Стандарттарды мемлекеттік қадағалау
8.5. Стандарттарды
мемлекеттік қадағалау
Стандарттарды мемлекеттік қадағалау өнеркәсіпте, өндірістік және
ғылыми-өндірістік бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу және жобалық-
конструкторлық мекемелерде, транспорт және сауда мекемелерінде, білім беру
және медицина салаларында, тағы да басқа қоғамдық ұйымдарда жүргізіледі.
Мемлекеттік қадағалауда өнімнің барлық түрі жатады; кәсіпорындар
мен ұйымдардың стандарттау, метрология және өнім сапасын басқарудың
кешендік жүйесін енгізу барысындағы іс-әрекеттері қадағаланады.
Стандарттарды енгізу және оларды бұзбай орындаудағы кемшіліктерді
анықтап қана қоймай, мемлекеттік қадағалау, сонымен қатар, кәсіпорындар мен
ұйымдарға сапалы өнім өндіру жөніндегі шараларды жасап, іске асыруда нақты
көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қадағалау арқылы
техникалық, технологиялық, нормативтік құжаттарды (стандарттар мен
техникалық шарттарды) қайта қарауға ұсыныстар жасауға мүмкіндік туады.
Мемлекеттік қадағалау Мемлекеттік стандарт органдарымен, стандарттау
және метрология орталықтарымен, мемлекеттік қадағалау лабораторияларымен
іске асырылады. Кәсіпорындардағы стандарттауды тексеруде онда стандарттау
органдарының (бөлім, бюро, топ) бары не жоғы, органдардың құрылымы, штат
кестесі, мамандармен қамтамасыз етілуі анықталынады.
Кәсіпорынның жұмысына қатысты стандарттар, оларды енгізудің
ұйымдастыру-техникалық шаралары, стандарттау жұмыстарының жоспары, оның
мемлекеттік жоспарға мазмұны мен орындалу мерзімі жағынан сәйкестігі,
жоспардың орындалуы тексеріледі.
Стандарттау бюросында кәсіпорынның қызметіне сай мемлекеттік
стандарттардың болуы, оларға өзгертулердің уақытылы енгізілуі, кәсіпорынның
барлық бөлімшелерінің тиісті стандарттармен, нормативтік-техникалық
құжаттармен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
Тексеру нәтижесі туралы акт жасалып, онда техникалық құжаттармен
метрологиялық қамтамасыз етуді тексеру туралы мәліметтер келтіріледі.
Дайындалған акт, тиісті шаралар қолданылуы үшін, тексерілген
кәсіпорын бағынатын министрліктерге жіберіледі.
Мемлекеттік стандарт органдары тексеру нәтижесін іске асыру үшін
мынадай шаралар жүргізеді:
1) тексеру барысында нормативтік –техникалық құжаттардан ауытқу байқалған
жағдайда тексерілген өнімнің партиясын кәсіпорынның іске асыруына
(сатуына, таратуына) тыйым салынады;
2) егер ауытқу жүйелі түрде қайталанып отырған болса, онда өнімнің
тексерілген түрін (типін, маркасын, моделін) іске асыруға анықталған
кемшіліктер жойылғанша тыйым салынады;
3) кәсіпорынның техникалық құжаттарында стандарттардың және техникалық
шарттардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік стандарт мұндай
құжаттарды кәсіпорынға беруге қатесін түзеткенше тыйым салынады;
Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар, стандартқа сай келмейтін
өнімдерді шығарғаны үшін кәсіпорындар мен мекемелерге экономикалық жаза
(санкция) қолдануға мемлекеттік стандарт органдарының құқығы бар. Жарамсыз
өнімдерді іске асырудан табылған пайда бюджетке өткізіліп, кәсіпорынның
сол өнімді шығару туралы жоспары есептен алынып тасталады.
Өнімді іске асыруға тыйым салу мен экономикалық жаза қолданудан
басқа, сапасыз өнімді шығару мен стандарттан ауытқу тоқталмаған жағдайда
тексерудің нәтижесі прокуратура, халықтық бақылау, мемлекеттік банк,
Мемлекеттік арбитраж органдарына тиісті қолдану үшін жіберіледі.
Кәсіпорындарда метрологиялық тәртіп бұзылған жағдайда техникалық
талаптарға сай келмейтін, уақытында тексерілмеген өлшем құралдары
айналымнан шығарылып, басқа өлшем құралдарды тексеру жұмысы жүргізіледі.
Ерекше көңіл аударатын нәрсе, мемлекеттік қадағалау органдары
тәуелсіз органдар, олардың қызметіне шек қойылмайды, халық шаруашылығының
барлық салаларында өндіріс пен нарық жоспарларының ешқандай әсерінсіз
жұмыс жүргізеді, сондықтан бұл органдар бақылау дүйесінде ерекше орын
алады.
8.6. Стандарттаудың
әлеуметтік маңызы
Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС). Еңбек қауіпсіздігі
жүйесін жасап оны енгізу арқылы өндірісте жарақат алуды және кәсіптік
ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын сақтап, оның еңбекке қабілетін
жақсартуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар,
приборлар, құрал –жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген
стандарттар мен техникалық шарттарда қауіпсіздік туралы талаптар
белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау министрлігі,
мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері
қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді:
1) еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарының
талаптары;
2) өндірістің қауіпті және зиянды факторларына қойылатын талаптар мен
нормалар;
3) өндіріс құрал –жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;
4) өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;
5) жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптары;
6) өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына қойылатын талаптар;
Стандарттарда өндірістің қауіпті және зиянды факторларының рұқсат
етілген шекті параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері,
қорғану және бақылау әдістері көрсетіледі.
Қауіпсіздік сақтау тәртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың
Техникалық талаптар бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау
қауіпсіздігінің талаптары, сондай –ақ, сол талаптардың орындалуын бақылау
тәсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті бөлімдеріне
кіргізілген.
Шикізаттар, материалдар және химиялық заттардың стандарттарында бұл
заттардың токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына әсері, жұмыс
орнының ауасы мен суындағы рұқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді
анықтау әдістері белгіленеді. Заттардың қауіпті және зиянды әсерінен
жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да стандарттармен беріледі.
Өрт техникасы және өрт сөндіру құралдарына қойлатын талаптар да
стандартта белгіленеді.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп,
әрекеттегі стандарттар қайта қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады.
Еңбек қауіпсіздігінің қызметі әсіресе жаңа техниканы енгізумен байланысты
кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі, роботтанған
технология қауіпсіздігі, ионданған және инфрақызыл сәулелерден,
гидравликадан, жоғары температура және жоғары қысым құралдарынан сақтану
қауіпсіздігінің стандарттары.
Табиғат қорғау және табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі
стандарттар жүйесі. Табиғатты қорғау және табиғи қорларды пайдалануды
жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесінің негізгі мақсаты –адам әрекеті мен
қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын белгілеу. Адам мен табиғат
арасында дұрыс әрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат байлығын ұтымды
пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе –теңдікті
сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір –бірімен өзара
байланысқан мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның
іс -әрекетінің табиғатқа, адам денсаулығына тигізетін зиянды әсерін
бодырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың стандарттарына суды қорғау және
пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты, топырақты қорғау және
пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты, жануарлар мен
өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау
стандарты, жер қойнауын қорғау және пайдалану стандарттары жатады.
Стандарттарда табиғи объектілердің күй –жайын анықтаудың, ластаушы
заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеудің тәсілдері, сондай –ақ, табиғи
ортаны ластанудан сақтауға арналған қондырғылар мен құрал –жабдықьарға
қойылатын талаптар белгіленеді.
Сөйтіп, табиғатты қорғау мәселелері стандарттау жүйесінде маңызды
орын алады. Табиғат қорғау жөніндегі стандарттарды әрі қарай жетілдіру
кешенді стандарттау бағдарламасына сай жүргізіледі. Елді жерлердің
ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының және автокөліктерден
бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру әдістерінің стандарттары жүйелі
түрде қайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі
тағы бір мәселе ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте
дәл инструменталдық әдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат
байлығын сақтауға, қалпына келтіруге және үнемді пайдалануға тиімді жол
ашылады.
8.7. Стандарттаудың өнім сапасын көтерудегі
рөлі
Өнімді аттестациялау. Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын көтерудің
маңызды жолы сапа категориялары бойынша аттестациялау болып табылады.
Аттестациялау сапаны жақсарту жолдарының, кәсіпорынның, ұйымның, тағы басқа
бірлестіктердің жұмыстарына баға берудің ұйымдастыру –техникалық негізі
болып саналады.
Өнімді сапа категориясы (сапа дәрежесі) бойынша аттестациялау
техникалық прогрестің әсерінен бұрынғы өнімдердің ескіріп, жаңа өнімдердің
қажеттілігінің тууымен байланысты. Өндірілетін өнімдердің ерте ме, кеш пе,
әйтеуір бір кезеңдерде сапасының төмендеп, қолданысқа жарамдылығы азаятыны
белгілі.
Өнеркәсіп өнімдерінің аттестациясы сапаның екі категориясы –жоғары
және бірінші категориялар бойынша жүргізіледі. Осы категориялар бойынша
өтпеген өнімдер өндірістен алынып тасталады.
Сапаның жоғары категориясына жататын өнімдер мынадай талаптарға сай
болуы қажет:
1) техникалық –экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемдік не одан жоғары
деңгейде болуы керек;
2) халық шаруашылығында техникалық прогресті көрсетуі керек;
3) еңбек өнімділігінің өсуін, материалды, отынды және энергияны үнемдеуді
қамтамасыз етуі керек;
4) әлемдік нарықтағы бәсекелестікке сай болуы керек;
Бірнші категорияның өнімдері оларды өндірудің стандарттарына, өнімнің
нормативтік –техникалық құжатындағы талаптарға сай болуы қажет.
Аттестациялауға жатпайтындар:
1) өнеркәсіптік өңдеуден өтпеген өнімдер;
2) тек ел қорғанысына қажетті өнімдер;
3) өндірістен алынып тасталған өнімдер үшін қосалқы бөлшектер,
бұйымдар;
4) тамақ өнімдері;
5) медицинаға қажетті өнімдер;
6) парфюмерлік –косметикалық тауарлар;
7) қолмен істелген әшекейлік бұйымдар;
8) көркемдік кәсіптік бұйымдар;
9) кітап өнімдері мен өнер туындылары;
10) орағыш ыдыстар мен заттар.
Жаңадан шығарылатын өнімдерді аттестациялау шығарылғаннан бастап бір
жылдан кейін, ал өте күрделі өнімдер болса, екі жылдан кейін жүргізіледі.
Аттестациялаудың нақты мерзімі өнімнің қабылдану құжаттары бекітілгеннен
бастап саналады.
Кейбір кәсіпорындардың өнімдерін олардың өндірілуі кезінде
аттестациялайды, бұл жағдайда өндіру процесінің сапасы тексеріледі.
Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК) тұтынушы және сұраныс
жасаушы органдардың министрлігінің, өнім өндірушілер министрлігінің
тәжірибелі мамандарынан құралады. Комиссия құрамына Мемлекеттік
стандарттың, сыртқы және ішкі сауда министрліктерінің өкілдері кіреді.
Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау талаптарына байланысты өнімдер үшін
комиссия құрамында кәсіподақ ұйымдарының болуы қажет.
Айта кететін жай, комиссия құрамына аттестацияланатын кәсіпорынның
өкілдері кірмейді. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының өнімді сапа
категориясына қарап аттестациялауының мақсаты –жоғары категориялы
өнімдердің әлемдік жоғары үлгілерге сай келетінін, ал бірінші категориялы
өнімдердің халықтың қазіргі замандағы талаптарына сай келетінін анықтау
болып есептеледі.
Комиссия нормативтік –техникалық құжаттардың стандартқа сәйкестігін
тексереді, жүргізілген сынақ жұмыстарының нәтижесін зерттейді. Өнімдерді
сынау аттестациялаудың негізгі шарты болып табылады.
Көрсетілген талаптардың барлығы орындалған жағдайда берілген өнім
аттестациядан өтті деп есептелінеді.
Тексерілген өнімге белгілі бір сапа категориясын беру туралы МАК –тың
шешімі мемлекеттік стандарт органдарында тіркеледі.
8.8. Өнеркәсіп өнімдерін
сертификаттау
Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімдерін сертификаттауға көп көңіл
бөлінеді. Өнімдерді сертификаттау арқылы олардың сапасын арттырады, ішкі
және сыртқы саудадағы бәсекелестігін өсіреді.
Европалық экономикалық комиссияның (ЕЭК) анықтамасы бойынша,
сертификаттау деп өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттарға және
техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік
белгі арқылы растауды айтады, басқаша айтқанда, сертификаттау -өнімнің
стандартқа немесе басқа да нормативтік –техникалық құжаттарға сай
екендігінің кепілдігі.
Халықаралық тәжірибеде сертификаттаудың екі түрі қабылданған: 1)
сертификаттау (немесе өндірушінің мәлімдемесі), 2) үшінші жақ тарапынан
сертификаттау.
Сертификаттаудың бірінші түрі көбінесе АҚШ пен Канадада көп тараған;
мұнда өндіруші өнімін өзі сынап, өнімнің стандарнтқа сай екендігі туралы
сертификаттар толтырып немесе сертификат белгісін қойып мәлімдейді. Бұл
жағдайда өнім қандай сынақтардан өткізілгені туралы ақпараттар
тұтынушыларға беріледі.
Үшінші жақ тарапынан сертификаттау сертификаттаудың көбірек
тараған түрі. Мұнда өнімді сынақтан өткізуді және сертификаттауды
өндірушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз әділетті органдар жүргізеді; әдетте
мұндай орган сынақтың ресми орталықтары (лаборатория, институт) немесе
стандарттау ұйымдары болады.
Сертификаттау жүйесі халықаралық, ұлттық, фирмалық стандарттарға және
техникалық шарттарға негізделеді. Өнеркәсібі дамыған елдердің сертификаттау
жүйесіне мүдделігі арқасында сертификаттау мен сертификаттау жұмысының
кеңеюі туралы ЭЕК, ООН, ИСО және МЭК сияқты халықаралық ұйымдарда
халықаралық келісімдер жасалынған.
ИСО-да сертификаттау туралы арнайы Комитет (СЕРТИКО) құрылды. Бұл
комитет Үшінші жақ тарапынан сертификаттау жүйесі және оған сәйкес
стандарттар туралы ИСОМЭК принциптерінің кодексі деп аталатын әдістемелік
ұсыныстар жасаған. СЕРТИКО қызметінің стандарттаудың ұлттық жүйесін
дамытуда және сынақ жұмыстарын жүргізетін лабораториялардың біліктіліктерін
бақылау әдістерін жасауда маңызы өте зор.
Еуропада сертификаттаудың 200-ден астам халықаралық келісімдері бар,
олар сертификаттауға жауапты ұлттық ұйымдардың арасындағы келісімдер.
Электротехникалық жабдықтарды сертификаттау туралы Халықаралық комиссияның
(СЕЕ) және сертификаттаудың Халықаралық жүйесінің (МЭК) аумағында және
басқа да салаларда көп келісімдер жасалынды.
Өнім сапасын бақылауда сынақ жұмыстарының маңызы үлкен. Өнімді
сынаудың мемлекеттік жүйесі сынақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz