Қазақстан Республикасының салық жүйесі, түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының салық жүйесі.

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгеістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

  • мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
  • салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

Бірінші кезең.

1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

Осы заңға сәйкес сол кездегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.

І. Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

1. Қосылған құнға салынатын салық.

2. Пайдаға салынатын салық.

3. Акциздер.

4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.

5. Экспорт пен импортқа салынатын салық.

6. Кеден тарифі және баж салығы.

7. Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.

8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.

9. Транспорт құралдарына салынатын салық.

10. Автотранспорт құралдарына сатып алуға салынатын салық.

11. Автотранспорт құралдарының ҚР-на келіп кіргені үшін төленетін ақы.

12. Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.

13. ҚР-сы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.

14. Мемлекеттік баж салығы.

15. Табиғи ресурстарына салынатын салық.

16. Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

ІІ. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы.
  2. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
  3. Орман табысы.
  4. Су үшін төленетін салық.
  5. Табысқа салынатын салық.
  6. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
  7. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
  8. Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
  9. Елтаңбалық алым.
  10. Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.

ІІІ. Жергілікті салықтар мен алымдар:

  1. Курорттық аймакта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық.
  2. Курорттық алым.
  3. Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
  4. Жарнамаға салынатын салық.
  5. Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
  6. Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
  7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
  8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
  9. Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
  10. Ипподромдарда тотализатор ойыныны қатысушы адамдардан алынатын алым.
  11. Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілілерден алынатын алым.
  12. Аукциондық сатудан алынатын алым.
  13. Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
  14. Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.
  15. Ит иелерінен алынатын алым.
  16. Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
  17. Жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

Екінші кезең.

ҚР-ның Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу прициптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 25 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

Жалпы мемлекеттік салықтар:

  1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
  2. Қосылған құнға салынатын салық.
  3. Акциздер.
  4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.

Жергілікті салықтар мен алымдар:

  1. Жер салығы.
  2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
  3. Көлік құралдарына салынатын салық.
  4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
  5. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
  6. Аукциондардан алынатын алым.

Үшінші кезең.

2001 жылы 12 маусымда ҚР-ның жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізілді.

Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

ҚР-ның салық заңдары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер - Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгерітіледі немесе күшін жояды.

Салық заңдары ҚР-ның бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.

Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін ҚР-ның заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қаьылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

ҚР-ның Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде қосылды.

Салықтың түрлері:

  1. Корпорациялық табыс салығы.
  2. Жеке табыс салығы.
  3. Қосылған құн салығы.
  4. Акциздер.
  5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
  6. Әлеуметтік салық.
  7. Жер салығы.
  8. Көлік салығы.
  9. Мүлік салығы.

Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

Сонымен қатар алым - анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.

2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді.

Алымдардың түрлері:

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3. 1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым (2005 жылы 1 қаңтардан) .

  1. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  3. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6. 1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылы 1 қаңтардан) .

  1. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
  2. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8. 1. Туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (2006 жылы 1 қаңтардан) .

  1. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы арқылы жүру алымы.
  2. Аукциондардан алынатын алым.
  3. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
  4. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Төлемақы - белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.

Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді.

Төлемақының түрлері:

  1. Жер учакелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
  8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
  9. Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж дегеніміз - уәкілдікберілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Баж салығы - алып келінген, сыртқа шығарылатың, сондай-ақ транзитті тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.

Мемлекеттік баж салығы - төленетін қызмет тізімі заңды және жеке тұлғалар мүддесі үщін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.

Кеден төлемдері:

  • кеден бажы;
  • кеден алымдары;
  • алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
  • алымдар.

Белоруссияның салық жүйесі.

Белоруссияның салық жүйесі мынадай салықтардан құрылады:

  • қосылған құнға салынатын салық.
  • акциздер.
  • пайдаға және табысқа салынатын салық.
  • табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салынатын салық.
  • жылжымайтын мүлікке салынатын салық.
  • экспорттық және импорттық кеден баждары.
  • жер салығы.
  • азаматтардан алынатын табыс салығы.
  • мемлекеттік баж.
  • жарнама салығы.
  • сыра, арақ-шарап және темекі өнімдерін сату үшін алынатын салық.
  • ит ұстаушылардан алынатын алым және т. б.

Қосылған құнға салынатын салық Белоруссияда 1992 жылдан бастап қолданылады. Мемлекеттік бюджет кірісінің басым бөлігін құрайды. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер болып меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз ел аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер танылады.

Салық салу обьектісі болып салық салынатын айналым саналады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер аталмыш салықты қаржы қызметі, бағалы қағаздармен және жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялары бойынша айналымнан ғана төлейді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден басқа шет мемлекеттерге экспортталатын тауарларға қосылған құнға салынатын салық салынбайды.

Салық 20 пайыздық ставкамен алынады. Салық төлеу мерзімін Белоруссияның Қаржы министрлігі белгілейді.

Акциз салығын төлеушілер болып меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз ел аумағына тауар экспорттайтын және импорттайтын барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар танылады.

Акцизделетін тауарларға мына тауар түрлері жатады:

  • спирт және спиртті өнімдер.
  • алкогольді өнімдер
  • арақ-шарап өнімдері.
  • сыра.
  • темекі өнімдері.
  • дизель отыны.
  • автокөлік бензині.
  • шикі мұнай.
  • бағалы тастар мен металдардан жасалған зергерлік бұйымдар, және т. б.

Салық салу обьектісі болып мыналар саналады:

  • тауар өндірушілер үшін - өндірген өнімін өткізуден алған табысы;
  • импортерлер үшін - тауарлардың кеден құнына пайыз түрінде акциз ставкасы бекітілген кеден құны;

Акцизделетін тауарлардың тізімі, ставкалары, акциз маркалары мен олардың таңбалану тәртібін Белоруссияның Министрлер Кеңесі анықтап, Жоғарғы Кеңесі бекітеді.

Салық ставкасы тауар өткізуден түскен табысқа пайызбен немесе заттай мағынадағы тауарларға абсолюттік сомада белгіленеді. Ақциз салығын төлеу мерзімі салық сомасының мөлшеріне байланысты болып келеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерде жасалған акцизделетін тауарларға салық отандық тауарларға қолданылатын тәртіппен салынады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдрден басқа шет мемлекеттерге экспортталатын тауарларға акциз салығы салынбайды.

Пайдаға салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар төлейді.

Салық салу обьектісі болып кәсіпорынның баланстық пайдасы танылады. Баланстық пайда өнім (тауар, қызмет, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, бағалы қағаздар және т. б. құндылықтар) өткізуден түскен пайда, өткізуден тыс операциялар бойынша пайда мен осы операцияларға жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Есептелген баланстық пайдадан төленген табыс салығы мен жылжымайтын мүлікке салынатын салық шегеріліп тасталады.

Салық салынатын пайдаға 30 пайыздық ставкамен пайда салығы салынады.

Жылдық баланстық пайдасы 5000 мәрте минималды жалақы сомасын құрайтын шағын кәсіпорындар аталмыш салықты 15 пайыздық ставкамен төлейді.

Ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындар, жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар пайдаға салынатын салықты 10 пайыздық ставкамен төлейді.

Пайдаға салынатын салық бойынша жеңілдік негізінен үш нысанда беріледі:

  • салық салынатын пайданы ішінара кеміту;
  • салықтан толығымен босату;
  • төмендетілген салық ставкасын бекіту.

Бұдан басқа да салық жеңілдіктері берілуі мүмкін. Бірақ олар жыл сайын кезекті жылдың бюджетін бекіткен кезде қайтадан қаралып, белгіленеді. Бұл салықтың төлену мерзімі мен тәртібін Министлер Кеңесі анықтайды.

Заң бойынша табысқа салынатын салықты меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар төлейді. Салық дивиденд және оған теңестірілген басқа да табыстардан 15 пайыздық ставкамен алынады.

Жылжымайтын мүлікке салынатын салықты шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу обьектілері бар заңды және жеке тұлғалар төлейді.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелер жылжымайтын мүлікке салынатын салықты төлеуден босатылады.

Салық салу обьектісі болып негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың, аяқталмаған құрылыс обьектілерінің құны, сондай-ақ жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің құны танылады. Салық салу барысында негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың қалдық құны алынады. Ол өз кезегінде негізгі құрал-жабдықтың баланстық құнынан тозу сомасының айырмасы негізінде анықталады.

Заңды тұлғалар үшін салық ставкасы 1 пайыз мөлшерінде, өндірістік кооперативтер, саяжай серіктестіктері үшін 0, 1 пайыз мөлшерінде бекітілген. Салық жыл бойы аванстық төлем түрінде әр тоқсанның бас кезінде төленеді.

Жеке тұлғалар үшін салық ставкасын Министрлер Кеңесі анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық салу механизмі
Мүлікке салынатын салық. Қосылған қүнға салынатын салық
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі жайында
Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары
Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Салық салудың міндеттілігі принципі
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы
Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz