Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

ӨНIМНIҢ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ, САПАСЫН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ3

Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі3

Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері5

Стандарт және стандарттау ұғымы8

Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы9

ҚОРЫТЫНДЫ10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI12

КІРІСПЕ

Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін камтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.

Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.

Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабыиа сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің /қызметтердің/ сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынак барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

Аталған жұмыстарды жүргізу елімізде "Стандарттау және сертификаттау" мамандарына жүктелген.

Бұл жұмыста өнімдерді сертификатгаудың жалпы ережелері мен тәртібі берілген.

Сертификаттауға байланысты қазақ тілінде бұрын терминдік, анықтамалық түсініктеме сөздіктер болған жоқ сондықтан, негізгі терминдер тікелей немесе балама түрінде аударылып отыр.

Стандарттау - бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң, стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті - халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылган өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:

• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (ГОСТ) ;

• салалық стандарттар (ССТ) ;

• техникалық жағдайлар (ТЖ) ;

• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;

• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдьқ ұйымдардың стандарттары.

ӨНIМНIҢ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ, САПАСЫН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңыздылығын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

  • өлшеуші әдіс(аспаптар, приборлардың көмегімен) ;
  • тіркеу әдісі- бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
  • есептеу әдісі- өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануга негізделеді;
  • органолептік әдіс- адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
  • социологиялық әдіс- өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
  • сарапшылық әдіс- мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгеін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

• сұрыптылығы;

• маркасы;

• жүктелімі;

• пайдалы заттың мазмұны;

• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т. б.

Жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері

Нарықтың жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылыгы деп атайды.

Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалың және сандың) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарга деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтыгын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанагаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленеді.

Бұл маңызды көрсеткіштерді анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.

Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну багасы болып табылады. Ол мынадай фромуламен аныңталады:

Б т = Б с + Ш т ,

мұндағы

Б т - тұтыну бағасы

Б с - сатылу бағасы

Ш т - бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтік мерзім ішіндегі қызметі) .

Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның са-палылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.

Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бүл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:

К К = К Қ Т С .

мұнда, К К - тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;

К Қ - эстетико-эргономикалық деңгейінің кешенді

көрсеткіші;

К т - техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;

К с - көрсеткіш кешенінің сенімділігі.

Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалың параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.

Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруга еріксіз көндіретін болады.

Стандарт және стандарттау ұғымы

Стандарт - бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісушілік негізінде әзірленетін жәие танылган органдардың бекітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге багытталады.

Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екішпіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалың багдарламалардың, жобалаудың норматитік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.

Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды үқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді.

Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай багыттау;

• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мұмкінділігін қарастыру;

• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу. Сонымен, өнімнің сапасын басару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы -нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді кәсіпорынды жандандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды - жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.

Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттың шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің қалыптасуы мен дамуы
Сапаның экономикалық маңызы
Қазақстан Республикасында өлшеу бірегейлігін ұйымдастыру қамтамасыз ету жүйесі
Сапаны басқару механизмінде жоспарлау
Сапаны статистикалық бақылау
Қазіргі кәсіпорындарда басқару есебі жүйесін ұйымдастыру
Өнім сапасын басқарудың шетелдің тәжірибесі
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы жағдайында
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz