Стандарттарды әзірлеу тәртібі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Стандарт, техникалық шарттарды әзірлеу, бекіту,
қайта қарау тәртібі.
Стандарттарды әзірлеу тәртібі.

Стандарттарды әзірлеу жұмысы ҚР СТ 1.2-2002 “ҚР МСЖ мемлекеттік
стандарттарды әзірлеу тәртібі” бойынша жүргізіледі.
Стандарттардың жобасын әзірлеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы
мемлекеттік стандарттау жоспары, техникалық комитеттің жұмыс бағдарламасы
(жоспары) және стандарттар әзірлеу туралы келісімдер бойынша немесе ынталы
түрде Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (ТК), мемлекеттік басқару
ұйымдары, басқа заңды тұлғалар атқарады. Мемлекеттік стандарттау жоспарына
енгізілген стандарттар туралы ақпарат Мемстандарттың
енгізілуі тиіс.
Стандартты әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында күші бар заңдар,
мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттары, техникалық регламенттер,
мемлекет үшін қажетті халықаралық, аймақтық, шетелдік, ұлттық стандарттар
басшылыққа алынуы керек.
Стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық, жобалау жұмыстарының нәтижелері
патенттік зерттеу нәтижелері және де басқадай отандық және шетелдік ғылым,
техника және технология жетістіктері туралы ақпараттар пайдаланылады.
Ұйымдастыру-әдістемелік бірлігін және стандарттарды қолдануға өз
уақытында дайын болу үшін жағдай жасау мақсатында стандарттар әзірлеудің
төмендегі тәртібі ескеріледі:
1 саты – стандартты әзірлеу жұмысын ұйымдастыру.
2 саты – стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакция) және оны қарау ұйғару
үшін тарату.
3 саты – стандарт жобасының соңғы редакциясын жасау және бекітуге жіберу.
4 саты – стандартты бекітіп, мемлекеттік тіркеуден өткізу.
5 саты – стандартты басып шығару. Әртүрлі сатыларды өзара біріктіруге
немесе қосымша сатылар енгізуге болады.
Стандарттардың құрылуы, баяндалуы, ресімделуі, мазмұны және белгіленуі
ҚР СТ 1.5-ке сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік стандартты әзірлеу жұмысын ұйымдастыру.
Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстарымен қатар мемлекеттік
стандарттың өкілетті мекемесіне өтінім келтіреді. Қажетті жағдайда
стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады. Алайда жұмысты қабаттастырмас
үшін стандартты әзірлеу туралы мәлімет мемстандартқа жіберілуі тиіс.
Өтінішті ҚР аумағында орналасқан мемлекеттік басқару ұйымдары,
стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке
тұлғалар бере алады.
Өтінішті даярлау және қарау, мемлекеттік стандарттау жұмыстарының
жоспарын әзірлеу ҚР СТ 1.7 сәйкес атқарылады. Өтінішке стандарт әзірлеудің
қажеттілігі мен себептері жазылады, сонымен қатар өтінішке стандарттың
жобасы немесе стандарт әзірлеудің техникалық тапсырмасы қосымшаланады.
Техникалық тапсырмада стандартты әзірлеу кезеңдері мен олардың
орындалу мерзімі; стандарттың бөлімдері және стандарттауға белгіленген
объектінің негізгі сипаттары мен көрсеткіштері; стандартпен бірге берілетін
құжаттардың тізімі; стандарттың жобасын қарау немесе ұйғару үшін жіберетін
мемлекеттік басқару ұйымдары мен мекемелердің тізімі, нормаларды
үйлестірілуі тиіс халықаралыққа сәйкес стандарттар тізімі, тапсырушының
басқа да талаптары жазылады.
Мемлекет қажеттілігі үшін әзірленетін стандарттар ҚР-ның “Мемлекеттік
сатып алу туралы” заңы бойынша конкурстық негізде дайындалады.
ТК (әзірлеуші мекеме) стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын
ұйымдастырғанда, жобасын әзірлеуге қатысатын мүдделі жақтардың өкілдерінен
құралатын жұмыс тобының құрамын анықтайды. Бұл топқа алдыңғы қатарлы ғылыми
зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар мен жоғарғы оқу орындары
енгізілуі керек.
Бекітілген бағдарлама, жоспар және келісімдерге сәйкес жұмыстың
атқарылу мерзімін стандартты әзірлеу кезеңдерімен жеке-жеке анықталады.
Стандарттың жобасын (бірнеше редакциясын) әзірлеу.
Жұмыс тобы стандарттың жобасын дайындап, оған түсініктеме жазады.
Стандарттың түсініктемесіне төмендегідей мәліметтер енгізіледі:
-стандартты әзірлеудің техникалық-экономикалық негізін келтіру;
-стандарттау объектісінің сипаттамасы;
-стандарт жобасының ҚР заңдарынан техникалық регламенттерге, халықаралық
(аймақтық) нормаларға, ережелер мен ұсыныстарға,сондай-ақ шетелдердің
ұлттық стандарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
-стандарт жобасының басқа нормативті құжаттармен байланысы туралы
мәліметтер және оларды қайта қарау, өзгертулер енгізу немесе жою жөніндегі
ұсыныстар;
-стандарт жобасына пікір алу, келісу үшін тарау туралы мәліметтер;
-ақпараттық көздер;
-стандарттау объектісінің патент тазалығы туралы мәліметтер.
Техникалық комитет (әзірлеуші мекеме) стандарт жобасының ҚР-
мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттары мен заң талаптарына
сәйкестігін тексереді және оны түсініктемесімен бірге ТК мүшелеріне және
мүдделі мекемелерге жібереді.
Стандарттың әзірленген жобасы және ол туралы мәлімет немесе
аннотациясы мүдделі мекемелермен шетелдік әріптестердің щй-пікірлерін алу
мақсатымен мемстандарттың WEB – сайтына енгізілуі керек.
Стандарт жобасы стандарттау объектісіне байланысты пікір алу үшін
көбінесе стандартқа тапсырыс берушіге, мүдделі мекемелер және қоғамдық
ұйымдарға таратылады.
Келісім алу үшін:
- тапсырыс беруге;
- өнім, процесс пен қызметті нормалау, олардың қауіпсіздігін, бақылау
міндетін жүктеген мемлекеттің бақылау ұйымдарына;
- Мемстандартқа;
- Қазақтың балалар тағамы және прафилактикалық тамақтану академиясына;
- Стандарт жобасын әзірлеуге байланысты қайта қарау, өзгерту немесе
жоюға жататын бір-бірімен байланысты ұлттық техникалық регламент және
нормативті құжаттарда әзірлеуші мекемелерге жіберіледі.
Мүдделі мекемелердің стандарт жобасына келісім беру, пікір дайындау
мерзімі, жобаны алған күннен бастап санағанда 1 айдан аспауы тиіс. Бұл
уақыт ішінде пікір келтірмесе стандарт жобасы келісілген болып
есептеледі.
Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу және оны
бекітуге жіберу.
Әзірлеу – мекеме ТК келтірілген пікірлерді ескере отырып стандарт
жобасының соңғы редакциясын дайындайды.
Қажетті жағдайда стандарт жобасының соңғы редакциясы пікір алу,
ұйғарылу үшін қайта таратылады.
Стандарт жобасына келіспеушілік болған жағдайда әзірлеуші – мекеме
оларды талқылау және шешу жұмысын ұйымдастырады.
Стандарт жобасына өнім қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік ұйымдардың
келісімі бойынша немесе келіспеушілік мәселесін шешу, мүмкін емес болса,
стандарттың жобасы ұйғарылмайды.
Келісімге қол жеткізу мүмкін емес жағдайда стандарт жобасы соңғы шешім
шығару үшін Мемстандартқа жіберіледі.
ТК немесе әзірлеуші – мекеме стандарт жобасының түбегейлі редакциясын
қарап, бекіту үшін оның екі данасын (мемлекеттік және орыс тілінде)
Мемстандартқа жіберіледі.Олардың әзірлеуші – мекеменің бастығы қол қойған
хатпен жіберілген алғашқы нұсқасы болу керек.
Стандарт жобасына қосымша ретінде өнімнің үлгісі көлемі үлкен заттың
чертежі (қажеттілік жағдайда) немесе суреті және төмендегі құжаттар бір
данадан жіберіледі.
-стандарттың электрондық нұсқасы;
-стандарт жобасына түсініктеме қағаз;
-Мемстандарттан белгіленген форма бойынша пікірлер жиынтығы;
-стандарт жобасының ұйғарылымын растайтын негізгі құжаттар (жиналыс
хаттамалары);
-стандарт жобасының түбегейлі редакцияның қараған жұмыс тобының жиналысының
(ол жүргізген болса) хаттамасы;
-қабылдау комиссиясының (дегустация комиссиясының көркемдік –техникалық
кеңестің) жиналыс хаттамасы немесе өнімді сынау (қажетті жағдайда) актісі.

Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу.
Мемстандарт стандарт жобасын қарап шығып оны бекіту, толықтыру үшін
қайтару немесе жұмыс кестесінен алып тастау туралы шешім қабылдауы.
Стандартты бекітерден бұрын Мемстандарт оның республикада қолданылатын
заңдардың талаптарына, техникалық регламенттерге, мемлекеттік стандарттау
жүйесінің стандарттарына, өзара байланысты мемлекеттік, мемлекетаралық,
халықаралық, аймақтық және шетелдердің ұлттық стандарттарының талаптарына,
метрологиялық ережелер мен нормаларға, қолданылып жүрген терминологияға,
стандарттарды құру және баяндау (жазу) ережелеріне сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік стандарттар Мемстандарттың қаулысымен бекітіліп, күшіне
енеді.
Негіз қалаушы (ұйымдастыру - әдістемелік) және жалпы техникалық
стандарттар, қабылдау ережелері, бақылау тәсілі, буып – түйу, таңбалау,
тасымалдау және сақтау стандарттарын бекіткенде қолдану мерзіміне шек
қойылмайды, тексеру уақыты көрсетіледі.
Өкімдер мен технологиялық процесстер, қызметтері жөніндегі мемлекеттік
стандарттарды өнім мен технологияны жаңарту уақытын ескере (көрсете) отырып
шектеулі (5 жылдан артық емес) мерзімге бекітеді.
Стандартты күшіне енгізу күні оны бекіткен кезден кемінде бір жылдан
кейін болып белгіленуі керек. Алайда кәсіпорын, мекемелер қолдануға дайын
жағдайда болса бекітілген стандарттар басқа кез келген күні күшіне
енгізілуге болады, бірақ бекітілген және тіркеуге алынған күнінен бұрын
емес.
Бірақ бекітілген мемлекеттік стандарттар Мемстандарттан белгіленген
тәртіп бойынша мемлекеттік стандарттардың мемлекеттік тізіміне енуі
(тіркелуі) тиіс. Қажет болған жағдайда мемлекеттік стандарттар әзірлеуші –
мекемеге толықтап жетілдіру үшін қайтарылады немесе әзірлеуден алынып
тасталады.
Әзірлеуден алыну себептеріне:
- стандарттың жобасы ҚР-нда қабылданғанстандарт және техникалық
регламенттердің міндетті талаптарына сай келмеу;
- стандартты әзірлеу кезінде пайда болған келіспеушілікті шешу мүмкін
емес болса;
- қолданыстағы мнмлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың талаптары
қосарлану (егер әзірлену үстіндегі стандарт жобасында олардың қызметін
тоқтату көрсетілмеген болса) сияқты себептер жатуы мүмкін.
Мемстандарт бекітілген мемлекеттік стандарттар туралы мәліметті ай
сайын шығатын “Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары”
ақпараттық нұсқауына (ҚР СТАН) жариялап отырады.
Бекітілген мемлекеттік стандарттар Мемстандарттан белгіленген тәртіп
бойынша басылып, таратылады.
Стандартты тексеру және жаңарту жұмыстары елдің қорғаныс қабілеті мен
экономиканың және халық қажеттілігі бойынша және халықаралық талаптарға
сәйкес атқарылады.
Әзірлеуші стандартты жаңарту жөнінде заңды және жеке тұлғалардан,
соның ішінде мемлекеттік өнім қауіпсіздігін бақылау ұйымдарынан түскен
ұсыныстарға талдау жасап, жинақтап қорытады.
Мүдделі заңды және жеке тұлғалар ұсыныс ретінде өзгерту жобасын немесе
қайта қараған стандарт жобасын келтіруге болады.
Әзірлеуші – мекеме түскен ұсыныстарды ескере отырып, стандарт жобасын
(стандартқа кіретін өзгерістерді) немесе стандартты қайта қарау немесе жою
туралы ұсыныс пікірін Мемстандартқа келтіреді.
Мемстандарт стандартты жою туралы шешімді мүдделі – мекемелкрдің
ұсынысы бойынша жасайды.

Стандартқа өзгертулер енгізу.
Стандартқа өзгерістер енгізу, соның ішінде стандарттың мерзімін
ұзарту, шектеу немесе шектеулі уақытын алып тастау, сондай – ақ стандарттың
күшін қалпына келтіру немесе жою іс әрекеттері өзгертулер түрінде
ресімделеді.
Егер қолданыстағы (күші бар) стандарт талаптарына тексеру жүргізіліп,
оның деңгейі ҚР – ның экономикалық қажеттілігі мен тапсырыс берушілер
талабына сәйкес екені анықталса, онда өзгертулнр ресімделмейді, ал
мемлекеттік стандарттың мерзімін ұзарту мемстандарттың қаулысымен жүзеге
асады және бұл туралы мемстандарттың Мемлекеттік реестріне арнаулы жазба
енгізіледі.
Стандартқа енетін өзгертулер стандарттың жеке талаптарын ауыстыру,
толықтыре немесе алып тастау, мемлекеттік стандарттың күшін қалпына келтіру
немесе шектеу мақсатымен жасалады.
Егер енгізілген өзгерістер мәтінінің көлемі мемлекеттік стандарт
көлемінің 50% - нен асып кетсе онда бұл стандарт қайта қаралады немесе
өзгертулер бекітілгеннен кейін дереу қайта басылуы тиіс.
Стандартқа өзгерістер жаңа да жоғары талаптарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттпк стандарты
Стандарттарды зерттеп дайындау, бекіту және енгізу тәртібі
Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеу
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Ұлттық стандарттарды қайта қарау тәртібі. Стандарттарды әзірлеу, бекіту және қайта қарау тәртібі
Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Халықаралық стандарттар
Пәндер