ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ. САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КIРIСПЕ 2
САЛЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТI 2
САЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРI 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ 5
Мемлекеттiк баж 7
САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 10
Салық заңдарының қолданылуы 10
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 12

КIРIСПЕ

Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке
тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмдi түсетiн мiндеттi
төлемдер болып табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын
экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәнi мынада:
- бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн
көрсетедi;
- екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының
белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтаудың
қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және
мемлекеттiң өмiр сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып
табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi қашан да болса оның
салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. Әрбiр
мемлекетке өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi
бiр мөлшерде қаржы көздерi қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзi.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады.
Салық ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi
қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде салық
ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемде және белгiлi бiр уақытта
түсетiн мiндеттi төлем ретiнде.

САЛЫҚТЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТI

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын
түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Салықтардың мынадай негiзгi қызметтерi (функциялары) бар.
- фискалдық;
- реттеушiлiк;
- бақылаушылық.
Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет.
Бұл қызмет арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып,
салықтардың қоғамдық мiндетi артады. Себебi, салықтар мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, тағы
басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық
көздер – салықтар.
Салықтардың екiншi маңызды қызметi ол, реттеушiлiк қызметi.
Реттеушiлiк қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның
iшiндегi негiзгi тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi.
Салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана
қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк инвесторларды
ынталандыру, шағын және кiшi кәсiпкерлiктi дамыту жұмыстарын жүзеге
асыруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару
үшiн олардың басқа да экономикалық тетiктерiмен тығыз байланыста
болуы керек.
Салық механизмiн, оның iшiнде салық ставкаларының деңгейiн
зерттеген ғалымдатдың тұжырымдары мынаны дәлелдейдi:
- егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан
асып кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуына әкелiп соқтырады;
- егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында
болса, онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi;
- егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi
аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.
Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазiргi кездегi
ставкасы 30%, ал ауылшаруашылығындағы өндiрiс орындары үшiн 10%.
Салықтардың келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық қызметi, яғни
салықтық бақылау.
Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы салық механизмiнiң қызмет
етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау
iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет саясатын жетiлдiру жолдары
қарастырылады. Салықтық бақылауды тиiмдi жүргiзу арқылы салықтық
тәртiптi қатаң сақтау, салық төлеушiлердiң заңға сәйкес төлейтiн
салықтары мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп отыруы
қамтамасыз етедi.

САЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРI

Салық механизмiнiң қызметi белгiлi қағидаларға сүйенiп iске
асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексi салық iсiн мынадай
қағидаларға негiзделiпжүргiзiлуiн талап етедi:
- мiндеттiлiк қағидасы бойынша салық төлеушi салықтық мiндетiн
толық және белгiленген мерзiмде орындауы тиiс.
- нақтылық қағидасы бойынша ҚР-дағы бюджетке төленетiн төлемдер
мен салықтар нақты болуы тиiс.
- әдiлеттiлiк қағидасы бойынша ҚР-да салық салу жалпыға бiрдей
және мiндеттi болады, жеке түрдегi жеңiлдiк жасауға рұқсат
етiлмейдi.
- бiртұтастылық қағидасы бойынша ҚР аумағында жалпыға бiрдей
салық жүйесi қолданылады.
- жариялық қағидасы бойынша салықты реттеушi нормативтiк құқықтық
кесiмдер ресми басылымдарда жарық көредi.
Салық iсiн тиiмдi ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгiлi
топтарға бөлiп жiктеймiз:
1. Салық салу объектiсiне байланысты;
2. Қолдануына қарай;
3. Салық салу органына байланысты;
4. Экономикалық ерекшелiгiне байланысты;
5. Салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай;
Салық салу объектiсiне қарай салықтар тiкелей және жанама
салықтар болып жiктеледi.
Тiкелей салықтар тiкелей табысқа немесе мүлiкке салынады.
Тiкелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
- Корпорациялық табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Жер салығы;
- Көлiк құралдарына салынатын салық және т.б.
Жанама салықтардытұтынушы төлейдi. Тауар немесе қызмет бағасына
алдын ала салық енгiзiлетiндiктен, iс жүзiнде оны бюджетке сатушы
аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгiсiне қарай салықтар жалпы
және арнайы болып жiктеледi.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады.
Оған корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және
т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгiленген нақты
шараларға жұмсалады. Мысалы, көлiк құралдарына салынатын салық жол
қорын құруға жұмсалады.
Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттiк және
жергiлiктi болып бөлiнсе, экономикалық белгiсiне қарай табысқа
салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жiктеледi.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушiнiң кез келген салық
салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан алынады. Олардың санатына
мына салықтар кiредi: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.
Тұтынуға салынатын салықты салық төлеушi тауар немесе қызмет
құнын төлеген кезде төлейдi. Оған қосылған құнға салынатын салық
пен акциздер жатады.
Салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай салықтар нақтылы
және дербес болып бөлiнедi.
Нақтылы салықтар салық төлеушiнiң салық салынатын объектiсiнiң
сыртқы белгiсiне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлiк салығы
жатады.
Дербес салықтар салық төлеушiнiң салық салынатын объектiсiнен
алатын табыс мөлшерiне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс
салығы, жеке табыс салығы жатады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

Салық жүйесiн мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық
механизмi, яғни салық салу әдiстерi мен тәсiлдерi, жолдары, салық
заңдары мен салыққа қатысты кесiмдердiң, салық қызметi органдарының
жиынтығы құрайды.
Салық жүйесi мемлекет қаржы көздерi жасаудың ең негiзгi құралы
болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып
дамуына және саяси әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына
мүмкiндiк туғызады. Елiмiздiң салық жүйесiнiң дамуын төрт кезеңге
бөлiп қарастыруға болады.
- 1 кезең (1992-1995жж.) – жаңа салық жүйесi базисiнiң, салық
кезеңiнiң өңделуi және iске қосылуы;
- 2 кезең (1996-1998жж.) – нарықтық экономика талаптарына сай
келетiн салық жүйесiн құруды аяқтау;
- 3 кезең (1998-2000жж.) – барлық қағидалардың ескерiлуi арқылы
салық жүйесiне өзгерiстер мен толықтырiларды енгiзу, салық жүйесiн
одан әрi детiлдiру;
- 4 кезең (2001-2002жж.) – Жаңа Салық Кодексi қабылданып, iске
қосылды.
ҚР-дың 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған ҚР-дағы Салық
жүйесi туралы Заң тәуелсiз салық жүйесiн құрудың ең алғашқы
бастамасы болып табылды. Бұл елiмiздiң экономикасын реформалаудағы
күрделi жұмыстардың бiрi болып саналады. Осы кезеңдерде елде
көптеген өзгерiстер болды және экономиканың дамуына көптеген
құбылыстар, атап айтқанда, меншiктiң көптеген түрлерiнiң дамуы,
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет арасындағы
қатынастардың құқықтық негiзде жүргiзiлуi және т.б. қбылыстар iске
аса бастады.
Осы Заң бойынша алғаш рет ҚР-да 42 салық түрi қызмет еттi
және олар 3 топқа бөлiндi:
- жалпы мемлекеттiк салықтар – 10,
- мiндеттi түрде төленетiн жергiлiктi салықтар мен алымдар – 11,
- жергiлiктi салықтар мен алымдардың 18 түрi.
Бұл салықтардың негiзiн табыс салығы, пайдаға салынатын салық,
қосылған құнға салынатын салық, жер салығы және т.б. салықтар
құрады.
Алғшқы салық жүйесiнiң көптеген кемшiлiктерi де болды. Атап
айтқанда, басқа елдерге қарағанда бiздiң салық жүйемiздiң жинақталған
ғылыми және практикалық тәжiрибелерiнiң жеткiлiксiздiгi, салық
түрлерiнiң көптiгi, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс
қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсiз берiлген жеңiлдiктердiң
көптiгi, т.б. Осыдан келiп елiмiздiң салық жүйесiн реформалаудың
қажеттiгi туындады. Қазақстан Үкiметi 1992 жылдың басында салық
жүйесiн кезеңдi түрде реформалаудың концепциясын қабылдады.
Аталмыш концепцияны iске асырудағы негiзгi кезең болып ҚР
Президентiнiң 24.04.95 ж. ғабылдаған Салық және бюджетке төленетiн
басқа да мiндеттi төлемдер туралы Заң күшi бар Жарлығы табылады.
Ол 1995 ж. 1-шi шiлдесiнен бастап iске қосылды, нәтижесiнде бұрын
қызмет еткен 42 салық түрiнiң орнына 11 салықтар мен алымдар
қызмет ететiн болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша елiмiздiң салық
жүйесi нарықтық қатынастар талабына бiршама бейiмделiп, халықаралық
тәжiрибеге мейлiнше жақындатылды.
1999 жылы салық жүйесi 5 рет күрделi өзгерiстерге ұшырады.
Осыған орай 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап ҚР-да 17 түрлi салықтар
мен алымдар қызмет еттi.
4-шi кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа Салық Кодексi
қабылданып, 2002 ж. 1-шi қаңтарынан бастап iске қосылды. Салық
Кодексiнде ҚР-да қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1
мемлекеттiк баж, 4 кедендiк алым белгiленген.
Жаңа Салық Кодексi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетпен есеп айырысу жайлы
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Мұнай газ саласындағы салық салу: түсінігі мен түрлері және ерекшеліктері
Салық құқығының түсінігі және оның пәні. Салық құқығының жүйесі, қайнар көздері
Мемлекеттiң салықтық қызметі
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасуы және даму кезеңдері
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық жүйесін бір жүйеге келтіру
Пәндер