Статистикалық заңдылық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Статистикалық заңдылық 4
2 Статистикалық жиынтық 4
3 Нышан және топтастыру 5
4 Статистика әдісі 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10

Кіріспе

Статистика латынның statuc жағдай, жайы деген сөзінен шыққан.
18 ғасырдан бастап статистика сөзі мемлекет басқару мағынасында
қолданыла бастады. Қазіргі кезеңде статистиканың бірнеше мағынасы бар.
Оның бірі — статистика — мәлімет деген мәнде қолданылады. Мысалы, қазақ
еліндегі туудың және өлім-жітімнің статистикасы, кітапхананың статистикасы,
қаржының статистикасы.
Екіншісі — білімнің саласы ретінде қолданылады. Мұнда көпшілік
құбылысты сипаттайтын сандық мәліметтер жинақтаудың, сұрыптаудың және
тиісті түйін жасаудың қағидасы, жолы, әдісі көрсетіледі.
Үшіншісі - статистикалық сандық мәліметтерді жинақтау, сұрыптау және
тұжырым жасау.
Статистиканың жетілуі мемлекет дамуына тығыз байланысты. Өйткені, енді
мемлекеттік басқару мүддесіне керекті мәліметтер статистиканы жетілдіруге
итермелеген. Көне заманның өзінде шаруашылық, соғыс мүддесіне халықтың
саны, құрамы жөнінде, оның қолындағы мүліктің мөлшері жайындағы мәліметтер
керек болған.
Салық салу үшін де арнаулы мәліметтер қажет болған. Жер жайлы мағлұмат
жасалған. Мұнда ондағы құбылыс, адамның, малдың, мүліктің, құрал-сайманның,
алынған пайданың аумағы көрсетілетін болған. Статистикамен белгілі данышпан
ғұламалар айналысқан. Біздің осы жыл санауымыздан 400 жыл бұрын гректің
атақты ғалымы Аристотель қалалардың және мемлекеттің жайы жөнінде
статистикалық баяндау жасаған. XIX ғасырда жаппай қалдық ауаны, суды
былғайды. Мұның әсері өсімдік әлеміне, жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян
келтіреді. Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын, олардың
тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді. Қоғамдық
өзгерістің, табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың
жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды.

Басқаша айтсақ,
статистика пәні халықты, экономикалық және табиғи (биологиялық)
жиынтықтарды зерттейді. Бұл жиынтықтардағы өзгерістің бағытын, заңдылығын
анықтау үшін оның көптеген бірліктерін немесе ғылыми қағида бойынша
іріктеліп алынған өкілдерін зерттеуге қатыстыру керек. Айта кететін жағдай,
кездейсоқтық әдіспен өте аз бірліктері талданса, одан алынған көрсеткіш
даму заңдылығын, қатынасын дәлме-дәл көрсетпеу мүмкін. Мұндай аз бірлікті
топта бар, жиынтыққа кіретін нышан топтарының өкілі тиісті орын ала алмай
жасалынған тұжырым жалпы жиынтықка тән болмауы мүмкін. Мысалы, Қазақстан
Республикасында 1993 жылы туған әрбір 1000 балаға шаққанда 28,8 бір жасқа
толмаған бала шетінеген. Бұл, өкінішке орай, жоғары көрсеткіш. Ал бұл
көрсеткішті бір аймақ бойынша ғана есептесек, 10001000 болуы мүмкін. Егер
бір өңірде туған жалғыз бала шетінеп кетсе, керісінше туған жалғыз бала
тірі болса 01000 болады. Қорыта айтсақ, құбылыс жиынтығының аз бірліктерін
зерттеуге қатыстырып, одан жалпы жиынтыққа тән тұжырым жасауға болмайды.
Статистикалық зерттеу құбылыс иесінің барынша көп бірліктерімен айналысады.
Сонда ғана құбылыс иесі бірліктерінің көбіне тән нышанды қасиетті тауып,
заңдылықты анықтауға болады.
Халықтың ұдайы дамуын, экономиканың нарықтық дәуіріндегі өзгерісін
зерттейтін статистиканың ықтималды ілімге негізделген бөліктері де кең
пайдаланып, өрісін кеңейту - ықтималды ілімі қағидасына сүйенген
статистиканың күрделі әдістері әлеуметтік-экономикалық тәжірибенің
өзгерістерін зерттеуде кең қолданылады. Әсіресе халықтың әл-ауқатын,
күнкөрісін, айлық табысын, тауардың сапасын, қауіпсіздендіру ісін зерттеуде
статистика үлкен роль атқарады. Қазірде жалпы статистикалық әдістің
пайдаланылмайтын жері жоқ. Қауіпсіздендіру ісінде бәсекенің мөлшерін,
қаржылық, іскерлік тәуекелдіктің дәрежесін және сауда ісін болжамдауда
кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, статистикалық. күрделі әдіс биологияда,
психологияда, денсаулық сақтау, спорт саласында да пайдаланылады.
Статистиканың жалпы ілімінің, әсіресе ықтималдылық ілімінің тұжырымына
негізделген әдістері санқилы мақсатқа пайдаланылады. Статистикалық әдістер
қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Бұл оқулықта экономикаға
қатысы бар кез келген маманның жадында жүретін, күнделікті тұрмыста көбірек
пайдаланылатын статистиканың қарапайым әдісі көбірек жазылған.

1 Статистикалық заңдылық

Көп санның заңы негізінде құбылыстың статистикалық жиынтық
заңдылығының өзгеру деңгейін және себептер қатынасын анықтау —
статистикалық заңдылық деп аталады. Статистикалық заңдылық арқылы қоғамдық
құбылыстың себеп-салдарының қатынасы зерттеледі. Статистикалық заңдылық
бойынша болжам жасауға болады. Статистикалық заңдылық әр қилы себептердің
жаппай құбылысқа тигізетін салдарын айқындайды. Статистикалық заңдылық
арқылы шығарылған тұжырым анық болу үшін кең ауқымды, мол мәлімет қажет.
Мысалы, қала тұрғынының үлес салмағын анықтау үшін бірнеше адамның тұрағын
зерттеу жеткіліксіз. Мәселен, бір ауданды зерттеу үшін аудандағы, ал облыс
халқын зерттеу үшін олардың жиі қоныстанған мекенін алдын ала зерттеу
қажет. Сонда ғана анық түйін жасалынады. Құбылысқа кері әсерін тигізетін
себептер көп. Олар — ішкі, сыртқы, тиісті, қажетті және кездейсоқ себептер.
Осыған байланысты статистикалық заңдылық қорыту дәрежесі мен
тұрақтылығы жағынан әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, статистикалық
заңдылық қатынасатын құбылыстың шеңбері және уақыты шекті болады. Жалақы
мөлшерінің өзгеруі кәсіпорын немесе аудан көлемінде көп уақытқа созылмайды.
Құбылыс орны және уақыты кеңейген сайын — ауданға, облысқа, аумаққа,
бірнеше елге тараған сайын, оның тұрақтылығы өседі. Қоғамдық құбылыстың бір
өзгешелігі табиғи өзгеріске қарағанда тұрақсыздау болып келеді.

2 Статистикалық жиынтық

Белгілі жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің бірлігін
статистикалық жиынтық дейді.
Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистикалық
заңдылық тұрғысынан тұжырым жасауға болмайды.
Халықтың бірлігіне — адам тұрғыдан, өнеркәсіптің бірлігіне —
кәсіпорын, ауыл шаруашылығының бірлігіне фирма, жеке шаруашылық иесі
жатады. Адамның, кәсіпорынның, жеке шаруаның жалпы бірлігі статистикалық
жиынтықты құрайды. Статистикалық зерттеу мүддесінде жиынтық бірлігін
(немесе бірнешеуін) тексеріп, статистикалық заңдылық жайында түйін жасауға
болмайды. Мысалы, бір топтың шәкірттерінің сабақ үлгерімін тексеріп, барлық
топтың немесе мектептің, немесе институттың үлгерімі жөнінде тұжырым
жасауға болмайды. Өйткені бір топ бірыңғай жақсы оқитындар немесе нашар
оқитындар болуы мүмкін. Зерттеу кезінде жасалған тұжырым ақиқат болуы үшін
жиынтықтың едәуірін кездейсоқ әдіспен іріктеу керек.

3 Нышан және топтастыру

Бірліктерінің барлығына тән жалпы нышанды немесе бірліктердің
кейбіреуіне ғана тән ерекше нышанды бірліктерден құрылатын статистикалық
жиынтық болады. Мысалы, кәсіпорын меншіктің, өндіретін өнімнің түрі,
еңбеккерлердің саны, негізгі қордың шамасы, әрекет әдісінің тиімділігі және
сол сияқты нышанмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура органдары қызметі жайында
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы
Прокуратура қызметінің құқықтық негіздері
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Пәндер