Қазақстан турбазалары және курорттары
Қазақстан турбазалары және курорттары
“Алма-Тау” туристік базасы.
Алматы қаласынан 25 км қашықтықта Қотыр бұлақ шатқалының теңіз
деңгейінен 1850 м биіктікте орналасқан. Турбаза 1972 ж. салынды, 410 орын,
оның 210 орны жыл бойы туристерді қабылдайды. Горельник арқырамасына,
Бутаковка, Талғар, Кіші Алматы, Үлкен Алматы шатқалына, Тұйық су, Туристов
мұздықтарына, Алматы қаласына, жақын арадағы мұражайларға, театр,
кинотеатр, филармонияға экскурсиялар жүргізеді.
“Көлсай” турбазасы.
Алматы қаласынан шығысқа қарай 270 км қашықтықта, теңіз деңгейінен
2500 м биіктікте Қарқара өзенінің бойында орналасқан. 100 орынды турбаза
туристерді жазда ғана қабылдайды. Қоршаған орманда саңырауқұлақтар, жеміс-
жидектер, дәрілік өсімдіктер өседі. Осындағы Көлсай көлі, климаты, өзеннің
таза суы дем алуға қолайлы жағдай туғызады. Экскурсиялық қызметіне “Сказка”
шатқалы (жаяу экскурсия) мен Көлсай көлі (автобустық экскурсия) кіреді.
“Ой-Жайлау” турбазасы.
Еңбекшіқазақ ауданының Түрген шатқалында, теңіз деңгейінен 2300 м
биіктікте орналасқан. Экскурсия қызметіне мынадай автобустық экскурсиялар
кіреді: Есік қалашығы – тарихи археологиялық мұражайы. Сонымен бірге арнайы
туристік құрал-жабдықтары барларға турбаза мынадай маршруттарды ұсынады: №1
– 8 күндік, Турбаза – Аманжол асуы – Шелек өзені-Құрметті асуы (Көлсай
көлі)-Сарыбұлақ асуы-Ыстық көл. Маршруттың жалпы ұзындығы – 150 км.
№2-6 күндік, Турбаза-Ассы асуы-Ақпеш асуы. Маршруттың ұзындығы – 80
км.
№3, Турбаза –Үлкен және Кіші Қара Арша – Үшбұлақ – Ассы
обсерваториясы. Маршруттың ұзындығы 70 км.
№4-3 күндік, Турбаза – су сарқырамасы. Маршруттың ұзындығы 20 км.
“Хан тәңірі” турбазасы.
Іле Алатауында, Нарынқол ауылынан 8 км қашықтықта, теңіз деңгейінен
2100 м биіктікте орналасқан.
Қыс айларында шаңғы аспалы жолы жұмыс істейді. Арнайы туристік құрал-
жабдықтары барларға турбаза мынадай жорықтарды ұйымдастырады:
1. 4 күндік Хан тәңірі шыңының көрінісі.
2. 1-2 күндік Баянкөл өзенінің бойымен жүру.
“Шымбұлақ” биік таулы шаңғы комплексі.
Іле Алатуының Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 2200 м
биіктікте орналасқан. Ауаның орташа температурасы жазда +20 C, қыста –7 C,
қардың қалыңдығы 1,8 м, ал ашық күндердің саны – 89%
Осындағы аспалы жолдың көтерілу жылдамдығы мен үлкендігі жағынан
дүние жүзінің күрделі аспалы жолдардың ондығына кіреді.
Маманданған инструкторлардың қарауында туристер шаңғы спортында
алғашқы қадамдарды жасап, шаңғы спортының өміріне араласады.
Канатты жолдар 2 орныды болып келеді. Бұл жолдар сіздерді теңіз
деңгейінен 2300 м биіктіктен 3200 м биіктікке алып көтереді.
Сіздерге арналған комфортабельді қонақ үй, бар, кафе, сауна, аспалы
жолдар, спорттық алаңдар, теннистік корт, шаңғы мен туристік құрал-
жабдықтарды жалға беру пукті, мамандырылған инструкторлар, көлік пен
автотұрақ бар. Қонақ үй бөлмелері дәретхана, ванна, душ, теледидар,
мұздатқышы бар 2 орынды болып келеді. Сенбі, жексенбі және мейрам күндері
сағат 11-00 Медеуден Шымбұлаққа дейін №6 автобус қатынайды.
“Жалын” турбазасы.
Алакөл Қазақстанның шығысында теңіз деңгейінен 343 м биіктікте
орналасқан. Оның ұзындығы 104 км, ені 52 км, ал ауданы 2076 шаршы км-ге
дейін жетеді. Көлдің орташа тереңдігі 22 м, ал ең терең жері 45 м. Алакөлге
құятын Ұржар, Қатынсу, Емел өзендерінің ағысы секундына –94,2 кмкуб.
Бұл регионның климаты континентті. Орташа жылдық ылғалдылығы 200-250
мм. Қыста мұздың қалыңдығы 1 м жетеді, ал жазда судың орташа температурасы
21-23,2 С.
Көл суының минералды тұздылығы – 1,1 гр л-ден 2 грл-ге дейін, тек
кейбір жерлерде 8-9 грл. Сонымен бірге бұл көлде сазан, судак, т.б.
тіршілік етеді. Көлдің жағалауында көптеген емдік минералды және балшықты
бұлақтар бар.
Сіздерге арналған 2,3,4,5, орынды номерлері бар корпустар мен
коттедждер жұмыс істейді. Базаның территориясында катер, қайық, су
велосипедтерін жалға беру қызметтері ұсынылады. Осында демалуға барлық
жағдайлар бар: таулы жорықтар, балық аулау, волейболдық, баскетболдық,
футболдық алаңдар; монша, сауна, массаж; 200 орынды асхана; кешкі мезгілде
әр түрлі тағамдар ұсынатын кафе, т.б.
Осында демалушылардың қауіпсіздігін сақтап, көлік тұрақ пен жаға-
жайларды күзетеді.
“Премьер-Медеу-Интернэшнл” қонақ үйі.
Алматы қаласының орталығынан 15 км қашықтықта, аэропорттан 50
минуттік жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 орын (оның ішіңде 3-і люкс) бар;
Олардың барлығында халықаралық байланысы бар телефондар, теледидар, мини
бар орнатылған. Бұл қонақ үйдің маман кадрлары сіздің сұранысыңызды
қанағаттандырып, жақсы демалыс алуға мүмкіндік береді. Осында 2 конференц
зал бар (10-80 адам); Европалық пен шығыс тағамдары бар ресторан мен кафе-
бар жұмыс істейді. Қонақ үйді қоршаған Медеу шатқалында шаңғы және коньки
тебу маусымы қарашадан сәуірге дейін созылады. Осыдан басқа қонақ үйден 30
м қашықтықта бассейн орналасқан.
“Премьер-Алатау” туристік қонақ үйі.
Алматы қаласында 1974 ж. салынды. Қазіргі кезде 5 люкс, 5 жартылай
люкс, халықаралық үлгіге сай 73 жәй номерлер, барлығы 83 номер пайдалануда.
Әр бөлмеде кондиционер, теледидар, телефон, мини бар бар.
Шығыс Қазақстан облысында 3 туристік шаруашылықтың объектілері жұмыс
істейді: турбаза, туристік қонақ үй мен жылқымен айналысатын туристік
қабылдау.
“Альпийская бухта” турбазасы.
Өскемен қаласынан 120 км қащықтықта Қолба жотасындағы Бұқтырма су
бөгенінің жағалауында, теңіз деңгейінен 500 м биіктікте орналасқан. Турбаза
1973 ж. құрылып, 450-дей туристерді қабылдай алады. Негізінен Маусым айынан
Қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Осында: 250 орынды асхана (дәрменшілер
қызмет көрсетеді), клуб, кинозал, спорттық алаңдар, бильярд, жабдықталған
жаға-жай, қайық станциясы, медициналық көмек көрсету орны, шаштараз,
“Сувениры” киоскісі, қойма бар. Турбаза 1 күндік жергілікті туристік
маршрутымен жорық, 9-14 күндік Марқакөл көліне, Белуханың етегіне саяхат,
Бұқтырма өзенімен сырғанау, 2-категориялы жорықтарды ұйымдастырады. Оған: 7
жасар баласы бар ата-аналар, оқушылар, жас өспірімдер қатысады.
“Турист” қонақ үйі.
Өскемен қаласында 1976 ж. салынды. 259 орынды қонақ үй жыл бойы жұмыс
істеп келеді. 5 қабатты корпуста 2 және 3 орынды бөлмелер бар. Соеымен
бірге 280 орынды ресторан жұмыс істейді.
“Ульбинка” жылқымен айналысатын туристерді қабылдау орны. Бұл
Өскеменнің “Турист” қонақ үйінің құрметіне жұмыс істейді. Атпен өтетін
маршрутына бақылау жасап, қызмет көрсетеді. Негізінен 30 орынды болып
келеді. 1982 ж-дан бері Облыстың әсемді жерелерінен өтеді.
“Қарқаралы” турбазасы.
Қарқаралыдан 3,5 км, көлден 1 км қашықтықта орналасқан. 1961 ж.
салынған. Осында маусымдық 300 орын, оның ішінде 200 орын жазғы үйлерде, ал
100 орын палаткаларда орналасқан. Жазғы үйлерде 2 орынды бөлмелер, ал
палаткада 4 адамнан алады. Негізінен масымнан қыркүйекке дейінгі мерзімде
істейді.Турбазада 240 адамға арналған асхана, кафе, клуб, туристік кабинет,
кітапхана, спорттық және балаларға арналған ойын алаңдар, туристік құрал-
жабдықтарды жалға беру пункті, сақтау орны, жеңіл автомобиль үшін автотұрақ
бар. Турбаза 1 күндік жергілікті туристік маршрт бойынша серуендер, 8-10
күндік жорықтар ұымдастырады. Оған 7 жасар балалар мен олардың ата-аналары
қатыса алады. Туристер Қарғалыға экскурсия жасап, Н. Абдиров атындағы
мұражайды көріп, Пашенное көліне барып, шайтанкүл, бассейн, ерте күндегі
өмір сүрген адамдардың үңгіріне барып, саяхат жасайды.
“Турист” туристік қонақ үйі.
Қарғанды қаласында 1974 ж. салынды. Осында жыл бойы 265 орын жұмыс
істейді. Барлық жағдайы жасалынған 2 және 3 орынды бөлмелер 5 қабатты
корпустарда орналасқан. Сонымен бірге 40 адмға арналған ресторан, бар,
кинозал, спорттық алаң, ойын автоматтары, шаштараз, сақтау орны,
халықаралық телефон байланысы, “Союзпечать” пен “Сувенир” киоскілері бар.
Оңтүстік Қазақстанда мынадай екі туристік мекеме бар:
“Оңтүстік” турбазасы.
Шымкент қаласынан 70 км, ал Ленгерден 30 км қашықтықта, Тянь-Шаньнің
Бадам шатқалында орналасқан. Турбазаның территориясымен Бадам өзені ағып,
арша, өрік, жаңғақ ағаштары қоршап жатыр. Мамырдан қыркүйекке дейін 300
орын істейді. Турбазада 180 орынды асхана, кафе, туристік кабинет,
кітапхана, жаздық кинотеатр, спорттық және балаларға арналған ойын алаңдар,
ашық бассейн, бильярд, туристік құрал-жабдықтарды жалға беру пункті, сақтау
орны бар. Турбаза 1 күндік туристік серуендер, көп күндік жаяу жорықтар
өткізеді. Оған 7 жасар баласы бар ата-аналар қатыса алады. Шымкент,
Ташкент, Түркістан қалаларына экскурсия жасайды.
“Турист” туристік қонақ үйі.
Шымкент қаласының орталық көшенің бойында 1973 ж. салынды. Осында жыл
бойы істейтін 5 қабатты корпустарда орналасқан 2-3 орынды бөлмелер (жалпы
251 орынды) және 240 орынды ресторан бар.
Осындай екі-ақ мекемелері бар облыстарға Солтүстік Қазақстан мен
Павлодар кіреді. Бұл облыстарда “Достық”, “Турист” туристік қонақ үйлері
мен “Золотой бор”, “Баянаул” турбазалар бар
“Золотой бор” турбазасы.
Көкшетау қаласынан 70 км қашықтықта 1965 ж. салынды. Турбазаның 510
орынның ішіндегі 100 орын жыл бойы істейді, ал қалған 410 орын жазғы
үйлерде орналасқан. Корпустарда 3 және 4 орынды бөлмелер, ал маусымды жұмыс
істейтіндері 2 және 3 орынды болып келеді. Сонымен бірге, осында 170 орынды
асхана, буфет, туристік бөлім, кітапхана, теледидарлық бөлме, балаларға
арналған ойын және спорттық алаңдар, жаға-жай, туристік бөлім, туристік
құрал-жабдықтарды жалға беру пункті, сақтау орны бар. Турбаза 1 күндік
туристік серуендер, 3-5 күндік жаяу, су жорықтарын ұйымдастырады. Оған 7
жастан үлкен балалар мен олардың ата-аналары қатыса алады. Туристер
Көкшетау қаласына, курорт бойымен, жақын арада орналасқан мұражайларға,
кинотеатрларға, мәдениет үіне стадиондарға экскурсия жасай алады.
“Лесная” турбазасы
Қостанай қаласынан 35 км қашықтықта жасанды көлдің жағалауында 1969
ж. салынды. Осындағы 400 орынның ішіндегі 340 орны жазғы үйлерде, ал 60
орны палаткаларда орналасқан. Турбаза маусым айынан тамызға дейін
туристерді қабылдайды. Корпустағы номерлер 2 және 4 орынды ал палаткалар 4
орынды. 240 орынды асхана, клуб, балаларға арналғанйын және спорт алаңдары,
жаға-жай, қайық станциясы, туристік құрал-жабдықтарды жалға беру пункті,
медициналық пункт, жеңіл көлік үшін автотұрақтар бар. Турбаза жергілікті
туристік маршрут бойынша 1 күндік серуендер мен 4-6 күндік жаяу жорықтар
ұйымдастырады. Оған 7 жастан бастап балалар қатыса алады. Туристер
турбазаның маңына, Қостанай, Рудный қалаларына экскурсия жасайды.
“Баянауыл” турбазасы.
Баянауыл ауылынан 12 км, ал Павлодар қаласынан 240 км қашықтықтағы
Жасыбай көлінің жағалауында 1962 ж. құрылды. Осында маусымды жұмыс істейтін
240 орын бар. Негізінен маусым айынан қыркүйекке дейін туристерді
қабылдайды. Корпустағы номерлер 3, 4 орынды, ал коттедждерде 2 орынды.
Сонумен бірге 120 орынды асхана, туристік кабинет, кітапхана, балаларға
арналған ойын және спорттық алаңдар, ойын автоматтары, қайық станциясы,
туристік құрал-жабдықтарды жалға беру пункті, медициналық пункт, қаларалық
телефон байланысы, жеңіл көлік автотұрағы, аттарды жалға беру пункі бар.
Турбаза жергілікті туристік маршрут бойынша 1 және 2 күндік Торайғыр
көліне туристік жорықтар, 8 күндік Баянауыл ауылы бойынша жорықтарды
ұйымдастырады. Оған 7 жастан бастап балалар мен ата-аналары қатыса алады.
“Орал” турбазасы. Орал қаласынан маңында 1969 ж. құрылды. Жазғы
үйлерде маусымды 400 орын жұмыс істейді. Маусым айынан қыркүйекке дейін
туристерді қабылдайды. Осындағы номерлер 2, 3 орынды. 320 орынды асхана,
буфет, клуб, туристік кабинет, кітапхана, спорттық алң, жаға-жай, қайық
станциясы, туристік құрал-жабдықтарды жалға беру пункті, медициналық пункт
бар. Турбаза жергілікті туристік маршрут бойынша серуендер, 3-5 күндік жаяу
мен су жорықтарын ұйымдастырады. Оған 7 жастан бастап оқушылар, жас
өспірімдер мен ата-аналар қатыса алады. Туристер Орал қаласының мұражайына,
кинотеатрларына, мәдениет үйлерге, стадиондарға экскурсия жасай алады.
Қорғалжын ауданы Ақмола облысының ең қызықты және ерекше жердің бірі.
Оның ауданы бүкіл облыс территорисының ¼ алады. Осындағы ойыстың ең түбінде
– Қорғалжын мен Теңіз көлдері жатыр. Осындай теңіз-Қорғалжын ойысының
оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 4000-6000 м биіктікте
орналасқан шоқы қоршап жатыр. Оған оңтүстік-шығысынан Ұлытау таулары
жалғасып келеді. Бұл таудың шыңдары теңіз деңгейінен 1000 м биіктікке
жетеді.
Көлдер – бұл қазақтардың айтуынша “даланың көкпеңбек көздері” –
Ақмола облысының жан-жағында таралған. Әсіресе, ең бай аудан – Қорғалжын
ауданы. Ондағы көлдердің жалпы ауданы –2,3 мың шаршы км.
Көлдердің суы егін суарудан таусылып, балық саны кеміп, ағаштарды
отын үшін кесіп, бүгін табиғи байлық азаюда.
Романовкадан сол жағына қарай Қорғалжын көлдерінің көрінісі
басталады. Олардың саны бірнеше ондаған, жүздеген, ал диаметрі бірнеше
ондаған км-ге созылып жатыр. Су бетінде бұлттар айнадай етіп көрінеді.
Осындағы ең қызық нәрсе, бір территорияда ащы көлдердің тұщы
көлдерге ауысуы. Ұзынсор көлі тұщы көл болып табылады. Оның маңында
тіршілік жоқ деуге болады, ал жағалауында тұзды кристаллдарды кездестіруге
болады. Оның жанында Теректісор ащы көлі орналасқан. Оның жағалауында
шөптесін өсімдіктер жайылып өседі. Осындағы ащы Ұзынкөл, тұзды Ащымкөлдің
дәл қасында орналасқан. Осындай ащы мен тұзды көлдердің араласуы Қорғалжын
көліне дейін жетеді.
Көлдердің түбі тегіс және балшықты болып келеді. Судың мөлшері мұз
суына, жауын-шашынға, грунт суына байланысты болады. Құрғақшылық кезінде
кейбір көлдер әбден кеуіп, оның орнында тұзды сор қалады, ал қыс айларында
бұл көлдер түбіне дейін қатып қалады. Оның ішінде тек Теңіз көлі толығымен
қатпайды.
Қорғалжын көлдері балыққа өте бай. Осында: шортан, табан, алабұға,
қара балық кездеседі. Бірақ соңғы кезде мұнда адамдардың қонып келуіне
байланысты балықтардың саны қысқаруда.
Қорғалжын көлі аң аулауға өте қолайлы жер. Осында құстар, соның
ішінде: үйрек, сұқсыр үйрек, гагара, қаз, көгершін, қасқалдақ кездеседі.
Күз айларында құстардың көлге қонуынан, оның беті көрінбей де қалады. Осы
көлдердің ішіндегі ең әдемі көл – Қорғалжын көлі. Оның ұзындығы 53 км, ені
18 км, шамамен 400 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл солтүстік
Қазақстандағы ең ірі көл. Бұл жерге теңіз көлінен келген қоқиқаз құсы
“Қызыл қанатты” деп аталады, және сирек кездесетін аққұтан кездеседі. Оның
қанаттарын ерте кезде шығыста бас киімді әшкерлейтін құрал ретінде
пайдаланды.
Ақмоланың өлкетану мұражайындағы көпіршікті аққудың құлпы Қорғалжын
көлінен әкелінді.
Қамысты шатқалында әлгі күнге дейін қабан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz