларды шешу
методологиясы, дәлірек айтсақ, басқа да әлеуметтану проблемаларын жүзеге
асыруды қажет етеді, соның ішінде жалпыламалыққа біршама қатысты
болғанымен, жеке сипаттағы мәселелерді шешуді қолға алады.
Әлеуметтанушының осы саланы зерттеу кезінде басшылыққа алатын
дүниетанымы мен методологиясы - философия мен әлеуметтанудың әрдайым
органикалық байланыста болатынын көрсету. Сонымен қатар, бұл ғылым салалары
өз дербестіктерін де сақтап келеді. Әлеуметтанудың дербестігін кезінде
француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм атап көрсеткен еді. Ол өзінің
"Әлеуметтану әдісі" деген еңбегінде "Әлеуметтану ерекше және жекедара
ғылым" екенін жазып, оның әлеуметтік фактілерді объективті зерттеуге
бағытталғанын түсіндірді.
Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының қоғам алдында
орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымдық қызметі — әлеуметтік
құбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі
тұжырымдардан, басқа құбылыстармен байланысынан, даму заңдары мен олардың
сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатынан тұрады.
Әлеуметтану әр түрлі субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық
қатынастарға, олардың қызметінің объективті және субъективті жақтарын
талдауга, сонымен қатар әлеуметтік институттардың өмір сүруін сараптауға
басқаларға қарағанда аса жоғары маңыз береді.
Жоғарыда аталған әлеуметтану білімі деңгейлерінде әлеуметтік процестер
жөніндегі түсініктер мен ұғымдар жүйесі белгіленіп, қалыптасады. Олардың
әрқайсысыңда бұл процестер әрқилы деңгейлер дәрежесіңде байқалады. Арнайы
әлеуметтанулық теориялармен салыстырғанда, жалпы әлеуметтану теориялары
деңгейіңде ауқымы кең ғылыми қорытындылар жасалады. Нақты әлеуметтанулық
зерттеулер функциясына адамдардың күнделікті практикасын сипаттайтын
бастапқы мәліметтерді жинау және оларға эмпирикалық талдау жасау жатады.
Әлеуметтанудың танымдық қызметі, сонымен қатар әлеуметтік процестерді
талдау негізінде қоғам өмірінің материалдық, саяси немесе рухани
салаларында олардың одан әрі дамуына ғылыми болжам (прогноз) жасауды
қамтиды. Мұндай болжамдар ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта болады:
мұндағы мақсат — жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде таяу және алыс
болашақтағы қоғам дамуының тенденцияларын терең көре білу десек те, арнайы
әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжамдар жасалатын болады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы қоғамның мәні, оның
құрылымы, өмір сүруі мен дамуының заңдылықтары, негізгі бағыттары мен
тенденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең
көлемді білім берумен анықталады.
Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау
жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін
ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси
қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметтерін жетілдіруге бағытталған
практикалық ұсыныстар әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.
Түптеп келгеңде, бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару механизмін
жақсартуға, оның тиімділігін ұтымды басқарудан бастап, қоғамдық істерді
басқаруға дейінгі барлық деңгейде жетекшілік етудің сапасын арттыруға
бағытталған. Бұны үлкенді-кішілі дәрежеде қазіргі бүкіл қоғам, әсіресе
өркениетті елдер қолданады. Олардың бірде-біреуі экономиканың, әлеуметтік
таптардың және ұлт қатынастарының, қоғамның саяси жүйесінің дамуын
басқарусыз қалдырып, өз бетінше жалғасуына жол бермейді. Олардың дамуы
белгілі бір басқару құрылымының ықпалымен жүзеге асады. Ол құрылымның
қызметі ғылыммен тығыз байланысып, соны жүзеге асырады. Қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социология пәні мен қызметтері
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық жүйесінде. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Білім беру әлеуметтануы, білім жүйесі
Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы
Әлеуметтік институттар, қызметтері
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
Пәндер