Жер салығы және салық органдарының оны жинаудағы ролі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
14. Жеке кәсіпкерлерге салық салу. 1
11. Акциздер және олардың салық жүйесіндегі орны. 2
12. Тура салықтардың жалпы сипаттамасы. 4
Және 38. Салықтардың сыныптамасы. 7
48. Салықтардың қызметі мен олардың маңызы. 9
26. Тура салықтар және олардың салық жүйесіндегі ролі. 9
20. Жанама салықтар және қызмет ету мәселелері. 12
15. Жер салығы және салық органдарының оны жинаудағы ролі. 14
18. ҚҚС: есептеу механизмі және қызмет ету мәселелері. 15
42. ҚҚС-тің ставкалары. Олардың қолдану тәртібі. 16
31. Әлеуметтік салық. 17
34. Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері. 18
37 Салық салу қағидалары. 20
49. Салықтардың объективтік қажеттігі мен қызмет ету шарттары. 20
25. Салықтық жоспарлау салық механизмінің элементі ретінде. 22
16. Салықтық бақылау және оңтайландыру жолдары. 23
5. Жергілікті бюджеттің құрылымы 24
7. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары және қалыптасуының ерекшеліктері.
24

14. Жеке кәсіпкерлерге салық салу.

Бизнесі тұрақты сипат алатын жеке кәсіпкерлер үшін бюджетпен есеп
айырысудың патенттік нысаны көзделген. Жеке кәсіпкерге патент негізінде
қызмет істеу мынадай шарттар орындалған жағдайда ғана рұқсат етіледі:
- жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;
- жек кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асырады;
- орта есеппен бір жыл ішінде табысы 1 миллион теңгеден аспайды.
Патент алу үшін кәсіпкер салық органына болжанатын кірісті көрсете
отырып, патент алуға өтініш беріп және жеке кәсіркерді мемлекеттік тіркеу
туралы куәлігін, лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда, ол
мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге
міндетті.
Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі көрсетілмейінше,
патент берілмейді. Патенттің құны кәсіпкер болжаған кіріске 3 пайыз
мөлшеріндегі ставканы қолдану жолы мен анықталады. Патенттің құны жеке
табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке
төленеді. Патенті жеке кәсіпкердің ниеті бойынша салық органы бір айға да,
бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге бере алады.
Нақты табыс патент алған кезде болжанған табыстан асып кеткен жағдайда,
салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде асып кеткен сомманы саылқ органына
мәлімдейді және осы соммадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші
бойынша бұрын берілген патентің орнына оған нақты табысы көрсеттілген жаңа
патент беріледі. Ал егер керісінше болса онда артық төленген патентің құны
салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық
зерттеуден кейін қайтарылады.
Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда, салық төлеушінің өтініші
бойынша дубликат беріледі. салық төлеуші бүлінген патентті салық органы
тапсырғаны тиіс.
Акцизделген тауарға патент берілмеді.
Егер жеке кәсіпкердің табыс соммасы патент үшін белгіленген шектен
артық болса немесе патент үшін белгіленген өзге де міндетті шарттарға сай
келетін жағдайда, ол оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық
режиміне немесе жалпы белгіленген тәртіпке көше алады.
Оңайлатылған декларациямен жұмыс істеу үшін жеке кәсіпкер мынадай
шарттарға сай болу керек:
1. жеке кәсіпкерлер үшін:
- жеке кәсіпкердің өзін коса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа
тізімдік саны салық кезеңі ішінде 15 адамнан көп болмаса;
- салық кезеңі ішінде шекті табысы 4,5 миллион теңгеден аспаса;
2. заңды тұлғалар үшін.
- қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде
25 адамнан көп болмаса;
- салық кезеңі ішінде шекті табысы 9 миллион теңгеден аспайтын
болса.
Салықты 377-статья бойынша есептейміз.
Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі
айдың 10-нан кешіктірмей салық органына табыс етіледі.

11. Акциздер және олардың салық жүйесіндегі орны.

Жанама салықтардың негізгі түрлерінің бірі – акциздер. Акциздердің
соммасы тауар бағасының құрамына қосылады, сондықтан акциздер баға
салынатын салық, яғни тұтынуға салынатын салық.
Акциз 16 ғасырда Голландияда, 17 ғасырда Англияда темекі және арақ
шарап өнімдеріне енгізілді. 20 ғасырда АҚШ-пен Рессейде, 1992 жылдан бастап
Қазақстанда енгізілді.
Қазіргі кездегі акциздер нарықтық экономикаға көшкен көптеген елдерде
қолданылады. Акциздің енгізу саясаты 2 мақсатты көздейді:
1. акциздер бюджет кірісін құрайтын көздердің бірі;
2. акцизделетін тауарлар мен қызметтерді тұтыну мен пайдалануды шектеу.
Қазіргі кезде акциздің бюджет кірісіндегі үлесі 6-8% көлемінде. Салық
төлеушілер:
1. ҚР аумағында акцизделетін тауар өндіретін заңды және жеке тұлғалар;
2. ҚР аумағында акцизделетін қызметтүрімен айналысатын заңды және жеке
тұлғалар;
3. ҚР аумағына акцизделетін тауарларды импорттайтын заңды және
тұлғалар;
4. ҚР аумағында авиабензиннен басқа бензин және дизель отындарын бөлшек
және көтерме саудада өткізетін заңды және жеке тұлғалар;
5. Иесіз қалған және тәркіленген мүліктерді өткізу, сондай-ақ мемлекет
меншігіне мұрагерлік жолмен өткен акцизделетін тауарлар алған
тұлғалар.
Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:
1. спирттің барлық түрі; (салық операция жасалғаннан кейін 10 күн
мерзім ішінде бюджетке аударылуы керек )
2. алкоголь өнімдері; (салық операция жасалғаннан кейін 10 күн мерзім
ішінде бюджетке аударылуы керек )
3. темекі өнімдері; (салық операция жасалғаннан кейін 10 күн мерзім
ішінде бюджетке аударылуы керек )
4. бекіре мен қызыл балық уылдырықтары;
5. алтын, күміс, платинадан жасалған зергерлік бұйымдар;
6. авиабензиннен басқа бензин және дизель отындары;
7. атыс құралдары:(салық операция айдың 1-інші, 10 күндігінде жасалса
13 не дейін, 2-ші 10 күндігінде жасалса 23 не дейін, 3-ші 10
күндігінде жасалса келесі айдың 3-іне дейін төленуі керек)
8. мүгедектерге арналған авто көліктерден басқа жеңіл авто көліктері.
Акцизделетін қызмет түрлеріне мыналар жатады:
- ойын бизнес;
- лоторея ұйымдастыру және өткізу.
Ойын бизнесі бойынша салық салу объектілеріне мыналар жатады:
- ойын столдары;
- ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары;
- катализатор кассалары;
- букмекер кеңселерінің кассалары.
Лоторея ұйымдастыру және өткізу бойынша салық салу объектісі болып
лоторея ұйымдастырушының сатуға шығарған лоторея билеттерінің саны
табылады.
Акцизделетін тауарлар бойынша салық салу объектісі болып;
1. жарғылық капиталға жарна жатады;
2. авиабензиннен басқа бензин және дизель отындарынан бөлшек және
көтерме саудасы;
3. акцизделетін тауарларды өткізу;
4. алыс беріс негізіндегі шикізат; (салық осы шикізат тапсырыс берушіге
өткізілген күні төленеді)
5. акциздік маркалардың бүлінуі және жоғалуы.
Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1. дәрі-дәрмек мақсатында жұмсалатын спирт;
2. медициналық мақсатта қолданылатын спиртті өнімдер.
Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді. Ол тауар құнынан пайыздық
(адвалорлық) немесе тұрақты сомада бекітіледі. Спирттің барлық түріне акциз
ставкалары спирттің одан әры қайда, қандай мақсатта қолданылатынына
байланысты белгіленеді.
1 жыл шегінде ойын бизнесінің максималды және минималды ставкасы
бекітілгеннен кейін жергілікті өкілетті органдар соның негізінде нақты
ставкасын анықтайды.
Адвалорлық ставка бекітілген акцизделетін тауарлар үшін салық базасы
бағасына қосылған құнға салынатын салықпен акциз қосылмаған өндірілген және
өткізілген акцизделетін тауарлардың құны.
Тұрақты ставка бекітілген акцизделетін тауарлар үшін салық базасы
өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың табиғи мағыналардың құны.
Лоторея ұйымдастыру және өткізу бойынша салық базасы = түсімдер сомасы
– ұтыстар сомасы.

12. Тура салықтардың жалпы сипаттамасы.

Тура салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тура салықтарға мынадай салықтар жатады:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- жер салығы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- әлеуметтік салық;
- мүлік салығы;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.
Корпорациялық табыс салығы (КТС) салық жүйесіндегі ең күрделі және ең
көп алынатын салық. Бұл салықтың экономикалық мәні заңды тұлғаларменен
мемлекет арасындағы қаржылық қатынастарды білдіреді. Бұл салықтың бюджет
кірісіндегі үлес салмағы қазіргі кезде 21,6%. Салық төлеушілер болып ҚР-ң
резиденті болып саналатын Қазақстандық заңды тұлғалар, резидент емес немесе
резидент болып мыналар табылады:
1. салық салынатын табыс;
2. төлем көзінен салық салынатын табыс;
Жеке табыс салығының (ЖТС) төлеушілері болып салық жылы ішінде барлық
жеке тұлғалар табылады.
Объектісі:
1. төлем көзінен салық салынатын табыс;
2. төлем көзінен салық салынбайтын табыс:
- мүліктен алынатын табыс;
- жеке кәсіпкерлердің табыс салығы.
Салық ай сайын ұсталып, есептеліп есептегі айдан кейінгі айдың 5
жұлдызына дейін бюджетке ақша аударылуы тиіс.
Жер салығы жерге мемлекеттің иелік етуін білдіреді және жерді
пайдаланушыларменен мемлекеттің арасындағы қатынасты реттейді. Жер
салығының мақсаты жерді сақтау, жерді ұтымды пайдалану, құнарлығын арттыру,
жергілікті аймақтардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін қажет шараларды
іске асыруға керек табыс көзін құру. Жер салығы тікелей салықтардың
қатарына жатады және толығымен жергілікті бюджетке түседі.
Жеке тұлғалардан жер салығы мынадай ставкалармен алынады:
1. егер жеке тұлғалардың қарамағындағы жер көлемі 0,5га.-ға дейін болса
0,01га.-ға 20 теңге;
2. 0,5 га.-дан асатын болса 0,01га.ға 100 теңге.
Салықтан Отан соғысының мүгедектері және оған теңестірілген азаматтар,
барлық категориялы мүгедектер, мүгедектің ата-анасының біреуі босатылады.
Заңды тұлғалардан жер салығын алу мақсатында олардың қарамағындағы
жерлерді 7 категорияға бөлеміз:
1. ауылшаруашылығындағы мақсатында пайдаланатын жерлер;
2. елді мекендік жерлер;
3. елді мекеннен тыс жерлерде орналасқан өндірістік мақсатқа
пайдаланатын жерлер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
5. орман қоры жерлері;
6. су қоры жерлері;
7. қордағы (запастағы) жерлер.
Жеке тұлғалар мүлік салығын меншік құқығында салық салуға тиісті
объектісі бар тұлғалар төлейді. Ол объектілер ҚР-ң аумағында тұрғын үй-
жайлар, саяжай, гараж, өзге де құрылыстар (меншікті тіркеуде тұрған). Салық
салу объектісінің бағасын жылжымайтын мүлік орталығы әр салық жылының 1-ші
қаңтарына анықтайды. Салықтың ставкалары мүліктің қандай мақсатқа
пайдалануына қарай белгіленген:
1. егер мүлік кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмайтын болса, салық
кодексінде 365 бапта көрсетілген ставкалар бойынша салық салынады;
2. егер жеке тұлға мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, онда салық
салу объектісінен 1%.
Жеке тұлғалар мүлік салығын жылына 1 рет 1 қазанға дейін, ал заңды
тұлғалар мүлік салығын жылына 4 рет, яғни жылдық соманың 25% мөлшерінде
төлеуі тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушылар міндетті түрде Қазақстан Үкіметімен келісім
шартқа тұрып, содан кейін барып Қазақстан жерінде пайдалы қазбаларды
өндіру, өңдеу, игеру құқығына ие болады. Жер қойнауын пайдаланушылар ҚР-
сыменен жасайтын келісім шарттың 2 түрі бар:
1. жалпы контракт (бұл контрактпен жұмыс жасайтын жер қойнауын
пайдаланушылар салық кодексіндегі барлық салықтар мен алымдарды,
сонымен қатар бонустар, роялти, үстем пайда салығын, экспортқа
шығарылатын шикі мұнайға рента салығын төлейді);
2. өнімді бөлу туралы контракт (бұл контрактпен жұмыс жасайтын жер
қойнауын пайдаланушылар КТС, ЖТС, әлеуметтік салық, ҚҚС, акциз,
көлік салығын, бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша ҚР-ң үлесін
төлейді, жер салығы, мүлік салығы, үстеме пайда салығы, рента
салығы, ішкі мұнай мен газ конденсатына салынатын акцизді
төлемейді).
Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып жеке меншігінде
көлік құралдары бар жеке тұлғалар және меншікті шаруашылық жүргізу құқығы
немесе жедел басқару құқығы негізінде көлік құралдарын иемденетін заңды
тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.
Объектісі: мемлекеттің немесе өкілетті органның тіркеуінді тұрған
прицептерден басқа көлік құралдары.
Көлік салығы жылына 1 рет төленеді және ҚР заңнамасымен белгіленген
айлық есептік көрсеткішпен мынадай 347 баптағы ставкамен салынады.
Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесінде 1999 жылдан бастап
енгізілген тікелей салық.
Салық төлеушілері: ҚР-ң резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы
Қазақстанда қызмет жасайтын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер, жеке
нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.
Ставкасы ҚР-ң резиденті және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын
резидент емес заңды тұлғалары әлеуметтік салықты, салық салу объектісінен
21% мөлшерінде төлейді.
Ал қарамағында шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын салық төлеушілер
шетелдік жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген төлемдерден 11% ставкамен
әлеуметтік салықты төлеуге тиісті.
Төмендегі талаптарға жауап беретін тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту,
көру, сөйлесу қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс жасайтын
мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты 6,5% ставкамен төлейді, егер:
А) салық кезеңіндегі жалпы еңбек ақы қорының 51 пайызы мүгедектердің
еңбек ақыларына жұмсалса;
ә) салық жылындағы жұмыскерлерінің 51 пайызы мүгедектерден құралса.
әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді және есепті айдан кейінгі айдың
15-інен кешіктірілмей бюджетке төленуі керек. әлеуметтік салық жөніндегі
декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей салық
органына тапсырылуы қажет.

Және 38. Салықтардың сыныптамасы.

Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:
1. салық салу объектісіне байланысты:
2. қолданылуына қарай;
3. салық салу органына байланысты;
4. экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тура салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тура салықтарға мынадай салықтар жатады:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- жер салығы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- әлеуметтік салық;
- мүлік салығы;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын
ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама
салықтарға мыналар жатады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып жіктеледі.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады. Оған КТС,
ҚҚС және т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген нақты
шараларға жұмсалады.
Салық салу органына байланысты салықтардың жалпы мемлекеттік және
жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын
салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын
объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына салықтар
кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.
Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құныны
төлеген кезде төлейді. Оған ҚҚС пен акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және
дербес болып бөлінеді.
Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы
белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.
Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын
табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған КТС және ЖТС жатады.

48. Салықтардың қызметі мен олардың маңызы.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
- фискалдық;
- реттеушілік;
- бақылаушылық.
Фискалдық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның
ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері.
Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай,
сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру,
шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Бұл
қызметтің іс-әрекетінің көлемін жалпы ішкі өнімдегі салықтардан алатын үлес
салмағы арқылы көруге болады.
Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет
етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстардың қимылына бақылау ісі
жүргізіледі, салық жүйесінің бюджет саясатын жетілдіру жолдары
қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті
қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен
алымдарын толық және уақытылы бюджетке төлеп қамтамасыз етіледі.

26. Тура салықтар және олардың салық жүйесіндегі ролі.

Тура салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тура салықтарға мынадай салықтар жатады:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- жер салығы;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- әлеуметтік салық;
- мүлік салығы;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.
Корпорациялық табыс салығы (КТС) салық жүйесіндегі ең күрделі және ең
көп алынатын салық. Бұл салықтың экономикалық мәні заңды тұлғаларменен
мемлекет арасындағы қаржылық қатынастарды білдіреді. Бұл салықтың бюджет
кірісіндегі үлес салмағы қазіргі кезде 21,6%. Салық төлеушілер болып ҚР-ң
резиденті болып саналатын Қазақстандық заңды тұлғалар, резидент емес немесе
резидент болып мыналар табылады:
3. салық салынатын табыс;
4. төлем көзінен салық салынатын табыс;
Жеке табыс салығының (ЖТС) төлеушілері болып салық жылы ішінде барлық
жеке тұлғалар табылады.
Объектісі:
3. төлем көзінен салық салынатын табыс;
4. төлем көзінен салық салынбайтын табыс:
- мүліктен алынатын табыс;
- жеке кәсіпкерлердің табыс салығы.
Салық ай сайын ұсталып, есептеліп есептегі айдан кейінгі айдың 5
жұлдызына дейін бюджетке ақша аударылуы тиіс.
Жер салығы жерге мемлекеттің иелік етуін білдіреді және жерді
пайдаланушыларменен мемлекеттің арасындағы қатынасты реттейді. Жер
салығының мақсаты жерді сақтау, жерді ұтымды пайдалану, құнарлығын арттыру,
жергілікті аймақтардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін қажет шараларды
іске асыруға керек табыс көзін құру. Жер салығы тікелей салықтардың
қатарына жатады және толығымен жергілікті бюджетке түседі.
Жеке тұлғалардан жер салығы мынадай ставкалармен алынады:
3. егер жеке тұлғалардың қарамағындағы жер көлемі 0,5га.-ға дейін болса
0,01га.-ға 20 теңге;
4. 0,5 га.-дан асатын болса 0,01га.ға 100 теңге.
Салықтан Отан соғысының мүгедектері және оған теңестірілген азаматтар,
барлық категориялы мүгедектер, мүгедектің ата-анасының біреуі босатылады.
Заңды тұлғалардан жер салығын алу мақсатында олардың қарамағындағы
жерлерді 7 категорияға бөлеміз:
8. ауылшаруашылығындағы мақсатында пайдаланатын жерлер;
9. елді мекендік жерлер;
10. елді мекеннен тыс жерлерде орналасқан өндірістік мақсатқа
пайдаланатын жерлер;
11. ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
12. орман қоры жерлері;
13. су қоры жерлері;
14. қордағы (запастағы) жерлер.
Жеке тұлғалар мүлік салығын меншік құқығында салық салуға тиісті
объектісі бар тұлғалар төлейді. Ол объектілер ҚР-ң аумағында тұрғын үй-
жайлар, саяжай, гараж, өзге де құрылыстар (меншікті тіркеуде тұрған). Салық
салу объектісінің бағасын жылжымайтын мүлік орталығы әр салық жылының 1-ші
қаңтарына анықтайды. Салықтың ставкалары мүліктің қандай мақсатқа
пайдалануына қарай белгіленген:
3. егер мүлік кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмайтын болса, салық
кодексінде 365 бапта көрсетілген ставкалар бойынша салық салынады;
4. егер жеке тұлға мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, онда салық
салу объектісінен 1%.
Жеке тұлғалар мүлік салығын жылына 1 рет 1 қазанға дейін, ал заңды
тұлғалар мүлік салығын жылына 4 рет, яғни жылдық соманың 25% мөлшерінде
төлеуі тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушылар міндетті түрде Қазақстан Үкіметімен келісім
шартқа тұрып, содан кейін барып Қазақстан жерінде пайдалы қазбаларды
өндіру, өңдеу, игеру құқығына ие болады. Жер қойнауын пайдаланушылар ҚР-
сыменен жасайтын келісім шарттың 2 түрі бар:
3. жалпы контракт (бұл контрактпен жұмыс жасайтын жер қойнауын
пайдаланушылар салық кодексіндегі барлық салықтар мен алымдарды,
сонымен қатар бонустар, роялти, үстем пайда салығын, экспортқа
шығарылатын шикі мұнайға рента салығын төлейді);
4. өнімді бөлу туралы контракт (бұл контрактпен жұмыс жасайтын жер
қойнауын пайдаланушылар КТС, ЖТС, әлеуметтік салық, ҚҚС, акциз,
көлік салығын, бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша ҚР-ң үлесін
төлейді, жер салығы, мүлік салығы, үстеме пайда салығы, рента
салығы, ішкі мұнай мен газ конденсатына салынатын акцизді
төлемейді).
Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып жеке меншігінде
көлік құралдары бар жеке тұлғалар және меншікті шаруашылық жүргізу құқығы
немесе жедел басқару құқығы негізінде көлік құралдарын иемденетін заңды
тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.
Объектісі: мемлекеттің немесе өкілетті органның тіркеуінді тұрған
прицептерден басқа көлік құралдары.
Көлік салығы жылына 1 рет төленеді және ҚР заңнамасымен белгіленген
айлық есептік көрсеткішпен мынадай 347 баптағы ставкамен салынады.
Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесінде 1999 жылдан бастап
енгізілген тікелей салық.
Салық төлеушілері: ҚР-ң резиденттері, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы
Қазақстанда қызмет жасайтын резидент еместер, жеке кәсіпкерлер, жеке
нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылады.
Ставкасы ҚР-ң резиденті және тұрақты мекеме арқылы жұмыс жасайтын
резидент емес заңды тұлғалары әлеуметтік салықты, салық салу объектісінен
21% мөлшерінде төлейді.
Ал қарамағында шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын салық төлеушілер
шетелдік жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген төлемдерден 11% ставкамен
әлеуметтік салықты төлеуге тиісті.
Төмендегі талаптарға жауап беретін тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту,
көру, сөйлесу қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс жасайтын
мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты 6,5% ставкамен төлейді, егер:
А) салық кезеңіндегі жалпы еңбек ақы қорының 51 пайызы мүгедектердің
еңбек ақыларына жұмсалса;
ә) салық жылындағы жұмыскерлерінің 51 пайызы мүгедектерден құралса.
әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді және есепті айдан кейінгі айдың
15-інен кешіктірілмей бюджетке төленуі керек. әлеуметтік салық жөніндегі
декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей салық
органына тапсырылуы қажет.

20. Жанама салықтар және қызмет ету мәселелері.

Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасының алдын
ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама
салықтарға мыналар жатады:
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
ҚҚС салық жүйесіндегі негізгі жанама салықтар қатарына жатады. Жанама
салық немесе тұьынуға слынатын салықтар өнімнің, қызметтің бағасына
қосылатындықтан, бұл салықты төлейтін төлеуші мен салық ауыртпалығын
көтеруші екеуі бір емес. Салық ауыртпалығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті салықтарды есептеу және жинау
Салықтар және олардың атқаратын функциялары
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері
Тасымал құралдарына салық
Қазақстандағы корпоративтiк табыс салығын алу
Акциз салығының экономикалық мәні
Акциз салығының салық базасы
Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері
Салықтық реттеуді дамыту үрдістері және салықтарды бөлу механизімін жетілдіру
Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау
Пәндер