Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Жоспар
Кіріспе 3
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі 4
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Салық жүйесі кез-келген мемлекеттің негізгі қаржылық тұрақтылығының
маңызды құралдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет
бюджетінің ең көп бөлігін құрайтын салықтар және басқа да міндетті
төлемдердің толық әрі уақытылы аударуылуы тікелей салықтық бақылауға
байланысты. Қазіргі жағдайда мемлекеттің тұрақты қаржылық негізін қалау,
салық салу саласында сәтті реформалар жүргізу, барлық деңгейдегі
бюджеттерді толық әрі уақытылы қалыптастыру мемлекеттің, сондай-ақ
шаруашылық субьектілер мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғайтын тиімді
салық бақылау жүйесін іске асырудан басталады. Сондықтан салық бақылауын
ұйымдастырумен, бақылаушы салық органдарының жұмыстарының тиімділігін
талдаумен байланысты сұрақтар тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар
шетелдерде де өте маңызды болып отыр.
Салық бақылауы – салық қызметі органдарының салық заңдарының
орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының
және Мемлекеттің әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың
толық және уақытылы аударылуын бақылауы [1]. Қазақстан үшін салықтардың
фискалдық мәнінің жоғарлауы және еліміздің салық органдары ресурстарының
шектеулігі жағдайларында, салықтық бақылаудың теориялық және тәжірибелік
мәселелерінің терең зерттелуі мен оны келешектегі жетілдіру қажеттігі
заңнамалық түрде жоғарылап отыр. Салық бақылауы мемлекеттің салық
саясатының сәтті жүргізілуіне ықпал етумен қатар, оның маңыздылығын
айқындайды. Тәжірибеде салықтық әкімшілік жүргізу терминімен жиі
түсіндірілетін салық бақылауының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы,
оның ұйымдастырылу және жүзеге асырылу мәселелерінің жеткіліксіз зерттелуі,
сонымен қатар мемлекеттік салықтық бақылаудың көпқырлылығы мен күрделілігі
оның әлі де болса толық түрде жетілдірілмегенін көрсетеді.
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерісі
Жалпы бақылаудың бірнеше элементтерін топтастыруға болады. Салықтық
бақылауды сипаттайтын оның ең маңызды элементтері келесідей :
1) Cалық бақылауының субъектілері.
2) Cалық бақылауының объектілері.
3) Cалық бақылауының нысандары , әдістері.
4) Cалық бақылауының құжаттары.
5) Cалық бақылауын жүргізу тәртібі мен кезеңдері.
Cалық бақылауының субъектілері болып заңды және жеке тұлғалар, яғни
салық төлеушілер табылады. Оларға заң бойынша , бір жағынан салық және
басқа да бюджетке міндетті төлемдерді жүзеге асыру болса , екінші жағынан
мемлекеттік салық органдарына салықтарды төлеу жүктеледі.
Cалық бақылауының объектілері болып заңды және жеке тұлғалардың
мемлекет арасындағы салықтық қатынастары, сонымен қатар заңды және жеке
тұлғалардың салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерін есептеу
процесіндегі салықтық қатынас табылады.
Cалық бақылауының нысандары мен әдістері ең маңызды элементтері
болып табылады. Салық бақылауы қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі
болғандықтан, қаржылық бақылаудың көрсеткіштері, жүйенің негізгі қасиеттері
салық бақылауына да тән болады. Салық жүйесінің тиімді асырылуы, салық
бақылауының қызмет тиімділігін арттырады. Қазақстан Республикасында салық
заңнамасына сәйкес салық бақылауының нысандары мен әдістеріне көп көңіл
бөлінген. Салық төлеушінің салық салу объектісі пайда болғаннан бастап,
бұл тұлға салық бақылауына алынады. Салық бақылауын жүргізбеу - бұл салық
кодексіне сәйкес салықтық міндеттемелердің тоқтатылуы, яғни заңды тұлғаның
қызметін тоқтатуы немесе азаматтың қайтыс болуы.
Жалпы алғанда салық бақылауының нысандары салық органдарының жүзеге
асыратын іс – шараларының жиынтығын білдіреді. Оған қоса, әрбір нысанның
бақылау жүйесінде өзінің атқаратын қызметтері бар. Бірақ барлық
нысандардың жиынтығынан салық бақылауының тиімділігі жоғары болады,
нәтижесінде мемлекеттің салық жүйесінің қызметі нақты жұмыс атқарады. Қаржы
ғылымында авторлар арасында салық бақылауы нысандарын анықтау мәселесіне
байланысты ортақ көзқарас жоқ екенін айта кету керек. Мысалы, кейбіреулер
альтернативті заңнамалық бекітілген нысандар: ревизия мен қадағалауды
ерекшелейді. Бірақ әртүрлі пікірлерге қарамастан ең дұрысы болып белгілі
бір мемлекеттің өз заңнамасымен бекітілген және оның ерекшеліктерін
ескеретін бақылау нысандарын қарастыру табылады.
Cалық бақылауында нысандарымен қоса, оның түрлері мен әдістері болады.
Салық бақылауы келесідей бақылау шараларымен жүзеге асырылады:
− тексерулер;
− зерттеулер;
− салық төлеушілер және басқа да тұлғаларды сұрау;
− талдау;
Салық бақылауының әдісі - бұл уәкілетті органдардың салықтардың және
басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы төленуін
қадағалау. Сонымен қатар, салық бақылауының әдістері көмегімен
объектілердің нақты жағдайын зерттеуге болады.
Қаржылық және салық бақылауының әдістері салық бақылауының көп
деңгейлі жүйесінің әдістері болғандықтан, келесідей әдістердің түрлерін
қарастырады:
− жалпы ғылыми әдістер, оған талдау, синтез, модельдеу, статистикалық әдіс
жатады.
− арнайы зерттеу тәсілдері, оған құжаттарды тексеру, экономикалық талдау
жасау, экспертиза, объектілерді, аймақтарды қарау, яғни бақылау қызметіне
байланысты іс – шаралар жатады.
− тексерілетін тұлғаларға ықпал ету әдісі, яғни салық бақылауын жүргізу
кезінде күшпен көндіру негізінде жүргізу.
Сонымен қатар, салық бақылауының әрбір түрінің өзіне тән әдістері
болады. Сондықтан салық бақылауының нақты бір әдісін қолдану бақылаудың
өткізілу түріне байланысты.
Салық бақылауының барлық түрлерін біріктіретін жағдай – ол экономикалық
мазмұнның, әдістердің, пәндердің біртұтастығы. Бірақ олардың әрқайсысына
тән арнайы қолдану ерекшеліктері мен белгілері болады. Осыған орай салық
бақылауының жіктелімі келесідей :
1) Бақылауды жүзеге асыратын cубъектілерге байланысты :
а) салық органдары жүзеге асыратын салық бақылауы (ішкі);
б) кеден және басқа да органдар мен жүзеге асыратын салық бақылауы
(сыртқы);
Мұндағы ішкі салық бақылауын ведомстволық және салық органдарының
тәуелділік деңгейіне байланысты келесідей бөлуге болады :
− салық органдарының жүзеге асыратын салық бақылауы, мұнда салық төлеуші
салықтық есепке тіркеледі;
− жоғары деңгейдегі салық органдары төменгі деңгейдегі салық органдарына
салық бақылауын жүргізеді;
2) Бақылауға алынған тұлғаларға байланысты :
а) мекемеге салық бақылауын жүргізу;
б) жеке кәсіпкерлерге салық бақылауы;
в) жеке кәсіпкер болып табылмайтын , жеке тұлғаларға салық бақылауы;
3) Тексерілетін тұлғаның бақылау көлеміне қарай :
а) кешенді салық бақылауы, мұнда салық салуға байланысты тексерілетін
тұлғаның қызметін кешенді тексеру қарастырылады;
б) мақсаттық салықтық бақылауы – бұл салық төлеушінің жеке қаржылық
операциялары бойынша жүзеге асырылатын тексеру;
в) тақырыптық салық бақылауы - нақты салықтардың және төлемдердің
төленуін тексеру және салық заңнамасын қолдануын тексеру;
4) Салық бақылауы тексерілетін құжаттардың әдістері мен тәсілдерін
қолдануға байланысты :
1. Бақылауды жүргізу ауқымына қарай :
а) жалпы салық бақылауы, мұнда салық салуға байланысты барлық құжаттар
тексеріледі;
б) таңдаулы салық бақылауы, мұнда тек арнайы таңдап алынған құжаттарды
тексеру жүзеге асырылады;
2. Бақылау үшін қажетті мәліметтер мен ақпараттарды алу көздеріне
байланысты :
а) құжаттық салық бақылауы, бұл бақылау құжатық түрде тіркелінген
мәліметтерді зерттеуге негізделеді;
б) тақырыптық салық бақылауы, бұл бақылау салық салу объектісінің нақты
жағдайын зерттеуге негізделген, мүліктерді инвентаризациялау, құрылыстарды
қарау және тағы басқа тәсілдер арқылы жүргізіледі;
в) қарсы тексеру – салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында
салық төлеушілердің жүргізілген операцияларының салық есебінде дұрыс
көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда, үшінші
тұлғаға қатысты жүргізілетін тексеру;
5) Бақылауды жүргізу уақытына қарай :
а) алдын – ала бақылау;
б) ағымдағы бақылау;
в) қорытынды бақылау;
6) Салық бақылауын жүргізу орнына қарай :
а) камералды бақылау – салық органының орналасқан жерінде жүргізіледі;
б) рейдтік тексеру – салық төлеушінің орналасқан жерінде жүргізіледі;
в) хронометраждық зерттеу – патент, оңайлатылған декларация негізінде
жүргізіледі;
7) Бақылау шараларының жоспарлылығына байланысты :
а) жоспарлы салық бақылауы;
б) жоспардан тыс салық бақылауы;
Бұл салық бақылауының жіктелімі мемлекеттік салық бақылауына
негізделеді. Мемлекеттік салық бақылауы – бұл салық органдар жүйесінің
мақсаттылығы мен тиімділігін , атқарылатын шаралардың заңды түрде жүзеге
асырылуын , бюджетке төленетін салықтық түсімдердің ұлғаюын, салық
заңнамасын орындауын тексеру.
Мемлекеттік салық бақылауы Қазақстан Республикасының “ Салықтар және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заңына сәйкес салық
органдарымен жүргізіледі. Салық бақылауын салық органдарымен қатар кеден
органдары да жүргізе алады. Бірақ кеден органдарының бақылауды жүзеге
асыруының ерекшелігі - тексеруді жүргізу ауқымы шектеулі болады. Себебі,
олар тек кеден шекарасына байланысты тауарлардың қозғалысын бақылай алады.
Кеден органдары өздерінің қызметтерін Қазақстан Республикасының Салық
кодесіне және кеден заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Салық органдары бақылау жүргізу барысында негізінен салық тексерулер
нәтижелеріне сүйенеді. Салық тексерулері – салық қызметі органдары жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының салық заңдарының орындалуын тексеру.
Салық тексерулері келесідей түрлерге бөлінеді:
1. құжаттық тексеру;
2. рейдтік тексеру;
3. хронометраждық зерттеу;
Құжаттық тексерулер − салық төлеушінің орналасқан жеріне салық
комитетінің лауазымды тұлғасының барып, алғашқы бухгалтерлік құжаттарды
тексеруді көздейді. Құжаттық тексеру камералдық бақылауға қарағанда өзінің
тереңділігімен ерекшеленеді. Құжаттық тексеру алдағы уақытта өткізілген
тексеруден кейін жүргізіледі. Құжаттық тексеру мынандай түрлерге бөлінеді:
- тақырыптық тексеру – салықтар мен бюджетке төленетін міндетті
төлемдердің жекелеген түрлері бойынша жүргізілетін тексеру;
- кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын
тексеру;
- қарсы тексеру – егер салықты тексетуді жүргізу барысында салық
органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген
операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат
алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты
жүргізілетін тексеру.
Тексеруді жүргізу кезінде бақылаудың бірнеше әдістері қолданылады. Бұл
әдістерді тексеруші өз еркіндігімен таңдап алады.
Құжаттық тексеру әдістерінде келесідей әдістер жатады:
− нақты тексеруді өткізу;
− өндіріске шикізаттар мен материалдарды өткізу;
− тексеруге ұсынылмаған құжаттарды табу мақсатында кеңселерді, үстелдер
мен сейфтерді қарау;
− қызметкерлермен сауалнама жүргізу;
Негізгі әдістердің бірі − нақты тексеруді өткізу немесе инвентаризация
әдісі. Салық бақылауында инвентаризацияның маңызы өте зор. Көбінесе
салықтан жалтару кезінде маңыздылығы көрінеді. Инвентаризацияны жүргізу
процесінде қайта есептеу, өлшеу, сандық көрсеткіштерін талдау жұмысы
атқарылады.
Салық бақылауы әдістерінің ең көп қолданылатын және ең қолайлы
әдістердің бірі − бұл экономикалық талдау. Экономикалық талдаудың
нәтижесінде құжаттарды зерттеу, кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне
байланысты бақылау жасалынады. Экономикалық талдау − бұл шаруашылық
субъектінің белгілі бір уақыт кезеңіне байланысты жұмысының қорытынды
бағасын, сонымен қатар алғашқы және даму деңгейін зерттеу.
Рейдтік тексеру – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес,
салық төлеушілердің жекелеген талаптарды орындауын көздейтін тексеру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz