Медеу мұз айдыны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақ тілі кафедрасы»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Медеу мұз айдыны»
Орындаған :
Утебергенов Бахтияр
Тобы : НДб-04-8р
Тексерген :
Монтаева А. М.
АЛМАТЫ 2004
Медеу мұз айдыны
28 декабрь, 1972 жыл. Басын ақша қар шалған, төсін ұлпа бұлт көмкерген асқаралы Алатаудан басталатын кіші Алматы өзені тастан-тасқа секіріп, сылдырай ағып жатыр. Бөктерге тырмыса өскен қарағайлы мен шыршалар көз тартады. Осынау Медеу шатқалында - бүгін үлкен той. Алып стадион физкультура мен спортты паш ететін плакаттармен және транспаранттармен безендірілген. Күллі Алматы бүгін осында көшіп келгендей, жан-жағымыз ән мен күй, шат күлкіге толы.
Адамзат тарихында небір алып құрылыстар салынды, Египет пирамидалары мен Бағдаттың аспалы бағы, Колизей мен Лувр дүниеге келді. Біздің ұшқыр заманымызда да ғаламат алып құрылыстар пайда болды. Сондай таңғажайып кереметтердің бірі - мына Медеу мұз стадионы.
Мұз айдынының ортасына атақ-даңқы әлемге белгілі спортшылар, жастар, спорт ардагерлері шықты. Олардың арасында олимпиялық ойындардың, әлем, Европа чемпионаттарының алтын медальдарын таққандар да аз емес. СССР-дің 50 жылдық мерекесіне халықтар достығына арналған бейнелер де көрсетілді. Мұнан соң конькишілер алғашқы жарыстарға қатынасты.
Қазақстан астанасына бірінші рет келген меймандардың көруге асығатын көрікті орындарының бірі - Медеу мұз айдыны. Таудың саф таза ауасы, бойына әсемдік тұнған табиғат, сол табиғаттың аясындағы ғажайып «рекордтар фабрикасы» жайлы талай адамдар ауыздарының суы құрып айтты да, жазды да. Солардың бірі «Советский спорт» газетінің бас редакторы Н. С. Киселев : - «Әлемнің барлық мұз айдындарында совет баспасөзінің өкілі ретінде болдым. Бірақ, солардың барлығы да біздің Медеумен иық теңестіре алмайды. Бұл ғажайып стадион өз бәсекелестерінен барлық жағынан да әлдеқайда биік тұр. Вест-Аллистегі Американың жасанды мұз айдынында да, Франциядағы Гренобльдің олимпиялық стадионын да, Жапондардың Саппоросын да, Европаның ең әсем айдыны Инцельді де, Швейцарияның атақты Давосын да, конькишілерге жақсы танымал Бишлет пен Денверді де көрдім. Бірақ, барлығы да ең тамаша, уақыттан озған қысқы спорт комплексі Медеуге жетпейді. Бір сөзбен айтқанда, комплекске таң қалғанымды сөзбен айтып жеткізе алар емеспін», - деп жазған болатын.
Міне, сіз осы айдынға сапар шектіңіз делік. «Экспресс-Медеу» автобусы жоғары өрлеген он жетінші километрде соңғы бұрылыс жасайды да, қарсы алдыңыздан ғажайып құрылыс көрінеді.
Жыл мезгілдеріне қарай оны қоршаған табиғат та өзгереді, бірақ қай кезде де стадион табанында мұз, мұз бетінде айқұш-ұйқыш коньки іздері жатады. Қаладан таспадай тартылған асфальт жол сізді тура айдынның іргесіне әкеп тірейді. Сырт көзге тып-тыныш көрінгенімен стадионның іші, асты-үсті - қайнаған еңбек.
Айдыннан сәл төменірек бірінші қабаттағы машина залының шуылы сырттағы адамға еміс-еміс естіледі. Бұл - Медеудің жүрегі деп аталынатын тоңазыту цехы. Стадионның асты бірнеше қабаттан тұрады. Оның ішінде үлкен машина залы бар. Мұнда мұз қатыруға арналған аса қуатты үш агрегат қойылған. Оның ішінде екі агрегат іске қосылады да, үнемі минус 16-18 градус суық болып тұруын қамтамасыз етеді. Ал, үшінші агрегат күтпеген жағдайда ғана іске қосылады. Бұл алып машиналар 70 километрлік шым-шытырық трубаның бойымен суық ауа жеткізеді. Конькишілердің жоғары көрсеткіштерге жетуі үшін өте қолайлы табиғи жағдай керек. Бұл ауаның температурасына, атмосфералық қысымға, желдің күшіне, мұзға түсетін күн сәулесіне тікелей байланысты.
Шығыс трибуна астында электронды-есептеуіш машиналардың орталығы орналастырылған. Одан көлемі 22х14 метрлік электронды таблоларға басқару жүйелері тартылған. Стадионның төрт жағындағы трибуналар астының бәрі - бөлмелер. Тек шығыс трибунаның өзінде ғана 125 бөлме бар. Бір қабатында - кең холл, төрешілер бөлмесі, дәрігерлік пункт, мұздың сапасын тексеретін лаборатория. Тағы да төмен түссек - шағын мейманхана, баспасөз орталығы, халықаралық телефон станциясы, почта, емхана. Ал, баромассаж кабинасы адамның теңіз деңгейінен 3000 метрлік биіктік жағдайына тез арада бейімделуіне көмектеседі. Шығыс трибунаның ұшар басында телевизия және радио журналистеріне арналған 34 кабина бар. Әрбір журналистке екі кабина арналған. Олардың бірі жұмыс істейтін бөлме де, екіншісіне магнитофондар, видеофондар орналастырылған. Әлгінде ғана айдын жолдармен зымырап өткен конькишілердің нәтижелерін білу үшін тілшілер төрешілердің бөлмесіне баруды қажет етпейді. Барлығы да электронды таблода жазулы тұр. 1974 жылғы Европа чемпионаты кезінде осы кабиналардан күн сайын әлденеше сағат бойы еліміздің ірі қалаларына, Голландияға, Финляндияға, Швецияға репортаждар берілді.
Батыс трибунаның астындағы бір қабаты, негізінен, демалушыларға арналған. Одан сәл төменірек стадион қызметкерлері жұмыс істейтін бөлмелер бар.
Стадион - бұл ірі спорт комплексінің шағын ғана бөлігі. Тек қана коньки емес, басқа спорт түрімен айналысушыларға да мұнда қажетті жағдайлардың бәрі жасалған. Альпинизм, тау шаңғысы - шана спортымен айналысушылар үшін таптырмайтын орын. Он екі шақырымға созылған шатқал биікке өрлеп барып Тұйықсу мәңгі мұзына тіреледі. Енді бір сәтке стадион жанындағы құрылыстарға зер салайықшы. Алдымен, демалушылардың назары 370 орындық Медеу мейманханасына ауады. Оның жанында кафе, ресторан, тұрғын үйлер, сауда мекемелері, гүлзарлар, жүзу бассейні бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz