Алматы қаласы – оңтүстік астана



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Алматы қаласының қысқаша сипаттамасы 4
Алматы қаласы – оңтүстік астана 5
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

2001 жылы 13 маусымында “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет
туралы” заң қабылданды. Бұл заңдық құжатта туристік қызметтің құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздері белгіленеді. Сондай-ақ, онда
басты ұғымдарға нақты түсініктер беріп, туризмнің түрлері айқындалды.
Жалпы, халықаралық және ішкі туризм туризмнің ішкі нысандары санына жатады.

Ал, осы заңның 6-бабының 4-тармағында туризмнің түрлері әлеуметтік,
экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, іскерлік, конгрестік, емдеу-
сауықтыру, мәдени-танымал, діни және басқа туризм болып бөлінеді деп
тұжырымдалынады.

Ішке кіру және туризмді дамыту үшін тиді экономикалық, құқықтық
жағдайлар жасау шаралары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттары ретінде
қарастырылады. Егер осы бағыттағы жүзеге асырылуы тиіс іс-шараларды ширатып
айтар болсақ олар мыналар:

1) отандық және шетелдік туристер операцияларды тарту нәтижесінде
облыс орталығында жыл сайын көрмелер өткізу;

2) дүниежүзілік ауқымда өтетін туристік қатысып, тәжірибе жинақтау.

3) cапалы туристік өнімдерді қалыптастыру;

4) аймақтық туристік фирмалар мен шетелдік турфирмалар арасында
іскерлік байланыстар орнату. Туризм ісін дамыту жөніндегі бұл бағдарламаны
жүзеге асыру үшін, ең алдымен, қаржының және материалдық-техникалық
ресурстар ретке келтірген қолайлы. Қорыта айтқанда, саяхатшылардың
мұқтаждары жанжақты әрі түбегейлі қанағаттандырылса аймақтағы туристік
бизнестің өріс алуына мүмкіндік тумақ.

Өркениетті елдерде туристік қызметке ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені
қып-қызыл пайданың көзі осында. Басқасын айтпағанда, Қазақстанмен жиірек
барыс-келіс жасасып жүрген Түркияңызға осы туризмнің өзінен ғана жылына 9
миллиард доллар пайда түсіп тұрады екен. Біздің еліміз болса шамамен 50
миллион доллар төңірегінде кіріс алып жүр. Оны ұлғайтудың мүмкіндіктері
бар. Бірақ алға басқан аяқты тұсап, қолды байлайтын кедергілер көп.

Еліміздегі туристік фирмалар негізінен қалталы азаматтарды әлемнің
курортты аймақтарына демалып қайтуға немесе шет елдерден тауар алып қайтуға
алып барумен ғана айналысады. Бұл қыруар ақша елден тысқары жаққа әкелініп
жатыр деген сөз. Кеткен ақшаның орнын елімізге келетін шетелдік туристер
толтыра алмайды. Өйткені, екеуінің үлес салмағы тең емес. Келетіндер аз.
Мәселен; елімізге келіп жатқан шетелдік туристердің әрқайсысына бір
сапарында-ақ 1000$ көлемінде қаржы қалады екен. Оның 300$-қонақ үйге
төленсе, тамағына 350, көлігіне 250 және мұражайларға, басқа да ұсақ-түйек
қызметтер үшін 100$ шығындайды. Неғұрлым туристер көп келсе, елімізде
қаншама жаңа жұмыс орындары ашылар еді. Ендігі өзекті бір мәселе, елімізге
келген туристерге қызықтыратын мүмкіндіктер жетерлік. Алматы қаласының өзін
де шетелдік туристерді қабылдайтын курортты орталыққа айналдыруға әбден
болады ғой. Тау керек пе - бар. Теңіз керек пе - бар. Қапшағай теңізі қол
созым жерде тұр. Шымбұлағың болса қайнаған шілденің өзінде-аз шаңғы
серуеніне мейіріміңді қандыра алады. Келетіндер үшін барлық жағдайларды
жасап тастасаң, кеткен шығын сөзсіз қайтады. Қаншама мыңдаған адамдарға
жұмыс орны ашылар еді.
Туристер көп келетін аймақта ашыққан, кедейленген халық тұрмаса
керек. Тек оларды тәртіпке бағындырып, мәдениетті болуға үйретсек
ұтылмаймыз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Алматыға бұдан да
көріктене, дами түсуге мол мүмкіндіктер ашылмақ. Ол үшін мемлекеттік
деңгейде өміршең де кешенді бағдарлама жасау қажет. Әлемдік озық
тәжірибелерге сүйенсек, артық болмайды.
Тек туристік қызметпен ғана байып, дамып отырған елдер аз емес. Өткен
жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде талайдан
атаусыз қалған еліміздегі туризмді дамыту жөніндегі шаралар туралы мәселе
қаралды, өйткені оны дамыту республиканың келешегі үшін экономикалық
жағынан тиімді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері туризмді дамытуға
байланысты бірде-бір мемлекет бағдарлама, не тұжырымдама жасалынбаған, яғни
осы уақытқа дейін саланы дамытудың стратегиялық жоспары болмаған.
Жалпы Қазақстанда туризмді дамытудың мүмкіндігі зор. Өйткені,
Еуразияның кіндігінде орналасқан байтақ елдің табиғаты қолайлы әрі бай деп
саналады.Алайда өткен жылы Қазақстанға 1 млн-нан астам турист келіп кетсе,
2-мл-ға жуық қазақстандықтар шетелге туристік сапармен шығып қайтқан.
Туризмді дамытудың қарапайым жолы мемлекетті үздіксіз әлемге жарнамалап
отыру.
Дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ) сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейне айқындау саясатын жүргізу жылына орта есеппен
2,5 процентке келуі туризмді көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа
алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы
бар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бірқатары бет-бейне қалыптастыру
саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Бізде осынау көштен кеш қалып
қоймацуымыз керек.
Менің таңдап алған жұмысымның тақырыбы Қазақстанның 70 жылдай астанасы
болған Алматы қаласының туристік мүмкіншіліктері туралы болып отыр.

Алматы қаласының қысқаша сипаттамасы

Қазақ АССР-інің астанасы (1929-1936 жж), ал 1936 жылдан бастап Қазақ
ССР-ның астанасы болды. республикалық деңгейдегі қала. Республиканың саяси,
экономикалық, ғылыми жэне мәдени орталығы, басты транспорт торабы. Қалада
1980 жылдардың басында 1 млн. адам болатын халқы бар қала болды. 6 қалалық
ауданға (Түрксіб, Әуезов, Бостандық, Медеу, Алмалы, Жетісу) бөлінеді. Іле
Алатауы жотасының солтүстік беткейінің 900 м-ге дейінгі биіктіктегі етегін
ала, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің ысырынды конусында орналасқан.
Төңірегінің табиғаты өте көркем. Алматы — дүние жүзіндегі ең көгал
қалалардың бірі (әр тұрғынына 20 м2 жасыл желектен келеді). Климаты
континенттік. Ауаның жылдың орташа температурасы 7,8°С, қаңтарда — 8°С,
шілдеде 22,3° С. Жауын-шашын көбінесе көктем айларында жауады. Қар
жамылғысы жұқа әрі ұзақ сақталмайды. Қала сейсмикалық ауданда орналасқан.
1887 ж., 1910 ж. апатты жер сілкінулер болды.

Алматы қаласы – оңтүстік астана

Алматы қаласы – Қазақстан Ресубликасының мәдениетті және сәулетшілік
орталығы. Ол – өте әдемі, көркем, әсем және үлкен қала. Алматыда Үлкен
Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. Алматы
көшелері тузу және кең. Кең көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар,
троллейбустар жүріп жатыр.
Алматыда көп қабатты үйлер, театрлар, кинотеатрлар, мұражайлар,
мәдениет сарайлары, дүкендер өте көп.
Қаланың орталығында қонақ үйлер, цирк, орталық әмбебап дүкені,
вокзалдар, кітапханалар және институттар бар.
Алматы қаласындарғы ықшамаудандар өте көп-ақ, олар: Көктем, Самал,
Орбита, Ақсай, Айнабұлақ, Таугүл, тағы басқалар.
Оңтүстік астана мейманханаларында бүкіл бір қабатты алып жатқан
президенттер мен корольдердің әсем безендірілген номерлері бар. Әр түрлі
санаттағы 3 жұлдыздан 5 жұлдызға дейінгі мейманханалар қабылдап алады.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы мен Ә. Қастеев
атындағы Бейнелеу өнері мұражайының мол коллекциялары назар аударуға
тұрарлықтай. Қазақ халық аспаптарының 60-тан астам түрінің коллекциясы бар
халық аспаптарының мұражайы да бірегей орында. Алтын мен құнды метеллдар
мұражайында Қазақстанның зергерлік өнерінің тарихы сыр шертеді. Қалада
көптеген сурет галереялары бар.
Алматыда аса ірі театрлар, концерт залдары, филармония, кітапханалар
жұмыс істейді, сондай ірі кітапхананың бірі 1931 ж. құрылған Ұлттық
кітапхана болып табылады, оның қорында 5 млн-нан астам томдар бар.
Халықаралық “Азия дауысы” фестивалі саз өнерінің өміріндегі жарқын
оқиға болып табылады, ол жыл сайын табиғаты тамылжыған Медеу қойнауында жаз
аяғында өткізіліп отырады.
Алматының түнгі тынысы да әсерге бөлейді. Мұнда дастархан басында
экзотикалық дәмдер татып, саз әуенін тыңдап, дискотеканы қызықтаушылар үшін
бәрі де жасалған, казинода көңіл көтеріп, отыруға болады. 1999 ж.
діндарларға арналған жаңадан орталық мешіт ашылды. Мүбәрак атындағы Ислам
мәдениет орталығы мен университет жұмыс істейді. Архиепископ басқаратын
орыс православие шіркеуінің, Астана – Алматы епархиясында Әулие
Вознесенский және Әулие Никольский шіркеулері бар.
Алматы – еліміздің спорт орталығы. Алматылықтар мен қаламыздың
меймандарына бес стадион, бәйге алаңы, теңіз деңгейінен 1700 м биіктіктегі
Медеу мұз айдыны мен аспалы тербелмелі жолдары бар, теңіз деңгейінен 2200-
2780 м биіктігіндегі аса күрделі шаңғы жолдары бар таудағы Шымбұлақ шаңғы
курорты айқара есігін ашады.
Осынау әлемге әйгілі биік Медеу мұз айдыны қаладан 15 шақырым жерде
орналасқан. Оның мұз айдынының көлемі 10500 шаршы метр – конькимен шапшаң
жүгіру, хоккей, мәнерлеп сырғанау жөніндегі ашық халықаралық жарыстар
өткізетін орын. Мұнда 120-дан астам рекордтар жасалды. Жаймашуақ ауа райы,
күн радиациясның ұтымды деңгейі, тынық ауа райы мен таза мұздай суынан
қатқан мұз айдыны “Медеуді” әлемдегі ең жақсы мұз айдыны, ал оның
орналасқан жері ең көрікті өңір болып табылады. Мінберден Алатаудың қарлы
шыңдарының және кіші Алматы алқабындағы су тасқынына қарсы салынған
бөгесінің (200 м) әсем көрінісі ашылады. Нақ осы бөгесі Алматы қаласын 1979
ж. аса қатерлі су тасқынынан құтқарған болатын.
28 декабрь, 1972 жыл. Басын ақша қар шалған, төсін ұлпа бұлт көмкерген
асқаралы Алатаудан басталатын кіші Алматы өзені тастан-тасқа секіріп,
сылдырай ағып жатыр. Бөктерге тырмыса өскен қарағайлы мен шыршалар көз
тартады. Осынау Медеу шатқалында – бүгін үлкен той. Алып стадион
физкультура мен спортты паш ететін плакаттармен және транспаранттармен
безендірілген. Күллі Алматы бүгін осында көшіп келгендей, жан-жағымыз ән
мен күй, шат күлкіге толы.
Адамзат тарихында небір алып құрылыстар салынды, Египет пирамидалары
мен Бағдаттың аспалы бағы, Колизей мен Лувр дүниеге келді. Біздің ұшқыр
заманымызда да ғаламат алып құрылыстар пайда болды. Сондай таңғажайып
кереметтердің бірі – мына Медеу мұз стадионы.
Мұз айдынының ортасына атақ-даңқы әлемге белгілі спортшылар, жастар,
спорт ардагерлері шықты. Олардың арасында олимпиялық ойындардың, әлем,
Европа чемпионаттарының алтын медальдарын таққандар да аз емес. СССР-дің 50
жылдық мерекесіне халықтар достығына арналған бейнелер де көрсетілді. Мұнан
соң конькишілер алғашқы жарыстарға қатынасты.
Қазақстан астанасына бірінші рет келген меймандардың көруге асығатын
көрікті орындарының бірі – Медеу мұз айдыны. Таудың саф таза ауасы, бойына
әсемдік тұнған табиғат, сол табиғаттың аясындағы ғажайып рекордтар
фабрикасы жайлы талай адамдар ауыздарының суы құрып айтты да, жазды да.
Солардың бірі Советский спорт газетінің бас редакторы Н.С. Киселев: -
Әлемнің барлық мұз айдындарында совет баспасөзінің өкілі ретінде болдым.
Бірақ, солардың барлығы да біздің Медеумен иық теңестіре алмайды. Бұл
ғажайып стадион өз бәсекелестерінен барлық жағынан да әлдеқайда биік тұр.
Вест-Аллистегі Американың жасанды мұз айдынында да, Франциядағы Гренобльдің
олимпиадалық стадионын да, Жапондардың Саппоросын да, Европаның ең әсем
айдыны Инцельді де, Швейцарияның атақты Давосын да, конькишілерге жақсы
танымал Бишлет пен Денверді де көрдім. Бірақ, барлығы да ең тамаша,
уақыттан озған қысқы спорт комплексі Медеуге жетпейді. Бір сөзбен айтқанда,
комплекске таң қалғанымды сөзбен айтып жеткізе алар емеспін, - деп жазған
болатын.
Міне, сіз осы айдынға сапар шектіңіз делік. Экспресс-Медеу автобусы
жоғары өрлеген он жетінші километрде соңғы бұрылыс жасайды да, қарсы
алдыңыздан ғажайып құрылыс көрінеді.
Жыл мезгілдеріне қарай оны қоршаған табиғат та өзгереді, бірақ қай
кезде де стадион табанында мұз, мұз бетінде айқұш-ұйқыш коньки іздері
жатады. Қаладан таспадай тартылған асфальт жол сізді тура айдынның іргесіне
әкеп тірейді. Сырт көзге тып-тыныш көрінгенімен стадионның іші, асты-үсті –
қайнаған еңбек.
Айдыннан сәл төменірек бірінші қабаттағы машина залының шуылы сырттағы
адамға еміс-еміс естіледі. Бұл – Медеудің жүрегі деп аталынатын тоңазыту
цехы. Стадионның асты бірнеше қабаттан тұрады. Оның ішінде үлкен машина
залы бар. Мұнда мұз қатыруға арналған аса қуатты үш агрегат қойылған. Оның
ішінде екі агрегат іске қосылады да, үнемі минус 16-18 градус суық болып
тұруын қамтамасыз етеді. Ал, үшінші агрегат күтпеген жағдайда ғана іске
қосылады. Бұл алып машиналар 70 километрлік шым-шытырық трубаның бойымен
суық ауа жеткізеді. Конькишілердің жоғары көрсеткіштерге жетуі үшін өте
қолайлы табиғи жағдай керек. Бұл ауаның температурасына, атмосфералық
қысымға, желдің күшіне, мұзға түсетін күн сәулесіне тікелей байланысты.
Шығыс трибуна астында электронды-есептеуіш машиналардың орталығы
орналастырылған. Одан көлемі 22х14 метрлік электронды таблоларға басқару
жүйелері тартылған. Стадионның төрт жағындағы трибуналар астының бәрі –
бөлмелер. Тек шығыс трибунаның өзінде ғана 125 бөлме бар. Бір қабатында –
кең холл, төрешілер бөлмесі, дәрігерлік пункт, мұздың сапасын тексеретін
лаборатория. Тағы да төмен түссек – шағын мейманхана, баспасөз орталығы,
халықаралық телефон станциясы, почта, емхана. Ал, баромассаж кабинасы
адамның теңіз деңгейінен 3000 метрлік биіктік жағдайына тез арада
бейімделуіне көмектеседі. Шығыс трибунаның ұшар басында телевизия және
радио журналистеріне арналған 34 кабина бар. Әрбір журналистке екі кабина
арналған. Олардың бірі жұмыс істейтін бөлме де, екіншісіне
магнитофондар,видеофондар орналастырылған. Әлгінде ғана айдын жолдармен
зымырап өткен конькишілердің нәтижелерін білу үшін тілшілер төрешілердің
бөлмесіне баруды қажет етпейді. Барлығы да электронды таблода жазулы тұр.
1974 жылғы Европа чемпионаты кезінде осы кабиналардан күн сайын әлденеше
сағат бойы еліміздің ірі қалаларына, Голландияға, Финляндияға, Швецияға
репортаждар берілді.
Батыс трибунаның астындағы бір қабаты, негізінен, демалушыларға
арналған. Одан сәл төменірек стадион қызметкерлері жұмыс істейтін бөлмелер
бар.
Стадион – бұл ірі спорт комплексінің шағын ғана бөлігі. Тек қана
коньки емес, басқа спорт түрімен айналысушыларға да мұнда қажетті
жағдайлардың бәрі жасалған. Альпинизм, тау шаңғысы – шана спортымен
айналысушылар үшін таптырмайтын орын. Он екі шақырымға созылған шатқал
биікке өрлеп барып Тұйықсу мәңгі мұзына тіреледі. Енді бір сәтке стадион
жанындағы құрылыстарға зер салайықшы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Сəулет жəне құрылыс
Алматы және астана қалаларының термикалық режимі
Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы
Туризм инновациясы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан туралы ақпарат
Астана қаласының географиялық, саяси-экономикалыұқ орны
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Қазақстан қалаларының тарихы
Пәндер