Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру 2
1.Тарихи анықтама 2
2. Сыртқы сауда жөніндегі есеп берудің формалары 4
және қозғалысы 4
3. Мәліметтерді компьютерлік өңдеу 10
Қорытынды 13
Әдебиеттер тізімі 14

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын ұйымдастыру

1.Тарихи анықтама

Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауда статистикасының жамуын 2
кезеңге бөлуге болады:
1.1994 жылға дейінгі сыртқы сауда статистикасы – мәліметтер СЭҚ-ті
жүзеге асырушы кәсіпорындардың тікелей есебі негізінде жиналған. Бұл кезде
бұрынғы КСРО-ның елдерімен республикалармен болған сауда жөніндегі
мәліметтер КСРО аумағында әрекет еткен өнім классификаторына сәйкес
тауарлардың шектелген номенклатурасы бойынша жиналған. КСРО-дан тыс
орналасқан елдермен сауда жасау жөніндегі ақпарат тауарлыө толық
номенклатурасы бойынша қалыптасты:
1992 жылға дейін – Өзара Экономикалық Көмек Кеңесіне қатысушы
елдердің сыртқы сауда номенклатурасы бойынша;
1995 жылдан бастап – ЕО-тың үйлестірілген тарифтік-статистикалық
номенклатурасы негізінде жасалған СЭҚ-тің Тауарлық номенклатурасына сәйкес;
1992 жылға дейін құндық бағалау ұлттық валютада жүргізіледі, ал 1992
жылдан бастап – АҚШ долларында.
2.1994 жылдан бергі сыртқы сауда статистикасы республика тауарлардың
сыртқы саудасы бойынша ақпарат жинаумен қатар статистикалық есеп негізінде
статистикалық мақсаттар үшін Жүктік кезенедік деклорацияны (ЖКД) өңдеу
басталды. Ал 19995 жылдан бастап кәсіпорындардың есеп беруі алынып
тасталды, ал тауарлардың сыртқы саудасы бойынша барлық ақпарат кедендік
статистика мәліметтеріне негізделеді. Кезендік статистикаға өтуге
байланысты, Қазақстанның ТМД елдерімен және әлемнің басқа елдерімен сыртқы
саудасы бойынша көрсеткіштер есебі бірыңғай әдістемеге келтірілді,
тауарлардың біртұтас номенклатурасы (СЭҚ-тің ТН-ы) және ортақ құндық
бағалау (АҚШ долларында) қолданыла бастады.
Осылайша, 1994 жылға дейін республикадағы сыртқы сауда жөніндегі
мәліметтер әр алуан сипатта болады, сауданың жалпы көлемі жөніндегі
біртұтас ақпараттық база 1994 жылдан бастап, ал тауарлар бойынша – 1995
жылдан бастап құрылды.
Сыртқы сауда статистикасының қалыптасуы мен дамуы барысында
әдістемені жасау, тауарлар қозғалысы жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу,
төлем балансын жасау істерін Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі
Агенттік жүзеге асырып отырған. 2000 жылдан бастап, халықаралық қызметтер
жөніндегі бірінші ретті ақпаратты жинау, өңдеу және Республиканың төлем
балансын құру ісін ҚР-ның Ұлттық Банкі өз қолына алды. Өз шешімін дәлелдей
отырып, Қазақстанның Ұлттық Банкі төмендегі аргументтерді келтіреді:
1.Төлем балансы сарапшылары кез-келген пайдаланушыларға өз
мәліметтерін дәлелді түрде ұсынуға мүмкіндік алады. Қызметтер балансының
қалыптасуына жауапты сарапшылар бірінші реттік ақпаратпен жабдықтаушылармен
тікелей және тұрақты түрде байланыса отырып, сәйкес келуін бағалай алады
және талдау мен болжауға арналған қосымша ақпаратты ала алады;
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем балансы жөніндегі сарапшылары
қызметтер жөніндегі мәліметтердің ақиқаттылығын бақылау мүмкіндігіне ие
болады. Оларды бақылау ҚҰБ-нің кәсіпорындардан алатын басқа есеп беру
көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады;
3. Формалар қатары бойынша есептік мәліметтер негізінде төлем балансын
алдын-ала бағалау мүмкіндігі туындайды, төлем балансын есептік бағалау
мерзімдері қысқарады, оны жан-жақты талдауға көп уақыт қалады.
Бірақ та төлем балансын құру саласындағы көптеген шет ел
мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, көптеген елдерде төлем балансын
қалыптастырумен Ұлттық Орталық Банк айналысатындығына қарамастан, төлем
балансына арналған мәліметтерлі Ұлттық статистикалық қызмет жинайды.
Мысалы, Ресей Федерациясында төлем балансын Ресейдің Орталық Банкі
құрастырады. Бұл кезде Ресейдің Мемлекеттік статистикалық Комитеті қажетті
мәліметтерді ұсынып қана қоймай, сонымен бірге ағымдағы операциялардың
есебін және капитал мен қаржылық операциялардың есебінің жекелеген баптарын
жүргізеді.
Әлемдік тәжірибеде төлем балансын құруға арналған қажетті мәліметтерді
жинаудың екі принципиалды мүмкіндігі бар: "Іnternatіonal transactіon
reportіng system" жүйесі және "Enterprіse surveys" сияқты зерттеулер.
"Іnternatіonal transactіon reportіng system" жүйесінде мыналар
қарастырылады, яғни барлық жекелеген операциялар жөніндегі мәліметтер
банктік статистика шеңберінде жинақталады. Орталық Банктің бұл саладағы
компетенциясы мынамен шектеледі, яғни ақпараттық жүйелер ереже бойынша, шет
ел валютасын бақылаудың құралы болып табылады. "Enterprіse surveys"
есептік жүйелерінде іс жүзінде барлық ақпарат тексерулер көмегімен
жиналады. Ереже бойынша, тексерудің мұндай түрін статистикалық қызметтер
жүзеге асырады.
Егер Қазақстанның төлем балансының құрылуы жүйесін аталмыш жүйелермен
салыстырсақ, онда республикамыз Enterprіse surveysң жүйесіне бағытталған
деп тұжырымдауға болады. Бірақ та, халықаралық стандарттар мен
статистикалық есептің талаптарында анықталғандай, кәсіпорындарды есептің
талаптарында анықталғандай, кәсіпорындарды тексеру (зерттеу) – халықаралық
қызметтер жөніндегі мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып табылады. Бұл
шараны жүзеге асыру – кәсіпорындар статистикасы принциптеріне негізделген
әдістемелік шынайы механизмдермен бекітілген. Осыған байланысты мынаны атап
өту керек, яғни тексерудің принципиалды иделологиясы статистиканың
әдістемесіне және ұлттық шоттар жүйесіне негізделуі тиіс.
Төлем балансын құру мақсатында, негізгі сектордан алынатын барлық
статистикалық ақпаратты Ұлттық банкке ұсыну үшін республикадағы мемлекеттік
статистика органдарында жеткілікті ресурстар мен мүмкіндіктер бар.
Агенттікте ақпаратты жинау кезінде қосымша ұйымдастырушылық, құрылымдық
және еңбек шығындарын талап етпейтін аймақтық бөлімшелердің нақты схемасы
мен желісі бар. Агенттікте аудандық бөлімшелер желісі де бар, олар СЭҚ-пен
айналысатын респоденттердің төрттен бір бөлігінен ақпарат жинайды. Өз
құрамында сыртқы экономикалық операциялары бар экономикалық қызмет түрлері
бойынша респонденттердің отақ өзектелген реестрі – ақпаратты сапалы түрде
жинауды жүзеге асыруға арналған шыңайы құрал.
Сыртқы сауда (тауарлар мен қызметтер) статистикалық дамуына және осы
бағыт бойынша Агенттіктің халықаралық ұйымдарымен және ТМД-ның
статистикалық Комитетімен ынтымақтастықты кеңейтуге байланысты, халықаралық
қызметтер статистикасына қатысты, Агенттік алдына бірқатар жаңа міндеттер
қойылады. Бұл міндеттер респоденттерден алынған және өңделетін ақпараттар
көлемін тұрақты түрде ұлғайтуды талап етеді.
Жоғарыда аталған барлық артықшылықтармен қаатр, Агенттікте ақпаратты
пайдаланушылардың кең шеңбері және статистикада қолданылатын халықаралық
классификаторлардың (елдер, экономикалық қызмет түрі және меншік формасы
бойынша) талаптарына толық сәйкес келетін ақпараттық база бар. Сонымен
бірге пайдаланушылар статисткаллық мәліметтерді алып тұруға кең мүмкіндік
алған, қосымша еңбек шығындары талап етіледі.

2. Сыртқы сауда жөніндегі есеп берудің формалары

және қозғалысы

Тауарлардың сыртқы сауда статисткасында импорт және экспорт
көрсеткіштері Жүктік кедендік декларацияны қолдану негізінде қалыптасады.
Заңды тұлғалар үшін республиканың кедендік шекарасы арқылы өтетін, кез-
келген заңды тұлғаға тиесілі немесе мемлекеттік және басқа иелікте болуы,
орналасуы, кедендік жеңілдіктерді қолдануына тәуелсіз түрде, заңды
тұлғалардың иелігіндегі барлық тауарлар декларациялануы тиіс. Жеке тұлғалар
үшін Жүктік кедендік деклорация (ЖКД) өндіріс үшін қолданылатын тауарларға
қатысты ресімделеді.
ЖКД 4 данада ұсынылады, олардың біреуі статистика жөніндегі облыстық
басқармаға өңдеу үшін беріледі. Облыстық деңгейде алынған жалпы ақпарат –
республика бойынша жалпы мәліметтерді алу үшін статистка жөніндегі
Агенттікке беріледі. Осыған байланысты, кедендік органдар табиғи газ бен
электр энергиясының әкелінуі мен шығарлуын деклорацияламайды, Агенттік
қосымша түрде "Қазақгаз" газ – кешенді шығарушылығынан, "Алаугаз" АҚ-нан,
облыстық электр желілері компанияларынан аталған тауарлардың экспорты мен
импорты жөнінде қажетті мәліметтерді сұрай алады.
Осылайша, статистика жөніндегі ҚР – Агенттігі жариялайтын барлық
ақпарат ЖКД-дағы көрсеткіштер негізінде алынады.
ЖКД-ны толытур кезінде "ҚР шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен
мүліктерді өткізу мен деклорацияла реті жөніндегі Ереже" "ҚР шекарасы
арқылы өтетін тауарлар мен мүмкіндіктерді өткізу мен деклорациялау реті
жөніндегі Ереже" ҚР шекарасы арқылы тауарлар мен мүліктердің өтуі кезінде
ҚР-ның мемлекеттік мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге, СЭҚ-ті мемлекеттік
реттеу шараларын орындауға, кедендік (баж) салықтарнды қолдануға, ҚР-дағы
кедендік процедураларды халықаралық тәжірибемен үйлестіруге бағытталған.
Инструкция ЖКД-ны және оған қосымша қағаздарды толтыру ретін анықтайды.
ЖКД – жинақталған төрт парақтан тұрады. КД1 формасындағы ЖКД тауардың
немесе мүліктің әрбір партиясына мына шарт негізінде толтырылады, яғни
осындай тауарлар немесе мүліктерге қатысты бір ғана кедендік режим
белгіленеді. Тауарлардың немесе мүліктердің париясында бірнеше атаулар
болса, онда КД 2 орфмасындағы қосымша қағаздар (парақтар) қолданылады,
олардың әрқайсысы тағы да 3 атаудағы тауарларды немесе мүліктерді
деклорациялауға мүмкіндік береді. Қосымша парақтар тек мынадай жағдайда
ғана қолданылуы мүмкін, егер оларда көрсетілген тауарлар немесе мүліктерге
қатысты белгіленген кедендік режим-деклорацияда көрсетілген тауарлар немесе
мүліктерге қатысты кедендік режиммен сәйкекс келетін болса. Қосымша
парақтар 4 данада толтырылады және деклорациямен бірге ұсынылады. Кедендік
мекеме парақтардың 1-сін және 3-сін және мемлекеттік мақсаты үшін оған
қосымша парақтарды қолданылады. Кедендік мекеме деклорациясының барлық
парақтарына тексеру нәтижелері жөнінде белгі қойып болған соң олардың:
1. 2-парағын мемлекеттік статистика органдарына жібереді;
2. 4-парағын деклорантқа қайтарады.
ҚР-на кіргізу және ҚР-нан шығару кезінде мүлік 3 парақтан тұратын
(статистикалық данасы жоқ) деклорация түрінде ресімделеді. Кедендік
бекеттерден келіп түсетін деклорацияларды тексеру және түзету процедурасы 2
кезеңнен тұрады:
1.Бастапқыда аймақтық деңгейде кедендік бекеттерден келіп түсетін ЖКД
ішіндегі реквезиттердің толтырлуының толықтығы бойынша жалпы тексеруден
өтеді, осының барысында мынадай жағдайлар орын алады, яғни ЖКД толтыру
барысында жіберілген қателіктерді түзету үшін кедендік орагандарға
қайтарылады, содан кейін деклорацияны бағдарлама түрінде компьютерге енгізу
кезінде мәліметтерді кәсіпорын, аумақ, тауарлар, өлшем бірілктер, кедендік
режимдер және тағы басқалардың анықтамаларына сәйкес түрде кодтаудың
дұрыстығы тексеріледі;
2.Екінші кезеңде деклорацияның электрондық нұсқалары сатистика
жөніндегі ҚР Агенттігі орталық республикалық кеңесінің есептеу орталығына
келіп түскеннен кейін, кодтардың сәйкестігін және сандық көрсеткіштер мен
құндық көрсеткіштердің логикалық сәйкестігін анықтау үшін олар қайта
тексеруден өтеді. Белгілі бір сәйкесссіздіктер анықталған жағдайда
кәсіпорынға, яғни өнімді экспорттаушыға немесе импорттаушыға сұрау
жіберіледі. Егер кәсіпорын ЖКД-да бар ақпаратты мақұлдаса, онда ол
өзгеріссіз өңдеуге жіберіледі. Егер кәсіпорын деклорация мәліметтеріне
өзгеріс енгізсе, онда статистикалық органдар да сәйкес түрде мәліметтерді
түзетеді. Барлық түзетулер бірінші реттік кедендік деклорация деңгейінде
енгізіледі, содан кейін жалпы нәтиже қайта есептеледі.
Кедендік статистика мәліметтері есебінің толықтығы мен дұрыстығын
қамтамасыз ету статистикалық орагандарға ғана байланысты емес, соынмен
бірге ол кедендік қызметтің қатысуын талап етеді. Біріншіден, қзірше
кеденшілер ресімдеген және статистиктер қабылдаған ЖКД санын ай сайын
салыстыру мүмкін болмай отыр, деген №1-ир ведомостық статистикалық есеп
беруді әр тоқсан сайын алып отырады.
Мемлекеттік статистика –"Резидент еместермен халықаралық операция
жүргізу жөніндегі есеп беру" деген №10-ПБ статистикалық формасы бойынша
тоқсан ссайынғы есеп берулер негізінде ақпарат жинау.
Қалыптасқан ақпараттық база – бұл халықаралық қызметтер бойынша
қалыптасқан мемлекеттік статистикалық есеп беру (формалыр: 2-ПБ, 3-ПБ, 4-
ПБ, 5-ПБ, 6-ПБ, 7-ПБ, 10-ПБ-ның А және Б бөліктері, 11-ПБ, 13-ПБ), ол төлем
балансында қолданылатын қызметтермен халықаралық операция жүргізу
классификациясына сәйкес жасалған және топртар деңгейінде, негізгі өнім
классификациясы бар кластар деңгейінде сәйкес келеді. Бірлескен
кәсіпорындар және шет елдік кәсіпорындардың қызметі жөніндегі есеп беру (1-
ВЭС) тауарлармен қызмет саудасы бойынша төлем балансындағы (резенденттілік,
құндық бағалау, мәліметтерді тіркеу уақыты) есеп принциптеріне сәйкес
келмейді.
Халықаралық қызметтер бойынша есеп берудің барлық мемлекеттік
статистикалық формалыр почталық тоқсандық болып саналады және Мемлекеттік
статистика жөніндегі ҚР Заңына ұсынылады.

№ 2-ПБ формасы.
"Жүк және жолаушы тасымалдау және басқа
транспорттық операциялар үшін түскен түімдер мен төлемдер жөніндегі
есеп беру"

Есеп беру 5 бөліктен және қосымша беттен тұрады:
1. А бөлігі – транспорттық жүк тасымалдауды жүзеге асырудан түскен
табыс.
Көрсеткіштері: елдің аты мен коды, Қазақстанның импорты мен экспортын
жүктік тасымалдаудан түсетін табыс, соның ішінеде резиденттерден және
резидент еместерден түсетін түсімдер, резидент еместер үшін Қазақстандағы
импортты тасымалдаудан түсетін, тансзиттік тауарларды тасымалдаудан түсетін
табыс және т.б.
2. Б бөлігі – жолаушыларды тасымалдаудан түсетін табыс. Бір
кәсіпкерлік атынан әрекет етуші басқа кәсіпорындардың сатқан билеттерінен
түсетін табыс та қосылады.
Көрсеткіштері: елдің аты мен коды, Қазақстанда және басқа елдерде
сатылған билеттер, соның ішінде резиденттерден және резидент еместерден
түсетін табыстар және т.б.
3. В бөлігі – резидент емес тарнспорттық кәсіпорындарға делдалдық
қызмет көрсетуден түсетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы кедендік статистика
Қазақстандағы статистика ғылымы
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
«Қазақстан Республикасындағы кедендік саясат»
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау
Кеден әкімшілігін жүргізу
Қазақстан Республикасындағы кеден органдарының дамуы
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
ҚР-ның сыртқы саудасын статистикалық зерттеу
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Пәндер