Қазақстанның өтпелі кезеңдегі статистикалық жүйесін Ұлттық шоттар жүйесіне көшіру: мәселелері мен әдістемелік негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өтпелі кезендегі Қазақстанның статистикалық жүйесі

Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуіне байланысты Республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер адекватты көріну қажеттілігінен туындаған еді. 90-шы жылдардың басына дейін болып келген халық шаруашылығының баланысына негізделген статистикалық жаңа заман талаптарына жауап бере алмады. Бұл ахуал елімізді экономикасы нарықтық қатынастарға құрылған елдердегі реформаны қабылдауға және статистикалық есепке біртіндеп көшуге жағыдай жасайды, бұл еліміздің статистикалық жүйесі халық аралық масштаптағы тұжырымдамалар, анықтамалар және топтастырулар негізіндегі ҰШЖ-не алмастыруын білдіреді.

Қазақстанда, бұрынғы Кеңес Одағында халық шаруашылығының баланысы аталған ЭСЖ-сі (экономикалық салааралық жіктеме) қолданылып келеді. Халық шаруашылық баланысында материалдық өнім жүйесі болып және ол социалистік бағыттағы көптеген елдерде қолданылады. Жалпы алғанда материалдық өнім жүйесі (МӨЖ) макро деңгейіндегі экономикалық процестердің зерттеу құралы ретінде ҰШЖ атқаратын функцияларды атқарады, былайша айтқанда, экономиканы зерттеуге қажетті кестелердің жиынтығын құрайды. Бірақ бұл жүйелер арасында айтарлықтай айырмашылықтар болды, олар шаруашылықтандырудың жаңа әдісін іске асыруға, яғни нарықтық экономикада материалдық өнім жүйесін қолданылуға мүмкіндік бермеді.

Материалдық өнім жүйесі ел экономикасын екіге бөледі: аумағы мен ауқымында ұлттық табыс пайда болатын материалдық өндіріс саласы және осы табысты қолданылатын тұтынушы ретіндегі материалдық емес сала. Экономиканы шартты топқа бөлу МӨЖ-нің көрсеткіштер жүйесінің негізгі постулаты (сипаттауды керек етпейтін жорамал) болып табылады, ал ҰШЖ-де экономикалық бірліктерді секторлар бойынша топтау қолданылады.

Материалдық қорларды орталықтан жопарлауға және бөлуге бағытталған мемлекеттік басқару қаржыландыру жүйесінің рөлін материалдық өндіріске қызмет етуге бейімдегендіктен, секторлық жіктеуді қажет етпейді. Материалдық өнім жүйесінің қортынды көрсеткіштер жүесі ретіндегі негізгі кемшіліктер-экономиканың материалдық емес сияқты осындай маңызды бөлігі экономикалық өндіріс саласының бөлігі ретінде қарастырылған жоқ. Осының бәрі экономиканы талдауда қортындылаушы есептер мен көрсеткіштердің сапасын айтарлықтай кемітті.

Сондай-ақ, материалдық өнім саласында материалдық өндіріс көрсеткіштері арасында сабақтастық болған жоқ. Мемлекеттік бюдлжет көрсеткіштерін есептеудің бұл әдістемесі институционалдық секторлар топтастыруларымен де, екі саладағы экономика бөлімдерімен де байланысы жоқ.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы ресурстары көрсеткіштерінің есептеу әдісі, сондай-ақ халықтың кірістері мен шығыстары қаржы ресурстарының көлемі мен құрылымын материалдық ресурстар көрсеткіштерімен мөлшері түрде байланыстауға және салыстыруға мүмкіндік бермеді. Экспорт пен импорт көрсеткіштері материалдық өнім жүйесінде тек қана материалдық игіліктерді ғана ескерді, ал материалдық емес қызметтер мен сыртқы сауданы ескермеді. Материалдық өнім жүйесі әдістемесіне сай материалдық өндіріс саласына өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы толығымен кірді. Экономикалық іс-әрекеттердің кейбір түрі бұл салаға тек жарым-жартылай ғана кірді және өндірістік салаға қызмет көрсететін бөлігінде болды. Бөлу саласында сауда өндірістің жалғасы ретінде қарастырылды. Ал, қалған салалар өндірістік емес салаға жатады.

Тұтастай алғанда, материалдық өндіріс салалары мен өндірістік емес салалаврының жалпы саны ҰШЖ-де анықталған экономикалық іс-әрекеттер түрлерінің жиынтығымен сәйкес келеді. ҰШЖ-нің МӨЖ-нен айырмашылығы, онда экономикалық талдау ұлттық экономиканың бес секторларының арасындағы айырмашылықтарые талдауға бағытталған.

Қазіргі кезде әлемнің 150-ден астам нарықтық экономикалы елдерінде макроэкономикалық талдауда ҰШЖ-ін қолданылады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың талабына сай халықаралық тәжірибеде қабылданған есеп және статистика жүйесіне көшудің мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Сол кезден бастап Қазақстанда ҰШЖ-не енгізу баталды.

Қазақстандағы ҰШЖ-ін құруда ҰШЖ-нің мәселелерімен айналысатын халықарлық ұйымдардын ұсынысы, сонымен бірге өтпелі кезең жағыдайларын. а ҰШЖ-нің негізгі ережелерін қолдану жағында болған ТМД статистикалық комитетінің ұсыныстары ескеріледі. Есептеу нәтижелері ХВҚ, ОЭСР, Әлемдегі банкте сарапталудан өтеді.

Қазақстан ҰШЖ-ін енгізудің бірінші сатысы-ұлттық шоттардың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі-жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеуден басталады. Макроэкономикалық көрсеткіштің мағынасын толық түсіну үшін алдымен ҰШЖ-інде қолданылатын негізгі тұжырымдамалар қарастырайық.

Қолданылған әдебиет:

1. Мананов Б. Б., Молдақұлова Ғ. М. М 19 Халық аралық экономикалық статистика: Оқу құралы. -Алматы Экономика баспасы, 2004 ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі мемлекеттік мәдени саясаты: қалыптасу ерекшеліктері мен институттық-нормативтік негіздері
Өтпелі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Өтпелі кезеңдегі Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуы, түрлері және құрылымы
Өтпелі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық стратегиясы және кәсіпкерліктің рөлі
Экономикалық циклдар теориясы және Қазақстанның өтпелі кезеңдегі циклдық дамуының сипаты
Ресей Федерациясының жоғары білім жүйесін статистикалық талдаудың әдістемелік негіздері
Ұлттық есеп шоттар жүйесі: мазмұны, құрылымы және әдістемелік қағидалары
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңдегі дамуы және стратегиялық даму бағыттары
Ұлттық шоттар жүйесі: қалыптасуы, принциптері және Қазақстанда қолданудың негіздері
Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz