Стандартизация: мақсаттары мен мәселелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

СТАНДАРТИЗАЦИЯ2

Стандарт2

СтандартизациЯ: маҚсаттары мен мӘселелері2

Стандарттар категориЯлары4

Дайындау Әдістемесі жӘне стандарттарды бекіту6

СТАНДАРТИЗАЦИЯ

Стандартизация, ғылым, техника және алдыңғы тәжірибе негізінде анықталып, қазіргі кезеңдегі ғана емес, болашақтағы өнеркәсіптің де негізін қалыптастырады.

Осы анықтамадан стандартизация норма және талаптар, міндетті тәртіптерді орнату байынша жоспарлы қызмет. Осы орындаулар өнімнің экономикалық тиімді сапасын қамтамасыз етуі, қауіпсіздік талаптарын ұстай отырып, материалдық құндылықтарды тиімді пайдалану және қоғамдық еңбектің өнімділігін жоғарлату.

Стандарт

Стандарт - стандартизация объектілеріне норма жинақтарын, тәртіптерді, талаптарды орнататын және компетентті органдармен бекітілген стандартизация бойынша нормативті-техникалық құжат. Ғылым, техника және алдыңғы тәжірибе негізінде жасалған стандарт қоғам үшін ең қолайлы шешімдерді қарастыруы тиіс. Стандарттар материалдық жабдықтармен қатар (өнім, эталондар және т. б), сондай-ақ нормаларға, ережелерге, ұйымдық-методикалық және жалпы техникалық сипаттамалардағы талаптарға да жасалады. Стандар - белгілі бір мақсаттарға жету үшін қайталанатын мәселелердің шешімін табудың ең тиімді жолы. Стандарттар өнім сапасын жоғарлату мүмкіндіктерін және өндірістің экономикалық тиімділіктерін жоғарлатуға кепілдік береді.

СтандартизациЯ: маҚсаттары мен мӘселелері

Мақсаттары:

  • жұмыс сапасын, өнім сапасын және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету; өндіріс өнімділігі және жобалау ауданындағы мамандандырудың дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету, жұмыс сыйымдылығын, металл сыйымдылығын және басқа көрсеткіштерді жақсарту; өнім талаптарымен мемлекет қауіпсіздігі қажеттіліктерінің байланысын қамтамасыз ету; әлемдік нарық талаптарына сай жоғары сапалы тауарларды экспортқа шығару мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету; өндірістік қорларды функционалды қолдану және материалдық, еңбектік ресурстарды үнемдеу; халықаралық экономикалық және техникалық іскерлік байланысты дамыту; халық денсаулығын қорғауды, жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздігін, табиғатты қорғауды және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартуды қамтамасыз ету.

Жоғарыда келтірілген мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу керек:

  • комплексті мақсатты программалар негізінде бұйымның конструкциясына қойылатын талаптарды анықтайтын, олардың өндірістік технологиясына, шикізат сапасына, материалдарға, жартылай фабрикат және құрастырылатын бұйымдарға стандарттардың прогрессивті жүйесін орнату. Сондай-ақ дайын өнім талап ететін сапаны қалыптастыру үшін жағдай жасау; өнім сапасы көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесін, байқау, бақылау құралдарын және әдістерін анықтау, сондай-ақ бұйымның белгіленуіне және олардың қолдану шарттарына тәуелді тұрақтылық деңгейін; өнімнің тиімді типтерін, маркасын, тиімді сапасын қамтамасыз ету мақсаты мен өнім өндіру және жобалау ауданында әдістер және талаптар, нормалар орнату; өндірістік өнімнің унификациясын дамыту және осы мамандықта қажетті құрал ретінде машинаны агрегаттау, өндірісті жоғарлату, еңбек өнімділігін, өзара орын ауыстыру деңгейін, бұйымның қолданылуын және жөндеу тиімділігін жоғарлату; мемлекетте бірлік пен өлшеу нақтылығымен қамтамасыз ету, физикалық шаманың мемлекеттік бірлік эталонын жасау, сондай-ақ жоғары дәлдікпен өлшейтін құралмен және әдістермен қамтамасыз ету; құжаттаманың бірыңғай жүйесін орнату, сондай-ақ құжаттаманың унифицирленген жүйесін, басқарудың автоматтандырылаған жүйесінде қолданылатын классификация және технико-экономикалық ақпараттарды кодтау, форма және өндіріс ұйымдары жүйесін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру, техникалық құралдарын орнату; бірыңғай териминдер және ғылыми-техникалық аудандарында маңызды белгіленулерді, сондай-ақ халық шаруашылығы салаларында орнату.

Мемлекеттік стандарттың негізгі мәселелерінің бірі, шығатын өнім сапасын жақсартуда және салааралық унификацияның дамуында, комплекстік және алдыңғы қатарлы стандартизация кезінде стандарт жүйелерін енгізу жолдары мен өндірістің үнемділігін сақтауда стандартизацияның тиімділігін жоғарлату үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Стандартизацияны басқару әр салада мына бөлімдер атқарады: министрліктердің стандартизация бөлімдері, сондай-ақ министрліктердің негізгі басқаруларының бөлімдері; стандартизация бойынша алдыңғы ұйымдар, олар министрлік жүйесінде стандартизация бойынша бірнеше ұйым бар кезде ғана құрастырылады; стандартизация бойынша базалық ұйымдар, олар ғылыми-зерттеулік, жобалы-конструкторлық ұйымдар мен мекемелер құрамынан шығарылады; стандартизацияның ғылыми-зерттеу институттарындағы, қауіпсіздік комитеттеріндегі және мекемелердегі ғылыми-зерттеулік және конструкторлық бөлімдері (лаборатория, бюро) .

Стандарттар категориЯлары

МСС-ң әсер ету сферасына байланысты келесі стандарт категориялары қарастырылады: мемлекеттік (МЕСТ), салалық стандарт (ССТ), республикалық (РСТ) және кәсіпорындар стандарттары (КСТ) . Мемлекеттік стандарттар барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мемлекеттік мекемелер үшін әсер ету сферасына байланысты міндетті түрде керек. Стандарттарды осы саладағы барлық кәсіпорындар, ұйымдар қолданады (мысалы, станок жасау), сондай-ақ басқада кәсіпорындар және ұйымдар (жасау, дайындау және номенклатураға қатысты бұйымдарды қабылдау) . Ұйымдар, кәсіпорындар министрлікке сәйкес бекітілген. Республикалық стандарттар осы республиканың республикалық және жергілікті бағынуындағы мекемелерге, және олар қандай да болсын ведомствоға тәуелді болса да міндетті. Кәсіпорындық стандарттар осы стандартты бекіткен кәсіпорын ішінде ғана жүзеге асады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарт, стандартизация туралы түсініктер
Стандартизация мазмұны және ұғымы
Биосфераға әсер етуді реттеу
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Өлшеу құралдары және түрлері
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Қазақстан метрологиясының дамуы
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Метрологияның теориялық негізі.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz