Қосылған құнға салынатын салық туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қосылған құнға салынатын салық. 2
2. ҚҚС ставкасының азаюы. 3
3. Ортақ ҚҚС 5
Қорытындының орнына 6
Қолданылған әдебиет: 8

1. Қосылған құн салығы

Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) жанама салықтардың бiрi болып
табылады. Экономист ғалымдар бұл салықты тұтынушыларға салынатын салық деп
те атайды. ҚҚС өзiне тән ерекшелiктерiн сипаттасақ: Бiрiншiден, олар
тауарлардың (атқарылатын жұмыс, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағасына заңда
белгiленген ставкамен қосылғандықтан нақты салық төлеушi сатушы емес, сатып
алушы болып табылады; екiншiден, тауар өндiрушiден (Жұмыс атқарушы, қызмет
көрсетушi) ҚҚС соммасы қосылған тауарды алу кезiндегi шығындарына салық
соммасын қосып қайтадан сатқандықтан тауарлардың бағасы күрт өсу
тенденциясы байқалады; үшiншiден, тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) бағасы
мен тарифiне қосылғандықтан және бұл салықтан жалтару қиын болғандықтан
мемлекеттiк бюджетке айтарлықтай мөлшерде мол түсiм түсiредi, яғни
экономикалық дағдарыс пен өндiрiстердiң құлдырауы кезеңiнде бұл салықтың
маңызы артады.
Сондықтан, ҚҚС кеңiнен таралған жанама салықтар түрiне жатады. заң
жүзiнде ққс туралы мынадай ұғым берiлген: ҚҚС, дегенiмiз – тауар өндiру,
жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процессiнде
қосылған құн өсiмiнiң бiр бөлiгiнiң бюджетке аударымы, сондай-ақ ҚР
аумағында тауар импорттау көздерiне жасалатын аударым.
Бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар
немесе көрсетiлген қызметтер үшiн төлеуге тиiс (төленген) ҚҚС соммасының
арасындағы айырма ретiнде анықталады. ҚҚС бойынша есепте тұрған немесе
тұруға мiндеттi кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар
салық төлеушiлер болып табылады.

2. ҚҚС ставкасының азаюы.

Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық
өмiрiндегi ең өзектi мәселе бұл ҚҚС ставкасының азаюы.
2001 жылының 1 июлiнен бастап, 1.05.01 – ғы Салықтар мен бюджетке
төленетiн өзгеде мiндеттi төлемдер туралы Заңға өзгертулерге байланысты ҚҚС
барлық салық төлеушiлер үшiн 16% болды.
Осындай өзгерiстерге сәйкес, мемлекеттiк бюджеттi қорғау үшiн заң
ерекше әкiмшiлiктендiру тәртiптерiн орнатады
1. Барлық ҚҚС төлеушiлер 1.07.01 кешiкпей салық органдарына ҚҚС туралы
декларацияны тапсыруымен қатар, тауарлық-материалдық запастардың
1.07.01 дейiнгi қалдықтары туралы мәлiметтер берiлуi керек. Бұл
талаптар орындалмаса 1.07.01 дейiнгi запастарға ҚҚС азаймайды.
ҚҚС-тың ставкасының азаюы бойынша “PANORAMA” газетiнiң О. ХЕ
журналистiнде мынадай сұрақ туды неге 16%, егер еске 2002 жылы ҚР
өзiнiң ең көп мөлшердегi қарыздарын өтеу мiндетiн ескерсек.
Одан басқа ҚҚС пен әлеуметтiк салық азаюының мемлекеттiк бюджетке
әсерi мен реалды сектордың қашан дамуын күтуге болады деген
сұрақтар да туындайды. Бiрақ бұл экономика саласындағы сұрақтар.
2. Салық төлеушiлермен берiлген мәлiметтерге негiзделiп салық
органдары сатылған тауар (орындалған жұмыс немесе көрсетiлген
қызмет) үшiн ҚҚС төленуiн бақылайды. Салық төлеушiлер ай сайын
тауарлық-материалдық игiлiктердiң 1.07.01 дейiнгi қалдықтарын
пайдалану туралы мәлiметтердi салық органдарына 1.01.02 ж. дейiн
берiп отыруы тиiс.
3. ҚҚС төлеу бойынша қарыздардың өспеуi үшiн оны өтеу мерзiмi 0%
ставка бойынша 90 күнге ұзартылуы мүмкiн.
4. Жер қойнауын пайдаланушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының қызмет ету мәселелері
Жанама салықтардың даму тарихы
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі
Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған құнға салынатын салықтың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың қалыптасуы мен дамуының алғы шарттары
Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың құрлылу негізі және қызмет ету механизмі
Қосымша құн салығы: есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері
Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері
Қосылған құн салығы
Пәндер