Алатау санаторийі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Алатау санаторийі

Алатаудың жұмбақтай бауырында, Алматының дәл іргесінде тамаша Алатау
санаторийі орналасқан. 1982-1986 жылдары табиғаттың тамылжыған осынау
төріне, минералды қайнардың жанына сәулетшілер Ю.Г. Ратушный мен Т.
Ерашевтің жобасы бойынша Алматыбасқұрылыс тресі қазақтың ұлттық нақыштары
мен элементтерін үндестікпен кіріктіре отырып, қазірде Қазақстан
Республикасындағы курорттық-санаторийлік емдеу мен қызмет көрсету саласының
көшбасшысы болып табылар тамаша да қайталанбас ғажайып үлгідегі курорт-
санаторий кешенін тұрғызды.
1986 жылдың 26 қарашасында санаторий алғашқы демалушыларын қабылдаған
еді. Бұл күні қазір Алатау санаторийінің ашылған күні болып саналады.
Сәулеті, дизайны, құрылысы – мұның бәрінде Қазақстан шеберлері өз
ерекшелігімен жоғары дәрежеде жасап шыққан.
Санаторий территориясында гольф алаңы бар, ал теннисқұмарлар кортта
ойнай алады. Санаторий территориясында жасанды көл бар, көлде катамаранмен,
қайықпен серуен құруға немесе жағасындағы жаздық кафелерде отырып демалуға
болады.
Санаторийдің қонақтары үшін жайлылығы жөнінен төрт жұлдызды
мейрамханалармен терезесі тең түсер бір және екі кісілік, сондай-ақ люкс
бөлмелері бар. Оларды санаторийде өткізер күндері кезінде денсаулығын,
тіршілік тынысы мен көңіл-күйлерін қалпына келтіріп, жұмыс қабілетін
көтерулері үшін барлық мүмкіндікті жасауға әзір тұратын ақжарқын да
кішіпейіл, тілеуқор қызметшілер қарсы алады.
Демалушылардың дастарқанына өзінің жылыжайлары мен лимонарияларында
өсірілетін жаңа піскен қияр, помидор, көкөніс, лимондар жыл бойы қойылады.
Олардың таңдауларына күн сайын бес дүркін өзгертіліп отырар ұлттық және
еуропалық тағамдардың көптеген түрлерінің мәзірі ұсынылады. Санаторийдің
француз және көптеген халықтың ұлттық тағамдарынан әзірлейтін қос рестораны
қонақтарына қуана қызмет көрсетіп, ең кірпияз келушілердің де көңілінен
шыға алады. Барға барып, демалуға да болады.
Санаторийдің дүкені, дәріхана, телеграфтф почтасы, валюта айырбастау
пункті, кометикалық және манюкюрлік кабинеттер, шаштараз, бильярд, кинозал,
кітапхана да бар.
Демалушыларға дәрі-дәрмекпен дәстүрлі емес тәсілдермен емдейтін
медициналық ең жаңа жабдықтар мен аппаратуралар, диагностикалық техника,
фин саунасы, балшықпен емдеу, емдік себезгі мен ванналар, қапысыз
жабдықталған спорт залы, бассейн, массаж, емдік дене шынықтыру бөлмелері
қызмет көрсетеді.
Емдеуге, сауықтыруға, демалдыруға жоғары мәдениеттілігі, мәдени көңіл
аулау мен түрлі шаралардың молдығы санаторийдің даңқын асырып, Қазақстан
Республикасының барлық облыстары мен алыс-жақын шетел демалушыларын өзіне
тарта түсуде.
Емдеу – лечить
Тамаша – прекрасный
Сәулеті – архитектура
Құрылысы – сторительство
Гольф алаңы – гольф – поле
Қонақтары – гости
Қияр – огурец
Демалуға – отдохнуть
Валюта айырбастау пункті – обменный пункт валюты
Түрлі – разнообразный

Санаторий Алатау

В живописной местности ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары
Қазақстанның туристік жерлері
Қонақ үй шипажайлары
Алматы қаласы – оңтүстік астана
Емдік туризмнің түсінігі
Алматы қаласында қысқы олимпияда өткізу мүмкіндігі
Верный бекінісі және оған дейінгі тарих
Курорттық-сауықтыру туризмнің дамуы
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Қазақстан қалаларының тарихы
Пәндер