Үлкен Алматы шатқалы
ЖОСПАР
Алматы – оңтүстік астана 1
Солтүстік Тянь-Шань ауданы. 6
Жаркент – Талды-Қорған ауданы. 7
Солтүстік Жоңғар ауданы. 8
Түркістан ауданы. 10
Сайрам-Шымкент ауданы. 13
Жоғарғы Бұқтырма ауданы. 15
Қолданылған әдебиеттер 17
Алматы – оңтүстік астана
Алматыда бизнес үшін де, сондай-ақ жақсылап дем алу мен көңіл көтеру
үшін де көп мүмкіндік бар.
Оңтүстік астана мейманханаларында бүкіл бір қабатты алып жатқан
президенттер мен корольдердің әсем безендірілген номерлері бар. Әр түрлі
санаттағы 3 жұлдыздан 5 жұлдызға дейінгі мейманханалар қабылдап алады.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы мен Ә. Қастеев
атындағы Бейнелеу өнері мұражайының мол коллекциялары назар аударуға
тұрарлықтай. Қазақ халық аспаптарының 60-тан астам түрінің коллекциясы бар
халық аспаптарының мұражайы да бірегей орында. Алтын мен құнды металлдар
мұражайында Қазақстанның зергерлік өнерінің тарихы сыр шертеді. Қалада
көптеген сурет галереялары бар.
Алматыда аса ірі театрлар, концерт залдары, филармония, кітапханалар
жұмыс істейді, сондай ірі кітапхананың бірі 1931 ж. құрылған Ұлттық
кітапхана болып табылады, оның қорында 5 млн-нан астам томдар бар.
Халықаралық “Азия дауысы” фестивалі саз өнерінің өміріндегі жарқын
оқиға болып табылады, ол жыл сайын табиғаты тамылжыған Медеу қойнауында жаз
аяғында өткізіліп отырады.
Алматының түнгі тынысы да әсерге бөлейді. Мұнда дастархан басында
экзотикалық дәмдер татып, саз әуенін тыңдап, дискотеканы қызықтаушылар үшін
бәрі де жасалған, казинода көңіл көтеріп, отыруға болады. 1999 ж.
діндарларға арналған жаңадан отралық мешіт ашылды. Мүбәрақ атындағы Ислам
мәдениет орталығы мен университет жұмыс істейді. Архиепископ басқаратын
орыс православие шіркеуінің, Астана – Алматы епархиясында Әулие
Вознесенский және Әулие Никольский шіркеулері бар.
Алматы – елдің спорт орталығы. Алматылықтар мен қаламыздың меймандарына
бес стадион, бәйге алаңы, теңіз деңгейінен 1700 м биіктіктегі Медеу мұз
айдыны мен аспалы тербелмелі жолдары бар, теңіз деңгейінен 2200-2780 м
биіктігіндегі аса күрделі шаңғы жолдары бар таудағы Шымбұлақ шаңғы курорты
айқара есігін ашады.
Әлемге әйгілі биік мұз айдыны қаладан 15 шақырым жерде орналасқан. Оның
мұз айдынының көлемі 10500 шаршы метр – конькимен шапшаң жүгіру, хоккей,
мәнерлеп сырғанау жөніндегі ашық халықаралық жарыстар өткізетін орын. Мұнда
120-дан астам рекордтар жасалды. Жаймашуақ ауа райы, күн радиациясның
ұтымды деңгейі, тынық ауа райы мен таза мұздай суынан қатқан мұз айдыны
“Медеуді” әлемдегі ең жақсы мұз айдыны, ал оның орналасқан жері ең көрікті
өңір болып табылады. Мінберден Алатаудың қарлы шыңдардың және кіші Алматы
алқабындағы су тасқынына қарсы салынған бөгесінің (200м) әсем көрінісі
ашылады. Нақ осы бөгесі 1979 ж. аса қатерлі су тасқынынан құтқарған
болатын.
Осындағы 1450 м биіктіктігінде “Самал” рестораны орналасқан. Оның
жанында Сиверс алма ағаштары, жабайы өрік, терек, итмұрын т.б. өседі. Бөген
салынған жерінен 2-3 км қашықтықта “Горельник” спорттық базасы салынған,
тағы 2-3 км-ден кейін туристік және тау шаңғы базасы орналасқан. Осында 1,5
шақырымдық аспалы тербелмелі жолы теңіз деңгеінен 2200 м-ден 2860 м
биіктікке апарады. Осындағы қар жатуының тұрақтылығы мен қыстың ұзақ
болуының әсерінен мұнда халықаралық жарыстар өткізіледі.
Тағы бір көрнекті, жиі қоныстанатын жер Үлкен Алматы шатқалы. Осында
алғашқы 7 км.
Үлкен Алматы өзенінің бойымен асфальт жолы төселген. Оның екі жағында
бау-бақшалар, коттедждер, “Орбита” теледидар станциясы, 1070м биіктігіндегі
“Алматы” санаторийі орналасқан.
6-шы км-де асфальт жолдары 1977 ж. 3 тамызда болған селдің әсерінен
бұзылып, жоғарғы деңгейді бұл жол үшке бөлінеді. Ең ұзын жол - ортаңғы жол.
Бұл жол Үлкен Алматы көліне әкеледі. Бұл көл қаланың орталығынан 38 км
қашықтықта, теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Бұл көлге Үлкен
Алматы өзені құйып шығады. Сондықтан бұл көл суық (тереңдігі 38 м), таза,
көк жасыл түсті болып келеді. Көлдің жанындағы табиғат ерекше болып келеді:
жартасты, мореналы, Тянь-Шань шыршаларының ормандары өседі. Ал осы көлден
жоғарырақ жүрсе, Ыстық көлге баратын асу көрінеді.
Тағы бір көрікті жерінің бірі – Талғар шатқалы. Осындай шатқалдың
атымен аталған Талғар қаласының оңтүстігінде оң жақ, орталық, сол жақ
Талғар, Солдаттық, Тасты, Марансай және т.б. шатқалдар бар. Олардың бәрі де
Талғар шатқалының түйінінен басталады. Алматы қаласынана шығатын шығыс жолы
теңіз деңгейінен 700 м биіктікте орналасқан. Ал Талғар қаласы 100-1200 м
биіктікте орналасқан. Сондықтан, Талғарда салқындау және құрғақтау өсімдік
дүниесі мол болып келеді. Іле Алатауының мұздықтарынан ағатын Талғар
өзенінің суы мол, дыбысы жоғары және тез ағыспен ерекшеленеді. Осы өзеннің
дыбысы алыстан естіліп, жақындаған сайын жоғарылап, судың дүбірі күнімен
түнімен тоқталмайды.
Өсімдік дүниесі әр алуан болып келеді. Осында Сиверс алма ағашы, өрік,
итмұрын, қызыл жидек, таңқурай ағаштары мол өседі. Өзеннің бойында Тянь-
Шань қайыңы, терек өседі. Осындағы 1964 ж. ашылған қорықта жасыл
жайылымдар, шырша ағаштары, Тянь-Шань қайыңы, ұлар қабандар, Тянь-Шань
аюлары, қарлы барыстар, архарлар көбейіп дамып жатыр. Тағы бір объектінің
бірі – Есук шатқалы.
Алматыдан 35 км қашықтықта (Алматы – Талғар жолымен) Есік қаласы
орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 1000-1250 м биіктікте, таудың етегінде
орналасқан. Бұл үлкен қала емес, бір қабатты және екі қабатты үйлер қатар-
қатар орналасқан. Жалпы бұл қала жас қала болып есептелінеді. Есік өзенінен
өтіп, Автомагистральдің оңтүстік жағында Есік көліне апаратын асфальт жолы
төселген. Таудың мұздықтарынан басталатын Есік өзенінің бойында жабайы
алма, өрік, барбарис ағаштары өсіп, жартастар, құламалы беткейлер
кездеседі. Бөгеннің қасында туристік база орналасқанменен, таң атқан кезде
өзенге маралдар, киік т.б. жануарлар келіп су ішеді. Осындағы қызықты
жерлердің бірі 1963 ж. селдің әсерінен батыс жағы шайылған бөген. Осы
бөгеннің биіктігі 50-70 м жетеді. Осы көлден жоғары жол жоқ, тек адам
жүретін жолдар кей жерлерде кездеседі. Бірақ олар өте қауіпті болғандықтан,
ол жолмен тек арнайы альпинистер мен гляциологтар көтеріле алады. Алматы-
Талғар-Есік маршрутымен жылжығанда Түрген ауылына тоқтай аламыз. Бұл ауыл
Түрген шатқалында орналасқан. Мұнда мәлім альпілік және субальпілік
шалғындар, соның ішінде бүкіл Қазақстанға мәлім – Ассын жайлауы бар.
Түрген ауылы таудың етегінде, теңіз деңгейінен 300-1000 м биіктікте
орналасып, тыныштықпен, әдемі үйлермен, жемістерімен ерекшеленеді. Осында:
жабайы өрік, шыршалар, Мушкетов құрғауы өседі. Егер Есік шатқалында шырша
орманы 1350-1400 м биіктікте кездессе, Түрген шатқалында 1650 м биіктікте
кездеседі.
Осындай құрғақ ауа мен ашық күндердің көп болуы адамның денсаулығына
және дем алуына жақсы әсерін тигізеді. Түрген шатқалы өзінің “Тау Түрген”
санаторийімен әйгілі. Осында жер астынан жылы су шығып, әр ай сайын 150
адам денсаулығын қалпына келтіреді. Ол 1400-1500 м биіктікте, түрген
өзенінен 19 км қашықтықта орналасқан.
Іле өзенінің төңірегінде Қапшағай су қоймасының ауданында бірнеше
табиғи ескерткіштер, соның ішінде туризмге қызығушылық танытатын - әуенді
Аққұм –Қалқан шағылқұмдар орналасқан. Бұл Іле өзенінің сол жағалауындағы
табиғатта сирек ұшырасатын құбылыстың бірі, құрғақ ауада орган әуеніне
ұқсас дыбыс шығарады. Кварцитті құм таулардың – үлкен және кіші
қалқандардың биіктігі 30-120 м, ұзындығы 3000-4000 м-ге жетеді.
Мариковский профессордың мынадай сөздері бар: “Шағылқұмның төбесі үйдің
төбесіндей үшкір”.
Қазақстанда тас бедерлердің саны мың жарымға жуық. Соның ішіндегі ең
танымалысы – Тамғалы шатқалы. Осындай тарихи ескерткіш жарты ғасыр бойы
зерттеліп жатыр.
Тамғалы комплексі 1957 ж А. Микеимовтың басқаруымен, Қазақстан ғылым
академиясының Жетісу археологиялық экспедициясы ашылды. Тамғалы табиғатының
бір ерекшелігі – оның аңғарлары. Осында жәй дауыспен 100-150 м қашықтықта
сөйлесуге болады.
Осындағы тасқа қашалған бейнелеу өнерінің туындыларының көбі қола
дәуіріне жатады. Көне суреттермен қатар: ескі қоныстар, молалар, діни
ғимараттар, құрбан төбелер секілді археологиялық ескерткіштер орналасқан.
Молалардың ең ескісі б.д.д. 14 ғ-ға жатады.
Тасқа салынған суреттерден ертедегі мал өсіруші көшпенділер мен түрік
кезеңінің 4000-нан астам суреттерін, галереядағы ашық аспан астында
күнбасты құдайлардың, аң аулау көріністерінің, салт-жаралар, малды
құрбандыққа шалу, адамдар мен жануарларды бейнелеу композициялары,
әйелдердің тұрпаттары, садақ жасаушылар, сұңқармен аң аулау көріністері,
“Ригведа” мен ирандық “Авеста” салынған бұғы көрінісін көруге болады.
Осындай суреттерден қола дәуірінде космостық аңыздар мен жер асты
шайтандардың арасындағы қайшылықтар, құдайларға сену, діни тәрбиені мұраға
қалдыруын көруге болады.
Осылардың барлығы бүгінгі күнде белгілі. Ал бұрын археологтарға зерттеу
қиынға соққан. Әсіресе, жартастардың құлаған жерлерінде археологтар әр
тасты жинап, ондағы фрагменттерді оқыған. Шатқалдың беделі ортағасырларға
деін жоғары деңгейде болған. Себебі, ол кездегі табиғатқа сену қазіргі
кезде пайдаланбайды. Бірақ та бұл жер әулие жері деп саналып, қажылық
объектінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде Тамғалы шатқалында ұлттық
парктің жоқтығы немесе реставрациялық жұмыстарды өткізбегендіктен, бұл жер
тыныштықта тұр.
Қапшағай бөгенін салғаннан кейін, мұнда Алматы мен облыстан келетін
туристерге арналған демалу зонасы іске қосылды. Сөйтіп, жаз айларында
Алматылықтар солтүстікке, яғни суқоймасына, ал қыс айларында оңтүстікке
тауларға аттанады.
Күнгей Алатауының жайлауларында саяхат жасағанда шабандардың өмірімен,
жергілікті өсімдіктерімен, жотаның ортаңғы бөлігіндегі табиғатпен танысуға
болады.
Қаскелең шатқалына келетін болсақ оның ең көрнекті жері – Үй-тас. Бұл
тас бірде-бір жарығы жоқ сұр мәрмәрдан тұрады. Оның биіктігі 5 м, диаметрі
6 м, ал салмағы 500 т-дан асады. Оның жанында бірде-бір тас жоқ.
Осындағы ормандар қорыққа жатады. Жаяу жүретін туристер мен биологтар,
т.б. ғалымдарға таза өзен, ормандар, тауалды табиғаты, таза ауа, өсімдік
байлығы үлкен әсерін тигізеді.
Тағы бір ескеріп кететін орын – Есік қорғандары. Бұл Есік қаласының
маңында орналасқан Бұл мола-қорған скиф-сақ дәуірінің ең үлкен
археологиялық ескерткіштердің бірі болып саналады. Оны ашу қазіргі
Қазақстанның аумағында мамлекеттіліктің болғанын дәләлдеуге мүмкіндік
берді. Ескерткіштең ашылуы б.з.д. 4 ғ-ды көрсетеді. Оның үймесінің астынан
1969-1970 жж. жебе тәріздес бас киімі бар, молынан әшекейленген сауыт таза
алтыннан жасалған қарумен жарақаттанған белдік табылды. Костюм сақ
қорғандарына тән “аңдар стилінде” орындалған. 4 мың элементтерден тұрады.
Солтүстік Тянь-Шань ауданы.
Қытай тілінен аударғанда Тянь-Шань бұл “аспан таулары” деген мағына
береді.
Бұл таулы жүйе Орталық және Орта Азияда орналасқан. Оның батыс бөлігі
Қырғызстанда, Шығыс жағы Қытайда, Қалғаны Қазақстанда және Өзбекстанда
орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке
300 км-ге созылғады. Ең биік нүктелері: Победа шыңы (7439) және Хан Тәңірі
(6995). Табиғи ерекшелігіне байланысты Орталық, Батыс, Шығыс және Ішкі Тянь-
Шань деп бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шаньға Іле Алатауы мен Күнгей Алатуы,
сонымен қатар Шелек пен Чонг-Кемен өзендері кіреді. Ең биік нүктесі Талғар
шыңы (4973). Жалпы алғанда мұнда 900 мұздықтар орналасқан. Оның жалпы
ауданы 721 шаршы км. Солтүстік Тянь-Шаньға альпілік ландшафт сай келеді: ең
биік жерлерінде сұр түсті мұздықтар мен ақ түсті қар жамылғысы; төмендеген
сайын Тянь-шаньдық шырша ормандары өскен. Ал Талғар өзенінің бассейнінде
Алматы қорығы орналасқан.
Солтүстік Тянь-Шаньда тау туризмі дамыған, сонымен бірге жаяу, су,
шаңғы, велотуризм де жатады. Туризмнің маршруттары да әркелкі болады:
жартастық, қарлы-мұздық аралас. Осындағы Кеген, Нарынқол, Жалаңаш, Шонжа,
Көлжат халық қоныстанған жерге тоқталып, қымыз ішіп, қазақ халқының салт-
дәстүрімен танысуға болады.
Солтүстік Тянь-Шаньда 10 туристік маршрут бар. Туристік және альпілік
қызметтер туристік жорықтар мен альпілік шығулар кезіндегі тексеріс пен
көмек көрсетеді.
Таулы өзендер өздерінің қатты ағысымен ерекшеленеді. Шарын, Шелек және
оның салаларында су көлігін пайдалануға болады. Бұл ауданның ерекшелігі
табиғаттың сұлулығы (жартастар, шатқалдар, асулар,таулы өзендер, қорық)
болып табылады. Осында туристерді қызықтыратын Соль-Сид көлі де орналасқан.
Жаркент – Талды-Қорған ауданы.
Бұл аудан Жоңғар Алатауының етегінде, Қаратал өзенінің маңында
орналасқан. Осы ауданның негізгі өзендерге: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі
өзендері жатады. Бұлар Балқаш көліне келіп құяды. Бұл жерді бұрын Жетісу
деп атаған болатын, негізгі көлдерге: Балқаш, Алакөл (тұзды), Сасықкөл
(ащы) жатады. Тауда Қапалы Арасан курортының минералды бұлақтары бар.
Шөлейт пен шөл зоналары тау етегінде далалы жерге айналады, 1200 м
биіктікте – жапырақты ормандар, 1700 м – альпілік шалғындар мен шыпшалы
ормандар, 6 табиғи қорықшалар орналасқан. Алакөлге Тентек, Жаманты, Ірғайты
өзендері құяды. Құмды шөлдерде жүзғұн, осона, жусан өседі, ал көп бөлігін
сексеуіл, бұталы өсімдіктер алады. Көлдердің маңында, өзендердің сағасында
тоғайлы ормандар; ал таудың етегінде 600-700 м биіктікте шөлейттер дала
зонасына ауысады. 1250-1300 м биіктікте қайың, алма, Тянь-шань шыршасы
өседі. Мұнда ормандар мен бұталы ағаштар территорияның 3,2% алады.
Шөлді аудандарда қақырлар, түлкілер, қояндар, киіктер, тышқандар
мекендейді, ал көлдің маңында қабандар, ондатра, таулы жерлерде аю, борсық,
тау ешкі, архар, марал мекендейді. Құстардан дорбра, үйрек, қаз, аққу
кездеседі. Су қоймаларында сазан, маринка, окунь т.б. кездеседі.
Жаркент – Талды-Қорған ауданының тарихи ескерткішінің бірі – “Алтын
емель” мемориалдық комплексі. Ол қазақтың ұлы ақыны мен ғалым Шоқан
Уалихановқа арналған. Сонымен бірге Жаркент қаласындағы Жаркент мешіті
қызықты объектінің бірі болып саналады.
Жаркент – Талды-Қорған ауданының орталығы Талды-Қорған қаласы болып
саналады. Бұл қала 1868 ж. қаланды, 1920 ж-ға дейін Гавриловка ауылы
болған, ал 1944 ж. бері қазіргі атын алды.
Солтүстік Жоңғар ауданы.
Жоңғар Алатауы Орта Азиядағы тау жүйесі, бұл Қытай мен Қазақстанның
оңтүстік шығысында орналасқан Солтүстігі шөлейтті және далалы жерлерге
тіреледі. Оның 1200-1600 м биіктігінде орманды белдеу (Тянь-Шань шыршасы,
пихта, жапырақты ормандар) орналасқан. 2600 м биіктікте субальпілік пен
альпілік шалғындары бар нивальды ландшафт орналасқан. Қар сызығының
биіктігі солтүстікте 3400-3600 м, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz