Көкшетау – тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет

Көкшетау – тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен-бірі асқан
көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше
тастарды қиялатып, ұлы табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш
еткендей.
• Қамалға анталап келген қалың жауды жусатып салып, енді маңдай терін
сүртіп, әй бір мызғып алайыншы дегендей шалқалап Жекебатыр жатыр.
Сақтық ойлап, дулығасы мен болат сауытын да шешпепті. Тау бейнелі
ұйқыдағы алып батырға сүйсіне қарайсың. Әуеде қалықтаған әлдебір
құйтақандай құс үні тағы бір ескі аңызды есіңе салғандай.
...Кедей ауылда асқан күшті, әрі арманшыл бір батыр тұрыпты. Жас
кезінде уайым-қайғы дегенді елемей, өзінше думандатып өмір сүреді. Ер
жеткенде қабағын кірбің шалады. Туған жеріне шығыс пен оңтүстіктен
жоңғарлар шапқыншылық жасап, батыстан еділ қалмақтары шабуылдап тыным
бермейді. Сүттей ұйыған ауылдарды шағын аспанға шығарып, астан-кестең
қиратып, жау қолы төрт түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап
әкетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде
қырқысып, аүыз бірлікке келе алмайды. Жас батыр бәріне қолын бір сілтеп,
ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. Өзіне
қылыш пен дүлыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады.
Жол үстінде оған басқа жұрттың батырлары жолығады. Олар да бақыт
жолына жалғыз шыққандар екен. Жас батыр оларды күш біріктіріп, қол болуға
шақырады. “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау араз болса, ауыздағы
кетеді” деп ата-баба нақылын айтады. Бірақ оны өзгелер тыңдамайды. Әркім өз
жолымен жеке дара жүре береді.
Жаумен бірінші болып жас батыр кездесіп, жалғыз өзі қарсы
шабады. Қаптаған қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол қанша күшті
болса да, қисапсыз жауды құртып бітіре алмайды. Дұшпан қара масадай
құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үстіне шығып кетеді. Оның көзі
көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің
қате екендігін түсініп, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл-дәрмені
құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік
ұйқыға беріледі. Жекебатыр тауы, міне, осылай пайда болған деседі.
• Ақ Алаң. Табиғаттың тамаша тартуының бірі деп осы алаңды айт. Оны
жартастар, қарағайлы қалың орман айнала қоршап тұр.
Ақ Аланға келген адам айналадағы көрініске бейжай қарай
алмайды. Алтын күннің сәулесіне шомылған аумақты алаңның келбеті –
қайталанбас суреттердің бірі. Оның солтүстік және терістік батысын
көмкерген Көкше тәкаппарлана көк аспанға иығын артып тұр. Бұл көрініс –
бұлттардың өркешінде кеме жүзіп бара жатқандай әсер етеді.
• Енді бірде “Шайтан ұршық” деп аталатын тасқа көзіңіз түседі. Аңыз ба,
әлде ертегі ме, бір уақытта әйтеуір мұнда хан сарайы болды. Мол
дүниенің буына мастанған хан қарауындағы халық туралы мүлдем ұмытып,
күні-түні сауық-сайран, қызық-думан құрыпты. Жаратқан ие ханның азып-
тозған халқын көріп, салтанатты сарайын тас-талқан қылады да, сен
малғынға керегі осы деп, ақымақ ханның өзін тас шайтанға айналдыра
салыпты. Бажайлап қараған адам шайтанға ұқсас тас бейнені анық көреді,
түн болса-ақ ақымақ ханның бұрынғы қыз-қырқындары шайтан болып,
сандарын шапалақтап, сан-сапалы болып шыға келеді екен де, “Шайтан
тасты” мазақ қылып, жанында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz