ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1710 - 1748)
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1710 - 1748)
1710 жылмен XVIII ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтыған қазақ халқының
жоңғарларға қарсы ұзақ жылдарға созылған азаттық күресі - Кіші жүз ханы
Әбілқайырдың жеке басымен тікелей байланысы бар.
Бүкіл қазақ даласының көшпелі халқының тарихында Әбілқайыр ханның
әскери және саяси қызметі терең із қалдырды. Шығыс жылнамалары мен халық
жыраулары назарынан тыс қалған, сол заманғы тарихи тұлғалармен
салыстырғанда, Әбілқайырдың саяси биографиясы мен әскери қызметі жәйлі ауыз
әдебиеті мен жазба деректерде мәліметтер көптеп кездеседі.
Бұл шыңғыс ұрпағының аты, орыс патшайымына ант бергенге дейін де,
XVIII ғ. басында Қазан, Астрахан, Сібір кеңселерінің бүгінгі күнге дейін
сақталынған қызмет қағаздарында, Хиуа және Қытай сарайлары жылнамаларында,
ал кейінірек Орынбор шекаралық комиссиясының ресми құжаттарында, сондай-ақ
Балтық жағалауы елдеріндегі және Петербургтың неміс тіліндегі журналдары
беттерінде, қазақтың ауыз әдебиеттерінде, халықтық топонимикасында,
ғасырдың соңында европалық әдеби литография мен аймақтық қолжазба
әдебиеттерінде кездеседі.
Кіші жүздің болашақ ханы - Әбілқайыр, өзіне дейін әулетінен ақ киізге
көтеріліп хан сайланбаған, әйгілі емес сұлтан әулетінен шыққан. Хан
сайлауда қалыптасқан дәстүрді бұзып билікке келген тұңғыш хан, қазақ
ақсүйектері арасында аты белгісіздеу Қажы сұлтанның ортаншы ұлы болатын.
Қажы сұлтанның Әбілқайырдан бөлек үлкен ұлы - Тоқтамыс (1708 жылы қайтыс
болды) және кіші баласы Бұлқайыр (1750 жылдан кейін қайтыс болды) болған.
Еділ қалмақтарының Кіші жүз жеріне жасаған көптеген
шапқыншылықтарының нәтижесінде, Әбілқайыр жастай әкесінен, үлкен ағасынан
және басқа да көп туыстарынан айрылды. Осындай бір шапқыншылық кезінде
қалмақ билеушісі Аюкенің (1680-1724) қолына тұтқынға түседі . Еділ маңынан
тыс жерлерде аты шыққан, сол дәуірдің мықты қолбасшыларының бірінің қол
астында қызмет етуі, шынғыс ұрпағынан шыққан ақылды, әрі батыл жас балаға
болашақта көп көмегі тиді.
Әбілқайыр зерек оқушы болды. Ол бірнеше жылдан соң-ақ, өзінің туа
біткен күш-жігері және әскери шеберлігімен жұртты таң қалдырған еді. Аюке
ханға бірнеше жыл қызмет еткеннен кейін, ол бізге белгісіз жағдайларға
байланысты қалмақ даласын тастап, өзінің туған жері, солтүстік Аралға
қайтып оралды.
Осы кезде қазақтың жас ақсүйегінің ерліктеріне башқұрттың атақты
тархандары мен батырлары көңіл аудара бастады. 1709 жылы Әбілқайыр башқұрт
билеушілерінің шақыруымен Қарақұмды тастап, Шығыс Башқұртстанға қоныс
аударады. Дәл осы уақытта Оңтүстік Оралда, орыс билігіне қарсы
башқұрттардың жаңа көтерілісі басталады.
Әбілқайырмен жақын араласқан ташкенттік саудагер Молда Нұрмұхамет
Әліновтың айтуынша, башқұрттардың көтерілісі кезінде "Башқұрт Алдар мен
оның жолдастары, жас Әбілқайыр сұлтанды шақыртып, оны "хан" санаған, осыдан
кейін Кіші жүзде "хан" болып бекітілген".
1736 жылы Сырдарияның жағалауында болған ағылшын суретшісі Джон Кестль
Әбілқайыр және оның маңайындағылармен кездесіп, күнделігіне шекті руы
қазақтары аузынан мағынасы жағынан осыған ұқсас әңгімені жазып алған. "Хан
балалары алдында, ол тек сұлтан болған", - деп жазады Джон Кестль.
Әбілқайыр жоңғарлармен болған бірнеше шайқаста аты шығып, кейіннен башқұрт
тарханы Алдардың орыс әскерімен жүргізген соғысында ерекшеленгеннен кейін,
ол Кіші Орданың ханы болып жарияланды.
Жоғарыда көрсетілген екі адамның мәліметтерінде де, Әбілқайырдың
алғаш хан тағына көтерілуіне жоңғарларға қарсы күреспен қатар, 1707-1711
жылдардағы башқұрттардың көтерілісіне қатысуы да әсер етті. Бұдан шығатын
түйін, Әбілқайырдың XVIII ғасырдың басында башқұрттардың оқиғасына
қатысуының оң ықпалы болып, болашақта өз елінде жоғары титулға апаратын
жолды салып берді.
Хан тағына отырған Әбілқайырдың алдында, шешімін таппаған көптеген
мәселелер тұрды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын
қоныстанған қазақ рулары жоңғар ханы Цеван-Рабтан (1697 - 1727) әскерінің
соққысынан ығыса бастады.
Өзінің солтүстік-батыс және солтүстіктегі Жайық (Орал), Ырғыз, Тобыл
өзендері бойындағы шұрайлы жайылымдары мен су көздерін сақтап қалу үшін,
қазақтар Еділ (Волга) қалмақтарымен, Жайық башқұрттарымен күрес жүргізіп
жатты. Жас ханға бір мезгілде екі жақта: Жетісу территориясы мен
Сырдарияның орта ағысы бойында жоңғарлармен, ал Тобыл мен Еділ-Жайық
өзендері аралығында солтүстік көршілерімен күрес жүргізуіне тура келді.
XVIII ғасырдың екінші он жылдығы қазақ даласы үшін халықтың Оңтүстік
Орал және Сібірдегі жайылымдар үшін жоңғар, Еділ қалмақтары, башқұрттар,
Жайық және Сібір казактарына қарсы күресімен өтті. Бұл кезеңдегі әскери
қақтығыстар үздіксіз жүргізіліп, соғыстың тағдыры екі жаққа да беймәлім
болды.
1715 жылдың басында Әбілқайыр хан бастаған қазақ әскері, Казан
губерниясының территориясында орналасқан Черемшан өзенінің бойындағы
башқұрт руларына шапқыншылық жасап, Новошешминск казак станицасына дейін
барып қайтты. Көп кешікпей башқұрттар да қазақ ауылдарына қарымта
шапқыншылық жасап, жауап қайтарды. Артынан Кіші жүз жеріне қазақ
билеушілеріне башқұрттың Қарт батыры келді.1717 жылдың қысында Әбілқайыр он
мыңдық әскерімен қайтадан башқұрт жайлымдарын баса-көктеп өтіп,
Новошешминск станицасын басып алды. П.И. Рычковтың айтуынша: "олар көптеген
адамды тұтқынға оңай алғанымен, полковник Суязының қарсы әрекетінен кейін,
қырғыз-қайсақтар көп шығынмен артқа шегінуге мәжбүр болды", - деп жазады.
1717 және 1718 жылдарда Кіші және Орта жүздің шет аймақтарындағы
жайылымдарғабашқұрттар екі рет шапқыншылық жасап қазақтардың мыңдаған
жылқыларын айдап алып кетті. 1718 жылы Әбілқайыр қазақ және
қарақалпақтардан жасақталған әскерімен Жайық қалашығына жетіп, қалашықты
Самарадан бөліп тастады. Қаланы қоршау бір айға созылды. Шілде айында
жиырма мың қазақ әскерін басқарған Әбілқайыр хан Жайық қалашығын тағы да
қоршауға алып, күшпен басып алмақшы болды. Әбілқайыр бұл талпынысынан еш
нәрсе шығара алмай, қоршауды тастап, Еділ бойы қалмақтарына қарсы
шапқыншылық жасады.
1722 жылдың соңында Манчжур билеушісімен бейбіт келісім шартқа келген
жоңғар билеушісі, қазақ жері мен Орта Азияға ірі шапқыншылық жасау үшін
үлкен соғысқа дайындала бастады.
Цеван Рабтан біріккен Ойрат күштерінің бас қолбасшылығына үлкен ұлы
Шоно Лаузананы тағайындап, оған 30 мың адам бөліп берді. Әскери қимылдарды
бастау мерзімі өте ыңғайлы таңдалған еді. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстан
жерінде көктемнің иісі шығып, қиын қыстан әупірімдеп аман шыққан қазақ
малшылары жазғы жайлауға көшуге дайындалып жатқан болатын.
1723 жылдың ақпан-наурыз айларында жоңғарлар бейқам жатқан Оңтүстік
қазақауылдарына, таудан аққан қар көшкіні сияқты сау ете қалды. Сондықтан
шекаралық аймақтардағы қазақ ауылдары соққыға ұшырап, аяусыз тоналып,
қиратылды. Сырдарияның орта ағысы бойында орналасқан көрші рулар
шапқыншылық туралы естісімен тез арада солтүстікке қарай көше бастады.
Ойраттардың алғашқы шапқыншылығы күтпеген кезде болғандықтан, көп адам
шығынға ұшырады. Бес мыңнан аса қазақтар тұтқынға түсіп, жоңғар
қонтайшысының ұлысына жіберілді.
Жоңғарлар қазақтардың жайылымдық жерлерінен бөлек, Сырдария бойындағы
қалалар мен ауылдарға өз ықпалын таратты. Қалдан Цереннің өлімінен кейін
жоңғарлардың ықпалынан шығып кеткен Сайрам, Қарамұрт, Түркістан, Ташкент
қалаларын жоңғар қолбасшысы Шоно Лаузан қайтадан өзіне бағындырды. Қала
тұрғындары жоңғарлардың билігін мойындауға мәжбүр болды.
Қазақ халқының басына түскен қанды қырғыннан кейінгі қайғы-қасіретті
ешқандай сөзбен айтуға, не бояумен салып жеткізуге болмайтын еді. Мыңдаған
адамдар туған жерін тастап, жол бойында жаудың қылышы мен найзасының
ұшынан өліп жатты . ¦лы жүз бен Орта жүздің бір бөлігі босып, Ташкенттен
әрі асып, Ходжент, Қаратегін және Ферғана аудандарымен Памирге дейін жетті.
Орта жүзруларының көп бөлігі Самарқандқа, ал Кіші жүз рулары Хиуа мен
Бұқараға бет алды.
"Ақтабан шұбырындының" алғашқы айларында халықтың басына төтенше қиын
жағдай туғанда қазақ билеушілерінің ішінде жалғыз Әбілқайыр хан ғана
ұнжырғасын түсірмей, есін тез жиып, қазақтардың оңтүстіктегі жайылымдарында
аяқ астынан пайда болған жоңғар әскеріне қарсы, аз уақытта өзіне бағынатын
рулар мен тайпалардан әскер жинақтап, сыртқы агрессияға қарсы шешуші соққы
беруге дайын тұрды.
Қалыптасқан жағдайдан өз бетінше қорытынды жасаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz