Қосылған құн салығының қазіргі таңда қызмет етуінің мәселелері және оларды шешудің жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ІІІ. Қосылған құн салығының қазіргі таңда қызмет етуінің мәселелері және
оларды шешудің жолдары.

Қосылған құн салығы іскерлік белсенділікке және өндірушінің
шығындарына тікелей әсер етеді. Өндірістің төмендеуі, кәсіпорындардың және
халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі сұраным шектеулігін туғызады.
Бағаны өсіруге мүмкіншілігі жоқ тауар өндіруші Қосылған құн салығын өзінің
меншік пайдасынан төлеуге мәжбүр, әрине бұл жағдай өндірісті тоқтатуға
немесе өндіріс эффектілігін төмендетуге қосымша фактор болып табылады.
Сонымен қатар қосылған құн салығы алынатын тауарларды өндіруші де,
мемлекет те табыстарын жоғалтады. Керісінше жағдайда белгілі бір өнімнің
бағасын арзатқанда да тұтыну қорқы өсіп кәсіпорындардың шығындылығын
туғызады, бұл жағдайда біздің экономикаға өте қауіпті.
Жанама салықтардың жүйесін құру барысында, мемлекеттің салықтық
жүйесінің және экономикалық дамуының ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Ол
ерекшеліктері:
- Ақпараттық және саяси факторының көзқарасы жағынан ұзақ өндірістік
циклдің және өнеркәсіпке салынған салымдардың қайтарымдылық
мерзімі ұзақ болуы үлкен тәуелділікке әкеледі.
- бос қаражаттар қорының жетіспеушілігі өндірістік
сферадағы өнеркәсіптік өзара төлей алмаушылық дағдарысына әкеледі.
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың төмен табыстылығы, олардың
еңбеккерлерге төлейтін төмен еңбек ақылары квалификациялық кадрлардың
жоғалтылуына әкеледі, ал квалификациялық еңбекті қажет етпейтін еңбек үшін
төленетін жоғарғы еңбек ақы мемлекеттің интелектуалды потенциалын жоғалтуға
әкеледі.
Қосылған құн салығы өндірудің механизмі кәсіпкерлердің шаруашылық
іскерлігіне әсер ететіні жөнінде нәтиже жасауға болады.
Тауардың немесе өнімнің тауар өндіруші мен сатушы арқылы өтуі
барысында қосылған құны да өседі, осылайша өндіріс және айналым циклінің
мүшелерін салық төлеуге мәжбүрлейді.
Қосылған құн салығын өндіру, айналым қорларының тез айналуы барысында
эффектті жұмыс істей бастайды, бұл Қосылған құн салығын төлеуге кеткен
шығындар қорының қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.
Қосылған құн салығының кәсіпорынның басқа негізгі қаржы шаруашылық
көрсеткіштерімен өзара қатынасын көрелік.
Мысалы белгілі бір А кәсіпорны басқа ұйымға ешбір материалдық
шығынсыз қызмет көрсете 1160 бірлік мөлшерінде түсім алды.
1 Табыс – 1000
2 Қосылған құн салығы (16() – 160
3 Салық салынатын табыс – 1000
4 Заңды тұлғалардың табыс салығы – (30() – 300
5 Жалпы төленген салық - 460
6 Таза табыс – 740
7 Ақша қаражаттарының қалдығы – 740
Түсім сомасындағы салықтардың үлесі 39,65( (460 х 100 1160). Түсім
сомасындағы таза табыстың үлесі 60,35 (740 х 100 1160). Ақша
қаражаттарының қалдығы таза табыс сомасына сәйкес келеді және кәсіпорынның
қарамағында қалады.
Бұл мысал келесі өзгерістерді байқау үшін қарастырылған. Мысалы А
кәсіпорны осы көрсеткіштерді сақтай отырып 580 бірлік мөлшеріндегі
кәсіпкерлік табысты көздей отырып келесідей шығындарды жүзеге асырды:
1 Табыс – 1000
2 Қосылған құн салығы (16() – 160
3 Шығындар – 500
4 Шығындарға Қосылған құн салығы – 80
5 Бюджетке төленетін қосылған құн салығы – 80
6 Салық салынатын табыс – 500
7 Заңды тұлғалардың табыс салығы (30() – 150
8 Төленген салықтар – 230
9 Таза табыс – 350
10 Кәсіпорындағы ақша қалдығы 350

Бюджетке төленген салықтардың үлесі 19,8( (2301160) құрайды, түсім
сомасындағы табыстардың үлесі 30,2 (350 х 100 1160) құрайды, ал қалған
сома (1160-500)-80(ҚҚС)=580; (580 х 100 1160) =50(.
Бірінші мысал мен екінші мысалдың көрсеткіштерін салыстырайық, егер
шығын бөлімін көбейтсек онда қосылған құн салығы және табыс салығы бойынша
салықтық міндеттемелердің төмендеуін көреміз, сонымен қатар қаржылық
нәтиженің деңгейін төмендетеді және бос ақша қаражаттарының болуын
шектейді. Салықтың төлемдерді үнемдеу мақсатында өзіндік құнды өсіртіп,
эффекті емес шығындарды өсіру кәсіпорынның қаржылық іскерлігіне ғана емес
тіпті оның өмірлік қабілеттігіне өте қәуіпті.
Мысалы А кәсіпорны түскен түсімнің барлығын жабдық алуға жұмсады
десек.

1 Табыс – 1000
2 Қосылған құн салығы (16() – 160
3 Алынған жабдық – 1000
4 Жабдық бағасына қосылған құн салығы – 160
5 Бюджетке төленетін қосылған құн салығы – 0 (2-4)
6 Салық салынатын табыс – 1000
7 Заңды тұлғалардың табыс салығы – 300
8 Таза табыс (1-7) – 300
9 Бюджетке төленуі тиіс – 300
10 Кәсіпорын ақша қаражатының қалдығы - 0 (1+2)-(3+4)
Салықтар төлемдерін үнемдеудің үлісі 25( және табыс 70( болғанда
кәсіпорынның ақша қаражаттары қалмады және кәсіпорын бюджетке 300 бірлік
мөлшеріндегі заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеуі тиіс. Осыдан
барып негізгі қорларды сатып алу барысында оның өзіндік құны шегерімге
жатпаса да қосылған құн салығын бюджетке төлейді, бұл жағдайда бюджет үшін
компенсациялық сипат енеді. Мынандай заңдылық болады: қосылған құн салығы
шегерімде неғұрлым көп көрсетілмесе соғұрлым заңды тұлғалардың табыс салығы
көп болады.
Қарастырған мысалдың соңғысында қаржылары дұрыс орындалмағандықтан
кәсіпорынның жабылуы әбден мүмкін.
Әрине Қосылған құн салығы бойынша салықтың заңдарындағы арнаулы
жеңілдіктерді пайдалану жөн. Салықтық кодексте салық салынбайтын айналымдар
бекітілген, олар: Қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайтын,
шаруашылық жүргізуші субъектілер; қосылған құн салығын есепке жатқызу
жөніндегі салықтық есеп ережелері.
Мысалы В кәсіпорны жеке тұлғаларды қолма-қол ақшаға материалдарды
сатып алу-жөнінде шешім қабылдады. Бұндай шешімнің себебі егер нақты, қолма-
қол ақшаға тауар сатылып алынса, онда 120 мың теңгеге жеңілдік жасалуы
мүмкін. Сату бағасы – 344 мың теңге, соның ішінде қосылған құн салығын –
48 мың теңге құрады. Бұндай операцияның қаржылық нәтижесі 180 мың теңге
(300 мың - 120 мың), қосылған құн салығы бюджетке 57,1 мың сомасында
аударылды. Егер екінші жағдайда қосылған құн салығын төлеуші ретінде
тіркелген кәсіпорыннан алынса, онда алынған тауарлардың құны 100 мың, ал
жабдықтаушыға төленген қосылған құн салығы – 16 мың теңге болатын еді.
Сонда кәсіпорын қарамағында 200 мың теңге қалар еді. Бюджетке
кәсіпорын 48 мың теңге емес 32 мың теңге бөлер еді.
1 Сатып алынған тауарлар 120000 100000
2 Қосылған құн салығы (16() ------ 16000
3 Сату 300000 300000
4 Қосылған құн салығы 48000 48000
5 Бюджетке төленетін
Қосылған құн салығы 48000 32000
6 Қаржылық нәтиже 180000 200000

Қаржылық жылдың нәтижесі бойынша резервті табыстың қалыптасуы,
дивидендтердің және басқа да төлемдердің есептелуі алынған қаржылық
нәтижеге байланысты есептеледі, сондықтан мысалдың екіншісі "пайдалы" болып
табылады. Осыдан барып заң талаптарына сай жұмыс істелсе онда ол пайдалы
деген қортындыға келуге болады. Мысалы, қосылған құн салығын есепке қою
немесе өндіру, дұрыс рәсімделген шот-фактураларсыз жүзеге асыру мүмкін
емес. Егер Қосылған құн салығының сомасы сәйкес құжаттарда көрсетілмесе
онда ол тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнына
жатқызылады. Әрине бұл жағдай өнімінің бағасын көтереді, де оның
бәсекелістік қабілеттілігін төмендетеді, ал бағаны арзандату тек
рентабелділікті қысқарту есебінен жүзеге асады, содан барып кәспорынның
қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Қосылған құн салығының жанама салық екендігіне қарамастан , оның
кәсіпорын іскерлігінің нәтижесіне әсері ауыр болуы мүмкін.
Менің қарастырған мысалдарым шартты болып табылады, бірақта Қосылған
құн салығын есептеу, кәсіпорын іскерлігіне әсер етулері орынды деп
есептеуді сұранамын.
Қосылған құн салығын есептеу салықтық саясатты жүзеге асыру барысында
әр уақытта салықтың реттеуді қажет етеді.
Қазақстандағы Қосылған құн салығы бойынша жарналар мәселесін
қарастырайық.
2001 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қосылған құн салығын 16(-дық
жарнаға өту жүзеге асырылды. Негізгі жарнаның төмендетілуі және
жеңілдетілген 10(-дық жарнаның жойылуы дұрыс шара деп айтуға болады.
Жарнаны төмендету - өте жауапты қадам. Біздің ойымызша салық
жарналарының төмендеуі жоспарлардың ұзақ қайта өңдеуін қажет етеді.
Қосылған құн салығының жарнасы – 20( немесе 16(. Бұл жағдайда көппе
немесе азба деп айтуға болмайды. Венгрияда қосылған құн салығы – 24,5( -
мемлекет дамуда. Қосылған құн салығында факторлардың жиынтығында қарастыру
жөн, мысалы: капитал айналымының жылдамдығы, эффектілігі, яғни өндіріс
пайдалылығы, инфляция, ақшаның құны (несиенің құны немесе несиенің пайыздың
жарналары), өндіріс құрылымының кезгі шығындары шикізат және материалдар,
тірі еңбек және өндірістің басқа факторлары. Бүгін бізде халықтың
шаруашылық бойынша өндірістің эффектілігі жоқ, ақша құны өте жоғары,
айналым қорлары жетіспеушілікті, капиталдың айналымдық жылдамдығы ұзақ,
менеджменттің жоқтығы біздің кәсіпорындарға қосылған құн салығының 20(-дық
жарнасын ауыр тиеді.
Осы жайлардың барлығы нақты экономикалық жағдайда қосылған құн
салығының 20(-дық жарнасы жоғарыңқы.
Салық төлеушілер үшін бұл нені білдіреді? Бұл салық төлеушілер үшін
экономикаға позитивті тенденцияға әкеледі, Қосылған құн салығы бойынша
бюджет пен есеп айырысу айсайынғы нәтиже бойынша жүзеге асқандықтан бұл
бюджетті аванстаушы салық болып табылад. Қосылған құн салығы жарнасының
төмендеуі, әсіресе кейбір кәсіпорындардың сауда-өндірістік циклі үш айдан
астам уақыт болса және тірі еңбек үлесі жоғары болса. Қосылған құн
салығының жарнасының төмендеуі бұндай кәсіпорындарға айналым құралдарын
үнемдеуіне және салықтық ауыртпашылықтың төмендеуіне мүмкіндік береді.
Қосылған құн салығының төмендеуі жағдайында салықтөлеушінің
ісқимылының екі көрінісі бар.
Бірінші көріністе бағаны өзгертпей салықтөлеушілерде қалатын табыс
бөлімін көбейтуге болады. Бұл бірінші көрініс психологиялық түрде, Қосылған
құн салығының төмендетілген жарнасы алғашқы енгізілген уақыттың бірінші
күндерінде іске асады. Қосылған құн салығы бойынша төлемдердің азайтылуына
байланысты салықтөлеушілер қосымша табысты иеленеді.
Екінші көрініс бойынша қосылған құн салығы жарнасының төмендеуі
кезінде салықтөлеуші өткізу нарығын кеңейту, бағаның төмендету, өндіріс
көлемін кеңейту және нарықта қатысу үлесін көбейту стратегиясын қолданады.
Осы көрініс бойынша қимылдайтын тұлғалар бағаны төмендететін, өндіріс
көлемін кеңейту есебінде белсеңді саясат жүргізеді. Екінші көріністе
экономиклық бәсекелес секторларында байқауға болады, әсіресе құрылыс және
қызмет көрсету сферасында байқалады. Ал монополиялар немесе Қазақ
Республикасының территориясындағы алтернативасы жоқ өнімдерді өндірістін
кәсіпорындар, бағаны төмендетпей салықтың жарналардың төмендетуінен қосымша
табысқа ие болады.
Жалпы импорт 4(-ға төмендеді өйткені оның үлкен үлесіне шикізаттар,
материалдар және жабдықтар кіреді, бұл жағдайды жайлы деп есептеуге болады.
Импорт бойынша келетін шикізат пен материалдардың бағасының арзандауы,
өндірістің арзандатылуына және өзіндікқұнның төмендетуіне әкелуі тиіс.
Сонымен қатар шикізат және материал өндірушілері бәсекеге қабілетті болу
үшін бағаны төмендетуге және өткізу нарығын кеңейтуге мажбүр болады. Осы
нарық сегментіндегі сұраныс тұрақты болғандықтан және жеткізу жақсы
ұйымдастырылған-дықтан бәсекеге байланысты бағаның арзандатылуы тез арада
байқалады. Осы құбылыс тендерлерде көрінеді. Тендерлерде ұсынылатын бағалар
сәйкесінше Қосылған құн салығы жарнасының төмендеу мөлшеріне қысқаруы тиіс.

Осы жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілердің 14 бөлігі бағаны
арзандатып және белсеңді түрде тауарларын нарыққа ұсынады. Тағы 25(-ы бұны
кейіндеп жүзеге асырады, ал қалған жартысы Қосылған құн салығы жарнасының
төмендеуі есебінен табыстарын қалыптастырып инвестициялық бағдарламаларын
жүзеге асырды және еңбек ақының өсуін қамтамасыз етуге тырысады.
Қазақ Республикасының тұрғындарының түпкі тұтыну көлемі жылына 1,5
трлн. теңгеге қызметтер мен тауарларды құрайды.
Бұрынғы уақыттарда қосылған құн салығы 10(-дық жарнасы кезінде
халықтың шығындарының 16 бөлігі немесе 250 млрд. теңге мемлекеттік
бюджетке келіп түсуі керек болатын, бірақта жылдық түсімдер 90-110 млрд.
теңге құрайтын бұның бәрі Қосылған құн салығын төлеушілердің өндірістік
қуаттылықты жасыру мен және көлеңкелі экономиканың үлкен көлемде болуымен
байланысты.
Қосылған құн салығының төмендеуі ресми емес экономиканың бір бөлігі
ресми экономикаға өтуге итермелеуші болу керек. Жаңа салықтың кодексте
ресми экономиканың ұлғаюына жайлы жағдай жасайтын көптеген шаралар
қолданған. Бұның бәрі құрылыс, транзит қызметтері, аграрлы тауарларды
өңдеу, туризм сфераларына қатысты.
Қосылған құн салығы жарнасының төмендеуі нәтижесінде
экономика жағымды эффектіні сезінуі тиіс, неғұрлым ол тез жүзеге асса,
сағұрлым жақсы болады. Осы кезеңде белгілі бір уақыт аралығында, мүмкін ол
2 айдан 5 айға дейін, мемлекеттік бюджетке Қосылған құн салығы бойынша
түсімдердің қысқаруы күтілуде, себебі осы уақытқа дейін тауарлы-
материалдарды ресурстар 20(-дық жарна бойынша сатып алынған.
Жолдағы тауарлар жөнінде де айта кету керек. Егер тауарлар 20(-дық
жарна бойынша сатылып алынса және ол тауарлар ұзақ жолда болса 2001 жылдық
1 шілдесінен бастап олар 16(-дың жарна бойынша енеді. Ал 4(-ы қайтарылуға
немесе келешектегі төлемдерден шегерілуге тиіс.
Қосылған құн салығын төлеушілері 1 шілдеге дейінгі уақытында барлық
тауар-материалды қорларын, негізгі құралдарын және материалдық емес
активтерін тіркеу тиіс. Осы күні теріс сальдосы бар салықтөлеушілері де,
осы қалдықтарды өндіру немесе өткізу барысында бюджетке төленуге тиісті
Қосылған құн салығын төмендетіп аударады. Әлеуметтік шығындар бойынша
бюджеттен қаржыландыру жоспарлы және бір қалыпты болғандықтан бюджетке
қосылған құн салығының түсуінің бірқалыптылығы маңызды.
1998 жылы Қазақстандық тауардың бәсекелестік қабілеттілігін
қамтамасыз ету мақсатында, аграрлық өндірістің 10(-ң жарна енгізілді. Бұл
жарна 7-8 негізгі позицияға бөлінді. Бірақта әр жарты жыл сайын үтір арқылы
тауар аттары қосыла берді, нәтижесінде бұл тізім шексіз өсіп кетті. Бұл
жағдай қосылған құн салығын әкімшіліктендіру бойынша жұмыстарды қиындатты
және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жағдайын да күрт
қиындатты, өйткені бұл кәсіпорындар электр қуаты жабдықтарды, жанармайды,
көлік және коммуналды қызметтерді 20(-дық жарна бойынша сатып алып, ал
өңделген өнімдерін 10(-дық жарна бойынша өткізетін. Сондықтан, сатып
алынған Қосылған құн салығы сатылған Қосылған құн салығынан әлде қайда
жоғары болатын, ал оның айырмасы өзіндік құнға жататын. Егер өңдеуші
кәсіпорындар бағаны шексіз көтере алса, онда барлық шығындарын жабатын еді,
бірақта олар оны жасай алмайды, өйткені нарықтағы ұсыным бағасы сұраныммен
шектеледі. Сонымен қатар бағаның деңгейі халықтық төлемдік қабілеттілігіне
байланысты.
Қосылған құн салығының жарнасы 10-дан 16-ға өсуі, бағаның 6(-ға өсуін
білдіреді. Бұл олай емес. Неге? Өйткені бюджетке "сатып алынған" қосылған
құн салық пен "сатылған" қосылған құн салығының арасындағы сальдосы
аударылады. Ал ауыл шаруашылығында қосылған құн салығының жеңілдіктері
болғандықтан, онда ауыл шаруашылық өнімді өндірушілерде өзіндік құнды 4(-ға
өсіруге тура келеді, ал қалғаны жеңілдік түрінде қалады. Егер баға 1(-ға
жоғарыласа, онда бұл қосымша құралдардың 1,5(-ы болады. Дұрыс санай алатын
адам өткізу бағасын 6(-ға жоғарлатпай оны 1,5(-ға жоғарылатады.
Неге қосылған құн салығы бойынша ортақ жарна 1 шілдеде енгізілді?
Өйткені, жаздың күні барлық аграрлы өнімнің ұсынысы күшейеді. Аграрлы
өнімге баға жаздың күні елеулі төмендейді. Бұның бәрі аграрлық секторындағы
өнім бағасының өсуіне ешбір экономикалық негіздің жоқтығын білдіреді.
Бүгінгі күні қосылған құн салығы бюджеттен қайтарылуы негізгі өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жұмыс негізгі үш бағытта атқарылады:
- нормативті - құқықтың базалық жетілдірілуі;
- сәйкес категорияны қарастырудың сот тәжірибесіне талдау;
- салықтың әкімшіліктендірудің эффектілігін көтеру.
Нольдік жарна бойынша айналымдардан қосылған құн
салығын қайтару мәселелерінің анықтаушы қозғаушысы – жалған жадылған шот-
фактуралар олардың арқасында мемлекеттік бюджеттен ешбір кедергісіз
қосылған құн салығының сомасынқайтарып алады.
Бұл шот-фактуралар бойынша Қосылған құн салығы еш уақытта төленбейді,
бірақта салықтық ұйымдар Қосылған құн салығын қайтаруға тиіс.
2001 жылы 23 қаңтарына дейінгі заңға сәйкес Қосылған құн салығын
қайтаруға ұсынылған сомалардың шындығын тексеру барысында, егер шот-
фактураны жазған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаржыларын қалыптастырудағы салық комитетінің қызметіне талдау
Корпоративтік табыс салығының есебі
Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні
Ауыл шаруашылығына салық салудың теориялық негіздері
Қосымша құн салығы: есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері
Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі
Импроттық айналым салығы салынатын тауарлар
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі
Жанама салықтардың дамуы
Пәндер