Кен қабатының стратиграфиясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
1 Кен орнының геологиясы 2
1.1 Кен қабатының стратиграфиясы 2
1.2 Кен орналасқан тау- жыныстарының метоло - петрографиялық сипаттамасы
4
1.3 Тектоникалық құрылымы 4
1.4 Кеннің минералдық құрылымы 5
1.5 Кенорынның гидрогеологиялық мінездемесі 6
2 Қазу әдісін таңдау 7
3 кеніштің басты шама шарттарын анықтау 8
3.1 Кеніштің есептік қоры 8
3.2 Кеніштің жылдық өнімділігі 9
3.3 Кеніштік қызмет ету мерзім 10
3.4 Оңтайлы шахты алабының ұзындығын табу 10
4 тиімді ашу және даярлау тәсілдерін таңдау 11
5 Қазбаларды ұңғымалау 20
5.1 Оқпан пішінін таңдау 20
5.2 Бекітпеге түсетін тау қысымын анықтау 21
5.3 Бетон бекітпесін есептеу 22
5.4 Оқпанды жүргізу технологиясын таңдау 22
5.5 Жұмысты ұйымдастыру 23
5.6 Ұңғылау көтергі қондырғысын таңдау 23
5.7 Арқан түрлерін таңдау 24
5.8 Цикл ұзақтығын есептеу 25
6 Қазу жүйесі 27
6.1 Тиімді кен қазу жүйесiн таңдау 27
6.2 Қазу жүйесінің жүргізілетін үдірістері мен тасмалдау кешендерін
есептеу 34
6.3 кенді тиеп жеткізу. 36
6.3 Төбені қарнақылармен бекіту 37
6.4 Техника үнемдемелік көрсеткіштер 37
6.5 Кеннің жүйелік өз құнын анықтау 39
7 Арнайы бөлім 42
7.1 Жұмыс орнындағы кеніш ауасын жақсарту аспектілері 42
8 Кеніш көлігі және оқпан албары 46
8.1 Көлік түрін таңдау 46
8.2 Жылжымалы құрамның массасын анықтау 47
8.3 Тарту күшін және жылдамдықты анықтау 48
8.2 Оқпан албары 54
8.3 Көліктің экономикалық көрсеткіштері 55
9 Стационарлық қондырғылар 58
9.1 Көтерім қондырғылары 58
9.2 Көтерім машиналарын таңдау 60
9.3 Сутөкпе қондырғысының есебі 61
10 Кенішті электрмен жабдықтау 63
11 Кеніш аэрологиясы 75
11.1 Тазалап қазу жұмыстарының керекті ауа мөлшерін есептеу 75
11.2 Колориффер қондырғының есептелуі 78
11.3 Техника -экономикалық көрсеткіштер 79
12 Табиғатты қорғау және еңбекті қорғау 80
12.1 Су ортасын қорғау 81
12.2 Жер ресурстарын қорғау 81
12.3 Жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау 81
12.4 Ауаны қорғау 81
12.5 Қауіпті және зиянды факторларды таңдау 82
12.6 Ұйымдастыру шаралары 83
12.7 Аттыру жұмыстарының жалпы қауіпсіздік ережелері 83
12.8 Жерасты жарылғыш заттар қоймасын орналастыру орны және пайдаланудағы
қауіпсіздік шаралар 84
12.9 Санитарлық денсаулық шаралары 85
12.10 Шумен күрес жолдары 86
12.11 Шаңға қарсы күрес жолдары 87
12.6 Жарықтандыру 87
12.7 Өртке қарсы шаралар 88
12.8 Су шығынын есептеу 89
12.9 Күнделікті тұрмыс қызметі 89
12.10 Апатты жою шаралар жоспары 90
12.11 Тау-кен апаттарынан құтқару қызметі 90
13 Өндіріс алаңы және жер бетінің жоспары 93
14 Экономика және өндірісті ұйымдастыру 94
14.1 Кеніштің жұмыс істеу режимі 94
14.2 Кенішті басқару және ұйымдастыру 94
ҚОРЫТЫНДЫ 102
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 103

1 Кен орнының геологиясы

Кен орны Қ.И.Сәтбаев болдауы бойынша гидротермалды генезисті,
құмтасты алевролитті жыныстардың кешеніне орналасқан және мысты құмтастарға
жатады. Жезқазған кендігінің қатқабаты екі свитаға бөлінеді: төменгі және
жоғарғы.

1.1 Кен қабатының стратиграфиясы

Орталық Жезқазғандағы Жезқазған кен қабаты жыныстарын 36 металды
қабаттарға бөлген. Қазіргі уақытта Жезқазғанда 44 қабат бөлінген, олар 9
кенділік деңгейжиекке топтастырылған. Тасқұдық свитасында үш кенділік
деңгейжиек құратын 16 қызыл және сұр құмтастармен алевролиттердің
қабаттарымен ерекшелінеді.
Свитаның жалпы қалыңдығы (257) №1 (Тасқұдықты) кенділік горизонты 4
қабатты (Т-1; Т-3; Т-5; Т-7) біріктіреді, олар ұсақ сұр және политүйіршікті
полилитті құмтастармен олардың 4 қабаты (Т-2;Т-4;Т-6;Т-8) қызыл
политүйіршікті құмтастар сирек емес қызыл алевролиттермен араласқан түрде
көрсетілген.
Орталық Жезқазғанның солтүстік бөлігінде (Т-7 қабаты) бытыраңқы кен
шоғырлары түрінде шамалы мыс және қорғасын кенденуі анықталған №2
кенділік деңгейжиек 3 қабат (Т-9; Т-11; Т-13) сұр құмтастарды және 3
қабат (Т-10;Т-12; Т-14) қызыл ұсақ түйіршікті алевролиттермен құмтастардың
қатшаларынан тұрады. Қызыл түсті тау жыныстарының қатарының ішінен
қалыңдығы 18м Т-14 тау жыныстарының қабаты, ол шығысында жалғасқан кен
горизонтының ерекше төзімділігі бар қатпарлы әктастардан тұрады.
№3 (Покровский) кенділік деңгейжиегіне қалыңдығы 25-30м Т-15
қабаттағы сұр орта ұсақ түйіршікті кварцты – далашпатты құмтастар және
қалыңдығы 12м қызыл алевролитті Т-16 қабаты кіреді. Т-16 қабатын Тасқұдық
свитасының қимасы аяқтайды, сұр түсті тау жыныстарының Т-15 қабаты
кенорнындағы шығыс және орталық бөліктердегі басты себептермен
жергіліктендірілген мыс қорғасынды кендердің үш жер бетінен шықпаған кен
орнынан тұрады.

1.2 Жезқазған свитасы – С2-3 dg
Қалыңдығы 385м 6 кенділік деңгейжиегін біріктірген қызылтүсті
(құмтастар, алевролиттер және конгломераттар) және сұр түсті 27 бөлек орны
ауыстырылған тау жыныстарынан тұрады.
№4 (төменгі Раймунд) кенділік горизонты 2 қабаттан тұрады, олардың
біреуі (Д-1) сұр түспен, ал екіншісі (Д-2) қызыл түсті тау жыныстарынан
тұрады. Д-1 қабаты орта және ірітүйіршікті полилитті құмтастармен
қалыптасқан. Мысты және қорғасынды кенденуі тігінен екі кен шоғырымен
ерекшелінеді.
Орталық Жезқазған раймунд түріндегі конгломераттар сұр түсті тау
жыныстарының Т-13 тен Д-13 ке дейінгі қабаттарының құрамына кіреді,
тиісінше олар Жезқазғанның бес кенділік горизонттарынан (№2 ден №6 дейін)
тұратын тау жыныстарының стратиграфиялық көлеміне сәйкес №5 (орта Раймунд)
кенділік горизонты қызыл-түсті алевролиттер мен құмтастардың үш
қабатынан (Д-4; Д-6; Д-8;), сонымен қатар раймунд конгломераттарынан
қатшалы құмтастарының үш қабатынан (Д-3; Д-5;Д-7) тұрады. Кенорынның
жоспарында кенділік горизонтының кен шоғыры көбіне орталық және оңтүстік
структураларында орналасқан. №6 (жоғарғы раймунд) кенділік горизонты
алты бөлек қабаттарды біріктіреді, олардың ішінен үшеуі (Д-10; Д-12; Д-14)
ұсақ түйіршікті қызыл құмтасты қатшаларының қызыл алевролиттерінен және
раймонд конгломераттарының (Д-9;Д-11;Д-13) линзаларынан тұратын үш орта
және ұсақ түйіршікті сұр құмтастардан құралған. Сұр құмтастардың қабаттары
да бір кен шоғырында мыс, ал бөлек бөлекшелерде полиметалды кендерден
тұрады. №7 кенділік (Кресті) горизонты алты бірдей қабаттарды біріктіреді.
Олардың үшеуі қызыл алевролитті және қызыл құмтастардан тұратын (Д-16; Д-
18; Д-20 қабаттары), ал басқа үшеуі орта және ұсақ түйіршікті әктасты
құмтастардан тұрады. Орталық Жезқазғанның бөлікшелері кенділік және
олардың әр қайсысында бір кен ұштастырылған. Кен құрамында мыс, тек басқа
кен шоғырларының бөлек бөлікшелері полиметалды құрамынан тұрады.
№8 (Акчи) кенділік массасы екі қабатты (Д-22; Д-24) қызыл
алевролитті және екі (Д-21; Д-23) сұр ұсақ түйіршікті әктасты кенділік
құмтастарды құрайды. Осы қабаттарда 8-1, 8-2 кен шоғырлары бар, олардың
негізгі құрамы мыс, №9 (Аненский) кенділік горизонт қызыл алевролитті
қатшалармен орналасқан, қызыл құмтастардың бір қабатын (Д-26) және
кенденуі мыс болатын сұр ұсақ түйіршікті полимикті құмтастардың екі
қабатын (Д-25; Д-27) біріктіреді. Орташа қалыңдығы 11м болатын Д-25
қабаты бір кен шоғырынан (9-1), ал құм тастарымен байланысқан қалыңдығы 42м
болатын қабат тігінен қара үш кен қорынан тұрады. 60м өту горизонтының
қалыңдығы 2-3м қызғылт сұр құмтастармен, сұр қатпарларыдың құмтастарынан
және қызыл алевролиттерден тұрады. Онда спасск блогының алаңында мыстың,
қорғасынның және мырыштың өнеркәсіптік мөлшерінің аса үлкен емес
кенденулері жиі кездеседі. Осы горизонтпен Жезқазған кенділік қатқабаты
бітеді және Тасқұдық, Жезқазған свиталары көрсетілген күйінде Тасқұдық-
Покро және Кресті күмбездерінің құрылымдары үшін сақталады.
Жезқазған кенді қабатының тау жыныстарының қасиеттері мынадай
сипатқа ие:
1. Кендер тек күкіртті тотықты тау жыныстарында болады, олар далашпатты
құмтастар, конгломераттар, кейде алевролиттер.
2. Кендік сұр құмтастарға орталық Жезқазған щегіндегі паралель
қабаттастығы айқын, оларда өсімдік қалдықтардың толығымен болмауы
тиіс.
3. Т-13; Т-15; Д-3; Д-5; Д-7; Д-9; рудалы қабаттардың құрамына, құмтастар
кейде ірі түйіршіктері молынан қосылған малтастар, әктастар,
порфирлер, кварциттер, кіреді. Д-1 қабатты раймунд клнгломераттары мен
барлық Жезқазғанның кенділік қатқабатын екі свитаға бөлінетін қабаты
ретінде қабылданған: Төменгі Тасқұдық және жоғарғы Жезқазған
свиталары.
4. Қызыл аргелиттердегі және алевролиттердегі жиі темір гидрототықтары
сорғытылмаған.

1.2 Кен орналасқан тау- жыныстарының метоло - петрографиялық сипаттамасы

Шөгінді кешенінде кенділік қабатындағы тау-жыныстарының әр түрлі
литологиялық түрлері қатысады. Қызыл алевролиттердің тұтас және тегіс емес
айрылымдары болады. Жасыл алевролиттер кен сиымдылық қат қабатындағы тау-
жыныстарының арасында салыстырмалы сирек кездеседі. Қызыл құмтастардың
минералогиялық құрамы әр түрлі. Ұсақ және орта түйіршікті құмтастарда дала
шпаттары және кварц басым болады. Ауыр минералдар (циркон, турмалин,
корунд, гранит). Сұр құмтастар тығыз ұсақ және орта түйіршікті тау-
жыныстарынан тұрады. Сұр құмтастар мен мысты қорғасынның кенденуі
байланысқан. Сұр түсті конгломераттар және жасыл сұр құмтастар кейде шамалы
жасыл және алевролиттердің қосылуынан тұрады.

1.3 Тектоникалық құрылымы

Жезқазған кенділік қат қабаты Ұлытау белдеуінің ендік созылымы
бойынша жатыр, тас қыртысты жеңілі құрылымдар мен меридианды қыртыстардың
тоғысу бөліктерінде орналасқан.
Ауданның қыртысты құрылымында үш қабатқа бөлінеді: төменгі полеозой,
орта герцен және жоғарғы альпей. Төменгі полеозой жыныстар үшін күртқұлама
сипатына көлбеу қабаттарының (600-700) пластина ішіндегі қатпарлары
жатады.
Орташа құрылымдық қабат. Оның құрылымына девон, тас көмір және пермь
жүйелерінің тау жыныстары қатысады. Аса маңыздысы шой тасты қатпарлар
болады. Полеозой түзілімдерінің жоғарғы құрылымдық қабаты, грушин
құрылымдық қабатында көбінесе жоғары жатады.
Кен орнының ауданында төрт аймақтық тереңдіктегі опырылыстар анықталған
олар: теректі, теректі опырылысының Жезқазған және Жыланды табанындағы
мыс кен орындарына ұштастырылған.
Жезқазған кен алаңы Кеңгір, Жанай және Жыланды тракантиклиналды
құрылымдарының желпуіш тәріздес тұспалданған және буындасу аймағында
орналасқан. Орталық Жезқазғанның алаңы кеңгір антиклиналінің оңтүстік –
батыс бөлігінің және жанай антиклиналдарының жайпақ батыру жеріне
ұштастырылған, олар екінші реттегі қыртысты құрылымдармен
шиеленістірілген. Мұнда туынды күмбез тәріздес қыртыстар және олардың
арасында синклинді иіліс, сонымен қатар көптеген қыртыстардың
қанаттарынан көрінетін флексуралық иілістер жақсы дамыған. Кен алаңының
барлық құрылымдық элементердің ерекшелігі болып, олардың солтүстік- шығыс
бағытының біркелкілігі болады.
Жезқазған ауданындағы айырмашылық бұзылыстар меридианды және ендікті
бағытта болады.

1.4 Кеннің минералдық құрылымы

Жезқазған басты байлығы мыс. Ол кеңінен тараған халькопирит, борнит,
халькозин, сульфидтер түрінде болады. Аз түйіршіктілікпен темірлілік
кендердің құрамының ерекшелігі болып табылады. Қорғасынды және мырышты
кенденулер үлкен мағына береді. Кен орнында алғашқы минералдардың
кезекті екі фазасы бөлінген.
Баланстан тыс кен баланстық кендердің жалпы морфологиялық сипатын
анықтай отыра соңғыларына қарағанда әр түрлі кеңістікті жағдайда болады.
Кен орнында алғашқы минералдардың кезекті екі фазасы бөлінген.
Минералданудың бірінші фазасына:
- сұр полмикті тақталардың қиыршықтастарының топырақты – карбонатты
цементпен ұштастыруы;
- цемент және қиыршықтар кен қоспаларының ауыстырылуы нәтижесінде
болатын әртүрлі және анықталмаған кен денелерінің көрінісі.
Минералданудың бірінші фазасында шөккен кен минералдарын құрайтын
миннералдарға пирит, марказит, арсенопирит, халькопирит, борнит,
халькозин, сфалерит сияқтылар жатады.
Екінші фазаның маңызды ерекшелігі болып желі тәрізді минералдардың
молдығына кварц, барит, кальцит, арагонит және сидерит жатады.
Туынды байыту аймағының құрамына келесі минералдар кіреді: малахит,
азурит, олар темір және гипстік су тотығымен ассоцияланады. Көбінесе мыс
минералдар мен байланысты өнеркәсіптік мыс, мырыш, қорғасын, рений, күміс.
Олар мыс құрамында және бірнеше жекеленген түрде орналасады. Жетекші
элементтердің ішінде ең көп тарағаны күміс және мышьяк, никель, алтын,
кобальттер кездеседі.

1.5 Кенорынның гидрогеологиялық мінездемесі

Тау жыныстарының су сиымдылық қасиеті, өнімді свиталардың орналасу
тереңдігі және жарықшақтық өнімділігі арқылы анықтайды. Желдету
жарықшақтары 70-60 м тереңдікке дейін бақыланады. Едәуір үлкен
тереңдіктегі жарықшақтық флексуралардың және бұзылыстардың айырылым
белдемдерінде таралады. Кен алабындағы айырылым бұзылыстар, флексуралық
соғылыстар және үлкен жарықшақтардың бар болуы, сулы қатпарларды ортақ
гидравликалық байланысқан сулы кешенге жатқызуға болады.
Өнімді свиталардың түзілімдерінің жер асты су көздері бос
деңгеймен сипатталады. Аса маңыздысы тектоникалық бұзылыстар мен
ұңғымалардың қиылысқан жерлерінде байқалады. Эксплуатациялық жағдайлармен
бұзылмаған деңгейлердің абсолюттік белгілері 380-405м шамасында болады.
Ұңғымаларда деңгейлер 8-24 м тереңдікте анықталады. Кен орнына қосылып
жатқан тау жынысының литологиялық айырымының арқасында, қызыл түсті
аргелиттер мен алевролиттер аса аз сулығымен сипатталады. Олардың
арқасында көп тарағаны құрамында су мөлшері жоқ ойпатты көріністі
жарықшақтар.
Аса көп су молдылығымен кварцты-далашпатты құмтастар сипатталады.
Қызыл түсті құмтастарға қарағанда тау жыныстары су молдылығымен және
елеулі жарықшақтарға ие.
Қазіргі уақытта кен орынның орталық кен алаңында, кеніштің ұзақ су
төкпе нәтижесінде , аудандық дипрессиялық ойыңқы жасалған.
Орталық кен алаңының қазымдау тереңдігі өскен сайын және тау кен
қазбаларының тереңдігі 450-500м жететін жаңа бөлшкетерді пайдалғандықтан,
су төкпенің қарқындылығымен басқа жасанды факторлардың активті әсер ету
нәтижесінде бұрыңғы гидрогеологиялық жағдайлар айтарлықтай бұзылады.
Жезқазған кен орынның шахталарының су төкпесінің жалпы көлемі 835
м3сағ. (238 лс) болады. Осы көлемнен бағдарлық есеп бойынша, табиғи
қордың мөлшері 216м3сағ. (60лс), инфильтрация 191 м3сағ.(53 лс),
депрессиялық ойыңқының контуры бойынша ағып келуі -144м3сағ. (40лс),
техникалық су 83 м3 сағ. (123лс.) қайталама инфильтрация -202 м3сағ.
Кен орны аймағында жер асты сулар кен таралғанда. Олардың арасында
жарықшақты, жарықшы –күймелі және кезекті болады. Сонымен қатар кен
орнында жарықша түрлі сулар тараған. Жалпы орталық кен алаңында тау-кен
қазбаларында судың көбеюі 1942 жылдан бастап терең қазбаларының
көбейуіне байланысты көбейіп отыр. Өткен жылдардағы судың молдануы және
гидрогеологиялық зерттеулер қазіргі кездегі кеніштің шахты алаңының судың
көбеюі 1200 м3сағ. екенін көрсетеді.
Орталық кен алаңының қазымдау тереңдігі өскен сайын тау кен
қазбаларының тереңдігі 450-500м жететін жаңа бөлекшелерді
пайдаланғандықтан, сутөкпе қарқындылықтан басқа жасанды факторлардың
активті әсер ету нәтижесінде бұрынғы гидрогеологиялық жағдай бұзылды.
Әртүрлі жасанды шараларды құру факторларының әсерінен деңгейлердің
тербелуі секірмелі түрге ие болады.

2 Қазу әдісін таңдау

Кен орнының геологиялық және кен техникалық жағдайларын ескеріп,
сондай-ақ кен сілемінің едәуір тереңдікте жатқаның ескеріп кенді қазудың
әдісін таңдаймыз. Ол үшін ашық тау-кен жұмыстарының оқтайлы тереңдігін
профессор Б.П. Городецкий формуласымен анықтаймыз:
,
(2.1)
мұнда m=12 кен сілемінің орташа қуаты;
, ашық кеніш жағдайларының, яғни төнбе және жатпа
бүйірлерінің бұрышы;
Кш – аршудың шектік коэффициент

(2.2)
мұнда Сж - жерасты тәсілімен қазылған 1м3 кеннің өзіндік құны;
Са - ашық тәсілмен қазылған 1м3 кеннің өзіндік құны;
Сар- 1м3 аршу жұмысының өзіндік құны.

Өндірісте карьер тереңдігі 36м болып анықталды. Жоба бойынша кеніш
тереңдігі 490м болғандықтан біз кенішті жерасты әдіспен қазамыз.

3 кеніштің басты шама шарттарын анықтау

3.1 Кеніштің есептік қоры

Есептік қор кеніш қуатын айқындайтын басты кен – геологиялық фактор
болып саналады. Кен сілемінің жазық ауданы кен жұмыстары шебіне, оны
шоғырландыру тікелей ықпал етсе, онда қазу тереңдігі кен көтерме тәсілін
таңдауда және оны механикаландыруда басты рөл атқарады. Кеніштік есептік
қорды анықтаудың екі әдісі бар, олар: тік қималық және аналитикалық. Оның
ішінде ең көп тараған қималық әдіс.
Қорды тік қималар әдісімен есептейміз. Кен сілемін әрбір 300м сайын
бөлек блоктарға бөлеміз. (1 сурет).
Әр блоктың ауданын келесі формуламен анықтаймыз.
(3.1)
Қималар жазықтығымен шектелген әрбір блоктың көлемін мына формуламен
анықтаймыз.
; (3.2)
мұнда - қималардағы кен сілемдерінің аудандары,м2;
l – қималардың арақашықтығы,м;

Осы анықталған көрсеткіштерді 1-ші кестеге тіземіз.

Кесте - 3.1. Кеніштің есептік қоры
Қималар Қима ауданы, Қималар Кен көлемі,м3 Кен қоры,т
№ м2 арақашықтығы,V Q
S м L
1-1 7800 300 2340000 6084000
2-2 10800 300 3240000 8424000
3-3 10800 300 3240000 8424000
4-4 10200 300 3060000 7956000
5-5 6240 300 1872000 4867200
6-6 13500 300 4050000 10530000
7-7 8280 300 2484000 6458400
Барлығы 20286000 52743600

Осы есептік қорды анықтау қорытындысында, жобаланып отырған кен
орнының қоры Qе=52743600т.
Есептік қорды қолдана отырып өндірістің түсім қорын анықтаймыз.
(3.3)
мұнда Qе- өндірістің есептік қоры,т;
Кт- түсім коэффициенті ол жоба бойынша 0,85-ке тең;
p- құнарсыздық коэффициенті.ρ=0,08.

Кеніштің түсім қоры Qт =48730550 т тең.

3.2 Кеніштің жылдық өнімділігі

Кеніштің жылдық қуаты шахтының басты шама-шарттарының бірі, шахтының
жылдық өнімділігін анықтаудың екі түрі бар. Бірі тау-кен ерекшеліктеріне
байланысты өнімділік, екіншісі неғұрлым экономикалық тиімді болатын жылдық
өнімділік.
Кеніштің тау-кен мүмкіншілігіне байланысты шахтының жылына беретін
жоғарғы көрсетіші. Жобалау жұмысында кеніш қуатын тау-кен мүміншілігіне
байланысты анықтаймыз.
Тазартпалап қазу жұмысының шебі, яғни жылдық жылжуына байланысты
анықталады.
(3.4)

мұндатазартпалап кен алудың жылдық орташа жылдық жылжуы, мжыл;
В – барлық атзартпалап қазудың жұмыс шебінің ені, м;В=110м
- кеннің тығыздығы, тм3;
Кт – түсім коэффициенті;
m- кен алабының нақты қалыңдығы 12 м;
V аус -тазартпалап кен алудың бір ауысымда жылжуы V аус= 0,15маус;

тжыл

3.3 Кеніштік қызмет ету мерзім

Кеніштің қызмет мерзімі шахтының жылдық өнімділігі оның тиімді қызмет
мерзіміне сай түзеледі. Ол келесі жолмен анықталады

(3.5)
мұнда tд- кеніштің даму мерзімі, жыл;
tө- кеніштің өшу мерзімі, жыл.

Кеніштің жылдық өнімділігіне қарай кен қазып алудың қолайлы қызмет
мерзімі де тексеріледі. ТфТо шарты орындалуы керек.

3.4 Оңтайлы шахты алабының ұзындығын табу

Кеніш алабының ұзындығына төмендегі геологиялық айғақтар әсер етеді:
кеніштің созылым ұзындығы,жату тереңдігі,кеніштің қуаты, құлау бұрышы, кен
мен тау жыныстарының төзімділігі, қуаттылығы, беріктігі, кенорнының қоры,
кен техникалық әсер ететін факторлар,кен алабының ашу тәсілі, кен алабын
даярлау тәсілі, жылдық қуаты мен қызмет мерзімі
Оңтайлы кеніш алабының ұзындығын табу үшін 1 м кенге шыққан күрделі
қаржы мен тұтынымдық шығынының ең төменгі мөлшерін табу керек. Кеніш
алабының қолайлы, оңтайлы ұзындығы нұсқалық әдіспен ізделінеді .

, (3.6)

мұнда: - м бас оқпанның тереңдігі;
- м желдетпе оқпанның тереңдігі;
nж - желдетпе оқпан саны;
- бас оқпанның 1 м өту құны;
– желдетпе оқпанның 1 м өту құны;
– кеніштің құлама бағытындағы биіктігі;
- кеніштік қуаты;
- кеннің тығыздығы. тм3;
- түсім коэффициенті
- оқпан албарын өту құны;
- қылуеттің ұзындығы.
Кеніштің оңтайлы ұзыңдығын кенішіті ашудың тиімді нұсқасын анықтап
алғаннан кейін есептелінеді.

4 тиімді ашу және даярлау тәсілдерін таңдау

Тиімді ашу тәсілін таңдау жұмыстарын нұсқалық әдіспен орындайды. Бұл
жұмыс екі кезеңге бөлінеді.
I- КЕЗЕҢ
Бірінші кезеңде кеннің геологиялық жағдайын ескере отырып, ықтимал
болады-ау деген бес–алты нұсқаларды қарастырамыз және осылардың әрқайсысына
қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, нұсқа бойынша баға беріп, жарамды
деген бәсекелес екі-үш ашу тәсілі қолданылады. Салыстыруға, таңдауға
арналған нұсқалардың суреттерін оңтайлы масштабпен салып алған жөн.
Екшеленіп алынған осынау екі-үш ашу нұсқаларды есеп-қисапсыз сараптап дәл
анықтау мүмкін емес. Сондықтан ашу тәсілін таңдаудың екінші кезеңіне көшіп,
әлгі екі-үш нұсқаларды техника-экономикалық салыстырудан өткізіп тиімді
тәсілін анықтаймыз.
Қолдануға мүмкін ашу тәсілдерінің нұсқалары:
І.Сырғу алабынан тысқары түскен бас және екі көмекші оқпанмен,
қапталынан екі желдетіс оқпандары мен ашу тәсілі.
ІІ. Кен сілемін тысқары орналасқан бас оқпаны және қапталдан түскен
желдетіс оқпандары бар ашу тәсілі.
ІІІ. Сырғу алабынан тысқары бас оқпанмен, қапталдан түскен екі
желдетіс оқпандар, қылуеттер мен күрделі өрлемелермен ашу.
IV.Кен сілемі қапталдан бір тік көмекші, желдетіс және негізгі бас
оқпанмен ашу.
V. Кен сілемі көлбеу оқпанмен және қапталынан желдетіс, тік көмекші
оқпандармен ашу.
Артықшылығы:
І Ашу жұмыстарының қарапайымдылығы, жазық жатқан кенішті ашу жолының
ыңғайлығы;
ІІ Ашу қазбалары тұтас бос тау жыныстарымен жүргізілуі бұл бізге
кенді мүмкіншілігімішсе толық алуға ықпал етеді;
V Көлбеу оқпанмен ашудың артықшылығы кенді қазу үдірістерді
автоматтандыруға болады.
Кемшіліктері:
ІІ Кенге дейінгі өтілетін қазбалардың күрделілігі ;
V Ашудың ұзақтығы және техника-экономикалық тұрғыдан тиімсізкөлбеу
оқпанды өтудің күрделілігі, күтіп ұстаудың қымбаттығы.
Осы 5 нұсқаны сараптамадан өткізіп ішінен болады ау деген І, II
және III нұсқаларды біз жобаланып отырған кеніштің талаптарына сай деп
алдық.
Келесі кезеңде сұрыптап алынған нұсқаларды техника-үнемдемелік
салыстыруға саламыз.

II- КЕЗЕҢ
ТЭК бәсекелес I- нұсқаның іріленген көрсеткіштерін графикалық тсәлмен
анықтау (2-сурет).
I.Күрделі қаржы
1. Бас оқпанды өту қаржысы
,
(4.1)

2. Көмекші оқпанды өту қаржысы

(4.2)

3. Желдетпе оқпанды өту қаржысы
,
(4.3)

4. Жазық қазбаларды өту қаржысы
,
(4.4)

5.Күрделі өрлемелерді өту құны
,
(4.5)

6. Оқпан абарын өту қаржысы
,
(4.6)

5. Жер бетіндегі ғимараттарды салу
,
(4.7)

6. Жалпы күрделі қаржы жиынтығы
, (4.8)

7. 1т түсім қорына шаққанда

(4.9)

8. Меншікті күрделі қаржы

(4.10)

II.Тұтынымдық шығындар
1.Бас оқпанды күтіп ұстау шығыны
, (4.11)

2. Көмекші оқпанды күтіп ұстау шығыны
, (4.12)

3. Желдеткіш оқпанды күтіп ұстау шығыны
,
(4.13)

3. Жазық қазбаларды күтіп ұстау шығыны
,
(4.14)

4. Жазық қазбалармен кен тасмалдау шығыны
,
(4.15)

5. Кенді жоғары көтеріп төгу шығыны
, (4.16)

6. Кеніш суын жер бетіне тарту шығыны
,
(4.17)

7. Жерүсті ғимараттарын күтіп ұстау шығыны
,
(4.18)

8. Тұтынымдық шығындар жиынтығы
, (4.19)

9. 1т түсім қорына шаққанда
,
(4.20)

10. Ашу бойынша өзіндік құны
,
(4.21)

11. Келтірілген шығыс
,
(4.22)

ТЭК бәсекелес IІ- нұсқаның іріленген көрсеткіштерін графикалық
тәсілмен анықтау (3-сурет).
I.Күрделі қаржы
1. Бас оқпанды өту қаржысы
,

2. Көмекші оқпанды өту қаржысы

3. Желдетпе оқпанды өту қаржысы
,

4. Жазық қазбаларды өту қаржысы
,

5.Күрделі өрлемелерді өту құны
,

6. Оқпан абарын өту қаржысы
,

7. Жер бетіндегі ғимараттарды салу
,

8. Жалпы күрделі қаржы жиынтығы
,

9. 1т түсім қорына шаққанда

10. Меншікті күрделі қаржы

11.Тұтынымдық шығындар
1.Бас оқпанды күтіп ұстау шығыны
,
2. Көмекші оқпанды күтіп ұстау шығыны
,
3. Желдеткіш оқпанды күтіп ұстау шығыны
,

4. Жазық қазбаларды күтіп ұстау шығыны
,

5. Жазық қазбалармен кен тасмалдау шығыны
,

6. Кенді жоғары көтеріп төгу шығыны
,

7. Кеніш суын жер бетіне тарту шығыны
,

8. Жерүсті ғимараттарын күтіп ұстау шығыны
,

9. Тұтынымдық шығындар жиынтығы
,

10. 1т түсім қорына шаққанда
,

11. Ашу бойынша өзіндік құны
,

12. Келтірілген шығыс
,

ТЭК бәсекелес IІІ- нұсқаның іріленген көрсеткіштерін графикалық
тәсілмен анықтау (4-сурет).
I.Күрделі қаржы
1. Бас оқпанды өту қаржысы
,

2. Көмекші оқпанды өту қаржысы

3. Желдетпе оқпанды өту қаржысы
,

4. Жазық қазбаларды өту қаржысы
,

5.Күрделі өрлемелерді өту құны
,

6. Оқпан абарын өту қаржысы
,

7. Жер бетіндегі ғимараттарды салу
,

8. Жалпы күрделі қаржы жиынтығы
,

9. 1т түсім қорына шаққанда

8. Меншікті күрделі қаржы

II.Тұтынымдық шығындар
1.Бас оқпанды күтіп ұстау шығыны
,

2. Көмекші оқпанды күтіп ұстау шығыны
,
3. Желдеткіш оқпанды күтіп ұстау шығыны
,

4. Жазық қазбаларды күтіп ұстау шығыны
,

5. Жазық қазбалармен кен тасмалдау шығыны
,

6. Кенді жоғары көтеріп төгу шығыны
,

7. Кеніш суын жер бетіне тарту шығыны
,

8. Жерүсті ғимараттарын күтіп ұстау шығыны
,

9. Тұтынымдық шығындар жиынтығы
,

10. 1т түсім қорына шаққанда
,

11. Ашу бойынша өзіндік құны
,

11. Келтірілген шығыс
,

Осы есептеген шығындарды 4.1-кестеге жинаймыз.
Кесте - 4.1. Бәсекелес ашу тәсілдерінің ТЭК-тері
Қаржы шығындары Пайдаланылған Нұсқалар
формула
І ІІ ІІІ
І Күрделі қаржы
Бас тік оқпанды өту 85 85 85
Көмекші оқпанды 170 85 170
өту қаржысы
Желдетпе оқпанды өту 107 107 107
Жазық қазбаларды өту 49 49 49
Күрделі өрлемелерді , 18 21 21
өту құны

Оқпан албарын өту 2 2 2
Жер бетіндегі 15 15 15
ғимарат- тарды салу
Күрделі қаржы 446 364 440
жиынтығы
1т түсім қорына , 9 7 8
шаққанда
Меншікті күрделі 223 179 136
қаржы
ІІ Тұтынымдық
шығындар
Бас оқпанды күтіп 15 15 15
ұстау
Көмекші оқпанды 31 15 31
күтіп ұстау
Желдетпе оқпанды 23 23 23
күтіп ұстау
Жазық қазбаларды 35 35 35
күтіп ұстау
Жазық қазбалармен 33,9 33,9 33,9
кен тасмалдау
Кенді көтеріп төгу 51 51 51
шығыны
Кеніш суын жербетіне 2 2 2
көтеру
Жерүсті ғимараттарын 11 11 11
күтіп ұстау
Тұтынымдық шығындар 200 185 201
жиынтығы
1 т кеннің өзіндік 4 3,85 4
құны
1т түсім қорына , 13,4 10,8 12
шаққанда
Келтірілген шығын 46 36 44

Тиімді ашу тәсілі анықталғаннан соң біз енді кеніштің оңтайлы созылым
ұзындығын есептейміз.

мұнда Д=9,2+3,23·2=15млн.тг;
F=0,06+0,045·2=0,15млн.тг.
Кеніштің оңтайлы ұзындығы 2050м деп қабылдаймыз.
Қорыта келгенде бәсекелес нұсқалардың келтірілген шығыстарын
салыстырамыз. Ең аз шығысты тиімді деп шешуіміз қажет. Бірақ жобаланып
отырған кенішті 3 оқпанмен ашу тиімдірек деп біз ІІІ-нұсқаны сырғу
алабынан тысқары бас оқпанмен, қапталдан түскен екі желдетіс оқпандар,
қылуеттер мен күрделі өрлемелермен ашу тиімді деп алдық.

Бас ашу қазбасы түсетін жерін анықтау
Бас ашу қазбасы түсетін жер, ашу тәсілдерін таңдау кезінде жобаланып
алынып қояды. Бас ашу қазбасы түсетін орнын анықтар алдында ескерілетін
талаптар: тау жыныстарының геологиялық құрылымы; жер бетінің бедері; жол
қатынасын салу мүмкіншілігі; шахты үсті ғимараттар мен басқа да
өнеркәсіптік құрылыстар салу; кен жинайтын қоймалар мен бос тау жынысын
төгетін алаңдар т.б.
Бас оқпанды түсетін орынды анықтауда ең бірінші ескеріліп, көңіл
аударатын фактор қажетсіз шығысты азайту. Кеніш алабының оң және сол
қанатынан тасылып жеткізілетін кенге жұмсалатын қаражат бірдей аспайтын
қашықтықта орналасуы шарт.
Жерасты көлігі жұмысының ең аз мөлшерін қамтамасыз ететін негізгі ашу
қазбасының түсетін орнын анықтаудың екі түрлі әдісі бар:
1. Академик А.Д. Шевяковтың графикалық және аналитикалық әдістері
2. Профессор С.К. Соболевскийдің графика-аналитикалық әдістері
Негізгі ашу қазбалары түсетін орынды профессор С.К. Соболевскийдің
графика-аналитикалық әдісімен анықтау бізге тиімдірек.
Практикада құлау бұрышы үлкен, қалыңдығы біркелкі емес, әрі жанастау
жыныстарымен шекарасы айқын байқалмайтын жеке кен сілемдерінен кен қазу жиі
кездеседі. Бұл жағдайда академик Л.Д. Шевяковтың ұсынған негізгі ашу
қазбалары түсетін орныды анықтау әдістерінің дәлдігі кеміп, көп жағдайларда
жарамсыз болыпта қалады. Сондықтан да жаралымы көлбеу, күрт құлай жататын
кен қабаттарынан кен өндірудің жобасы жасалған кездерде бас оқпанның немесе
штольняның түсетін орны басқа әдістерді пайдалану арқылы анықталады. Ондай
әдістің бірі профессор П.К. Соболевский ұсынған графика-аналиктикалық әдіс.
1. Көлденең жүргізілген M, N сызыққа кез-келген масштабпен l1, l2, l3,
..., ln қашықтықта түзіледі;
2. Сызықта қарастырылған жүктің нүктесінен M, N сызығына перпендикуляр
жүргіземіз;
3. Кез-келген масштабпен көмекші А, В көлденең сызық сызамыз.
4. А және В нүктелерінен перпендикуляр көшіріп ол перпендикулярға
масштабпен Q1, Q2, ...Qn жүктерін түсіреміз.
5. "А" нүктесінен топтастырылған жүктердің орталығымен сәуле арқылы
қосамыз.
6. Q1, Q2,Q3, ...Qn топтастырылған жүктерді солдан оңға қарай көшіреміз,
тек Qn... Q2, Q1 жүктерін А нүктесіне түсірілген перпендикулярға түсіреміз.
Сонымен бас оқпан кен орнының сол жағынан м, ал оң жағынан м болған
жерде орналасады.

5 Қазбаларды ұңғымалау

Жерасты қазбалары тар және қысылыс жағдайларда жүргізілетін
болғандықтан, оларды қазу процестерінің өз ерекшеліктері болады. Біріншіден
қазбаның ауданын үлкен етіп жасау қажетсіз шығынға, керек емес артық
жұмыс жасауға ұрындырады. Екіншіден, қазбаның ауданын негізсізден кішкентай
жасасақ – қолданылатын жабдықтар қазбаға сыймауы немесе жұмыскерлерге
қауіпті жағдай туғызу мүмкін. Қазбаны дұрыс жүргізу үшін әртүрлі кен –
геологиялық жағдайларда жыныстардың физика механикалық қасиеттеріне
байланысты бұрғылау құралдарын және жарылғыш заттарды таңдай білудің
маңызы зор.

5.1 Оқпан пішінін таңдау

Оқпанның көлденең қимасының екі пішіні болуы мүмкін дөңгелек және
тікбұрышты. Жобаланып отырған жоба бойынша біздің оқпанымыздың пішіні
дөңгелек. Көлденең қима пішіні дөңгелек шахты оқпанының ауданын анықтау
үшін алдымен, қауіпсіздік ережелері бойынша, аралық саңлау өлшемдерін
ескеру арқылы, сызба нобайына кергіштер және жабдықтар орналастырады.
Содан кейін үш нүкте арқылы болашақ оқпанның ортасы табылады және
жабдықтардың ең шығыңқы жерлерінен 200мм қашықтықта шеңбер жүргізіледі.
Оқпанның ішкі диаметрін мына формула арқылы анықтауға болады.
(5.1)

мұнда Rі – оқпанның ішкі радиусы,м.
(5.2)

мұнда а-жабдықтардың орналасу ені,м;
0,2- жабдықтардың шығыңқы жері мен бекітпенің арасындағы саңлау.
(5.3)

мұнда а1-көтергіш ыдыстар мен кергіштің арасындағы саңлау (а1=200мм);
а2- кергіштің қалыңдығы (а2 =240мм);
а3- клеттің ені,мм;
а4- скиптің ұзындығы,мм.
Оқпанның ішкі көлденең қима ауданы:
(5.4)

Оқпанның сыртқы көлденең қима ауданы:
(5.6)

мұнда Dс- оқпанның сыртқы диаметрі, м.

(5.7)

мұнда бетон бекітпенің қалыңдығы ().
Оқпанды жүргізгендегі көлденең қима ауданы:

5.2 Бекітпеге түсетін тау қысымын анықтау

Тік қазбалардың бекітпелеріне түсетін тау қысымы бірнеше
факторларға: қазбаның тереңдігі мен тұру мерзіміне, тау жыныстарының
физика механикалық қасиеттері қабаттарының жатыс жағдайына, қазбаны
жүргізу тәсілдері мен бекітпе материалдарының түріне байланысты.
Кез келген жыныс қабатының оқпан бекітпесіне түсетін қысымын мына
формула арқылы анықтауға болады:
(5.8)
мұнда F – жыныстардың орташаландырылған көлемдік салмағы, Нм3;
А-жыныстардың көлденең керу коэффициенті);

5.3 Бетон бекітпесін есептеу

Оқпанның қызмет ету мерзімі 10 жылдан артық болған кезде оның
көлденең қимасын дөңгелек пішінді етіп жасайды да тұтас бетонмен бекітеді.
Бетон бекітпе қалыңдығы мына формула арқылы анықталады.

(5.9)
мұнда оқпанның ішкі радиусы,м;
- бетоннның сырғылуға көрсететін қарсылық кернеуі,Па; Бұл көрсеткішті
бетонның маркасына байланысты. Бетон маркасын 150 деп алсақ қарсылық
кернеуі
- бекітпеге түсетін ең үлкен қысым,Па.

Техникалық нормаға байланысты оқпан бекітпесінің қалыңдығы 400 мм кем
болмауы керек.

5.4 Оқпанды жүргізу технологиясын таңдау

Кен кәсіпорындарын салу жұмыстарының ішіндегі ең ауыр және ұзақ
процестердің бірі болып оқпанды жүргізу есептеледі.
Қазбаны қазу, бекіту және арқаулар (көтергіш ыдыстардың жүрісін
қамтамасыз ететін кергіштерді, бағыттауыштарды,т.б. монтаждау) жұмыстарын
ұйымдастыруға байланысты тік оқпанды жүргізу технологиясы төрт түрге
бөлінеді: тізбекті, паралельді, біріктірілген және паралелді қалқанды.
Оқпанның біріктірілген түрін таңдап аламыз. Біріктірілген сұлбасы
тұрақты бекітпені тұрғызу, ұңғылау циклына кіреді. Тау жынысын алғаннан
кейін оған биіктігі 2м және одан да жоғары тұрақты бекітпе тұрғызу үшін
қалыптарды тұрғызу керек. Тау жыныстарын қазып алу бағыты тұрақты бекітпені
тұрғызу бағытымен сәйкес келеді. Тұрақты бекітпе әр циклде, қазбаның жылжу
мөлшеріне байланысты жоғарыдан төмен қарай орнатылады. Бекітпені циклдегі
кенжардың жылжу шамасының биіктігіне тең сақиналармен тұрғызылады. Бетон
бекітпесінің бөлек жолдарын төмен түсу ретімен тұрғызады, ал бетон қоспасын
жолдардың шегінде төменнен жоғары қарай төселінеді. Уатылған тау
жыныстарын тиеу үшін арнайы механикаландырылған КС-2У40 грейферлі тиеу
қондырғысы бар жабдық қолданылады.
КС-2У40 жүк тиегіштің техникалық сипаттамасы:
Өнімділігі 72м3сағ,
Грейфер сиымдылығы 0,65м3,
Цикл ұзақтығы 30-40с,
Қысылған ауа шығыны 72 м3мин,
Пайдалану өнімділігі,60-78 м3мин,
Сығылған ауаның жұмыстық қысымы 0,6
Грейфер жүк көтергіштігі 5000кг.

5.5 Жұмысты ұйымдастыру

Протодяков шкаласы бойынша тау жыныстарының бекемдігі f 10,
сондықтан соқпалы – бұрғылау әдісін қабылдаймыз. Бұрғылау үшін ПР-30к қол
перфораторларын қолданамыз.
ПР-30к перфоратордың техникалық сипаттамасы:
- минуттағы поршен соққысының саны п=1600;
- поршен соққысының энергиясы А=38,8 Дж;
- перфоратор салмағы М=30к.
Оқпанды жүргізу үзіліссіз атқарылады. Үзіліссіз жұмыс істейтін
жұмысшылардың кешенді бригадасы ұйымдастырылады.
Бригада тәулігіне 6 сағат жұмыс істейтін звеноға бөлінеді: звеноға
жүргізушілер саны,жүргізудің негізгі жұмыстарын орындау кезінде (бұрғылау,
жынысты жинау және бекіту) қабылданады. Бұрғылау кезінде адам саны бір
уақытта жұмыс істейтін перфораторлардың санына тең.Бір жұмыс істеп тұрған
жұмыс машинасына қатысты кенжардың 3-4м2 жұмыс алаңының есебінен қол
перфораторлар санын қабылдаймыз. Бір уақытта істеп тұрған перфораторлар
саны:

(5.10)

мұндағы Sм – ұңғылау қимасы,м2;
Бұрғылаудағы адам саны бір уақытта істеп тұрған перфораторлар санына
сәйкес болады және бір адам аспалы ұңғымалау сөресінде, екіншісі қауға
қозғалысын, оқпаннан суды жоғары шығаруды бақылап жер бетіне белгі беріп
отырады. Бетон қоспасы БҚТ (БРУ) дайындалады және оқпанға арнайы бетон
өткізгіші арқылы беріледі.Бетондау жұмысында кем дегенде төрт адам жұмыс
істейді. Бұрғылау операциясы бойынша звено құрамы 10 адам.

5.6 Ұңғылау көтергі қондырғысын таңдау

Көтерме қондырғысының өнімділігін жүктиегіштің тұтынымдық
өнімділігін тең деп аламыз. Көтеру ағытпалы қауғамен істелінеді.
Түсірілгеннен кейін бос қауға ағытылады да оның орнына тиелген қауға
ілінеді, тиелген қауға циклы клгенше екінші қауға дайын болу керек.
Көтергі өнімділігі:

(5.11)
мұндағы Gт =72 м3сағ тиегіштің техникалық өнімділігі, КС2У-40;
0,6-тиеу үдірісіндегі үзілістерді ескеретін коэффициент.

Тау жыныстарын көтеруге БПС-2,5 өзі төңкергіш қауғаларды қабылдаймыз.

5.7 Арқан түрлерін таңдау

Арқанға түсетін жүктеме:
(5.12)
мұндағы --қауғаның, тау жынысының,судың бағыттауыш раманың және
тіркеме құрылғының сәйкес емес салмағы.

(5.13)

Судың салмағы:

(5.14)
мұндағы Рв- 1,2 тм3 -ластанған су тығыздығы;

Арқанның беріктігі:

(5.15)

Беріктік қоры ұңғыма көтергінің мg 7,5 талаптарын қанағаттандырады,
сондықтан диаметрі 29,5 мм болат арқанды аламыз.
Көтеру көліктерін таңдау. Жер бетіне көтеру көліктерін қондырғанда
олардың барабандарының диаметрі келесі шартты қанағаттандыру керек: Дб80а.
Дб80 29,5=2360мм. Барабан ені оған барлық арқан орамдарының қабатының
минималды мөлшері орналасатындай болуы қажет:
(5.16)
мұнда В-жер бетіне қауғаны көтергендегі барабанға оралған орамдар саны;

Осы көрсеткіштерге сүйене біз барабан түрін таңдадық Ц-2,1,5. Оның
сипаттамасы: диаметрі-2м; ені-15м.
Электр қозғалтқыш қуаты:

(5.17)

мұнда F- тиелген қауғаны арқанмен бірге көтеру үшін қажетті күш, кН;
V- көтеру максималды жылдамдығы, мс.

5.8 Цикл ұзақтығын есептеу

Циклдің ұзақтығы жоспарланбаған жұмыстар мен ұңғымалау циклінде
жоспарланған жұмыстардың уақытынан анықталады.

, сағат (5.18)

мұндағы- жыныстарды тазартпалауға дайындау, тазартпалау бекіту,
бұрғыларға дайындау, бұрғылау, оқтауға дайындау, оқтау аттыру және желдету
ұзақтығы, сағ.
Бұрғылау уақытының ұзақтығы

(5.19)

сағ
мұнда L-теспе тереңдігі,м;
tзаб –бұрғылау уақыты,мин;
vc – таза бұрғылау ұзындығы,ммин;
Бұрғылау кезіндегі АЗ шығыны. АЗ ретінде №1 тасты аммонитті
қабылдаймыз.

(5.20)
мұнда q-0,7 кгм3-АЗ меншікті шығыны;

Бір теспеге кететін АЗ шығыны
(5.21)
мұнда Е-бір шпур сиымдылығы;
lш=2м- шпур тереңдігі;
Кз=0,65-АЗ толтыру коэффициенті;
Іп=0,25-патрон ұзындығы;
qn= 0,38 патрон салмағы.

Бұрғыланатын теспе саны

(5.22)

Жыныстарды тазалау ұзақтығы:

,
(5.23)

Осыдан келе циклдің ұзақтығын табамыз, ол ауысымның ұзақтығына барынша
жақын болуы керек.

Жұмыс басталар алдында әр ауысымда кен шебері және бригадир мыналарды
тексеріп тұру керек:
1. Жабдықтардың сенімділігі мен дұрыстығы;
2. Оқпан қақпағының бар болуымен дұрыстығы;
3. Белгі бергіш пен жарықтандырудың іске қосылып тұруы;
4. Көтеру жұмыстарының сенімділігі;
5. Күн арада қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізіп тұру керек.
Рұқсат етілмейді:
• Белгі беруші тұтқашыға қарамай машинистке белгі беруге;
• Қауғада адамдармен жабдықтарды түсіруге;
• Грейфердің жұмыс істеу уақытында жөндеуге және тексеруге;
• Грейфердің жүк түсіру кезінде қауғаның қасында тұруға.

6 Қазу жүйесі

Кенді өндіруге қажет ең пәрменді қазу жүйесін сұрыптап, таңдап алу
тау- кен өндірісінің ең маңызды жұмысы болып саналады. Себебі кенді ашу,
даярлау жұмыстары жер қыртысында жатқан кенді қазып алуға бағытталады, яғни
тазартпа қазып алу жұмысына аз қаржы жұмсау. Сондықтан да сұрыптап
таңдап алынатын қазу жүйесі мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруға
тиіс:
1.Еңбектің қолайлы жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2.Көп еңбек күшін қажет ететін ауыр жұмыстар аз болып,өндірістік
үдірістерді жиынтықты механикаландыру және автоматтандыру негізінде еңбек
өнімділігін арттыруға жағдай жасау;
3.Шығысты азайтып, қазылған кен өнімінің сапасын жоғарлату;
4.Кенішті жылдық жоспарлы өніммен қамтамасыз ету.

6.1 Тиімді кен қазу жүйесiн таңдау

Тиімді қазу жүйесiн таңдап алу екi кезеңге бөлiнедi.

Бiрiнші кезеңде: кеннің геологиялық, технологиялық жағдайларына
негізделген айғақтарға сәйкес нұсқалық ықтимал жүйелер арасынан 2-3 қазу
жүйесі сұрыпталады. Жезқазған кен орнында кен сілемдерінің жату
ерекшеліктеріне жертанулық жаралымына қарай келесі қазу жүйелерін
сұрыптауға болады.

1.Панелдік - діңгекті қазу жүйесі.

2.Жазық кенүңгірлі толтырмалы қазу жүйесі.

3. Қатпарлап қазу жүйесі.

Жоғарыда көрсетілген қазу жүйелер бойынша тұрақты және құбылмалы
айғақтарын анықтап 6-кестеге көрсетеміз.

Кесте -6.1. Тұрақты және құбылмалы айғақтар
Қазу жүйесіне әсер ететін аймақтар Айғақтардың Қолдануға
сипаттамасы мүмкін қазу
жүйелері
І Тұрақты айғақтар
Кеніштің пішіні Жазық 1,2
Кеніштің қалыңдығы 1
Кенішпен тау жүйесінің түйісу
өзгешелігі 1,2,3
Кеніштің құлау бұрышы
Орта қалыңдықты 18м
кем емес.
Кені бекем
0-110
ІІ Құбылмалы айғақтар
Кеніш элементтерінің тұрақсыздығы Тұрақсыз
Кеннің тұрақтылығы Тұрақты 1,2,3
Тау жынысының тұрақтылығы Тұрақсыз
Кеніштің ішіндегі минерал-дардың Минералсыз
бөліну өзгешелігі
Кеннің бағалығы Орташа бағалы 1,3
Кеннің жатып қалып жабысу, тотықтану,Жабыспайды, 1,2,3
бейімділігі өздігінен жану жанбайды, тотығады
қабілеттілігі Минералсыз
Тау жынысының минералдық құрамы 300-600м
Қазу тереңдігі 980 м
Кенорнының су өтетін су сіңетін, су
жинайтын, су тұтқыш т.с.с қасиеттері Құлатуға, опыруға
Жер бетінің және тау жыныстарының болмайды
құлату, опырлу мүмкіншіліктері Тас жолы, байту
Қазу жүйесін таңдауға әсер ететін фабрикасы бар электр
басқа айғақтар қуаты жеткілікті

Екiншi кезеңде. Алдын ала таңдауға түскен қолдануға мүмкiн деген
жүйелерiнiң iшiнен академик Ө.А.Байқоңыров салыстырмалы әдiсiн пайдаланып,
оңтайлы белгiлердi қолданып ең төменгi сайрақ мөлшерiн есептеп тиiмдi
қазу жүйесiн таңдайды. Салыстырма әдiсiн орындау ретi. Оңтайлы белгiлер
мөлшерiн 4-кестеге жазамыз.

6.2 кесте - Салыстырма әдісін орындау реті
Оңтайлы белгілердің аталуы Қазу жүйелерінің түрі
1 2 3
Кенжаршылардың өнімі, таус 45 27 8
Кеннің өзіндік құны, теңгет 1600 2200 2700
Түсім коэффициенті, б.ү. 0,85 0,85 0,82
Құнарсыздық коэффициенті, б.ұ. 0,08 0,08 0,08
Кеннің жалпы бағалығы 353222 353222 290067
Жоғалым зардап мөлшері 37153 16631 23417
Құнарсыздық зардап мөлшері, теңгет 4120 4106 4224
1 т кеннің қазу, байыту, балқыту жалпы өз 5900 6300 6600
құны, теңгет
Тиімділігі, % 13,8 13,6 10,3
Қазу жүйесінің пәрменділік коэффициенті 6,3 16,6 9,5

Бұл кестенi толтыру үшiн төмендегi көрсеткiштердi есептеп, анықтап
алуымыз қажет.

1.1т кеннiң жалпы бағалығы есептеледi:

,тгт (6.1)

мұнда αд – кеннiң металл мөлшерi,%;
Еө - металдың өндiрiстiк түсiм еселеуiшi,
Р – 1т металдың сату- алу бағасы,тгт.

Бірінші қазу жүйесі

Екінші қазу жүйесі

Үшінші қазу жүйесі

Жоғалымның үнемдiлiк зардабын:

(6.2)

мұнда, d-жоғалған кеннiң бағалығы,тгт;
- жоғалым мөлшерi;
(6.3) мүнда П-жоғалым
мөлшерi,%.
R- құнарсыздық еселеуiшi.
Сd – геологиялық қаржының 1 т шаққандағы тозу жарнасы, тгт.
Q – жоғалған 1 т кеннiң бағалығы, тгт.
Өп – кеннiң өндiрiстiк бағалығы, тгт.
φ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңажол кен орнының геологиялық құрылысы мен мұнайгаздылығы
Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы
Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
Амангелді мұнай кен - орнының геологиялық құрылысы
Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы
Жаңажол кен орнын игеру сипаттамасы
Аргеологиялық ескерткіштерді қорғау
Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы
Геологиялық кезеңдер
Жердің жасы мен жылнамасы
Пәндер