Өзара қатысты анықтаудың теңдестік әдісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ2

1. Өзара қатысты анықтаудың теңдестік әдісі2

2. Өзара қатысты байланыс, оның мәні мен түрі3

3. Өзара қатынастың байланыстық түрі5

4. Сапалық нышан қатыстың өзара байланысын есептеу6

5. Санды өзгермелі өзара қатысты зерттеуде қатарлы жанаспалы қатар әдісін қолдану7

6. Өзара қатыстың байланысын графиктік әдіспен табу8

7. Талдаулық топтау9

8. Бір себепті статистикалық өзара қатыс байланысын талдау9

Қолданылған әдебиеттер11

Кіріспе

Өмірде, оның ішінде қоғамдық өмірде, сан түрлі өзгеріс еш уақытта толастамақ емес. Өзгерістердің ешбірі негізсіз, өздігінен пайда бола салмайтыны ғылымнан аз да болса сезімі бар адамға белгілі. Құбылыс әрқилы себептерден туындап, кейде, тіпті ешкім ойламаған қоғамдық-әлеуметтік қатынас арқылы жүріп жатады. Қоғамдағы құбылыс себептерінің қарым-қатынасын түбегейлі зерттеу статикасының маңызды міндетінің біріне жатады. Жиынтық нышанының біреуі себепкер нышан, екіншісі - салдар нышан болып екіге бөлінеді. Себепкер нышан өзгеруіне қарай салдар нышан болып өзгеріп отырады. Демек, олардың арасында қандай да бір байланыс бар. Дүкеннің сауда айналымы көбейген сайын сауда шығыны азаятыны сияқты. Құбылыстың мұндай өзара қатынасын себепті қатынас деп атайды.

Индекс такырыбында құбылыс құрамындағы серіктес нышандардың өзара өзгеру салдары зерттелінген. Сауда айналымына сатылған тауардың заттай шамасымен қатар, оның бағасының өзгеруі әсер етіп отырады. Құбылыс нышанының мұндай өзара қатынасын серіктесті қатынас деп атайды.

ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ

1. Өзара қатысты анықтаудың теңдестік әдісі

Құбылыстың өзара қатынасын теңдестік әдісімен де зерттейді. Теңдестік әдіс статистикалық жүмыста барыиша көбірек қолданылатын әдіс болып табылады. Нарықты экономикаға көшуге байланысты егеменді Отанымыздың шет елмен қарым-қатынасы ұлғайып өсе бермек. Бұл жағдайда дүние жүзінде кең қолданылатын ұлттық шот жүйесінің шоттары теңдестік (баланстық) әдіске негізделген. Тендестік әдіс қағидасы мынадай қатынасқа егізделген а+в+с=д+е+г. Басқаша айтсак, бір-біріне қатынасты әр түрлі құбылыстың нақты шамалары косындысының теңдестігі. Жадығаттық теңдестікте оның кіріс жағының қосындысы пайдаланылу жиынтығына теңдесуі шарт. Ұлттық шот жүйесіндегі өндіріс шоты да басқа шоттар сияқты екі бөліктен құралады. 1кестеде Казакстан Республикасы өндіріс шотының қаңқасы көрсетілген.

1- к е с т е Қазақстан Республикасы өңдіріс шоты (1995 жыл, ағымды бағада, млрд. теңге)

Кіріс: Кіріс
Пайдалануы: Пайдалануы
Кіріс: Жалпы шығарылған өнім және аткарыл-ған кызмет 2096, 6 Өнім және әкелім салығы (импорт) 56, 1 Өнімге ұсталған жәрдем (-) 6, 1
Пайдалануы: Аралық тұтыну 1132, 4 Жалпы ішкі өнім 1014, 2

Теңдестік әдіс аудан мен ауданның, облыс пен облыстың, аймақ пен аймақтың экономикалық қарым-қатынасын саралауға кеңінен қолданылады. Мысалы, аймақ пен аймақтың арасындағы өнім алмасуын былайша көрсетуге болады:

Кестеден көрініп тұрғандай, А аймағынан өзіне де басқа аймақтарға да өнім жіберілген, оның жартысы (45/90=0, 5) Г аймағына жіберілген. Кесте жолында жіберілген өнім көрсетілген.

Кестенің бағанасына келген өнім аумағы көрсетілген. А аймағына әкелінген өнімнің 60 проценті (60/100x100) В аймағынан әкелген. Осы сиякты теңдестік әдісімен халық шаруашылық салаларының экономикалық қатынасы сарапталады.

2. Өзара қатысты байланыс, оның мәні мен түрі

Құбылыс нышандарының өзара байланысының бір нышаны - себепкер, екіншісі - нышан салдар деп аталатынын жазғанбыз. Нышан-себепкер, нышан-салдар өзгермелі болады. Нышан-салдарға бірнеше нышан-себепкер әсер етуі мүмкін. Нышан-себепкер мен нышан-салдардың қатынасы нәтижесіне қарай екі түрге бөлінеді. Алғашқысында нышан-себепкердің өзгеруіне қарай нышан-салдар бір бағытта белгілі шамада өзгеріске келеді. Мысалы, шаршының қабырғасының ұзындығына сәйкесті оның ауданы үлкейеді, сол сияқты шеңбер шабағының өзгеруіне карай оның да ауданының кеңейетіні белгілі. Мұндай өзара қатынасты тәуелді, бағынышты деп атайды. Қоғамдық экономикалық өмірдегі өзгеріс ешбір себепсіз, өздігінен өзгере салмайды. Бірақ бір қалыпты себеп-нышаннан туындаған нышан-салдардың дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Егіннің түсімділігіне тыңайтқыштың тікелей қатынасы бар. Бірақ екі жерге бірдей тыңайтқыш шашылғанмен, дақылдың түсімділігі әр түрлі болуы мүмкін. Өйткені, түсімділікке тыңайтқыштан баска тұқымның сапасы, дақыл себілген жердің бедері, құнарлылығы, жұмыс жүргізілген мезгіл, тағы баскадай себептер әсер етуі мүмкін. Тағы сол сияқты еңбек өнімділігі мен еңбектің электр энергиясымен жарақтану дәрежесінің арасында қатынас бар екені белгілі. Бірақ, еңбектің электр энергиямен жарақаттану дәрежесінің шамасына қарай еңбек өнімділігіне жүзеге асырып ұйымдастыру, оны жүргізу тәртібі, адамның іскерлік қабілеті де көбірек байланысты.

Құбылыстың мүндай өзара қатынагын статистикалық немесе тәуелді емес деп атаған жөн. Орыс тіліндегі экономикалық әдебиетте бұл қатынасты „корреляциялық" дейді. Ол латын тіліиде „қатынасты" деген мағынаны беретін сөз. Әсер ететін нышан-себеп әр түрлі болғандықтан нышан-салдар да әр түрлі болады. Сондықтан дамудың, өзгерістің заңдылығын табу күрделене түседі. Себептердің бір-біріне тигізетін әсерінің заңдылығын анықтау үшін бір немесе аз құбылысты зерттеу жеткіліксіз. Сондықтан байқауға барынша көбірек құбылыс тартылады. Бұл жағдайда құбылыс нышанның кездейсоқтық артық-кемі бір-бірімен жойылып, өзгерудің зандылық бағыты анықталады. Бұл өзара қатысты зерттеуді жүргізудің - бірінші шарты.

Өзара қатынастың екінші ерекшелігі - нышандар арасындағы қатынасты толық деуге болмайды. Өйткені нышан-салдарға әсер ететін нышан-себептер сан қилы. Олардың қатыс нәтижесін есептеу мүмкін емес деуге болады. Бірақ, тексеруге алынған нышан саны кебейген сайын, нышандар қатынасының дәрежесін толық қамтуға мүмкіндік бар.

Нышан қатынасында нышан-салдардың кері карым-қатынасы болмайтыны да есте болуы керек. Келтірілген тікелей әсері болатынын айтып өттік. Бірақ еңбек өнімділігі өзгеруінің еңбектің электр қуатымен жарақтану деңгейіне қатысы жоқ. Бұдан шығатын тұжырым - қоғамдық құбылыстың өзара қатынасын зерттеу үшін алдымен ғылыми тұрғыдан нышан қатыстары зерттеліп, тексеруге жататын басты себеп нышанды анықтау шарт.

3. Өзара қатынастың байланыстық түрі

Өзара қатыстық талдаудың алдында екі түрлі міндет қойылады. Біріншісі өзара қатыстық байданыстың ғылыми тұрғыдағы түрін анықтау; екіншісі - қатысты байланыстың өзара тығыздығын, жақындығын, тұрақтылығын анықтау.

Ең әуелгі мақсат - қатынастық байланыстың дәлме-дәл байланыс көрсеткішіне барынша жақын көрсеткіш шығаруға мүмкіндік беретін қатыс түрін ғылыми жағынан іздеп табу қажет.

Екінші мақсат - өзара қатынас байланысының бір-біріне тигізетін әсер дәрежесін анықтайтын арнайы көрсеткіштерді табу. Зерттелінген нышандардың өзара қатынас байланысының тығыздық көрсеткішіне қарап өзара қатысты нышандардың жиынтық қатынас көрсеткішіне қаншалықты жақындайтынын біле аламыз. Дәлірек айтсақ, болжамдайды, тұспалдайды, Құбылыс нышандарының өзара қатынасының тура және кері байланысты түрі, тура сызықты, қисық сызықты түрі, бір себепті және көп себепті түрі болады.

Атынан көрініп тұрғандай, тура және кері байланыстың түрі себеп-нышан мен нышан-салдардың бағытына карай анықталады.

Нышан-салдар себеп-нышанның бағытына карай өзгерсе, өзара қатынас тура байланысты болып саналады. Келирілген мысалда еңбек өнімділігі еңбектің электр күшімен жарақтануына қарай өзгерген. Бұл - тура байланыс.

Еңбек өңіңділігі жоғарлануына қарай өнімнің өзіндік құны төмендейді. Бұл - кері қатысты байланыс. Тура сызыкты және қисық сызықты байланыс тандалынып алынған байланыс түріне қарай анықталынады.

Салдар-нышан бір ғана себеп-нышанмен байланысты болса, бір себепті өзара байланыс болып саналады, мұнда басқа себеп-нышанның әсері есепке алынбайды. Ал, егер нышан салдар бірнеше себеп-нышанға байланысты болып, оның барлығының әсері есепке алынатын болса, көп себепті қатынасқа жатады. Олардың әсері қатарлас, бір-біріне байланысына қарай есептелінеді.

4. Сапалық нышан қатыстың өзара байланысын есептеу

Сапалық нышан қатынасының өзара байланысын есептеудің тағы бір жолын өзара ілеспелі қатынастың кестесі деп атайды. Есептеу жолы №56 кестеде көрсетілген. Сырттан оқитын шәкірттердің өз мамандығында және баска мамандықта жұмыс атқаратындардың сабақ үлгеруіне тигізетін әсерін зерттеу үшін 400 шәкірт байқауға алынып, мәлімет 56-кестеде берілген және өзара байланыс дәрежесіне септеу жолы көрсетілген.

Кестеде таңдаған мамандығы бағытында жұмыс істеп жүріп оқитындар және мамандық бағытына сәйкес емес, мүдде баска салада жұмыс істейтіндер кесте бағанасында баға түрімен берілген. Шәкірттердің мамандығына сәйкес және сәйкес емес түрі бойынша қандай баға алғаны көрсетілген. Тордың сол жағында берілген санның шартты дәрежесі (1600 = 402), оң жағында шаршы дәреженің бағана жиынтығына бөлінген нәтижесі (5, 714 = 1600/280) берілген.

Кесте жолының жиынтығында алған бірдей баға қосындысы (өте жақсы 40+20=60), оқуының жұмысына сәйкес және сәйкес еместердің шаршысы, оның бағанадағы жиынтыққа бөлінгендегі нәтиже саны берілген.

(5, 714+3, 33/9, 044) жэне оның жол жиынтығына бөлуден шыққан (9, 044/60/0, 1507) бөлінді саны берілген. Кестенің оң жағындағы жолдың жиынтығында байқауға алынған шәкірттердің саны соңғы сөз болған қатынастың жиынтығы (0, 1507+0, 3036+0, 5+0, 06) = = 1, 0143 берілген. Бұл жиынтықтан бірлікті алып тастағандағы (1, 0143-1) саны - 0, 0143 - ілеспелі қатынастың көрсеткіші болып саналып - Ф2 әрпімен белгіленеді. Бұдан өзара ілеспелі қатынас коэффициента мынадай формуламен есептелінеді:

мұнда: m - эр нышан бойынша топтың саны; формулаға әріп мәнін орнына қойсақ:

0, 0143 Kj = 0, 091.

Бұл коэффициент шәкірттердің өз саласы бойынша жұмыс істеу мен сабақ үлгірудің арасында едәуір байланыс барын көрсетеді. Ілеспелік жанамалық өзара қатыс түрінің біріне құрамалық байланыс жатады. Нышандардың өзара қатынасын есептеу төмендегідей жүргізіледі.

Осындай берілген мәліметтерден күрамалық өзара қаты-настың коэффициенті мынадай формуламен А = (ад-вс) /

х (с+д) х (а+с) +(в+д) есептелінеді. Мысал келтірейік. 58-кестеде келтірілген мәліметтер аркылы қалада және ауылда тұрудың тағам және тағамдық емес тауарды тұтынуға қандай әсері барын анықтау керек.

5. Санды өзгермелі өзара қатысты зерттеуде қатарлы жанаспалы қатар әдісін қолдану

Санды өзгермелі өзара қатысты зерттеудің ең қарапайым түрі - жанаспалы қатармен салыстыру. Бұл салыстырудың мәнісі мынадай. Алдымен құбылыс нышандарының арасында байланыстың барын анықтап алу керек. Мұны анықтау үшін жанаспалы қатар жасалынады. Ол үшін нышан-себеп дәрежесінің көбеюі немесе азаюына қарай қатар ретке келтіріледі. Одан соң нышан-салдар дәрежесінің қалай өзгеретіні анықталады.

Түсініктілеу болу үшін мысал келтірейік.

Мақтаның түсімділігінің суғару дәрежесіне қарай өзгеру қатысын анықтау үшін 14 мақта егілген танап байқауға алып, оны суғарылу дәрежесіне қарай кестеге келтірілген.

Міне, осылайша, суғарылу көлеімінің артуына карай (х) мақтаның түсімділігі жоғарлайтыны (ү) көрініп тұр. Көтерілуі тұрақты, бір қалыпты емес, басқаша айтканда, тікелей емее, өзгермелі, өзара қатысты екені байкалады. Бұл көрсеткіш нышан бағытын анықтағаны болмаса, оның тығыздық шамасын көрсетпейді.

Жанаспалы қатарды салыстырып, олардың өзара қатынас бағытын. оның тығыздық ең қарапайым шамасын анықтау төмендегідей жолмен жүргізіледі.

Екі нышан белгілерінің бір түрлі болуы үйлескендік болып саналынады, әр түрлі болуы үйлеспегендікке жатады. Бұл коэффициент автордың атымен (немістің ғалымы Фехнердің) аталынады да мынадяй формуламен есептелінеді:

Мұнда: Кл Фехнердің өзара тығыздық коэффициенті; Б - бірдей белгінің саны, Е - бірдей емес белгі саны. Бұл коэффициент +1 мен -1 арасында ауытқуы мүмкін.

Егер коэффициент +1 болса, өзара қатынас тура тікелей болғаны, ал -1 болса өзара қатынастың кері болғаны. Келтірілген мысалдан тура тікелейге едәуір жақын келісімдік қатынас бары көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тұтыну бағаларының индексі
Тұтынушылар талғамы
Тұтынушылар талғамы мен қалауы
Тұтынушылар талғамы туралы
Экономикалық өсудің кейнстік модельдері
Тауар пайдалылығы мен пайдалылығы
Шекті пайдалылық және жеке сұраныс
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Тұтынушылар қалауы
Өнеркәсіптің шикізаттық ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz