Сыртқы сауда статистикасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Сыртқы сауда статистикасы

МАЗМҰНЫ

1. 3. Сыртқы сауда статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі4

Сыртқы сауданың географиялық құрылымы9

ІІ-ТАРАУ ҚазаҚстан РеспубликасыныҢ сыртҚы сауда статистикасын Ұйымдастыру19

2. 1. Тарихи анықтама19

2. 2. Сыртқы сауда жөніндегі есеп берудің формалары22

және қозғалысы22

2. 3. Мәліметтерді компьютерлік өңдеу31

ІІІ-ТАРАУ ҚР-ның сыртҚы саудасын талдау35

3. 1. Сыртқы сауданы динамикалық талдау35

3. 2. Сыртқы сауданы құрылымдық талдау40

3. 2. 1. Негізгі тауарлық топтар бойынша сыртқы сауданы талдау40

3. 2. 2. Сауда серіктестері болып саналатын елдер шеңберіндегі41

ҚР-ның сыртқы саудасы41

3. 3. Ұлттық экономикадағы сыртқы сауда ролінің45

көрсеткіштерін талдау45

3. 4. Сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті анықтау48

3. 5. ҚР "шөрнектік" сауданы есептеу мен талдау әдістемесі49

3. 6. Ішкі сауда қызметінің анализі55

3. 7. Қорытынды жасау58

ҚОРЫТЫНДЫ60

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ61

РЕЦЕНЗИЯ

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының сырттай оқу бөлімінің 4 курс студенті Мырзахметова Нағиманың статистика мамандығы бойынша жазылған Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын статистикада талдау атты дипломдық жұмысында Қазақстан Республикасының сыртқы саудасына талдау жасалады. Сыртқы экономикалық қызмет елдердің экономикалық дамуында үлкен орын алады. Сыртқы экономикалық қатынасының негізгі бөлімі ретінде сыртқы өз есебіне көп жағдайда экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді.

Бұл жұмыс кіріспеден, 3 қорытынды бөлімнен нәтижелерден қолданылған әдебиет тізімінен және қосымша беттерден тұрады.

І-бөлімінде сыртқы сауданың маңыздылығы, оның алдында тұрған мәселелері және көрсеткіштер күйісі қарастырылған. Автор және де сыртқы сауда теориясын қарастырды.

ІІ-бөлімінде сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру келтіріледі статистикалық есеп беру формалары қарастырылады.

ІІІ-бөлім сыртқы сауданың динамикалық структуралық және де сыртқы сауданың Қазақстан Республикасының экономикасына әсерінің анализіне арналған.

Қорыта айтқанда бұл жұмыс дипломдық жұмыстарды орындаудың талаптарына сай орындалған және жақсы бағаға лайық.

ҚР статистика

Агентінің Ұлттық санақ

Департаментінің директоры: Каирова Дәметкен Каировна.

ХВҚ бұл сауданы 4 түрге бөледі - фрахт, басқа транспорттық қызметтер, туризм және тағы басқа қызметтер. Соңғы қызметтердің үлес салмағы 50%-ке жуық.

Қызметтердің әлеуметтік саудасының секторына қызметтердің әр алуан түрлері кіреді, олардың құрамына мыналар кіреді.

1. сыртқы саудамен байланысқан қызметтер, олардың құрамына тауарлар, теңіздік және басқа транспорт, сақтандыру бойынша қосымша шығындар кіреді;

2. технологиялық айырбас жасаумен байланысқан қызметтер, оладың құрамына күрделі құрылыс, техникалық ынтымақтастық, басқару қызметтері кіреді;

3. саяхаттар, оларға туризм мен іскерлік сапарлардан түсетін түсімдер мен табыстар кіреді;

4. банктік шығындар, лизинг, капиталға салынатын табыспен байланысқан төлемдер;

5. еңбек ақы және тағы басқа еңбек табыстары (шет елдік жұмысшыларға төленетін еңбек ақы, сонымен бірге марапаттаулар мен әлеуметтік жәрдем ақылар) ;

6. білім беру мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы қызметтер.

Осы алуан түрлі қызметтердің барлығын біріктіретін нәрсе - олар өз табиғаты бойынша халықаралық саудаға қатысады; басқаша айтқанда, оларды тауарлық емес коммерциялық келісімдер ретінде анықтауға болады, аталмыш келісімдер екі немесе одан көп тәуелсіз мемлекеттердің азаматтары арасында бекітімді және төлем баланстарында көрініс табады.

Қызметтер саласының шамасын есептеудегі қиыншылық мынамен байланысқан, яғни, ереже бойынша қызметтер тауарлармен жинақ түрінде ұсынылады. Сонымен қатар, қызмет құны - тауар бағасының едәуір үлесін құрайды. Статистикалық есептен банктік және сақтандыру бойынша түсетін табыстар түсіп қалады.

Қазіргі таңда қызметтер сферасының ролі оның ЖІӨ-дегі үлесі бойынша едәуір артып келеді. Бұл еңбек бөлігінің өсуіне және халықтың тұрмыс жағдайын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қызметтердің халықаралық саудасымен 40-тан аса халықаралық ұйымдар айналысады, оған мүшелік өте қолайлы жағдайларды туындатады. Қазақстан солардың негізгілеріне кірсе жөн болар еді, ол қызметтер саудасын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін қолдауға мүмкіндік береді және сәйкес тауарларды өткізу кезінде қолайлы жағдайлар жасайды:

біріншіден, қызметтері сату кезінде, негізінен, делдал қажет емес, олады өткізу тікелей немес ақпарат негізінде жүзеге асырылады;

екіншіден, әлемдік нарықтағы қызметтер саудасының көлемі тауар, капитал, жұмысшы күші саудасының көмелеміне тәуелді болады;

үшіншіден, қызметтер сферасы мемлекеттің аман-саулығы, тәуелсіздігі, егемендігі мен қауіпсіздігі жүйесіне жатады және сондықтан ол едәуір дәрежеде мемлекет қолында болады;

төртіншіден, қызметтер сферасы адамның жеке сұрақтарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, елдің ішкі экономикасының дамуын талап етеді.

Келешекте қызметтердің халықаралық саудасында, негізінен, еңбек ету саласына қызмет көсетумен байланысқан қызметтер басым жағдайға ие болады.

1. 3. Сыртқы сауда статистикасы көрсеткіштерінің жүйесі

Сыртқы сауда статистикасы сыртқы сауда айналысының, экспорттық, импортттық динамикасын, сыртқы сауданы аумақ, ел, тауар түрлері бойынша бөлуді зерттейді, соынмен бірге орташа бағалар индексін, экспорт, импорттық физикалық көлемін, сауда шарттарын, тиімділік көрсеткіштерін және тағы басқаларды есептейді.

Елдің сыртқы айналымы дегеніміз экспорт пен импорт құнының сомасы әлемдік тауар айналымының көлемі барлық елдердің экспорттарының сомасына тең.

Сыртқы сауда айналыста жүретін тауарлар құнын есептеу

Әлемдік тауар айналымын есептеу кезінде тек елдер экспорты ғана саналады, өйткені экспорт түріндегі тауарлар мен импорт түріндгі тауарлар есебі арасында уақытша арақашықтық, яғни лаж болады. Сонымен бірге бұл мыналармен де байланысқан, яғни экспортты жеткізудің базалық шарттары ФОБ (FOB - франкоборт) бағасы бойынша бағаланады, ал импорт СИФ (CІF - цена, страховка, фрахт) бағасы бойынша есептеледі.

Тауарды бір елден екінші елге жеткізу бойынша сатушы мен сатып алушының міндеттеріне байланысты, сыртқы сауда контрактысы (келісім-шарты) тауарды жеткізудің коммерциялық шарттардының 13 түрі негізінде бекітіледі, аталмыш шарттар сауда терминдерін түсіндіру Ережелерінде (Инкотерис) көрсетілген. Сатушының сатып алушыға жеткізу шартына байланысты, бағалар өзгешеленеді.

Мысалы, тауардың бір ғана түріне дайындаушы зауытты бір баға қойылады, жөнелту портында - екінші (жоғарырақ) баға белгіленеді, келіп жеткен портында - үшінші (одан да жоғарырақ) баға тағайындалады, өйткені тауардың сатушыдан сатып алушыға қарай жылжуына байланысты оның құнына тасымалдау, сақтандыру және тағы басқа қосымша шығындар қосыла береді. Салыстырмалы мәліметтерді алу үшін, бағаларды бір базиске келтіру керек, олар барлық экспорттық тауарларға арнап қабылдануы тиіс. Экспорттың статистикалық бағасын есептеу үшін базис ретінде ФОБ бағасы қолданылады, ал импортталатын тауарлардың статистикалық бағасын есептеу кезінде, жеткізудің коммерциялық шарттарына байланысты тауардың фактуралық құны СИФ бағасы негізінде келтірілуі тиіс.

ФОБ бағасы - өндіріс құны негізіндегі тауар бағасы, оған тауарды тұтынушыға жеткізіп беру шығындары кірмейді. Мұндай баға СИФ бағасынан ерекшеленеді, СИФ бағасы құрамына тауарды тұтынушыға жеткізудің барлық шығындары кіреді. Егер фирма өз тауарына ФОБ бағасын беглгілесе, онда сатып алушы барлық транспорттық шығындарын мойнына алады. Бұл мүмкін болатын аумақтың бағалық дискриминацияны болдыртпайды. Аталмыш түсінік баға саясатын түсіндіреді, бұл кезде өндірушіден әр түрлі қашықтықта ораналсқан тұтынтушыларға тауар сатушы фирма бағаны «зауыт ауласындаң қосу оны жеткізудің транспорттық шығындары сапасы ретіндегі тауар бағасымен бегілемейді. Егер фирма тұтынушылардың қандай қашықтықта орналасқанына қарамастан, олардың барлығы үшін, жеткізу бойынша шығындары бар бір бағаны белгілейтін болса, онда алыс қашықықта орналасқан сатып алушылар "ФОБ қосу транспорттық шығындар".

Бағасынан төмен бағаны төлейтін еді, ал жақын орналасқандар ол саладан көп төлем төлейді.

Осылайша, мұндай баға белгілеу кезінде сатушыдан алыс орналасқан тұтынушылар пайдасына қарай дискриминациялау орын алады. Транспорттық шығындардың бір бөлігін өндірушінің өз мойнына алу саясаты транспорттық шығындар саясаты деп аталады. Мұндай саясат мынадай жағдайда қолданылады, егер өндіруші қолында монополиялық билік тізгіні болса, сонымен бірге жақын орналасқан тұтынушылармен салыстырғанда, өте алыс жердегі тұтынушыларда өнімге деген өте жоғары бағалық эластикалық сұраныс туындайтын болса, онда бұл саясат та тентабельді болады.

Экспорт пен импорт әр түрлі бағалармен есептелетіндігіне қарамастан, төлем болансын құру кезінде экспорт пен импорт ФОБ бағалары бойынша есептеледі, ал транспорттау шығындары көрінбейтін баптарға жатқызылады. Бағалаудың мұндай реті әлемдік сауда айналымының бірдей шамасын береді.

Экспортта (импортта) есептелетін тауаларға мыналар жатады:

1. Төлем құралы ретінде қолданылмайтын беймонетролық алтын мен күміс;

2. Салым, сыйлық. Қайтарымсыз көмек, БҰҰ-ның технологиялық көмек қоры есебіне қойлатын тауарлар;

3. Ескеру пайдаланудағы тауарлар;

4. Электр энергиясы, су құбырлар бойынша өтетін мұнай мен газды жеткізу;

5. Шет елдік кемелерге, ұшақтарға сатылатын азық-түлік пен материалдар, бункерлік отын, жанармай, сәйкесінше отандық кемелер мен ұшақтарға аталмыш тауарларды сатып алу;

6. Толық құны бойынша бір жылдан астам мерзімге жалға берілетін тауарлар;

7. Елге кіргізілетін реэксперттық тауарлар, яғни елге импортталатын, бірақ онда қолданылмай, үшінші елге сатылған тауарлар;

8. Ену уақытына тәуелсіз түрде, өз елі аумағындағы және сәйкесінше шет елдегі жәрмеңкелерде, көрмелерде сатылатын және сәйкесінше сатып алынатын тауарлар;

9. Бейтарап және шет елдік суларда (концепссияға сәйкес) сатылған (сатып алынған) балықтар және басқа теңіз өнімдері;

10. Айналымда жоқ бағалы қағаздар, банкноттар, монеталар (коммерциялық құн бойынша есеттеледі) ;

11. Лицензия төлемін қоса есептегенде әкеліп (шығарылған) кино және телефильмдер;

12. Өңдеу мақсатынмен шығарылған тауарлар;

13. Елдегі шет елдік ұйымдардың тұтынуы үшін контракт бойынша сатылған тауарлар;

14. Белгіленген мерзімнің өтуі бойынша бір атаудағы туарларды қайтару шарты бойынша тәркіленген экспорт және импорт (тауарлық ссуда) .

Жоғарыда аталған барлық тауарлар мен қызметтер сыртқы сауда статистикасының бақылау бірліктері болып табылады. Олардың есебі құндық өрнекпен (СИФ және ФОБ бағалары) де, сандық өрнекпен де жүргізіледі. Сенімділігіне байланысты сандық мәліметтер сыртқы саудалық көтсеркіштерді халықаралық салыстыру ісінде кеңінен қолданылады. Олар сауда серкітестері арасындағы тауарлар қозғалыста дұрыс айтқындайды, өйткені олар серіктес елдердің есеп жүргізу әдістемелеріндегі айырмашылықтарға тәуелді емес. Сонымен қатар, сандық есеп валюталық құжаттарды, олардың ауытқуын бағалау және инфляция проблемаларымен байланыспаған.

Экспортталатын және импортталатын тауарлар саны натуралды физикалық өлшем бірліктерімен (тонна, килограмм, ағылшын фунты) қатар, брутто, нетто, заңды нетто сияқты салмақ көрсеткіштерімен сипатталады.

Брутто салмағы - бұл ішкі және сыртқы орамның салмағын қоса есептегендегі тауар салмағы. Ол тасымалдаудың жалпы көлемін талдау үшін қолданылады.

Нетто салмағы - бұл тарасыз тауардың таза салмағы. Бұл кезде тауармен (өніммен) бірге соңғы тұтынушыға жететін тауардың буып-түю ыдысы - нетто салмағына кіреді. Салмақтың бұл түрі сыртқы сауда нқтижелерін экономикалық талдау үшін өте тиімді және тауардың бір ғана түрінің әр түрлі жеткізуін дәл салыстыру үшін өте қолайлы.

Заңды нетто салмағы - бұл брутто салмағынан тара салмағының белгілі бір норма бойынша түсірілуін алып тастау әдісі арқылы алынатын есептік шама. Өткізу кезінде тауарды тарадан бөлу мүмкіншілігі болмаған кезде қолданылады.

Сыртқы сауданың айналымын есептеу - тауардың кіруі мен шығуы қандай сауда келісіміне және қандай кезеңге сәйкес жүргізілгеніне қарамастан, календарлық кезеңде жүзеге асырылады.

Экспорт пен импорт мерзімі - бұл кезеңдік шекарадан өту кезінде кеден штемпелінде белгіленген мерзім.

Импорт құны жөнінде айтар болсақ, тауар құны экспорттар елдің шекарасындағы нарықтық бағалар бойынша анықталады. Фрахт құны, яғни экспортер ел шекарасынан импортер ел шекарасына дейін тауарды тасымалдау шығыгдары, тауардың нарықтық құнына қосылады. Сонымен бірге сақтандыру шығындары - тауар қозғалысы кезінде бақытсыз жағдайлардан сақтандыру қызметінің құны қосылады. Осының барлығы СИФ бағасын құрайды.

Сыртқы сауданың географиялық құрылымы

Тауар айналымын статистикалық зерттеу оның географиялық құрылымын немесе орналасуын ескере отырып, жүргізіледі, бұл елдердің сыртқы эконоимкалық баптарға бағытталуын, елдің сыртқы сауда үшін, елдер мен елдер тобы бойынша экспорт пен импорттың даму деңгейін және мүмкіндігін, экспорт пен импорттың тауарлық бұрышын ескере отырып, жекелеген мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу дәрежесін талдауға мүмкіндік береді.

Халықаралық статистикалық тәжірибеде есептің үш әдісі қолданылады:

1. өндіріс елі - тұтыныс елі;

2. жөнелтуші елі - қабылаушы ел;

3. сатып алушы ел - сатушы ел;

Бұл мынамен байланысты, яғни сыртқы саудада айналыста жүретін тауар бірнеше рет сатып алуынуы және сатылуы мүмкін.

Бірінші әдім бойынша есептеу кезінде экспорттық өнімді өндіруші ел және импорттық өнімді тұтынушы елдер анықталады. Өндіруші ел дегеніміз - бұл елде тауар өңдеу соңғы сатысын (яғни дайын түрге айналады) өтеді, ал тұтынушы елге тауар өндіріс, өңдеу немесе жеке тұтыну қажеттелікітері үшін әкелінеді. Бұл әдіс өндіруші ел мен импортер ел арасындағы тікелей байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Екінші әдіс желеген елдің сыртқы саудасы жөніндегі нақты мәліметтерді береді, бірақ та жалпы әлемдік экономика бойынша нқтижелердің артуына әкеліп соғады, өйткені барлық жөнелту және қабылаулардың сомасы делдал елдердің толық тауар айналымын қосады.

Сатып алушы ел - сатушы елі деген есептеу әдісі - контракт ретінде экспортер мен импортер өмір сүретін және іс жүргізетін елдерді тіркейді.

Алынған мәліметтер әр түрлі мемлекет тұрғындарының сатып алулары мен сатуларын сипаттайды. Бұл есептеу әдісі экспорт пен импорт бойынша валюталық есептеулерді сипаттау үшін қолданылады.

Өзара сауда бойынша жекелеген елдердің статистикалық мәліметтеріндегі айырмашылық - арнайы және жалпы сауданы есептеудің әр түрлі жүйелерін; жеткізудің әр түрлі базистік шарттарын; экспорт пен импорт мерзімдерін тіркеудің әр түрлі ретін қолданумен байланысқан.

Экспорттық және импорттық тауарлар бағасының деңгейі мен динамикасын зерттеу үшін индекстік әдіс қолданылады. Сыртқы сауда саласында бағалар индексін, физикалық көлем индексін және сауда шарттары индексін есептеу қажет. Көрсетілген индекстер импорт пен экспорттың барлық көлемі бойынша да, жекелеген тауар, тауар топтары, СЭҚ-тің тауарлық номенклатурасы "тарауы" бойынша да есептеледі. Сонымен бірге индекстер жекелеген елдермен есптеледі.

Сыртқы сауда бағаларының индексі тауарлардың физикалық көлемінің өзгеріссіздігі кезіндегі баға өзгерісі есебінен, импорт немесе экспорт құнының өзгерісі.

Сыртқы сауданың физикалық көлемінің индексі базистік шарттармен салыстырғанда, есеп беру кезеңінде бағалардың өзгермеуі шарты кезінде импорт немес экспорт көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Әрбір индекс белгіленген базаға сәйкес есептеледі. Индекс базасы дегеніміз - салыстыру жүргізілетін кезеңдегі шама. Бұл шама 100-ге тең және оған пайыз түріндегі есептеу келтіріледі.

Индекстің екі түрі бар - тұрақты базасы бар индекстер (базистік) жқнк өзгермелі базисі бар индекстер (тізбекті) .

Базистік индекс уақыттың ұзақ кезеңдегі сыртқы саудадағы өзгерістерді сипаттау үшін қажет, ал тізбекті әдіс бойынша есептелетін индекстер белгілі бір уақыт кезіндісінде ғана өзгерістерді сипаттайды.

Әрбір индекстің өзінің құрамдас элементтері бар: өлшегіштер ретінде қолданылатын индекстелетін шамалар мен салмақтар. Сыртқы сауданың физикалық индексін есептеуге арналған индекстелетін шамаларға бағалар қызмет етеді; бағалар индексін есептеу үшін бағалар индекстеледі, ал салмақ ретінде тауарлар саны қолданылады.

Есептеулер төмендегі схема бойынша жүргізіледі:

1) физикалық айырбас индексі:

2) бағалар индексі:

3) құрылым индексі:

құр = . 3

2) есептік салмағы бар индекстер:

а) физикалық көлем индексі:

б) бағалар индексі:

в) құрылым индексі:

құр = . 3

мұндағы

- сәйкес есеп беру және базистік кезеңдердегі тауарлар саны;

- есеп беру және базистік кезеңдердегі тауар бағалары;

- есеп беру және базистік кезеңдердегі тауардың орташа бағасы;

Егер мәліметтер іріктелген бақылауға негізделсе, онда физикалық көлем индексі индекстің орташа арифметикалық формасы бойынша, ал бағалар индексі орташа гармоникалық форма бойынша анықталады.

Кейде индекстегі бағалар орташа бағалармен алмастырылады, сәйкесінше индекстің мазмұны өзгереді - сыртқы сауда айналымының құрылымы есептеледі және баға индексі орнына жалпы немесе орташа индекс алынады:

мұндағы - есеп беру кезеңі құрылымындағы базистік кезеңдегі тауарлардың орташа бағасы.

3) бағалардың орташа индексі:

4) сауда шарттары индексі - экспорттың орташа бағалары индексінің импорттық орташа бағалары индексіне қатынасын көрсетеді:

Ол тауар құрылымына және жекелеген елдердегі тауар бағаларының деңгейіне тәуелді болады. Осылайша экспортқа қатысты жекелеген елдермен бағалық арақатынас индексі есептеледі:

- n елімен сауда жасаудағы немесе елдердің сәйкес экономикалық топтағы экспортталатын тауарлардың бағасы;

- n еліне экспортталатын тауарлар саны.

Егер бұл көрсеткіштер бірден көп болса, онда базистік кезеңмен салыстырғанда сауда шарттары жақсарады, егер аз болса - онда ол сауданың қолайсыз шарттарын дәлелдейді.

Тауар құрылымының баға индексіне қсері төмендегі формула бойынша анықталады:

Географиялық құрылымның қсері:

Сыртқы сауданың тиімділігі - бұл қоғамдық еңбектің үнемделуі, ол жекелеген елдердегі бірдей тауар өндірісіне қажетті шығындардың әр алуан деңгейлерінің есебінен құралады. Сыртқы сауданың жалпы тиімділігімен қатар, экспорт тиімділігі мен импорт тииімділігі болады.

Сыртқы сауданың халық шаруашылығы, бюджеттік тиімділігі - импорттық өнімнің отандық өндірісінің шығындарын және экспорттық тауарлар өндірсе кететін шығындарды салыстыру жолымен анықталады. Осы шамалар арасындағы айырма сыртқы сауданың дамуымен байланысты шығындардың үнемделуіне тең.

Экспорттық тауарлардың өндірістік шығындары экспорттық орндаудағы өнім өндірісі шығындарына тең, оның құрамына шекараға дейін тасымалдау және тиеу шығындары, яғни ФОБ бағаларымен немесе ішкі бағалармен анықталатын экспорт құны кіреді.

Импорттық өнім шығындары импорттық өнім өндірісі құнына тең, оған өте сапалы өнімді тұтыну кезінде алынған қосымша экономикалық тиімділік кіреді. Негізгі, ол өнімді өткізудің ішкі бағаларындағы құн түрінде болады.

Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері жалпы республика бойынша, СЭҚ Министрлігі және басқа ұйымдар бойынша, жекелеген аумақтар және тауар топтары бойынша есептеледі. Сатып алынатын машиналар мен құрал-жабдықтар үшін экономикалық тиімділік - осы құрал-жабдықта өнім шығарудан түскен пайдаға тең болады.

Егер импорт шығындары экспорт шығындарынан көп болса, онда мұндай сыртқы сауда айырбасы тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділік коэфициенті осы шамалардың қатынасына тең, ол бірден көп болуы тиіс.

Сыртқы сауданың бюджеттік тиімділігінің жалпы көрсеткішімен қатар, экспорт пен импорт тиімділігің жеке көрсеткіштерінің жүйесі анықталады.

Экспорттық валюталық тиімділігі экспорттан түсетін валюталық түсімнің оның өндірістік бағасындағы құнына қатынасы арқылы анықталады.

Импорттық валюталық тиімділігі елдегі импорт өндірісіне қажетті шығындардың импорт шығындарына қатынасы немесе ел ішінде оны өткізуден түскен табыстың сол импортты алуға кеткен шығындарға қатынасы.

Бұл көрсеткіштер әрбір тауарлар бойынша есептеледі және төмен валюталық тиімділігі бар тауарлардың сыртқы сауда айналымын есептеп шығару үшін қолданылады. Бірақ та экспорт пен импорттың сыртқы сауда айналымын жеке қарастыруға болмайды, өйткені экспорттық кез-келген қысқаруы импорттың қысқаруына әкеліп соғады. Сондықтан да жекелеген тауарлардың экспорттық немесе импортының тиімділігінің ақырғы шешімі үшін олардың валюталық тиімділік көрсеткіштері барлық тауарлар бойынша алынған жалпы импорттық немесе экспорттық көрсеткішке көбейтіледі:

- тауарлы экспорттың Импорттың орташа

валюталық тиімділігі X валюталық тиімділігі =1

- тауарлы импорттың Экспорттың орташа

валюталық тиімділігі X валюталық тиімділігі =1

Егер бұл валюталық көбейтінділер бірден көп болса, онда бұл тауарлардың сыртқы сауда айналымы тиімді болады.

Экспорт тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі төмендегі мәліметтер негізінде анықталады:

Кәсіпорын бағасындағы құндар , сыртқы сауда ұйымының ішкі бағаларындағы құн және сыртқы сауда бағаларындағы экспорттық өнім құны немесе ол өнімді сыртқы нарықта сатудан түсетін валюталық түсім .

Экспорт өндірісінің тиімділігі мына қатынаспен анықталады: . Бұл көрсеткіштер арасындағы айырма өнім өндірушілер үшін экспорттан түсетін тиімділікті көрсетеді және олардың мүддесі - өз бетінше немесе сыртқы сауда ұйымы арқылы экспорттық өнім әлемдік нарыққа шығару.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты ынтымақтастық
Арнайы кедендік статистика
Халықаралық туристік нарық
Статистика ғылым ретінде
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру
Менеджменттің тиімділігі
Жеке баға индекстері
ҚР сыртқы сауда жүйесі
Қазақстандағы статистика ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz