Стандарт, стандартизация туралы түсініктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Стандартизация 2
Стандарт 2
Стандартизация: мақсаттары мен мәселелері 2
Стандарттар категориялары 4
Стандарт және стандартизация туралы түсініктер 5
Стандарттау жүйесі 6
Стандарттау әдістері 8
Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10

Стандартизация

Стандартизация, ғылым, техника және алдыңғы тәжірибе негізінде
анықталып, қазіргі кезеңдегі ғана емес, болашақтағы өнеркәсіптің де негізін
қалыптастырады.
Осы анықтамадан стандартизация норма және талаптар, міндетті
тәртіптерді орнату байынша жоспарлы қызмет. Осы орындаулар өнімнің
экономикалық тиімді сапасын қамтамасыз етуі, қауіпсіздік талаптарын ұстай
отырып, материалдық құндылықтарды тиімді пайдалану және қоғамдық еңбектің
өнімділігін жоғарылату.

Стандарт

Стандарт — стандартизация объектілеріне норма жинақтарын, тәртіптерді,
талаптарды орнататын және компетентті органдармен бекітілген стандартизация
бойынша нормативті-техникалық құжат. Ғылым, техника және алдыңғы тәжірибе
негізінде жасалған стандарт қоғам үшін ең қолайлы шешімдерді қарастыруы
тиіс. Стандарттар материалдық жабдықтармен қатар (өнім, эталондар және
т.б), сондай-ақ нормаларға, ережелерге, ұйымдық-методикалық және жалпы
техникалық сипаттамалардағы талаптарға да жасалады. Стандар — белгілі бір
мақсаттарға жету үшін қайталанатын мәселелердің шешімін табудың ең тиімді
жолы. Стандарттар өнім сапасын жоғарлату мүмкіндіктерін және өндірістің
экономикалық тиімділіктерін жоғарлатуға кепілдік береді.

Стандартизация: мақсаттары мен мәселелері

Мақсаттары:
— жұмыс сапасын, өнім сапасын және оның тиімді деңгейін қамтамасыз ету;
— өндіріс өнімділігі және жобалау ауданындағы мамандандырудың дамуы үшін
жағдайларды қамтамасыз ету, жұмыс сыйымдылығын, металл сыйымдылығын және
басқа көрсеткіштерді жақсарту;
— өнім талаптарымен мемлекет қауіпсіздігі қажеттіліктерінің байланысын
қамтамасыз ету;
— әлемдік нарық талаптарына сай жоғары сапалы тауарларды экспортқа шығару
мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
— өндірістік қорларды функционалды қолдану және материалдық, еңбектік
ресурстарды үнемдеу;
— халықаралық экономикалық және техникалық іскерлік байланысты дамыту;
— халық денсаулығын қорғауды, жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздігін,
табиғатты қорғауды және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартуды
қамтамасыз ету.
Жоғарыда келтірілген мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу
керек:
— комплексті мақсатты программалар негізінде бұйымның конструкциясына
қойылатын талаптарды анықтайтын, олардың өндірістік технологиясына,
шикізат сапасына, материалдарға, жартылай фабрикат және құрастырылатын
бұйымдарға стандарттардың прогрессивті жүйесін орнату. Сондай-ақ дайын
өнім талап ететін сапаны қалыптастыру үшін жағдай жасау;
— өнім сапасы көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесін, байқау, бақылау
құралдарын және әдістерін анықтау, сондай-ақ бұйымның белгіленуіне және
олардың қолдану шарттарына тәуелді тұрақтылық деңгейін;
— өнімнің тиімді типтерін, маркасын, тиімді сапасын қамтамасыз ету мақсаты
мен өнім өндіру және жобалау ауданында әдістер және талаптар, нормалар
орнату;
— өндірістік өнімнің унификациясын дамыту және осы мамандықта қажетті
құрал ретінде машинаны агрегаттау, өндірісті жоғарлату, еңбек
өнімділігін, өзара орын ауыстыру деңгейін, бұйымның қолданылуын және
жөндеу тиімділігін жоғарлату;
— мемлекетте бірлік пен өлшеу нақтылығымен қамтамасыз ету, физикалық
шаманың мемлекеттік бірлік эталонын жасау, сондай-ақ жоғары дәлдікпен
өлшейтін құралмен және әдістермен қамтамасыз ету;
— құжаттаманың бірыңғай жүйесін орнату, сондай-ақ құжаттаманың
унифицирленген жүйесін, басқарудың автоматтандырылаған жүйесінде
қолданылатын классификация және технико-экономикалық ақпараттарды кодтау,
форма және өндіріс ұйымдары жүйесін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру,
техникалық құралдарын орнату;
— бірыңғай териминдер және ғылыми-техникалық аудандарында маңызды
белгіленулерді, сондай-ақ халық шаруашылығы салаларында орнату.
Мемлекеттік стандарттың негізгі мәселелерінің бірі, шығатын өнім
сапасын жақсартуда және салааралық унификацияның дамуында, комплекстік және
алдыңғы қатарлы стандартизация кезінде стандарт жүйелерін енгізу жолдары
мен өндірістің үнемділігін сақтауда стандартизацияның тиімділігін жоғарлату
үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Стандартизацияны басқару әр салада мына бөлімдер атқарады:
министрліктердің стандартизация бөлімдері, сондай-ақ министрліктердің
негізгі басқаруларының бөлімдері; стандартизация бойынша алдыңғы ұйымдар,
олар министрлік жүйесінде стандартизация бойынша бірнеше ұйым бар кезде
ғана құрастырылады; стандартизация бойынша базалық ұйымдар, олар ғылыми-
зерттеулік, жобалы-конструкторлық ұйымдар мен мекемелер құрамынан
шығарылады; стандартизацияның ғылыми-зерттеу институттарындағы, қауіпсіздік
комитеттеріндегі және мекемелердегі ғылыми-зерттеулік және конструкторлық
бөлімдері (лаборатория, бюро).

Стандарттар категориялары

МСС-ң әсер ету сферасына байланысты келесі стандарт категориялары
қарастырылады: мемлекеттік (МЕСТ), салалық стандарт (ССТ), республикалық
(РСТ) және кәсіпорындар стандарттары (КСТ). Мемлекеттік стандарттар барлық
кәсіпорындар, ұйымдар және мемлекеттік мекемелер үшін әсер ету сферасына
байланысты міндетті түрде керек. Стандарттарды осы саладағы барлық
кәсіпорындар, ұйымдар қолданады (мысалы, станок жасау), сондай-ақ басқада
кәсіпорындар және ұйымдар (жасау, дайындау және номенклатураға қатысты
бұйымдарды қабылдау). Ұйымдар, кәсіпорындар министрлікке сәйкес бекітілген.
Республикалық стандарттар осы республиканың республикалық және жергілікті
бағынуындағы мекемелерге, және олар қандай да болсын ведомствоға тәуелді
болса да міндетті. Кәсіпорындық стандарттар осы стандартты бекіткен
кәсіпорын ішінде ғана жүзеге асады.
Мемлекеттік стандарттарды экспорттық тауарларға, мемлекеттік
аттестацияны өткен өнімдерге, көпшілік және кең сериялы өндірістің
салааралық және кең өндіріс өнімдеріне орнатады; сондай-ақ олар жалпы
нормалар, терминдер орнатады. Осыған байланысты мемлекеттік
стандартизацияның келесі объектілерін көрсетуге болады: жалпы техникалық,
ұйымдық-методикалық ережелер және нормалар; салааралық қолданыстағы
өнімдердің нақты нормалары; әртүрлі климатты жағдайларда эксплуатация үшін
жеткізілетін өнімдерге қойылатын талаптар; салааралық талаптар, техникалық
қауіпсіздік нормалары және өндірістік санитария; ғылыми-техникалық
терминдер, анықтамалар және белгіленулері; физикалық шама бірліктері;
физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталоны; өлшеу құралдарын
тексеру әдістері және құралдары; өлшеу құралдарын мемлекеттік зерттеу;
өлшеуде жіберілетін қателіктер; конструкторлық, технологиялық,
эксплуатациялық және жөндеу құжаттамаларының жүйесі; технико-экономикалық
ақпаратты кодтау және классификациялау жүйесі және т.б.
Салалық стандарттар мемлекеттік стандартизация объектілеріне қатысы
жоқ өнімдерге, құрал-саймандарға, сондай-ақ өнім сапасын тиімді деңгейге
жеткізу үшін қамтамасыздандырылатын нормалар, талаптар, ережелер,
белгіленулер және терминдерге қойылады. Салалық стандартизация объектілері
машиналар, қондырғылар, аспаптар және басқа өндірістік-сериялық бұйымдар,
осы бұйымдарды құраушы бөлшектер және бөліктер; салада қолданылатын
шикізаттар, материалдар, отын, жартылай фабрикаттар; сала ішінде
қолданылатын типтік-технологиялық процесстер.
Республикалық стандартизацияның объектілері: шикізат, материалдар,
республикааралық өндіріс және қолдануға пайдалы қазбалар; халық тұтынатын
тауарлар, республикалық министрліктер профиліне қатысты сериялық өндіріс
бұйымының жеке типтері.
Кәсіпорын стандарттары сол кәсіпорында қолданыс табатын бұйым
бөлшектері және басқа объектілер, тәртіптер, нормалар және әдістер үшін
қолданылады; өндірісті басқару және ұйымдастыру аудандарындағы нормалар;
технологиялық нормлар және талаптар үшін типтік-технологиялық процесстер,
құрал-саймандар үшін және т.б.

Стандарт және стандартизация туралы түсініктер

Сапа проблемасы:
1. стандартизация
2. метрология
3. сертификация
4. менеджмент
механизмдері арқылы іске асырылады.
Стандарт – “standart”- мөлшер
- эталон
- үлгі
- модель
- образец
1992 ж. – стандартизация, сертификация, метрология жөнінде комитет
құрылды. Негізгі бағыты:
а) 1992 ж. 10 март ТМД бойынша мемлекетаралық стандарттарды дамыту.
б) Қазақстан стандарттарының халықаралық стандарттарына сәйкес келуіне
байланысты бағытындағы жұмыстарды жандандыру. Сол арқылы сауда ұйымына
кіруге байланысты жұмыстар.
в) Міндетті түрде сертификация алатын өнімдер мен қажеттіліктерге
байланысты мемлекеттік стандарттарды дамыту ИСО-9000.
г) ИСО-9000 сериясына байланысты халықаралық стандарт енгізу. Сол арқылы
отандық сапа менеджмент жүйесін сақтау.
ИСО (международное организация по стандартизацию) 1952 жылы құрылған.
ИСО құжаттары бойынша “стандартизация” терминіне мынадай анықтама
берілген.
Стандартизация – белгілі бір салада жалпы және көп қайталанатын мақсатты,
міндетті шешу жолында қолданылатын әрекет.
Стандартизация
халықаралық мемлекет аралық аймақтық
ұлттық ст.
Кез келген елдің стандарттарына сәйкес ұйымдардың жұмысын қамтиды.
Мемлекетаралық – мемлекет мүдделі көздейтін стандарттар объектісіне
қолданылатын шаралар.
Аймақтық – белгілі бір географиялық саяси жағынан жуық орналасқан
аймақтың басым біріктіретін стандарттар жиынтығы.
Ұлттық стандарттар – белгілі бір мемлекеттің өз ішінде қолданылатын
стандарт жиынтығы.
Халықаралық стандарт бойынша ұйым стандарттар дегеніміз – нормативтік
құжат, ол тек мойындалған ұйымдардың талдау жасалуымен ғана қабылданған
құжат жиынтығы. Стандарттар туралы заң Қазақстан үшін құқықтық құжат болып
табылады.
Стандарт қызығушылық тудыратын жақтар арқылы келісім негізінде іске
асырылады. Ережелер мен жалпы принциптер мен ерекшеліктерін ескерілуі
керек. Стандарттар бойынша нормативтік құжат стандарт және оның нәтижелері
жөнінде нормалары, ережелері, ерекшеліктерді және принциптерді белгілейді.

Стандарттау жүйесі

Стандарттауға қатысушылардың нормативтік құжаттарын және олардың өңдеген
өнімдеріне, жұмыстарына шарт белгілейді.
Стандартизация мақсаты белгілі бір салада кең көлемде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарт және стандартизация туралы түсініктер
Стандартизация: мақсаттары мен мәселелері
Нормативтік құжаттарды қолдану
Өлшеу құралдары және түрлері
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Метрологияның теориялық негізі.
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Пәндер