Туризм туралы


Туризм
2001 жылы 13 маусымында “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Бұл заңдық құжатта туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздері белгіленеді. Сондай-ақ, онда басты ұғымдарға нақты түсініктер беріп, туризмнің түрлері айқындалды. Жалпы, халықаралық және ішкі туризм туризмнің ішкі нысандары санына жатады.
Ал, осы заңның 6-бабының 4-тармағында туризмнің түрлері әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, іскерлік, конгрестік, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымал, діни және басқа туризм болып бөлінеді деп тұжырымдалынады.
Ішке кіру және туризмді дамыту үшін тиді экономикалық, құқықтық жағдайлар жасау шаралары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттары ретінде қарастырылады. Егер осы бағыттағы жүзеге асырылуы тиіс іс-шараларды ширап айтар болсақ олр мыналар:
1) отандық және шетелдік туристер операцияларды тарту нәтижесінде облыс орталығында жыл сайын көрмелер өткізу;
2) дүниежүзілік ауқымда өтетін туристік қатысып, тәжірибе жинақтау.
3) cапалы туристік өнімдерді қалыптастыру;
4) аймақтық туристік фирмалар мен шетелдік турфирмалар арасында іскерлік байланыстар орнату. Туризм ісін дамыту жөніндегі бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін, ең алдымен, қаржының және материалдық-техникалық ресурстар ретке келтірген қолайлы. Қорыта айтқанда, саяхатшылардың мұқтаждары жанжақты әрі түбегейлі қанағаттандырылса аймақтағы туристік бизнестің өріс алуына мүмкіндік тумақ.
Өркениетті елдерде туистік қызметке ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені қып-қызыл пайданың көзі осында. Басқасын айтпағанда, Қазақстанмен жиірек барыс келіс жасасып жүрген Туркияңызға осы туризмнің өзінен ғана жылына 9 миллиард. доллар пайда түсіп тұрады екен. Біздің еліміз болса шамамен 50 миллион доллар төңірегінде кіріс алып жүр. Оны ұлғайтудың мүмкіндіктері бар. Бірақ алға басқан аяқты тұсап, қолды байлайтын кедергілер көп.
Біріншіден “Туризм туралы” заңның жобасы әлі талқылануда. Оның бірқатар баптарындағы талаптармен еліміздегі туристік фирмалардың балшылары келіспейтіндерін мәлімдеп отыр. Қазақстан туристік ассоциациясы мен Туризм және спорт жөніндегі агенттіктің мамандары ұсынған түзетулер мен ұсыныстар Парламент депутаттарының қарауында.
Екіншіден, Салық туралы кодекстік жобасында да туристік сала қызметкерлерінің жұмыс істеуіне шектеу қоятын талаптар баршылық екен. Берген ұсыныстар өтпеуде.
Үшіншіден, Елімізден сыртқа шығатын және келетін туристердің визалық рұқсат қағаздарын реттеудің де машақаты көп болуда. Ол әлі қымбатқа түседі екен.
Ал мұндай қызмет түрлерін мейлінше жеңілдетудің және арзандатудың тиімді жолдары бар болса да пайдалынбай отыр.
Еліміздегі туристік фирмалар негізінен қалталы азаматтарды әлемнің курортты аймақтарына демалып қайтуға немесе шет елдерден тауар алып қайтуға алып барумен ғана айналысады. Бұл қыруар ақша елден тысқары жаққа әкелініп жатыр деген сөз. Кеткен ақшаның орнын елімізге келетін шетелдік туристер толтыра алмайды. Өйткені, екеінің үлес салмағы тең емес. Келетіндер аз. Мәселен; елімізге келіп жатқан шетелдік туристердің әрқайсысына бір сапарында-ақ 1000$ көлемінде қаржы қалады екен. Оның 300$-қонақ үйге төленсе, тамағына 350, көлігіне 250 және мұражайларға, басқа да ұсақ-түйек қызметтер үшін 100$ шығындайды. Неғұрлым туристер көп келсе, елімізде қаншама жаңа жұмыс орындары ашылар еді. Ендігі өзекте бір мәселе, елімізге келген туристерге қызықтыратын мүмкіндіктер жетерлік. Қаланың өзін де шетелдік туристерді қабылдайтын курортты орталыққа айналдыруға әбден болды ғой. Тау керек пе - бар. Теңіз керек пе - бар. Қапшағай теңізі қол созым жерде тұр. Шымбұлағың болса қайнаған шілденің өзінде-аз шаңғы серуеніне мейірімінде қандыра алады. Келетіндер үшін барлық жағдайларды жасап тастасаң, кеткен шығын сөзсіз қайтады. Қаншама мыңдаған адамдарға жұмыс орны ашылар еді.
Туристер көп келетін аймақта ашыққан, кедейленген халық тұрмаса керек. Тек оларды тәртіпке бағындырып, мәдениетті болуға үйретсек ұтылмаймыз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Алматыға бұданда көріктене, дами түсуге мол мүмкіндіктер ашылмақ. Ол үшін мемлекеттік деңгейде өміршең де кешенді бағдарлама жасау қажет. Әлемдік озық тәжірибелерге сүйенсек, артық болмайды.
Тек туристік қызметпен ғана байып, дамып отырған елдер аз емес. Өткен жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде көптеген атаусыз қалған еліміздегі туризмді дамыту жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды, өйткені оны дамыту республиканың келешегі үшін экономикалық жағынан тиімді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері туризмді дамытуға байланысты бірде-бір мемлекет бағдарлама, не тұжырымдама жасалынбаған, яғни осы уақытқа дейін саланы дамытудың стратегиялық жоспары болмаған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар тек 2002 жылға белгіленген. Ол үшін Қазақстанға жиһангерлік пен саяхат жасауға қолайлы табиғаты әсем жерлерге кешенді зерттеу жүргізіп, қайсібір туризм түрлерінің белсенділігін арттыруда келешегі бар деген туристік аудандарды анықтау, сол аумақтардағы туризмді дамытудың экономикалық, әлеуметтік тиімділігін және табыстылығын есептеу өзекті міндеттердің біріне саналады. Республикада туризм проблемасы бойынша ғылыми-зерттеу институты немесе орталық жоқ, ал экология, мәдениет, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс және сәулет салаларының ғылыми қызметкерлерінің, сарапшыларын тарту арқылы зерттеу жұмыстарын өткізу арнайы дайындаған ғылыми кадрларды және техникалық, қаржы құралдарын қолдануды талап етеді.
Жалпы Қазақстанда туризмді дамытудың мүмкіндігі зор. Өйткені, Еуразияның кіндігінде орналасқан байтақ елдің табиғаты қолайлы әрі бай деп саналады. Алайда өткен жылы Қазақстанға 1мл-нан астам турист келіп кетсе, 2-мл-ға жуық қазақстандықтар шетелге туристік сапармен шығып қайтқан Туризмді дамытудың қарапайым жолы мемлекетті үздіксіз әсемге жарнамалап отыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz